Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орналасуы. Сору желдеткіші тепловоздың «В» жағындағы радиатор бөлігінде орнастырылады





Сору желдеткіші тепловоздың «В» жағындағы радиатор бөлігінде орнастырылады.

Ағымды техникалық қызмет көрсету

  1. Жай – күйін тексеру

Желдеткішті оның техникалық жағдайын төмендететін кез келген белгі- леріне қарай көзбе-көз тексеру керек. Егер желдеткіш немесе оның жетекті қозғалтқышы жөндеуді қажет ететін болса, жинақтағы желдеткішті тепло- воздан бөлшектеп алу керек.

Қою май желдеткіштің мойынтіректеріне 3 жыл аралығында салынып оты- рады.

Желдеткіш 12 жылда бір рет бөлшектенуге немесе күрделі жөндеуден өткізілуге тиіс.

2. Сору желдеткішін бөлшектеу.

(1) Желдеткіш қозғалтқышындағы қыспақ блоғынан үш фазалық сымды, сым мен қыспақтарға, кейін дұрыс қосу үшін дұрыс белгілей отырып, ағыту керек. Желдеткіш қозғалтқышының жалғастырғыш қорабынан иілгіш кабелсымды ағыту керек. Барлық бекіту бөлшектерін сақтау керек.

(2) Тепловоздың оң жағындағы сору желдеткішіне қарсы сақтандыру порученінің секциясын алу керек.

(3) Желдеткішітің төрт құрастыру бұранын шайбаларымен бірге босатып, шығарып алу керек. Барлық бекіту бөлшектерін сақтау керек.

(4) Ауа жинағыш пен сору желдеткіші негізінің аралығындағы болат иінтіректі қойып, желдеткішті жинағыштан ажыратып алу үшін тепловоз қаптамасының ұзартылған бөлігінің бағытына желдеткішті еппен итеру керек.

Қауіпті! Сору желдеткішінің массасы 500 фунт (227 кг) шамасында. Өзіне сай келетін көтеру құрал сайманды пайдалану керек.

(5) Аша тиегіштің қармауышын желдеткіштің астына асықпай енгізу керек. Оны еппен тепловоздан босатып алу керек.

(6) Желдеткішті еппен тегіс платформаға қою керек.

3. Сору желдеткішін орнату

Ескерту: Сору желдеткішін орнатар кезде шығу тесігіндегі көлденең қуыс арқылы абайсызда желдеткіштің ішіне түсіп кетуі мүмкін барлық бекіту бөлшектері, өзге де бөгде заттарды тауып, алып қою керек.

(1) Аша тиегішті қолдана отырып, жинақтағы желдеткішті еппен негізіне қондыру керек. Желдеткіштің ауа жинағышқа және құрастыру тесіктеріне қатысты айқындалуын ұқыпты түрде орындау керек. Құрастыру бұрандарын орнатып, 155-170 фунт (210-231 Н.м.) моментіне дейін қысып тарту керек.

(2) Желдеткішті ауа жинағышпен қосу үшін бекіту бөлшектерін (бұран, шайба, қарсышайба және гайка) орнату керек.

(3) Сору желдеткішінің үш фазалық сымын желдеткіштің жетекті қозғалт- қышының жалғастырғыш қорабына еппен тарту керек. Сымдар мен қыспақтардың сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, оларды жалғастырғыш қораптың қыспақтарына қосу керек. Қозғалтқыштың жалғастырғыш қорабына иілгіш кабелсымды қосу керек.

(4) Сақтандыру порученінің бұрын алып қойылған секциясын орнына қондыру керек.

Date: 2015-07-01; view: 588; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию