Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сипаттама. Иінді біліктің бүйір қысымын дизель блогындағы магниттік негізге межелік өлшегіш орнату арқылы тексеруге болады





Иінді біліктің бүйір қысымын дизель блогындағы магниттік негізге межелік өлшегіш орнату арқылы тексеруге болады, ол иінді біліктің қозғалмай тұрған күйіндегі өңделген бетке қатысты ығысуды көрсететін болады. Өлшеуді орындау үшін иінді білікті иінтірекпен бір бағытта сығу керек. Өлшегішті нөлге келтіріп, одан соң иінді білікті қарама – қарсы бағытқа сығып, біліктің бүйірлік ығысуының шамасын есептеу керек.

Тіреу мойынтіректің жартықаңқаларын алмастыру

 

Егер сіздің 7FDL дизельді қозғалтқыштарыңызда №8 мойынтірек қолданылатын болса, сізге тіреу мойынтіректің жартықаңқасын тексеруге және алмастыруға ниеттенуіңіз мүмкін. Олардың қызметі иінді біліктің шектен тыс бүйірлік ығысуларының шектелуімен қорытындыланады.

Ескерту: Тозуы жеткен тіреуіш сақиналар әдетте ақаулықтардың қозғалтқыш үшін өзге де қауіпті белгілерінің бірі болып табылады.

1. Ең алдымен картердің табаншасындағы майды төгу керек.

2. №8 мойынтіректің қақпағын ашу керек.

3. Тіреу мойынтіректің әрбір жартықаңқасын иінді білікке қатысты 180о – қа бұрып, екі жартықаңқаны босатып алу керек.

4. Жаңа мойынтіректің жартықаңқасын майлап, орнына орнату керек. Екі жартықаңқаның да май қалталарының иінді біліктің өңделген бетіне қарап тұрғанына көз жеткізу керек.

5. №8 мойынтіректің қақпағын орнатып, картердің табаншасына май құю керек.

Модуль

Жанармай жүйесі

Кіріспе

«Жанармай жүйесі» деген қарапайым атпен бәрімізге мәлім «Жанармай жүйесі» модулін оқып үйренуге кірісеміз.Бұл модульде сіздер тепловозды пайдалану жағдайларындағы жанармай жүйесінің түйіндері мен агрегаттарының жай – күйінің қалай тексерілетінін және техникалық қызмет көрсетудің қалай орындалатынын біле аласыздар.

Бөлімдер

1 Бөлім: Жанармай жүйесінің жалпы сипаттамасы

2 Бөлім: Негізгі түйіндер мен агрегаттар

3 Бөлім: Жанармай ыдысы (топливный бак)

4 Бөлім: Жанармай жылытқыш және АМОТ клапаны

5 Бөлім: Жанармай айдау сорабы

6 Бөлім: Жанармай сүзгісі

7 Бөлім: Жинақтағы тексеру шынысының, реттеуші клапанның және сақтандыру

клапанның түйіні

8 Бөлім: Жоғары қысымды жанармай сораптары

9 Бөлім: Жанармай жүйесіне арналған БӨҚ

 

Мақсаты

Модульді оқып үйренгеннен кейін, сіздер:

· Жанармай жүйесінің функцияларын түсінуге;

· Жүйедегі жанармай қозғалысының трассаларын білуге;

· Жанармай жүйесінің құрамындағы негізгі түйіндер мен агрегаттарды қалай табуға және үйлестіруге болатынын білуге;

· Ағымдық техникалық қызмет көрсетудің және жанармай жүйесіне қатысты тексерулердің қалай орындалатынын түсінуге;

· Жүйенің әртүрлі негізгі түйіндері мен агрегаттарының қалай бөлшектелетінін және орнатылатынын білуге тиіссіздер.

 

Жанармай жүйесінің жалпы сипаттамасы

Date: 2015-07-01; view: 612; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию