Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тексеру. Май салқындатқыш пен құбыр түйіспелерінде ысыраптар мен сызаттардың бар-жоғын көзбе-көз тексеру керек





Май салқындатқыш пен құбыр түйіспелерінде ысыраптар мен сызаттардың бар-жоғын көзбе-көз тексеру керек. Қажет болған жағдайда ысыраптар мен сызаттарды қалпына келтіру керек. Салқындатқыштың ішінде кез келген ысыраптар мен сызаттар анықталған жағдайда салқындатқышты алмастыру керек. Егер жағар майдың іздері су ыдысындағы бақылау шынысынан көрінетін болса, бұл салқындатқыштың ішінде май тамшыларының араласу шығыны мүмкіндігін көрсетеді. Майлау жүйесіндегі майдың қысымы сумен бөлек салқындату жүйесіндегі салқындатқыш судың қысымынан жоғары, сондықтан бір жүйеден екінші жүйеге ағу фактысы, әдетте, ең алдымен сумен салқындату жүйесінде анықталады. Салқындатқыштың май және су қарамағындағы қысымның төмендеуін тексеру керек.

Төменде осы құрылғыдағы қысым төмендеуінің күтілетін шамалары бойынша деректер келтірілген.

Кесте.

Май жағы Су жағы
Таза сүзгі элементтері кезіндегі ΔР-10 фунт/кв. дюйм(69кПа)   2 фунт/кв.дюйм (14кПа)
Ластанған сүзгі элемент тері кезіндегі ΔР-22 фунт/кв.дюйм (152 кПа) 10 фунт/кв.дюйм (69 кПа)
Егер май салқындатқыштың кез келген қарамындағы қысымның төмендеуі өте жоғары болса, салқындатқышты тазалау керек немесе ауыстыру керек.

Ескерту: Қысымның төмендеуін қозғалтқыштың қалыпты жұмыс температурасында және «8» позициясында тұрған кезде өлшеу керек.

2. Май салқындатқышты бөлшектеу.

Май салқындатқышты бөлшектеу алдында ең алдымен май сүзгісі мен салқындатқыштың өзіндегі майды төгу керек. Бұл жағдайда қозғалтқыштың бос жағындағы қаптаманың немесе картердің майын құйып алу міндетті емес. Май салқындатқышты төмендегідей тәртіпте бөлшектеу қажет:

(1) Дизельді қозғалтқышты сөндіру керек. Одан соң май сүзгісінің кері ағызу клапанының клапанды ашу үшін қозғалтқыштың оң жағындағы сүзгі қаңқасының астында орналасқан тұтқаны жоғары күйге ауыстыру керек. майдың ағыуын тездету үшін сүзгінің жіберу май құбырындағы май сынамаларын іріктеуге арналған клапанды ашу керек. Қаңқадағы май сүзгіден картерге ағып кетеді. Ыстық майды ағызып алу үшін 15 минут қажет. Егер май салқын болса, ағызу сәл ұзаққа созылады.

(2) Тепловоздың жақтауы астындағы май салқындатқыштың ағызу клапанының жібергіш май құбырының тығынын орнына қондыру керек.

(3) Май салқындатқыштың ағызу клапанын ашу керек.

(4) Май салқындатқыштан ағыуын аяқтаған кезде, ағызу клапанын жауып, жібергіш май құбырының тығынын орнына қондыру керек.

(5) Май сүзгісі қаңқасының (корпус) жанындағы май сынамаларын іріктеуге арналған клапан мен сүзгі қаңқасындағы ағызу клапанын жабу керек.

(6) Май салқындатқыштың тұғырындағы клапанды ашып, ондағы суды ағызу керек. Ағызу операциясы аяқталғаннан кейін төмендегі іс-әрекеттер орындалады:

(7) Май салқындатқыштың дәл астында орналасқан жиналмалы табаншаны ажырату керек, бекіту бөлшектерін сақтау керек.

(8) Май салқындатқышты бөлшектеуге мүмкіндік болу үшін, тікелей өткел сатысының алдында орналасқан дизельді бөлік жақтауының ажырамалы бөлігін ажыратып алу керек. Барлық бекіту бөлшектерін сақтау керек.

(9) Қажет болған жағдайда сақтандыру поручені ағыту керек.

(10) Май температурасының датчигін, датчиктің электрөткізгіші мен май

құбырларын, сондай – ақ қысым датчигін ажыратып алу керек.

(11) Иілгіш түтікті ажыратып, суды төгуге арналған құбырды ажырату керек,

клапан кейінірек жаңа май салқындатқышқа орнатылатын болады.

(12) Су сорабының құбырындағы Victaulic модельді үш 6- дюймдық

жалғастырғыштың екеуін ажырату керек. Ажыратылған екі жалғастырғыш

май салқындатқышқа жақынырақ болып табылады.

(13) Диаметрі 3-1/2 дюйм екі майқұбырын ағытып алу керек, ол үшін ең

алдымен жалғастырғыштарын ағыту керек, одан кейін май салқындатқыштағы

май құбырларын ажырату керек.

(14) Су ысырмасына (водяной задвижке) әкелетін құбырға жалғанатын салқындатқыш арқылы май салқындатқыштың артқы қабырғасындағы ернемектің бұрандарын ағытып алу керек.

(15) Май салқындатқыштың артқы қабырғасынан ағызу май құбырын ағытып

алу керек.

(16) Ең алдымен май салқындатқыштың еденге көтергіш арқылы бекітілген тіреу

бұрандарының сенімділігіне көз жеткізіп алып, май салқындатқыштың

жоғарғы ернемегіндегі бұрандарды босатып алу керек.

(17) Май салқындатқыштың тіреулеріндегі бұрандарды көтере отырып бұрап,

оны жоғарғы толық босайтын деңгейге дейін түсіру керек.

(18) Май салқындатқышты сіздерде бар жабдықтың болуына қарай, шығыранмен

(подьемник) немесе аша тиегішпен бөлшектеуге болатындай етіп

орналастыру керек. Май салқындатқыштың массасы 700 фунтқа (318 кг)

жақын.

 

3. Май салқындатқышты орнату

(1) Басқа жабдықтарға жалғастырылатын түтікшелердің барлық қаптарын, экрандары мен тығындарын ағытып, жаңа май салқандатқышты дайындау керек. Алынған қаптар мен басқа да жабдықтарды бөлшектенген май салқындатқышқа қолдануға болады.

(2) Жоғарыда сипатталған бірізділікті керісінше қайталай отырып, май салқындатқышты орнату керек. Нығыздалған барлық беттің әсіресе, су ыдысының (бак) төменгі бөлігіндегі бетінің қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізу керек. Барлық төсемдер мен тығыздауыш сақиналарды алмастыру керек. Бірнеше қосымша пайдалы кеңесті айта кеткен жөн:

а) Victaulic жалғастырғышының тығыздығын дұрыс орнату үшін аталған тараудың жүйе құбырларына арналған бөлімін қарап шығу керек.

б) Бұдан басқа май құбырларындағы Victaulic жалғастырғыштарының түйіспелер герметичность бұзылған жағдайда сақтандыру шаралары ретінде алынған барлық тығыздықтарды ауыстыруға тура келуі мүмкін.

с) Жоғары ернемекті қосылыстың бұрандарын тарттыру алдында ең алдымен барлық құбырлар осінің сәйкестігін қаматамсыз ету керек.

д) Салқындатқышты орнатар алдында тығыздықтың дұрыс орнатылғанына көз жеткізу үшін, салқындатқыштың құбыр тақтасының жоғарғы ернемегі мен сыртқы қаптамасы бөлігінің арасындағы тығыздықты тексеру керек.

(3) Жаңа май салқындатқышты орнына қондырып, барлық құбырларды жалғастырғаннан кейін май мен суды ағызу клапандарының жабық тұрғанына көз жеткізу керек. Одан кейін алдын ала дайындалған суды белгіленген тәртіпте сумен бөлек салқындату жүйесіне толтырып құю керек және қажет болса, картерге май құю керек.

(4) Қозғалтқышты іске қосып, майлау жүйесі мен сумен салқындату жүйесін мұқият тексеру керек.

(5) Май жұмыс температурасына дейін қызғаннан соң, жүйелердегі май мен судың деңгейін тексеру керек, қажет болған жағдайда үстемелеп құйған жөн.

 

Май сүзгісі

Date: 2015-07-01; view: 893; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию