Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мен агрегаттары





Тарау

7FDL тепловоз дизелді қозғалтқышының жалпы сипаттамасы

Кіріспе

7FDL тепловоз дизельді қозғалтқышының сипаттамасында, сіз бейтаныс атаулар мен кейбір түйіндердің орналасуы тәрізді анықталған күрделіліктерді кездестіресіз. Осы оқу модулі Сізді тиісті терминология және 7FDL тепловозы дизельді қозғалтқышының жұмыс істеу кезінде білуге қажетті түйіндердің орналасу тәсілімен таныстырады.

Бөлімдері:

1 Бөлім: 7FDL тепловоз дизелді қозғалтқышы

2 Бөлім: Қозғалтқыш орналасу бағыты

3 Бөлім: Цилиндрлердің орналасуы тәртібі

4 Бөлім: Иінді біліктің айналу бағыты

5 Бөлім: Қозғалтқыштың техникалық сипаттамасы

6 Бөлім: Қозғалтқыштың салмағы мен көлемдік мөлшері

Мақсаты:

Осы модулді оқып үйренгенен кейін сіз білетін боласындар:

● 7FDL тепловозы дизелді қозғалтқышқа қатысты терминдерді

● Қозғалтқыш орналасу бағыты мен цилиндрлердің орналасуын

● Қозғалтқыштың техникалық сипаттамасын

7 FDL тепловозы дизелді қозғалтқышы

7FDL тепловозы дизелді қозғалтқышын Geheral Electric компаниясы электрлі берілісті тепловоздарға арнап жасап шығарған. Қозғалтқыштың конструкциялық құрылысы мен параметрлері (өлшемдері) қазіргі кезде тепловоздарға орнатылған және жұмыс жасап жүрген мыңдаған қозғалтқыштар тәжірибелі пайдалануда, миллиондаған сағатпен сынақтардан өткізілуіне байланысты көптеген зертханалық сынақтардың нәтижелері негізінде таңдап алынған.

Сурет

 

Қозғалтқыш орналасу бағыты

Төменде келтірілген атауларда General Electric компаниясының дизельді қозғалтқышының әр түрлі түйіндері мен агрегаттарының орналасуын сипаттау барысындағы барлық құжаттамалар қолданылады.

Бос жағы -трубокомпрессор мен үрлегіш ауа салқындатқыштары орнатылған дизельді қозғалтқыштың осы жағы радиатор блогына бағытталған. (2 – суретті қараңыз).

Генератор (бас генератор) жағы -дизельді қозғалтқыштың осы жақ бетінде генератор (бас генератор) орнатылған. Қозғалтқыштың осы жағы машинист кабинасына бағытталған (2 – суретті қараңыз).

Оң және сол жақтар -генераторға немесе бас генератор жағынан дизельді қозғалтқышқа көз салғанда орын алған қозғалтқыш жақтары тиісінше оң және сол жағы деп аталады. Қозғалтқыштың оң және сол жағы тепловоздың сол және оң жағына сәйкес келеді, яғни қозғалтқыш пен тепловоз қарама – қарсы бағытталған (2 – суретті қараңыз).

Сурет.

Цилиндрлердің орналасуы

Цилиндрлер дизельді қозғалтқыштың бос жағынан бас генератор мен генератордың бағытына қарай нөмірленген. №1 оң және сол цилиндрлер General Electric компаниясының барлық қозғалтқыштарында трубокомпрессорға өте жақын қашықтықта орналастырылады. 2–суретте 16 цилиндрлік қозғалтқыштың цилиндрлер блогінің жоғарыдан түсірілген сызбасы көрсетілген. Барлық 8 және 12 цилиндрлі дизельді қозғалтқыштардың құрамы осыған сәйкес орналастырылған.

 

Иінді біліктің айналу бағыты

Кіріспе

Дизельді қозғалтқыштың жұмыс істеу барысында иінді білік қозғалтқышқа бос жағынан қарағанда сағат тілінің бағытымен, бас генератор жағынан қарағанда сағат тіліне кері бағытта айналады (3 – суретті қараңыз).

3 – сурет.

4 – кестеде 7FDL тепловозының 12 және 16 цилиндрлі дизельді қозғалтқыштардың техникалық сипаттамалары берілген.

Дизельді қозғалтқыштың техникалық сипаттамасы

Дизельді қозғалтқыштың техникалық сипаттамасы
Цилиндрлер саны    
Жұмыс циклы 4 тактілі 4 тактілі
Цилиндрлердің сәйкестік орналасуы 450бұрышты цилиндрлер айналуының оппозиттік сұлбасы 450бұрышты цилиндрлер айналуының оппозиттік сұлбасы
Цилиндр диаметрі 9 дюйм (228,6 мм) 9 дюйм (228,6 мм)
Поршень жүрісі 10,5 дюйм (266,7 мм) 10,5 дюйм (266,7 мм)
Сығу дәрежесі 12,7 - 1 12,7 – 1
Қозғалтқыш білігінің ең төмен айналу жиілігі 440 айн/мин 440 айн/мин
Қозғалтқыш білігінің ең жоғары айналу жиілігі Цилиндрлердің от алу тәртібі 1050 айн/ мин   1П-1Л-5П-5Л-3П-3Л-6П-6Л-2П-2Л-4П-4Л 1050 айн/ мин   1П-1Л-3П-3Л-7П-7Л-4П-4Л-8П-8Л-6П-6Л-2П-2Л-5П-5Л

Кесте

Дизель қозғалтқышының габариттік мөлшері мен массасы

12 және 16 цилиндрлі дизельді қозғалтқыштардың габариттік мөлшері мен массасы жөніндегі деректер 5 кестеде келтірілген.

 

Қозғалтқыштардың габариттік мөлшері мен массасы
Цилиндрлер саны    
Биіктігі (шығару құбырын қоса алғанда)   9,79 фут (2,98 м)   9,79 фут (2,98 м)
Ұзындығы (бас генераторды қоса алғанда)     17,57 фут (5,35 м)     21,44 фут (6,22 м)
Ені 5 фут және 8,5 дюйм (1,77 м) 5 фут және 8,5 дюйм (1,77 м)
Массасы (құрғақ қозғалтқышта)   34 940 фунт (15 848 кг)   43 510 фунт (19 734 кг)

Кесте

Модуль

7FDL тепловозы дизельді қозғалтқышының түйіндері

мен агрегаттары

Кіріспе

Негізгі түйіндері мен агрегаттарды анықтау және тепловоз қозғалтқышының кейбір маңызды сипаттамаларын білу тепловозға қызмет көрсетуі үшін қажет.

Осы модуль тыңдаушыны 7FDL тепловозы дизельді қозғалтқышының негізгі түйіндері және агрегаттарымен таныстырады.

Модульдің бөлімдері

Модульдің төмендегідей бөлімдері бар:

1бөлім: Дизельдің цилиндрлер блогы.

2 бөлім: Қозғалтқыштың иінді білігі.

3 бөлім: Дірілге қарсылық. (Антивибратор)

4 бөлім: Резеңкелі жетекті жалғастырғыш.

5 бөлім: Ажырайтын тісті шестерна. (Разьемная шестерня)

6 бөлім: Қозғалтқыштың мойынтіректері. (Подшипники двигателя)

7 бөлім: Шатундардың сәйкестік орналасуы.

8 бөлім: Болатпен өңделген поршень.

9 бөлім: Қозғалтқыштың үлестіргіш білігі.

10 бөлім: Турбокомпрессор.

11 бөлім:Шығару құбыры. (Выпускные коллекторы)

12 бөлім: Цилиндрлер жинағы.

13 бөлім: Жанармай жүйесі.

14 бөлім: Қорытынды.

Мақсаты:

Аталған модульді зерттей отырып, Сіз:

● 7FDL тепловозы дизельді қозғалтқышының негізгі түйіндері мен агрегаттарын қалай анықтауды;

● Негізгі түйіндер мен агрегаттарға тиісті техникалық қызмет көрсетудің мәнін және қозғалтқышты қалай күту қажеттігін біле алатын боласыз.

 

Date: 2015-07-01; view: 1480; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию