Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аялдама № 1. Тапсырма № 1





Сіздің алдыңызда жедел аппендицитпен науқас. Анамнезін жинап жалпы қарау керек. Алғашқы диагноз қойыңыз.

 

Уақыты 6-минут.

 

Бағалау парағы.ОҚКЕ.

Интерн №_________ Аялдама 1 Тапсырма 1

 

Емтихан қабылдаушы _________________

 

Тапсырма ретінің критерилері 0 – 0,8
  Амандасу. Паспорттық бөлім  
  Шағымдарды анықтау, детализация  
  Өмір анамнезі. Ауру анамнезі.  
  Жалпы қарау.  
  Арнайы белгілерді анықтау. Бартомье-Михельсон белгісі. Волкович-Кохер белгісі. Воскресенский белгісі. Габай белгісі. Образцов белгісі. Раздольский белгісі. Ровзинг белгісі. Ситковский белгісі. Диагнозды нақтылау.  
  Қорытынды  

 

Әріптер жүесіенде бағалау Бағаның цифрлік эквиваленті % құрамы Традициялық жүйінде бағалау
А   95-100 «үздік»
А - 3,67 90-94
В + 3,33 85-89 «жақсы»
В 3,0 80-84
В - 2,67 75-79
С + 2,33 70-74     «қанағаттанарлық»  
С 2,0 65-69
С - 1,67 60-64
Д + 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F   49 - «қанағаттанарлық емес»

 

Баға___________ Емтихан қабылдаушының қолы__________________

Бағалау критерилерінің эталондары.

Аялдама № 1. Тапсырма № 1. Емтихан қабылдаушыға мәлімет:

Жедел аппендицитпен ауруы бар науқастардан анамнез жинағанда, жалпы қарағанда интерндердің орындау ретін және практикалық дағдылық мүмкіндігін бағалаңыз.

Дағдыларды бағалау критериілері 0 – 0,8
  Емтихан тапсырушы науқасты кушеткаға жатуға шақырады, өзін таныстырады және өзара амандасқаннан кейін сұрастыруға көшеді. Жасын, мекен-жайын, мамандығын, жұмыс орын анықтайды  
  Шағымдарды анықтайды, шағымдардың пайда болу себебін, қай жағдайда күшейіп әлсірейтінін дәлелдеу үшін қосымша сұрақтардың көмегімен анамнезді толықтырады.  
  Өмір анамнезін хронологиялық ретпен, балалық шақтан бастап басынан өткерген ауруларды, операцияларды нақтылайды. Егер науқас қандай да бір созылмалы аурумен ауырса, ауру ұзақтығын, өткен тексерулерін, және соңғы болған өршуін анықтауды. Оның вирустық гепатитпен туберкулезбен, жүрек – қантамыр жүйесінің ауруларымен ауырған – ауырмағандығын, эпидемиялогиялық ортасын нақты анықтайды. Ауру анамнезі. Аурудың басталуы және динамикасы.  
  Анамнез жинағаннан кейін жалпы қарау. Тері жамылғасының, көзге көріністің кілігей қабықтың түсін анықтайды. Шеткі лимфа түйіндерін зерттейді. АҚҚ-ын өлшейді, пульсті санайды. Іштің беткей және терең пальпациясын жасайды. Оң жақ мықын аймағында бұлшық ет дефансы бар – жоғын анықтайды. Жедел хирургиялық ауруларға тән белгілерді анықтайды  
  Жедел аппендициттің белгілері: 1.Бартомье-Михельсон белгісі. Науқас сол жақ қапталымен жатқан қалпында оң жақ мықын аймағына пальпация жасау кезінде аурудың күшеюі. 2.Волкович-Кохер белгісі. Ауырғандық алғашқы уақытта төс асты аймағында, кейде семсер тәрізді өсіндінің астында пайда болып, 1-3 сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ауысады. 3.Воскресенский белгісі. Дәрігер жатқан науқастың, сол қолымен көйлегінің төменгі жиегінен тартады. Оң қолдың II, III, IV саусақтарының ұшын төс асты аймағында орналастырады. Науқас дем алған кезде (іш қабырғасы босаңсығанда) саусақтарының ұшымен іш қабырғасына орташа қысыммен соқыр ішек аймағына қарай төменге бағытталған, өте тез жылжымалы қимыл жасайды. Осы жылжымалы қозғалыс кезінде науқас оң жақ мықын аймағында ауырсынудың күшейгенін байқайды. 4.Габай белгісі. Ретроцекальды орналасқан құрт тәрізді өсіндінің жедел қабынуында (жедел аппендицит) бұл белгі оң нәтижелі болады. Оң жақ Пти үшбрышы аймағын саусақтармен басып, содан соң оларды бірден тартып алады (Щеткин-Блюмберг белгісін анықтағандай). Сол кезде ауру сезімі пайда болады. 5.Образцов белгісі. Оң жақ мықын аймағын пальпация жасау кезінде, науқас оң аяғын жамбас-сан буынынан бүгіп, тізе буынынан бүкпей, тіке көтереді, осы уақытта оң жақ мықын аймағында ауырғандық күшейеді. 6.Раздольский белгісі. Балғашамен немесе саусақпен іш қабырғасына перкуссия жасаған кезде жедел аппендицит кезінде оң жақ мықын аймағында ауырғандық анықталады. 7.Ровзинг белгісі. Дәрігер сол қолымен тоқ ішектің құлдырау бөлігіне сәйкес іш қабырғасының сол жақ мықын аймағын басады, басып тұрған қолды алмай, оң қолымен алдыңғы іш қабырғасы арқылы тоқ ішектің жоғары орналасқан бөлігіне соққы береді. Ровзингінің ойы бойынша, тоқ ішек ішіндегі газдар соққы кезінде жоғарғы бөліктеріне ауысады да, соқыр ішек қабырғасына дейін жетеді. Егер жедел аппендицит болса ауырсыну оң жақ мықын аймағында пайда болады. 8. Ситковский белгісі. Науқас сол жақ қапталымен жатқан кезде оң жақ мықын аймағында ауырсынудың пайда болуы немесе күшеюі.  
  Қорытынды  

Жоғарғы балл – 4

Тапсырма орындау уақыты – 6 минут

Баға___________ Емтихан қабылдаушының қолы__________________

Тнтернге арналған емтихан тапсырмалары.

Date: 2015-06-11; view: 510; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию