Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дезинфекцияның химиялық әдісі





Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын - бактерияларды өлтіретін химиялық заттар бактерицидтік деп аталады.

Микроорганизмдердің өсіп-өнуін, дамуын тоқтататын, тежейтін заттар - бактериостатикалық деп аталады.

Спораларды өлтіруші химиялық заттар - спороцидтік, вирустарды өлтіруші – вирулицидтік, саңырауқұлақтарды өлтіруші - фунгицидтер деп аталады.

Химиялық заттарға қойылатын талаптар:

· Аз мөлшерде, қысқа мерзімде қоздырғыштарды тиімді өлтіретін болуы керек.

· Суда жақсы толығымен еритін немесе эмульсия түзетін болуы керек.

· Ұзақ уақыт әсер ететін, сақтауға төзімді, сапасы нашарлап, бұзылмайтын болуы керек.

· Сақталу мерзімінде өз қасиетін жоғалтпайтын болуы керек.

· Адамға, үй жануарларына зиян келтірмейтін, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы керек.

· Арзан және тасымалдауға, қолдануға, сақталуға ыңғайлы және қолайлы болуы керек.

Химиялық заттардың әсері қан, қақырық, сілекей секілді органикалық бөлінділерде төмендейді, сондықтан әсер ету уақытын ұзарту қажет. Жоғары температура химиялық заттардың әсерін күшейтеді.

Дезинфекциялық препараттардың тиімділігі оның мөлшерінен, концентрациясынан, өлтіруші өңдеу әдісінен, залалсыздау уақытынан байланысты. Сонымен қатар, залалсыздау көлемі мен мөлшері қоздырғыштардың төзімділігінен, қоршаған ортада тұрақтылығынан, вегетативті немесе споралы формасына да байланысты. Споралы формадағы микробтар қоршаған ортада өте төзімді болады, сондықтан дезинфекциялау үшін қолданатын заттың мөлшері көп, әсер ету уақыты ұзақтау болуы шарт (түйнемеде - 10%, вирусты гепатитте - 3%). Вегетативті түріндегі микробтар төзімсіз, тез өледі, сондықтан дезинфекциялық препараттың мөлшері аз, залалсыздау уақыты қысқа болса да жеткілікті.

Қолданатын ерітіндіні дұрыс дайындау өте маңызды және оны толық еріту керек, өйткені түйіршік болса немесе түбінде қалып қойса әсері төмендейді. Дезинфекциялық ерітінділерді дұрыс дайындап, толық ерітілгендігін бақылау қажет.

Дезинфекциялық ерітінділерді қолдану әдістері:

1. Ылғалды әдіс - химиялық зат ерітінді немесе аэрозоль түрінде заттардың бетін немесе бөлмені залалсыздандыру үшін қолданылады.

2. Батыру әдісімен киім, ойыншық, төсек жабдықтары залалсыздандырылады.

3. Себу әдісімен еден, жиһаз, бөлме қабырғалары залалсыздандырылады.

4. Сүрту әдісімен сурет, бөлме заттары залалсыздандырылады.

5. Аэрозоль әдісімен ауа залалсыздандырылады.

Дезинфекциялық заттар құрамына сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:

- Галоид құрамдас заттар (хлор, бром, йод заттары).

- Қышқылдатқыштар (озон, калий перманганаты, Н2О2, дезоксон).

- Спирттер (метил, этил, бутил, амил, пропил спирттері).

- Фенолдар (фенол, лизол, гексахлорофен).

- Жуатын ерітінділер (нитран, катамин).

- Қышқылдар (күкірт, азот, сірке, тұз, сүт қышқылдары).

- Сілтілер (аммиак, натрий гидрооксиді, әк).

- Сабындар (нафтен сабыны, жасыл сабын).

- Ауыр металл тұздары (сулема).

- Тұрмыстық дезинфекциялық заттар (Санита, Блеск, Дезус, Сомет).

Хлорорганикалық заттар тәжірибе жүзінде ең жиі қолданылады: хлор, хлор әгі, хлорамин, кальций гипохлориді, деохлор, пресепт, дезам, пантоцид, неапантоцид, хлордезин, хлорцин.

Хлор сарғыш-жасыл түсті газ, ауадан 2,5 есе ауыр. Хлор иісі өте өткір, тыныс алу жүйесін тітіркендіреді. Температура 0+150С градуста суда жақсы ериді. Газ түріндегі хлорды металдан жасалған баллондарда, жоғары қысымда сақтайды, оны ауыз суын және қалдық суларды залалсыздау үшін қолданады. Хлордың көлемі судың органикалық заттармен ластауына байланысты болады, ауыз су үшін 1-5 мг, қалдық суларды залалсыздау үшін 1 литрге 5-100 мг алынады.

Хлорлы әк - ақ-сарғыш түсті құрғақ ұнтақ, күшті хлор иісі бар, дезинфекциялық тәжірибеде қолданған кезде вегетативтік және споралы микроорганизмдерді тиімді өлтіреді. Хлор әгінің құрамында кальций тұзы, хлор қышқылы, әк қоспасы және кальций гипохлориті (аса маңызды бөлігі) бар. Ерітінді жасағанда кальций гипохлориті суға өтіп белсенді хлор болып бөлінеді. Хлорлы әк суда толығымен ерімейді, суспензия және тұнба пайда болады. Хлор әгі 3 сорт болып шығарылады: 26, 32, 35% белсенді хлормен. Белсенді хлор дегеніміз – ерітінді құрамындағы микробтарға әсер етуші белсенді хлордың мөлшері, хлор әгіне тұз, күкірт қышқылдары әсер еткенде бөлініп шығады, пайызбен көрсетіледі. Хлор әгіндегі белсенді хлор 15% кем болса, оны дезинфекциялау үшін қолдануға болмайды, өндірісте шығарылатын хлор әгінің құрамында белсенді хлор 25% кем болмауы қажет. Хлорлы әк суды жақсы тартады, сондықтан оны дұрыс сақтау керек; дұрыс сақталмаса хлордың белсенділігі азаяды, түйіршіктенеді. Сонымен қатар, күн сәулесі, жоғары жылу мен ылғалдылық та хлордың белсенділігін төмендетеді. Сондықтан сақтау ережесін орындау қажет:

- қараңғы жерде;

- бірқалыпты суық жерде;

- құрғақ жерде, жабық ыдыста сақталады.

Дұрыс сақталған жағдайда да хлордың белсенділігі айына 1-3% төмендейді. Хлор әгінің белсенділігін 3 айда 1 рет тексеру қажет. Хлор әгінің кемшіліктері: хлор белсенділігі азаяды, сақталуы қиын, суда толық, жақсы ерімейді, маталдарға коррозия береді, заттың сапасын төмендетеді, мақта матасын ыдыратады. Ұзақ уақыт сақталса өздігінен өртеніп, жануы да мүмкін.

Кальций гипохлоритінің ДС тұзы - ақ түсті, хлор иісті ұнтақ, құрамында 55% және 50% белсенді хлормен шығарылады, суда жақсы ериді, тұндырмай қолдануға болады, белсенділігі тұрақты, 5 жылға дейін сақталады. Кальций гипохлоритінің бактерицидтік, спороцидтік әсері жоғары, сондықтан хлорамин, хлор әгінен 2 есе төмен мөлшерде қолданылады.

Хлорамин -ақ түсті кристалды ұнтақ, аздаған хлор иісімен, құрамында 26-28% белсенді хлоры бар. Бөлме температурасында 20% дейін ериді. 2 жыл сақтағанда хлор белсенділігі 0,3% төмендейді. Хлораминнің сулы ерітіндісі қараңғыланған шыны ыдыста 15 тәулікке дейін сақталады. Сулы хлорамин ерітіндісі барлық жұқпалы ауруларда 0,1-ден 10% концентрациясында қолданылады. 1% сулы хлорамин ерітіндісін жасау үшін 100 грамм хлораминді 10 литрге дейін су құйып дайындайды, 3% - 300 грамм. Залалсыздандыру жұмысында көбінесе белсендірілген хлорамин ерітіндісі қолданылады, бұл кезде заттың концентрациясы 2-10 есе кемиді, залалсыздандыру уақыты 3-4 рет азаяды, хлораминнің шығыны 2 -10 дейін кемиді. Белсендірілген хлорамин ерітіндісіне активатор-белсендіргіш, белсенді хлор жедел шығып, бактерицидтік әсерін күшейту мақсатында қосылады. Белсендіргіш ретінде аммоний хлориды, сульфаты немесе аммиак – 10% нашатыр спирті қолдану алдында қосылады

Хлорамин Б (бензол); хлорамин ХБ (хлорбензол); Т (толуол) түрлері бар. Ақ түсті, хлор иісті ұнтақ, белсенділігі 24-27%.

Дезам -ақ түсті немесе сары түсті әлсіз хлор иісті ұнтақ. Құрамына 50% хлорамин Б және 5% шавел қышқылы бар, белсенді хлор 15%. Суда жақсы ериді, мөлдір ерітінділері заттардың сапасын бүлдірмейді. Сақталу мерзімі 1 жыл. Микробты өлтіру қасиеті өте жоғары.

Пантоцид таблеткасы құрамында 4мг белсенді хлор. 1 таблетка 1литр суды залалсыздау үшін қолданылады.

Дезэффект – 0,4-3,8% ерітінді бөлмені, жиһаз, ыдыстарды, төсек жабдықтарын және медициналық аспаптарды залалсыздау үшін қолданылады.

«Дезаксон-1», «Дезаксон-4» - аурудың заттарын, пласмасс, шыны, резинадан жасалған медициналық аспаптарды залалсыздандыру үшін 0,1 –1% ерітінділер түрінде қолданылады.

Н2О2 - сутегінің қостотығы, 30% пергидроль, 33-40% концентрацияда шығарылады, одан 3%; 6% ерітінді дайындалады. Түссіз, мөлдір, сұйықтық зат, иіссіз, өз еркімен су және оттегіге бөлінеді, күшті қышқылдатқыш. 3% сутегінің қостотығы дезинфекция ретінде, 6% стерилизациялау үшін қолданылады. Көбіне ыдыстарды, бөлмені, көлікті, медициналық аспаптарды залалсыздандыру үшін, жуылатын 0,5% «Лотос», «Айна», «Экстра» ұнтақтарымен бірге қолданады.

Деохлор таблеткасы

· Ақ түсті, әлсіз хлор иісті, таблетка түріндегі дезинфекциялық зат.

· Белсенді хлор 44,2%.

· Таблетка салмағы 3,4гр.

· Әсер етуші зат: дихлоризоциан қышқылының натрий тұзы;

· Шығару түрі: 300, 100, 9 таблеткалы пластик банкілер.

· Қолдану мерзімі: 3 жыл.

· Ерітіндіні сақтау мерзімі: 3 күн, жабық ыдыста.

· Қауіптілігі бойынша орташа қауіпті 3 класқа жатады.

· Грам теріс және грамоң бактерияларға (туберкулез, ішек таяқшалары, стрептококктар, стафилококктар, вирустар және саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады.

 

Дюльбак ДТБЛ (Франция.)

· Дезинфекция және стерилизация алдында өңдеуге арналады: көк түсті, иіссіз, суда жақсы ериді.

· Әсер етуші зат: 4,5% дидецилдиметил аммоний хлориді.

· Концентрат рН 11,0±0,5.

· Шығару түрі: канистра 5л, флакон 1л.

· Қолдану мерзімі: 3 жыл.

· Ерітіндіні қолдану мерзімі 10 күн.

Пресепт бактерия, вирустар және аса қауіпті жұқпалы аурулар (оба, тырысқақ, түйнеме) қоздырғыштарына қарсы қолданылады.

· 5,0 грамм таблеткада 1,44 грамм белсенді хлор бөлінеді.

· Таблетка мөлшерленген, тез ериді.

· Бөлме температурасында дайындалады және сақталады.

· Қауіптілігі төмен.

· Қолдану мерзімі: 5 жыл.

· Жұмыс ерітіндісі 5 тәулік жарамды.

НУ – Сайдекс 0,35% сірке қышқылы негізінде жасалған, бактерия, вирус, микобактерия және спораларға қарсы қолданылады, металл бұйымдарына коррозия бермейді, қауіпсіз. Медициналық бұйымдарды қысқа уақытта залалсыздау жасау үшін пайдаланылады, экспозиция уақыты 10-15 минут.

Део-Бактер (Россия)

· Дезинфекциялауға арналған сұйық ерітінді(ЧАС).

· Хлорсыз.

· Флакон 1 литр.

· Қолдану мерзімі 3 жыл.

Хлоргексидин 0,5-1% су, спирт ерітінділері хирургиялық жабдықтарды, эндоскопиялық аппараттарды залалсыздандыру үшін қолданады.

Глутар альдегиді 25% ерітінді дезинфекциялау және медициналық аспаптарды стерилизациялау үшін қолданады.

Этил спирті 50,70% - ота жасағанда, ине егу алдында қолды залалсыздау үшін қолданады.

Йод қосындылары – суда жақсы ерімейтін қара кристалдар, спирт, эфирде жақсы ериді. 5% - 10% спирт ерітіндісі, 5% йод ерітіндісі түрінде қолданылады. қолғап, кетгут, қол, теріні залалсыздау үшін қолданады.

Бром қосындыларынан метилбромид кеміргіштерге қарсы қолданылады.

Озон - суды залалсыздандыру үшін қолданылады.

Бактерокс Ментол (Франция)

· Аэрозоль дезинфекциялық әсерімен (бактерия, грипп вирусы).

· Ментол иісті.

· Көлемі: баллон 405 мл (130 м2 -ге).

· Қолдану мерзімі: 3 жыл.

· Сақтауы: құрғақ желдетілетін бөлмеде.

Лизол. Бұл таза крезол мен жасыл калий сабынының қоспасы. Қою, мөлдір, қызыл күрең түсті сұйықтық. Лизол суда жақсы ериді, мөлдір ерітінді, көпке шыдайды. 3% лизол ерітіндісі заттардың бетін залалсыздандыру үшін қолданылады. Лизолдың инсектицидтік қасиеті бар.

Формалин. Бұл 40% формальдегидтің сулы ерітіндісі, мөлдір, тітіркендіргіш иісті сұйықтық. Көбіне камералық дезинфекцияда қолданылады және шаштаразда қырынатын щеткалар 2-4% сулы ерітіндісімен залалсыздандырылады.

Фенол - түссіз кристал, өткір иісті, суда жақсы ериді. Ауада сақтағанда кристалл қызғыш түске айналады, кейін қызарады және ериді. Фенол қара шыныдан жасалған ыдыста, беті жабық, суық жерде сақталынады.

3-5% сулы ерітіндісі және 2-5% сабынды-фенол ерітіндісі қолданылады. 5% фенол, 5% сабынды- фенол ерітіндісі күшті, сондықтан беті ластанған жерлерді залалсыздандырады.

Жуатын ерітінділер (детергенттер-тазалағыштар): синтетикалық заттар, олардың дезинфекциялайтын, жуатын, еріткіш қасиеттері бар. Катамин, кетанин, катионат - иіссіз, түссіз, коррозия бермейтін бактериостатикалық заттар. 0,5% ерітінді 30 минутта залалсыздайды. Нитран - әлсіз иісті, сары түсті ұнтақ, суда жақсы ериді, бактерицидтік әсері өте күшті, заттың сапасын, түсін бұзбайды, 5 жылға дейін сақталады. 3% ерітінді бөлмені, заттарды, төсек, ыдыстарды залалсыздау үшін қолданады.

Сабындар – бұл калий, натрий тұздары және майлы қышқылдар (пальмитин, стеарин, олеин). Натрий тұздары қосылса қатты сабын, калий тұзы қосылса сұйық калий сабыны, нафтен қосылса нафтен сабыны, ароматизатор, эфир майлары қосылса иіс сабыны болады. Сабындардың бактерицидтік әсері төмен болғанымен кірді тазалап жууға, микробтарды түсіріп тастауға, майларды ерітуге ықпал етеді.

Қышқылдар – вегетативті формадағы микробтарға әсер етеді. Температура 10 градусқа көтерілсе бактерицидтік әсері 2-3 есе арта түседі, бірақ мата, ағаш, металлдан жасалған заттардың сапасын бұзады.

Тұз қышқылы – негізі малдардың терісі мен жүнін залалсыздау үшін қолданылады.

Күкірт қышқылы - 5% ерітінді түрінде мал дәрігерлік тәжірибеде, мал қораларын, суды залалсыздау үшін қолданылады.

Азот қышқылы - 2% ерітінді қырынатын щетканы залалсыздау үшін қолданылады.

Сірке қышқылы - 40% ерітінді аяқ киімдерді залалсыздайды.

Сілтілер тәжірибеде жиі қолданбайды, өйткені сыртқы теріні, көзді тітіркендіреді, заттың сапасын бұзады.

Натрий гидрооксиді 0,5% ерітінді малдың терісін, жүнін залалсыздау үшін қолданылады.

Ас содасының 2-5% ерітіндісі ыдыстар, ойыншықтар, киімдерді залалсыздау үшін қолданылады.

Әктің 10-20% ерітіндісі қоқыстарды, қоқыс жәшіктерін, әжетханаларды залалсыздау үшін қолданылады.

Date: 2015-07-01; view: 4813; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию