Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нәресте басының пішіні ( конфигурациясы)





Нәресте басының пішінінің дәрежесін әрбір ішкі (қынаптық) акушерлік зерттеу кезінде бағалайды және жазады:

· бассүйектің сүйектері дәнекер тінмен ажыраған, жіктері жеңіл пальпацияланады, нәресте басының пішіні жоқ – 0;

· нәрестенің бассүйегінің сүйектері жақындайды, жіктері анықталмайды

(1- дәрежелі пішін) - +;

· сүйектер бір-біріне кіреді (II-дәрежелі пішін)- ++;

· сүйектер бірталай бір біріне кіреді (III- дәрежелі пішін) - +++,

бұл клиникалық тар жамбастың белгісі.

5. Жатыр мойнының ашылуы. Бұл босану ағымының ең маңызды көрсеткіші. Ашылу графикте «X» белгісімен көрсетіледі.

Босану бөлімшесіне түскен кезде:

· босанудың латентті фазасында – жатыр мойнының ашылуы нөль сызығында

белгіленеді;

· босанудың белсенді фазасында- жатыр мойнының ашылуы қырағылық

(назар аудару) сызығына түсіреді;

· қашан босану латентті фазадан белсенді фазаға көшкенде,партограммадагы жатыр мойнының ашылу бейнесін тезірек жүктілік сызығының латентті фазасы аймағынан белсенді аймағына көшіру керек.

Егерде босанудың барысы қанағаттанарлық болса, партограммадағы жатыр мойнының ашылу үрдісінің бейнесі қырағылық сызығында немесе оның сол жағында болады.

Іс-әрекет сызығы қырағылық сызығынан 4 сағат арақашықтықта болады. Егерде босану осы сызыққа жетсе, Сіз босанудың баяу күшеюінің себептерін анықтауыңыз керек және шара қолдануыңыз қажет (амниотомия, босануды ынталандыру, кесар тілігі).

Қынаптық тексеру әр 4 сағат сайын жүргізіледі немесе жиі клиникалық көрсетулердің болуы кезінде.

6. Нәресте басының түсуі. Партограммада 5 саусақтардың ендерін пайдалана отырып, Мысалы, нәресте басы акушердің 5 саусақтарының ендері сияқты симфиз анықталады– 5/5. Бас жамбас қуысына түсуіне байланысты, ол саусақтардың аз санымен симфиз үстінен анықталады:4/5-акушердің 4 саусақтарының ені, 3/5-акушердің 3 саусақтарының ені, 2/5 акушердің 2 саусағының ені, 1/5-1 саусақ ені, 0,5-бас симфиз үстінен анықталмайды, құрсақ пальпациясы арқылы анықталған, нәресте басының түсуін белгілейді. Нәресте басының түсуінің бағаларының нәтижесі партограммада «0» бағамен белгіленеді.

7. Уақыт. Түсу уақытын нөль деп белгілейді. Күннің шындық уақытын уақыт сызығының астында көрсетеді.

8. Толғақтар. Жиырылудың ұзақтығын бекітудің үш амалы бар: 20 секундқа дейін, 20-40 секундқа дейін, 40 секундтан жоғары. Латентті фаза кезінде 10 мин ішінде бір немесе одан көп жиырылу болуы керек және әр жиырылу 20 секундқа немесе одан да көп ұзаруы керек.

Белсенді фаза кезінде10 минут ішінде 2 немесе одан да көп жиырылу болу керек

және әр жиырылу 20секундқа немесе одан да көп ұзаруы керек.

Окситоцин, дәрі-дәрмек препараттары.Босану әрекетін ынталандыру жағдайында толтырылады. Тисті графаға белгілейді, жоғарғы торға дозасын «Бірлігін», ал төменгі торға тамшылап енгізудің жылдамдығы.

10. Босанған әйелдің артериялық қысымы, пульсі, дене қызуы және зәр мөлшері:

· артериялық қысым және пульс -әр сағат сайын жазып отыру керек (артериялық гипертензия, гипотония, гипертермия кезінде). Физиологиялық босану кезінде асқынулар болмаса 4 сағаттан кейін белгілеуге болады;

· дене қызуы -әр 3-4 сағат сайын жазып отыру қажет (гипертермия кезінде әр бір сағат сайын);

· зәр – әр зәршығарудан кейін көлемін. Протеинға және ацетонға тест жасауға көрсетулері бойынша.

3. Партограмманы босану кезінде толтыру керек, оның аяқталуын күтпей.

4. Партограмма босанатын бөлмеде болу қажет.

5. Егерде асқынулар пайда болған кезде, тездетіп босандырып алу үшін, партограмманы жүргізуді тоқтату қажет.

6. Келесі жазбаны босану тарихына жүргізіңіз.

Ескерту. Партограмманы пайдалану- акушерлік көмекті барлық деңгейде беру

міндетті және бір уақытта босану тарихына жазуды болдырмайды.

Date: 2015-07-01; view: 4217; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию