Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Микробиологиялық қауіпсіздік және аса қауіпті инфекциялардың түрлерін атаңыз және сипаттаңыз





Аса қауіпті инфекциялар- ерекше эпидемиялық қауіп тудыратын инфекциялық аурулардың шартты тобы. Аса қауіпті инфекцияларға контагиоздылығы өте жоғары, эпидемия тудыруға қабілетті, клиникалық көріністері ауыр өтетін, көп жағдайда өлімге әкелетін инфекциялық аурулар жатады. Бұл ауруларға: Бруцеллез, Сіріспе (Столбняк), Ботуллизм, Оба (Чума), Түйнеме (Сибирская язва), Тырысқақ, холера, Эбола, т.б. Түйнеме (Сибирская язва) - серозды гемморагиялық және некроздық қабунумен айқын интоксикация синдромымен өтетін жедел зоонозлы инфекциялық ауру.Осы уақытқа дейін барлық елде мекендерде бірдей таралған. Себебі осыдан ертерек болған аурудың ошақтары көп жылдар бойы қаупті болып қала береді.
Этиологиясы. Түйнеме қоздырғышы Bacillus anthracic, ірі қозғалмайтын таяқша, узындығы 3-10 мкм, ені 1-1,5мкм, капсула түзеді. Адам және жануар организміне тыс спора түрінде кесдеседі. Тіршілік әрекеті барасында таяқшалар ісік түзетін және өлтіретін компонентері бар экзотоксин шығарады.
Клиникасы: Түйнеменің инкубациялық кезеңі аурудың түріне байланысты әр түрлі, терілік түрінде, терілік түрінде 2-14 күн, септикалық түрінде бірнеше сағаттан 6-8 күнге дейін. Оба – ауыр интоксикация синдромымен өтетін, лимфа түйіндерін, өкпені арнайы зақымдаумен жүретін жедел- табиғы ошақтық ауру. Оба ауруының аты араб тілінен аударғанда «джумма» яғни «боб». Ол лимфа түйіндерінің боб тәрізді қабынуымен, үлкеюіне негізделіп айтылған.
Этиологиясы. Оба қоздырғышы Iersinia pests, Iersinia туысына жатады, қозғалмайтын, өлшем бірлігі 1,5-2 мкм бактекрия. Спора түзбейді, бірақ капсуласы бар, қарапайым сұйық және тығыз көріктік ортада өседі. Этиологиясы. Оба ауруын 2 түрге бөледі:
1) Табиғы ошақ / «жабайы оба» /
1-шілікошақ
2) 2-шілік ошақ Клиникасы: Жиі бубонды түрі, ал өте сирегірек- ішектік түрі кесдеседі. Жасырын кезең 3-6 күнге созылады, тек вакцина жасалғандарда 10 күнге дейін сосылады. Алдын-алу шаралары.
1) Аурудың табиғы ортасында кеміргіштермен мен бүргелерге қарсы бағытталған комплексті шаралар
2) Оба ауруына күдік туған адамдарды міндетті түрде госпитализациялау, ал науқастармен және жануарлармен қатынаста болғандарды 6 күн оқшаулап,оларға шұғыл алдын-алу мақсатта антибиотиктер 6 күнге тағайындалады. Бруцеллез – малдан адамға жұғатын, ретикулоэндотелиалды, нерв, жүрек-қан тамыр жүйесінің және қозғалыс аппаратының зақымдалуымен жүретін инфекциялы – аллегиялық ауру.
Этиологиясы. Бруцеллез қоздырғышы – микроорганизмдердің Brucella туысына жатады. Сіріспе – қаңқа бұлшық еттерінің тоникалық және клиникалық Құрысуларымен сипатталатын, асфиксияға әкелетін ауыр жедел инфекциялық ауру. Сіріспе ерте заманнан белгілі. Ауру 40 – 70% жағдайда өліммен аяқталады. Этиологиясы. Сіріспе қоздырғышы Clostridium teteni. Bacillaceae туысына жатады. Олар ірі, жұқа, шеттері дөңгеленген, ұзындағы 4-8 мкм, ені 0,3-0,8 мкм. Микроб – анаэроб, спора түзеді, грам оң. Споралар сыртқы ортаның физикалық және химиялық түрткілеріне тұрткы. Нәжісте, топырақта, әр түрлі заттарда олар бірнеше жылдарға дейін сақталады.

Халықаралық деңгейде Конвенциямен бекітілген аса қауіпті инфекциялық аурулардың қоздырғыштары,морфологиясы мен физиологиясы.Емдеу мен профилактикасын сипаттаңыз

Халықаралық деңгейде Конвенцимен бекітілген аса қауіпті ауруларға Туберкулез,Оба,ЖИТС жатады.

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм. Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін. Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жетОба(лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, ауа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар - бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.кілікті қамтамасыз етілген.

Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау.

Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы - адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ). Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады. ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.) 3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы.

Профилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б. Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс. Англияда осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға мемлекет жылына 20 млн фунт стерлинг қаржы жұмсайды. Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес. Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды.

 

Бактериялар, актиномицеттер, спирохет, микоплазма, риккециялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар құрылыстары мен морфологиясы туралы салыстырмалы түсінік беріңіз.

Бактериялар – ядросыз, микроскопиялық бiр клеткалы организмдер (құрылымның прокариоттық типi).Бактериялардың тұқым қуалау материялы (нуклеоид) цитоплазмада орналасқан сақина тәрiздi нуклеин қышқылымен (ДНК) берiлген. Бактериялардың нуклеин қышқылындағы гендердiң саны адам клеткасындағыдан 500 есе аз.

Бактерия клеткасы жарғақшамен қоршалған. Оның iшiнде сiлемейлi капсуланы, клеткалық қабықшаны, және цитоплазмалық жарғақшаны керуге болады. Клеткалық қабықша муреиннен тұрады. Клеткалық қабықшалардың бояғыштармен бояу қабiлетiне қарай грамм – оң және грамм терiс деп ажыратады (бұл әдiс зат ғалымы Грамм ұсынған). Грамм оң бактериялардың муреин қабақшасына басқа заттардың – полисахароид және ақуыздардың молекулалары ендiрiлген, ал грамм терiс бактерияларда клеткаларының қабықшаларына ерекше қасиет беретiн муреин үстiнде липидтер қабаты (майтәрiздес заттар) орналасқан. Кейбiр бактериялардың плазмалық жарғақшасы клетканың iшiне майысып, фотосинтезбен тыныс алуда қатысатын ферменттердiң негiздерiн құрайды. Бактериялардың цитоплазмасында клетка органоидтарынан тек рибосомалар ғана бар. Эукариот клеткаларына тән органоидтар (ядро, митохондриялар, пластидтер, Гольджи аппараты) бактерияларда болмайды. Риккетсиялар ұсақ, грам-теріс таяқша тәріздес бактериялар (0,3-2,0 мкм), облигаттық (міндетті түрде) жасушаішілік паразиттер. Цитоплазмада бинарлық бөліну арқылы, ал кей жағдайларда жұқтырылған жасуша ядросында көбейеді. Егесі болып табылатын буынаяқтыларда (бит, бүрге, кенелерде) тіршілік етеді. Қоздырғыштарының біреуін ашқан американдық ғалым Х.Т Риккетстің атымен аталған (жартасты таулардың таңбалы қызбасы). Риккетсиялардың пішіні мен көлемі өсу жағдайларына байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін (бұрыс пішінді жасушалар, жіпше тәріздес). Олардың құрлымы грам-теріс бактериялардың құрлымынан ерекшеленбейді.

Риккетсиялар егесінің метаболизміне тәуелсіз болады, бірақ көбею кезінде егесінен макроэргетикалық қосылыстарды алуы мүмкін. Жағындылар мен тіндерде оларды Романовский-Гимза, Маккиавелло-Здродовский әдістерімен бояйды (риккетсиялар қызыл түсті, жасушалар көк түске боялады).

Адамдарда риккетсиялар эпидемиялық бөрітпе сүзек (Rickettcia provazekii), кене риккетсиозын (R. sibirica), жартасты таулардың таңбалы қызбасын (R. rickettsii) және де басқа риккетсиоздарды қоздырады.

Хламидиялар – облигаттық жасушаішілік кокктәріздес грам-теріс (кейде грам-вариабельді) бактерияларға жатады. Хламидиялар тек қана тірі жасушаларда көбейеді: оларды энергетикалық паразиттер ретінде қарастырады; олар аденозинтрифосфат (АТФ) және гуанозинтрифосфат (ГТФ) түзбейді. Жасушадан тыс хламидиялар сфера пішінді (0,3 мкм), зат алмасуы белсендірілмеген, элементарлы денешіктер деп аталады. Элементарлы денешіктердің жасуша қабырғасында сыртқы мембрананың негізгі ақуызы және цистейн қаныққан ақуыз болады. Хламидиялардың геномында ішек таяқшасының геномына қарағанда 4 есе кем генетикалық ақпарат болады.

Эпителиалдық жасушаға элементарлы денешіктер жасушаішілік вакуоль түзетін эндоцитоз арқылы енеді. Жасуша ішінде олар үлкейіп, бөлінетін ретикулярлы денешіктерге айналып, вакуольдарда (қосындылар) жинақталады. Ретикулярлы денешіктер элементарлы денешіктерге айналып, экзоцитоз немесе жасушаны ерітіп сыртқа шығады. Жасушадан шыққан элементарлы денешіктер жаңа айналымға түсіп, келесі жасушаларды зақымдайды. Адамдарда хламидиялар көзді (басыр-трахома, конъюктивит), несеп-жыныс жолдарын, өкпені зақымдайды.

Актиномицеттер – бұтақталған, жіп тәріздес немесе таяқша тәріздес грам-оң бактериялар. Өз атауын (грек тілінен аударғанда actis – сәуле, myces – саңырауқұлақ) олар зақымдаған тіндерде – сәуле тәріздес, тығыз шатысып қалған, орталықтан шетке қарай тартылған, ұштары колба тәріздес жуанданып аяқталатын друза түзуі арқылы иеленген. Актиномицеттер, саңырауқұлақтар сияқты жіп тәріздес өзара айқасқан жасушалар (гифалар) – мицелиилер түзеді. Олар, қоректік ортаға жасушалары кіріңкіреп өскен кезде субстратты мицелий, ал ортаның беткейінде өскенде үлпілдек түзеді. Актиномицеттер мицелилері фрагментациялану арқылы таяқшаға немесе коктарға ұқсас болып көбейеді. Олардың үлпілдек гифаларында көбеюде қызмет атқаратын споралар түзіледі. Актиномицеттердің споралары жоғары температураға шыдамайды.

Актиномицеттермен филогенетикалық жағынан ортақ нокардиотәрізді (нокардиопішінді) актиномицеттер – бұрыс пішінді, таяқша тәріздес жинақтаушы топ тұрады. Олардың кейбір өкілдері бұтақша пішінді болып келеді. Оларға Corynebacterium, Mycobacterium, Nocardia туыстастықтары жатады. Нокардиотәріздес актиномицеттер жасуша қабырғасында арабиноза, галактоза қанттарының, сонымен қатар микол қышқылы мен көп мөлшерде май қышқылдарының болуымен ерекшеленеді. Жасуша қабырғасындағы микол қышқылы мен майлар бактерияға қышқылға тұрақтылық қасиет береді, мысалы, туберкулез және алапес микобактериялары (Циль-Нильсен бойынша бояған кезде олар қызыл түске, ал қалған қышқылға төзбейтін бактериялар мен қақырық, тін элементтері – көк түске боялады).

Патогенді актиномицеттер – актиномикоз, нокардиялар – нокардиоз, микобактериялар – туберкулез бен алапес, коринобактериялар – күл ауруын қоздырады. Актиномицеттер мен нокардиотәріздестердің сапрофитті түрлері топырақта кеңінен таралған, олардың көпшілігі антибиотик түзушілер болып табылады.

Микоплазмалар – тек қана цитоплазматикалық мембранамен қоршалған, ұсақ бактериялар (0,15-1,0 мкм). Олар Mollicutes класына жатады, құрамында стеролдар болады. Жасуша қабырғасы болмағандықтан микоплазмалар осмосқа жоғары сезімтал. Пішіні әртүрлі: кокк, жіпше, колба тәріздес бола береді. Бұл пішіндерді микоплазмалардың таза дақылдарын фазалы-контрастты микроскоппен қарағанда ажыратуға болады. Тығыз қоректік ортада микоплазмалар қуырған жұмыртқаға ұқсас колониялар түзеді: орталық бөлімі мөлдір емес қоретік ортаға батып, ал шеттері мөлдір шеңбер тәрізденіп жатады.

Адамдарда микоплазмалар атипті пневмония қоздырады (Mycoplasma pneumoniae), несеп-жыныс жолдарын зақымдайды (M.hominis). Сонымен қатар микоплазмалар жануарлар мен өсімдіктердің де ауруларын қоздырады. Патогенді емес түрлері де кеңінен таралған. Микоздар-кең таралған жұқпалы аурулар, олардың қоздырғыштары микроскопиялық организмдер-саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota, Mycetes). Саңырауқұлақтар хлорофилы жоқ, цитоплазмасында оқшауланған ядросы (немесе бірнеше ядросы), серпінді (ригидты) жасуша қабаты, көптеген вакоульдері, рибосомалары және басқа органеллалары бар біржасушалық немесе көпжасушалық эукариоттық микроорганизмдерге жатады (7 – сурет). Олардың өсімдіктерге үлкен ұқсастығы бар, дегенмен кейбір метоболизмдік үрдістері жануарлар жасушасына жақындатады.

Саңырауқұлақ денесі (таллом-қабықшалар) мицелий (грибница) болып табылады. Олар перделері бар немесе жоқ, бұтақша жайылған түтікшелер тәрізді, және де бүршіктенген оваль, дөңгелекше пішінді жасушалардан тұратын гифалар. Құрылымына байланысты (мицелийлерді құрайтын жасушалар пішіні және саңырауқұлақтар жасушасының бөліну механизмі бойынша) саңырауқұлақтар 2 топқа бөлінген:

1. Гифалылар немесе мицелийлілер (зең саңырауқұлақтар).

2. Бүршіктенушілер (ашытқылар, ашытқытәріздестер).

Қарапайымдылар Animalia жануарлар әлемінде Protozoa патшалық тармағын (грек тілінен рrotoz-бірінші, zoon-жануар) құрайтын эукариотты бір жасушалы микроорганизмдер (8 – сурет). «Eucarya» доменіне жататын эукариоттар болып табылады. Қарапайымдылардың жасушасы ядро қабықшасы мен ядрошықтан, эндоплазмалық ретикулумнан құралған цитоплазмадан, митохондрия, лизосома, көптеген рибосомалардан және т.б. компоненттерден тұрады.

 

 

Қарапайымдылардың өлшемі орташа 2 ден 100 мкм –ге дейін ауытқып отырады. Сыртынан жануарлардың жасушаларының цитоплазмалық мембранасының аналогы - мембранамен (пелликуламен) қапталған.

Қарапайымдылардың қозғалу (талшықтар, кірпікшелер, псевдоподийлер), қоректену (қоректену вакуольдері) және бөліп шығару (жиырылғыш вакуольдері) мүшелері бар. Талшықтар блефаропласттан шығады. Олар 9 жұп перифериялық, 2 жұп орталық микротүтікшелер және қабықтан тұрады. Кейбір қарапайымдылардың тіректік фибриллалары бар. Қарапайымдылар фагоцитоз нәтижесінде немесе ерекше құрылымдар түзіп қоректенеді. Жыныссыз жолмен – екіге бөліну немесе көптеп бөліну (шизогония), кейбіреуі жынысты жолмен (спорогония) көбейеді. Қолайсыз жағдайда олардың көпшілігі температура, ылғалдылық өзгерістеріне төзімді тыныштық сатысында цисталар түзеді. Романовский-Гимза әдісімен бояғанда, қарапайымдылардың ядросы - қызыл, цитоплазмасы-көк түске боялады.

Эшерихия, Клебсиелла, Шигелла, Сальмонелла, Протеи, Иерсини, Оба қоздырғыштарына анықтама бер. Морфологиясын, физиологиясын көрсет. Антигендік құрылымдарын салыстыр. Лабораториялық диагностикасын айқында.

Эшерихия. Escherichia Ішек таяқшасы– ішек инфекциясының қоздырғышы. Escherichia-ларды алғаш ашқан (1886 ж) неміс педиатрі Т. Эшерих. Ол ішек таяқшасын балалардың ішегінен бөлген, олар адамдардың, жануарлардың, жәндіктердің, балықтардың ішек микрофлорасының құрамына кіреді. Ішек таяқшасы судың, тағам өнімдерінің сандық көрсеткіш микроорганизмдеріне жатады. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері Мөлшері 3 мкм тіке таяқшалар, спора түзбейді, қозғалғыш (перетрихтар). Көптеген штамдары капсула немесе микрокапсула түзеді. Тинкториалдық қасиеті:Грам(-) қызыл түске боялады.

Клебсиелла қоздырғышы Klebsiella туыстығы Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. (неміс бактериологі Э.Клебс ашқан). Klebsiella капсула түзбейді. Klebsiella туыстығы бірнеше түрлерден тұрады: K.pneumoniae K. Ozaenae K.rinoscleromatis Клебсиеллалар әрдайым адам мен жануарлалардың терісі мен шырышты қабаттарында анықталады. K.pneumoniae - ауруханаішілік және аралас инфекциялалардың қоздырғыштары болып табылады. Клебсиеллалар – Грамтеріс шеттері дөңгелектенген жуан таяқшалар, мөлшерінің өзгеруіне байланысты капсуласыз клебсиеллалалардың мөлшері-0,3-0,6,5-6,0 мкм, ал капсулалы клебсиеллалалардың, көбінесе K.pneumoniae, мөлшері -3-5 5-8 мкм, спора және талшықтарды түзбейді, штаммдардың жартысында кірпікшелер болады.

Шигеллалар.Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. Алғаш рет жапон бактериологы бактериальды дизентерия қоздырғышын К. Шига сипаттаған. Шигеллалар– тік қозғалмайтын таяқшалар, оксидаза түзбейді, каталаза түзеді. Қоршаған орта факторларына төзімді. Қағазда 1 ай, нәжісте 5 ай, топырақта 3-4 ай, суда 15 күн, көкөніс, жеміс-жидектерде 2 апта, сүт өнімдерінде бірнеше апта тіршілік етеді. 60°С температурада 15-20 минут қайнатқанда бірден тіршілігін жояды. Дезинфекциялық ерітіндіге (хлор) өте сезімтал. “Дизентерия” терминін ғылымға енгізген Гиппократ; 1888 ж.– шигеллездарды зерттеу басталды және бактерияның ауруды қоздырудағы ролі анықталды (Шантемес ж/е Видаль);

Патогенез. Қоздырғыш адгезиндер арқылы жабысып, тоқ ішектің эпителиальды шырышты қабатына еніп, онда көбейеді ж/е токсин бөлуімен сипатталады. Тоқ ішекте қабыну процесі дамиды, қан кетуі мүмкін.

Сальмонелла Salmonella туысына іш сүзегі және паратиф А, В жатады. Туыстық 4 туыс астына, 65 серотопқа және 2000-ға жуық с ероварлардан тұрады. Олардың 400-700 адамның қауіпті ауруларын тудырады. Грам теріс, қозғалғыш перетрихтер, спора, капсула түзбейді, факультативті анаэробтар. Сальмонелла (S.typhi) көмірсуларды қышқылдарға дейін ыдыратады, көпшілігі H2S түзеді, эндотоксин бөледі Антигендік құрылымы күрделі: соматикалық О-Ag, H-Ag бар

Қоздырғыш:протеилар -proteus vulgaris

Микробиологиялық құрылымы:көмірсуларды қышқыл мен газға дейінферменттейді

Зерттеу әдісі: бактериологиялық,, Рессель ортасындағы сахаролиттік қасиеті.

Иерсиния инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолмен берілетін иерсиниоз деп аталатын өткір зоонозды бактериалдық ауруды туғызады. Қоздырғыштары – Yersinia pseudotuberculosis (Y.pst) және Yersinia enterocolitica (Y.ent). Versinia туысына, enterobacteria тұқымдасына жатады. Зертханалық әдістер:

• бактериологиялық (фекалин, зәр, қан, ми-жұлын сұйықтығы)

• қандағы, сілекейдегі, зәрде иерсиний антигенін анықтауға ИФА әдісі

• серологиялық (РА, РНГА)

Салыстырмалы диагнозы: иерсиниоздардың салыстырмалы диагнозын ас-токсикоинфекциясымен, сальмонеллезбен, дизентериямен, скарлатиналық және клиникалық көрінісі ұқсас басқа да аурулармен жүргізді. Оба қоздырғышы Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae. Туыстастығы: Yersinia. Түрі: Yersinia pestis. Бұлар грам теріс, спора түзбейтін таяқшалар, оларды биохимиялық, антигендік ж/е т.б. қасиеттері бойынша ажыратады. Оба қоздырғышы - Y.pestis 1894 жылы А.Иерсен ашқан болатын. Морфологиясы ж/е дақылдық қасиеті.

Оба қоздырғышы гиалуронидаза, фибринолизин, коагулаза, протеиназа ферменттерін өндіреді. Патогенділігі ж/е патогенезі. Вирулентті факторлары – адгезия. Капсула ж/е жасуша қабырғасының үстіңгі құрылымы адгезияға қатысады. Ферменттер мен токсиндер инвазия ж/е агрессияға қатысады. Y.pestis патогенділігінде негізгі рольді “тышқандық” токсин атқарады. Ол бауыр мен жүректің жасушалық митохондрияларының қызметін тоқтатады ж/е тромбтардың түзілуін тудырады. “Тышқандық” токсин – бактериальді жасушамен тығыз байланысты, ақуызды токсинге жатады. Оның синтезін плазмидалар бақылайды.

 

Сібір язвасының қоздырғыштары. Тырысқақ қоздырғыштары Clostridium perfingens. Clostridium bolulium қоздырғыштардың биологиялық маңызын түсіндіріңіз

Сібір жарасы (инфекциялық ауру) Bacillus anthracis қоздырғышымен шақырылатын, клиникасында терінің серозды геморрагиялық қабынуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, қызба және интоксикациямен сипатталатын жедел бактериальды зоонозды инфекциялық ауру.Инфекция көзі болып:

· жиіірі және ұсақмалдар, жылқы (60-85%)

· сирекшошқа, түйе, есе, жабайыжануарлар

берілу жолдары

· контакты

· алиментарлы

· ауа-шаң арқылы

· трансмиссивті

патоегнезі

Қоздырғыштыңенужолы:

· зақымдалғантері

· тынысжолдарышырыштықабаты

· асқазанішекжолдарыныңшырыштықабаттары

· қоздырғышкіргенжерінде және регионарлы лимфа түйіндеріндекөбейеді

· экзотоксин бөледі

· жергілікті әсер (геморрагиялық-некротикалыққабыну)

· жалпыәсері (токсемия) интоксикациялық синдром

Тырысқақ (холера) - антропонозды аса қауіпті карантинді, қоздырғышы нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, жедел энтеритпен, ауыр дәрежедегі су-тұз, ақуыз алмасудың бұзылуымен, уыттанумен сипатталатын ішек инфекциясы. Тырысқаққоздырғыштары - Vibrio choleraeaziatica, V. choleraeeltor, V. cholerae 0139. Тырысқақвибриондарыныңбастыпатогенетикалық факторы тырысқақуыты (токсині) - холероген.

ЕгертырысқақвибриондарыдиагностикалықСфагынасезімталболса, қойэритроциттеріныдыратпаса, полимиксинқосылғанқоректік ортада өспесе, ФогесПроскауэрреакциясыболса, мұндайсерологиялықнұсқаларвибриондардыңазиялықбиотипі болып табылады. Ал, полимиксинқосылғанқоректік ортада өспесе, ФогесПроскауэрреакциясытерісболса, қойэритроциттеріныдыратпаса, Эль-Тор фагынасезімталдықтанытса Эль-Тор биотипінежатқызылады. Егервибриондар «О» сарысуымен және барлық 138 диагностикалықсарысуларменагглютинацияланбаса, қойэритроциттеріныдыратпаса, дифференциялықдиагностикалықфагтарғасезімталдықтанытса, полимиксинқосылғанқоректік ортада өспесе, ондаcholerae 0139 «Бенгал» болғаны.

Тырысқақвибриондарыүтіртәрізді, полярлықталшықты, қозғалғыш, грамтерісбоялатын аэроб. Қоршаған ортада салыстырмалы түрде ұзақсақталады, әсіресе суда. Тырысқақвибриондарыныңбұлқасиетіне байланысты олардысапроноздартобынажатқызуға болады. Себебі қолайлыжағдайтуғанда суда көбейіп, ашық су көздерііндеттіңтаралусебебіне айналуы мүмкін. Вибриондарқышқылдықортаға аса сезімтал, қайнаған ортада лездеөледі, дезинфектанттардыңәдеттегіконцентрациясынаөледі, левомицетин, тетрациклингесезімтал. Лабораториялықзерттеуарнайыбөлінгензертханада, аса қауіптіаурулартобынқадағалаушыэпидемиологтыңанықтауы бойынша, қауіпсіздікшараларынсқтай отырып (резеңкеқолғап, клеенкалыалжапқыш және т.б.) жүргізіледі.

Date: 2015-07-01; view: 3683; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию