Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Эпидемиялық процестің көрінуі, сипаттамасы





Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғышпен ие арасындағы әрекеттестік түрлі сыртқы көріністермен сипатталады.Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік- табиғи факторлардың әсері мол болады, эпидемиялық процестің қосымша қозғаушысы болып табылады.

Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген, ол табиғи және әлеуметтік факторларды эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күштері деп санаған. Эпидемиялық процестің даму барысы табиғи және әлеуметтік құбылыстардың әсерінен сандық және сапалық жағынан өзгереді.

Эпидемиялық процестің көрінуі  
Эндемиялық сырқаттанушылық
Кең мағынадағы эпидемиялық сырқаттанушылық
Спорадия
Эпидемия
Эпидемиялық өршу
Пандемия
Экзотикалық сырқаттанушылық


Эпидемиялық ошақ-бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап,жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.

Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4түрлі болып келеді:

Спорадиялық,кездейсоқ,бірен Саран сырқаттанушылық-бір белгілі аймаққа тән, белгілі сырқаттанушылық деңгейі, бір- бірімен байланысы жоқ инфекциялық ауру Өршу-шектелген аумақта,жеке ұжымда немесе ұжымдардағы топтарда бір мезгілде адамдардың науқастануы Эпидемия-инфекциялық аурулардың бүкіл халық,үлкен аймақ,қала,аудан ішінде жаппай науқастануы. Пандемия-инфекциялық аурудың жаппай, елден елге таралуы.

 

Экзотикалық сырқаттанушылық-деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде,осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады.

Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады.Эндемиялық аурулар бір белгілі аймақта таралған,сол аймақтың әлеуметтік табиғи жағдайына тән инфекциялық аурулар.Мыс: белгілі аймақтың табиғатында кенелер өмір сүрсе, сол жерде кене энцефалиті аурулары таралады.

Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп қатерлі топтарды анықтайды. Аэрозольді механизмімен таралатын аурулар үшін (тұмау,менингит),ұйымдасқан ұжымда өте көп кездеседі(фабрика зауыттар)және т.б

Қауіп-қатерлі факторлар ұғымдарының қысқаша анықтамасы.

Түсінік Анықтама
Қауіп –қатерлі аумақ   Қауіп қатерлі әлеуметтік әртүрлі жастағы топтар Қауіп қатерлі ұжым     Қауіп-қатерлі уақыт Қоздырғыштың вирулентті түрінің қалыптасуынан және оның таралуын қамтамасыз ететін факторлардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші бар аумақ. Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіші. Қоздырғыштың эпидемиялық түрі арқылы және оның таралу факторларының әсерінен болған сырқаттанушылықтың жоғарғы көрсеткіштері бар нақты ұжымдар(ясли,мектеп, жатақхана) Эпидемиялық түрге байланысты қоздырғыштың таралу факторларымен анықталатын сырқаттанушылықтың жағдай жасайтын факторлар: Қоздырғыштың эпидемиялық түрін тарататын қауіп қатерлік; Жұғу қауіп қатер; Ауру қауіп қатер;

 

Е.Н.Павловскийдің инфекциялық аурулардың табиғи ошақ, табиғи – ошақтық аурулар туралы ілімі.

Кейбір аурулардың қоздырғыштары бір эпидемия мен келесі эпидемия арасында адамның қатынасынсыз, әр түрлі кеміргіштердің, буынаяқтылардың организмінде сақталатыны туралы мағлұматтар бірте жинала бастаған. Бұл жағдайды алдымен Д.К.Заболотный,кейіннен Е.Н.Павловский байқады.

Табиғи ошақ болу үшін 3шарт болу қажет:

1Қоздырғыш паразит

2 Қабылдағыш хайуанат популяциясы

3 Қоздырғышты тасымалдаушылап(кене,бүрге, маса түрлері).

Осы факторлардың бір бірімен қарым қатынасы «паразитарлық жүйе»деп аталады.Оны Павловский табиғи ошақтың «үштігі»деп атады.Табиғи ошақ тек үздіксіз эпизоотиялық процесс болғанда ғана және қабылдағыш хайуанат попуяйиясымен тасымалдаушы белгілі бір мөлшерде осы табиғатта өмір сүргенде іске асады.

Антрапургиялық ошақ- адамның табиғатты меңгеру қимылдарының әсерінен пайда болған ошақ.

Карантиндік аурулар.Карантин қырық деген мағынаны білдіреді.Италяда обаның таралуынан қырық күн дем алған.Сол уақыт ішінде елден шығуға,елге кіруге тиым салынған.

Шекараны санитарлық қорғау дегеніміз аумақты жан – жақты дәлелденген санитарлық қорғаудың құрамы болып саналады.

Қазақстан Республикасында қауіпті аурулардан аумақты қорғау Санитарлық ережелерге сәйкес жүргізіледі:

1 Қ.Р мемлекет шекарасындағы өткізу пунктерінде медициналық қарау.

2 Халықаралық байланыс порттарында ашылған санитарлық – эпидемиологиялық станциясындағы санитарлық карантиндік пунктерінде қарау;

3 Халықаралық әуе жолындағы санитарлық карантиндік пунктерде қарау;

4 Халықаралық машина жолдарындағы санитарлық карантиндік пунктерде қарау;

5 Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін темір жол көліктеріндегі санитарлық карантиндік пунктерде қарау;

Инфекциялық ауруларға қарсы қолданылатын шаралардың негізгі қағидаларыІндетке қарсы шараларды топтастыру қағида эпидемиялық процестің «үштігі» туралы концепция бойынша атқарылады,концепция бойынша 3бағытта жүргізілуі тиіс.

1 инфекция қоздырғышының көзін жою.

2 қоздырғыштың берілу механизмін тежеу

3 организмнің қоздырғышты қабылдағыштығын болдырмауға бағытталған шаралар(вакцинация,т.б).

 

Эпидемияға қарсы шаралар

Шаралар Бағалау көрсеткіштері
Клиникалық диагноз қою Науқастың этиологиясын анықтауда алдыңғы және соңғы диагноздардың айырмашылығының жиілігі
Оңашалау және ауруханаға жатқызу Жалпы мұқтаж болғандардан оңашаланғандардың бөлігі
Емдеу Этиотропты емдеу алған аурулардың бөлігі.Аурудың аяқталуы.
Тәртіп шектеулік(карантин)шара Карантин мен обсервацияға жататын обьектілер мен адамдарды қамтудың толықтылығы.
Дератизация Дератизацияға жататын обьектілердегі қамтылған бөлік.Кеміргіштердің дератизацияға дейінгі және одан кеиінгі саны.
Ветеринарлық-санитарлық шара Ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан ветеринарлық жағдайға керекті шаралардың орындалуының толықтылығы
Індетке қарсы бағытталған санитарлық –гигиеналық шара Ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан ветеринарлық жағдайға керекті шаралардың орындалуының толықтылығы
Дезинфекция Бактериологиялық тексерудің нәтижелері
Дезинсекция Буынаяқтылардың дезинсекцияға дейінгі және одан кейінгі саны.
Вакцинациялау Тұрғындардың ішіндегі егілгендердің бөлігі.Егілгендірдің иммундық реакциясы.
Иммундық түзету Иммундық түзетуге жататындардың егілгендер тобы
Жедел алдын алу Жұғу қауіпі туғаннан кейінгі өткізу уақыты.

 

 

Індетке қарсы шаралар 3бағытта жсалады:

1 Инфекция көзіне бағытталған шаралар.

2Беріліс механизмдеріне бағытталған шаралар.

3Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар.

Эпидемиялық процестің І буынына бағытталған шаралар

Антропонозды инфекцияларда жасалатын шаралар:

І Инфекциялық ауруларды анықтау белсенді және енжар әдіспен жасалады.

Белсенді анықтау әдісі:

А)Дәрігер науқас адамның үйіне барғанда немесе әрбір үйді аралау кезінде анықталады.

Б)Инфекциялық аурумен қатынаста болған кезде анықталады.

В) Алдын алу дәрігерлік тексеру кезінде анықталады.

Енжар анықтау әдісі: науқас адам өзі ауырып немесе туыстары алып келген кезде анықталады.

2 Хабарлау. Инфекциялық ауруды анықтаған мед қызметкері жедел түрде СЭҚБ шұғыл хабарлама беруі тиіс. 058/у бланкасына тіркелуі тиіс.Бұл хабарлама 12сағат ішінде берілуі тиіс.

3 Жекешелеу науқастың үйінде немесе инфекциялық аурулар ауруханасы.Аса қауіпті оба,тырысқақ, Қырым геморрагиялық қызбасы секілді ауруларда және іш сүзегі, бөртпе,дифтерия,полиомиелит,құтыру,күйдіргі,сіреспе ауруларыннда жедел түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс.

4 Инфекциялық аурудың диагнозын қою науқастың клиникалық белгілеріне, эпидемиологиялық анамнезге және зертханалықтексеру нәтижелеріне сүйеніп тұжырымдалады.

5 Инфекциялық ауруды емдеу арнайы этиотропты және симптоматикалық болып бөлінеді

6 Ауруханадан шығару. Жұқпалы аурулар ауруханадан толық емделгеннен кейін және зертханалық тексеруден кейін және зертханалық тексеру қорытындысы теріс болғаннан кейін шығарылады.

7Диспансерлік бақылау. Науқас адам емделіп болғаннан кейін аурудың түріне қарай «Жұқпалы аурулар бөлм есінде» дәрігер- инфекционисттің бақылауына, диспансерлік тіркеуге алынады.

Зоонозды инфекцияларда жасалатын шаралар:

1 анықтау

2 жекешелеу

3 емдеу

4т вакцина егу

5 жою

Анықталған ауру зоонозды инфекциялар тобына жатса иинфекция көзі болған жануардың түрін, санын, иесін және т.б көптеген эпидемиологиялық маңызы бар ақпараттарды жинау қажет.

Қоздырғыш тасымалдаушы
Емдеу жою
Оқшаулау    
Табу
Жұқтырған хайуанаттар
Эпидемиялық процестің 1-буыны
Емдеу
СЭҚБ хабарлау
жекелеу
Эпидем анамнез
Ауруды табу
Жұқтырған адамдар
Ошақта жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар

e [3201]" strokecolor="black [3200]" strokeweight="2pt">

Эпидемиялық процестің 2-буыны
Дезинфекция
Дезинсекция
Сыртқы орта факторы


Дезинсекция

Қоздырғыш сақтаушы
Инфекция қоздырғышының көзімен қатынаста болғандар
Эпидемиялық процестің 3-буыны
Қатынаста болған адамдардан инфекция көзін табу
Қабылдағыш адамдарды қорғау
Қатынаста болғандардың табу
Солардың арасынан қабылдағыштарды табу
Инкубациялық кезеңге сай уақыт мерзіміне бақылау


 

Тест

1 Адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым

A Эпидемиология

Б Иммунология

В Вирусология

Г Гистология

Д Гигиена

2 (Тек эпидемиологиялық процесс және оған тиісті заңдылықтар ғана эпидемиологияның зерттейтін обьектісі болады) деген ілімнің негізін қалаушы кім

А К.Д Заболатный

Б Л.В Громашевский

В И.И Елкин

Г Д.И Ивановский

Д С.П Боткин

3 Шешек ауруына сиыр шешегінің қабыршағын (вакцина) адам денесіне енгізген дәрігер ғалым

А Э. Дженнер

Б С.П Боткин

В Е.И Марциновский

Г Л.А Тарасевич

Д И.И Мечников

4 Эпидемиология дегеніміз не

А халық арасындағы құбылысты зерттейтін ғылым

Б эпидемиялық процестің жиынтығы

В халық пен табиғат арасындағы өзара байланыс

Г Аурулардың негізгі таралу жолдарын зерттейтін ғылым

Д Дені сау адамдардың жалпы физиологиялық құбылысын зерттейтін ғылым

 

5 Қоздырғыш пен адам организмінің белгілі бір ортада болатын әрекеттестігінің нәтижесінде инфекциялық ауру пайда болады, осы процессті не деп атаимыз.

А Бактериологиялық

Б Вирусологиялық

В Инфекциялық

Г Гигиеналық

Д Эпидемиологиялық

 

6 Қазақстандағы инфекциялық ауруларды зерттеуде көп үлес қосқан ғалымдар

А Қ.М Мыңбаев

Б Ж.Т Темирбеков пен А.Т Исмағулов

В В.М Жданов

Г Л.В Громашевский

Д К.И Скрябин

 

7 Эпидемиологиялық әдістердің құрылымының қанша түрі бар

А 5

Б 6

В 4

Г3

Д 7

 

8 Аналитикалық эпидемиологиялық әдіс дегеніміз не

АЭпидемиологияның эксперименттік процессінде қолданылады

Б Эпидемиологиялық тексеруде аурулар туралы диагностикалық болжауды бағалау үшін қолданылады

В Эпидемиялық процестің даму механизмі ойша елестету арқылы жүзеге асады

Г Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және оны есептеу әдістері

Д Жалпы эпидемиологиялық процесс

 

9 Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістің негізгі зерттеу мақсаты

АЭпидемиологияның эксперименттік процессінде қолданылады

Б Эпидемиологиялық тексеруде аурулар туралы диагностикалық болжауды бағалау үшін қолданылады

В Инфекциялық аурулар эксперименттік эпидемиялық процессін зерттеуде қолданылады

Г Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және оны есептеу әдістері

Д Жалпы эпидемиологиялық процесс

 

 

10 Эпидемиологиядағы зерттеудің қанша түрлері бар

А 5

Б 8

В 7

Г 3

Д 2

 

11 Эпидемиологиялық процестің сандық белгілері

А Сырқаттанушылық деңгейі

Б Жынысына қарай

В Қала және ауыл тұрғындар арасы бойынша

Г Аумақтар бойынша

Д Әртүрлі жас топтары бойынша

 

 

12 Эпидемиялық процестің сапалық белгілері

А Сырқаттанудың даму динамикасы

Б Сырқаттанушылық деңгейі

В Жыл ішінде инфекцияның таралуы

Г Инфекцияның даму мезгілдері

Д Жынысына қарай

 

13 Эпидемиологиялық процестің негізін қалаушы

А К.Д Заболатный

Б Л.В Громашевский

В И.И Елкин

Г Д.И Ивановский

Д С.П Боткин

 

 

14 Эпидемиологиялық процестің бірінші буыны

А Қабылдағыш организм

Б Беріліс механизмі

В Инфекция көзі

Г Статистикалық көрсеткіші

Д Қоздырғыштың жұғуы

 

15 Инфекция көзіне байланысты инфекциялық аурулар қандай топтарға бөлінеді

А Антропонозды,Зоонозды, Сапронозды.

Б Транзиторлы,Реконвалесцентті.

В Созылмалы,Жіті

Г Транзиторлы, Сапронозды

Д Антропонозды, Созылмалы

 

16 Эпидемиялық процестің биологиялық факторларына не жатады

А Демографиялық

Б Климаттық

В Еңбекпен Тұрмыс жағдаиы

Г Медициналық көмек көрсету

Д Халықтың иммундық құрамы

 

17 Топырақтық факторларға тәуелді инфекциялар

А Бруцеллез

Б Күйдіргі

В Биогельминтоздар

Г Геогельминтоздар

Д В,С,Д геппатиттер

18 Громашевский инфекциялық ауруларды қанша топқа бөлді

А 7

Б 4

В 3

Г2

Д 6

19 Инфекциялық аурудың бүкіл халық, үлкен аймақ,қалақ аудан ішінде жаппай таралуы

А Пандемия

Б Эпидемия

В Өршу

Г Сырқаттанушылық

Д Спорадиялық

20 Инфекциялық аурулардың аурудың жаппай елден елге таралуы

А Пандемия

Б Эпидемия

В Өршу

Г Сырқаттанушылық

Д Спорадиялық

 

Тарау








Date: 2015-07-01; view: 2637; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.024 sec.) - Пожаловаться на публикацию