Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






А) жағымсыз иісті көлемді қақырықты жөтел 8 page





А) лимфогрануламотоз, пункциялық биопсия

В)жақасты лимфааденит,антибактериалды ем

+С)мойын лимфа түйіндерінің туберкулезі,Манту сынамасы

D)қатерлі ісік метастаздарының жақасты аймаққа таралуы,гистологиялық зерттеу

Е)жақасты сілекей бездерінің қабынуы, бет-жақ хирургия бөлімшесінде емдеу..

Сепсистің негізгі симптомокомплексі болып табылады:

А) эйфория, аппатия, бетінің ысуы, бозаруы

В) беті гиперемияланған

С) қатты қалтырау, ауыз шырыш қабатынын қан ағуының жоғарлауы, еріндері көгерген, көз коньюнктивасына қанталау

+D) тынысы қиындаған, септицемия, септикопиемия, полиағзалық жетіспеушілік

Е) гипертермия

Жергілікті температураның жоғарылауы келесі процестерге тән емес:

А) Шынтақ буынының іріңді бурситы

В) Білектің үлкен саусағының панарициі

С) Сан флегмонасы

D) Иық абсцессы

+Е) Арнайы гонит

Жара ошағынан көк іріңді таяқша қоздырғышы табылғанда, ең эффективті ем әдісі қандай?

А)3-дәуір антибиотиктері

В)тұз қышқылы

С) ферменттер

D) биогенді стимуляторлар

+Е)бор қышқылы

Радикалды секвестрэктомиядан кейін сүйек тінінің санациясындагематогенді остеомиелиті бар науқаста қандай емдеу әдісі эффективті:

А)антиссептигі бар коллагенді губка пластикасы

В)ұзақ ағынды шаю

С)тампондау

D)гипспен пломдировка

+Е)миопластинка

36 жастағы науқас адамда жалпы суықтанудан кейін мойынның артқы бетінде көлемі4,0х5,0 см ауырсынатын тығыздалу анықталды.Инфильтрат ортасында терінің бірнеше некроз ошақтары,айналасындағы тері гиперемияланған, керілген.Дене температурасы38,2С.Болжам оперативті ем әдісі:

А)антибиотиктарды тағайындай және физиотерапиялық ем

В)кресттәрізді тілу,некроз тіндерді сылу,антибиотикотерапия

С)іріңдік пункциясы

D)іріңдікті ашу

+Е)ломпасты тілулер

Қолдың жұмсақ тіндерінің абсцессінің емі:

А) Іріңдік түзілгенге дейін, жергілікті және антибактериалды ем

В) Ультрафиолеттік сәулелендіру

С) Ірің аз жиналган болса, пункция жасау, антебиотиктер енгізу

+D) Абсцесс түзілсе, тілу, санация, куысты дренаждау

Е) Иммобилизация

ЖМКА-ға 36 жасар науқас, іш қуысына жабық жарақат алғаннан кейін 5-тәулікте түсті. Жайылған іріңді – нәжісті перитонит, септикалық жағдай, гемодинамика тұрақсыз, лейкоцитоз 17500, гиповолемиялық шок, шок индексі – 1,0. Дайындықтан кейін операция жасалды, мықын ішек жарылуы, адекватты санация, жүйелік детоксикация және полиоргандық жетіспеушілік алдын алу үшін илеостомия жасалды. Экстракорпоралды детоксикацияның қандай әдістері сапалырақ және қайсысын сіз қолданасыз?

А) форсирленген диурез, ішек декомпрессиясы

В) перитонеальды диализ (лаваж)

С) кең спектрлі антибиотиктерді эндолимфатикалық енгізу. IV –поколения

D) плазмафорез

+Е) гемосорция (қандағы токсиндерді шығарады)

Жойылған ірінді-фиброзды перитонит кезінде құрсақ қуысында идентифицирленетін микробтың флора мінездемесі:

А) бактерияның монокультуранарының көп болуы

В) грамм-теріс микрофлора доминирленуі

С) преобладание монокультур бактерий,

D) грамм-оң микробты флораның доминирленуі

+Е) Васtoroides – тобының клостридиальды емес микробты флораның доминирленуі

Іріңді-септикалық қабыну асқынуларында антибактериялық терапияның міндетті компоненті ретінде метронидазол өнімдерін қолдану себептерін көрсетіңіз:

А) аэробты инфекцияны жою

В) жергілікті кандидоз алдын алу

С) саңырауқұлақты флораны жою

+D) анаэробты микрофлораны жою

Е) глисттік инвазияны алдын алу

Организмнің реактивтерін көтеру мақсатымен бейспецификалық иммунотерапия жүргізіледі:

А) тималинмен

В) гамма – глобулинмен, антистафилакоколық сарысумен

С) левомизолмен, спленинмен

+ Д) продигиозанмен

Е) пентоксилмен

Хирургиялық инфекцимен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі принциптері:

А) емдік шаралардың этиотропты бағыты

В) антибактериалық дезинтоксикациялық иммунотерапияның консервативті әдістерін қолдану

С) емдеудің оперативті әдістерін қолдану

+D) емдеу программасының патогенетикалық бағыты

Е) организмнің жеке ерекшеліктерін, қабыну процесстерінің орналасуымен даму дәрежесіне байланысты емдік шаралар жүргізу

Газды гангренамен ауырған науқастарды рентгенографиялық зерттеу көрсетеді:

А) жұмсақ тіндерде және сан бұлшықеттерінде газдарды анықтау

В) сан бұлшықеттерде пайда болған некроздардың орнымен

тереңдігі

С) аяқ-қолда газды гангренаның жайылуын анықтау

D) науқастың жағдайын динамикада бағалау

+Е) газды-клостридиальды инфекцияны уақытында диагностикалау

Газды гангрена кезіндегі неғұрлым қолайлы операция?

А) жұмсақ тіндердің кіші, терең емес кесінділері жасалады

+В) кең лампасты терең көпшілік кесінділер жасалады

С) ауаның тіндерден шығуын қамтамассыз ету үшін жұмсақ тіндердің пункциясын жасайды

D) өлі тіндердің некрэктомиясын жүргізгеннен кейін, майлы таңғыш

салынады

Е) кесінділік үрдіс ашық түрде тіндердің аэрация мақсатында

жүргізіледі

Уақытша жұмысқа жарамсыздықты дәлелдейтің құжат болып табылатын:

+А) еңбекке жарамсыздық парағы

В) 084у анықтамасы

С) 085у анықтамасы

D) еркін түрдегі анықтама

Е) 011у анықтамасы

Операциядан кейінгі леталділік-бұл:

А)Операциядан кейін қайтыс болған науқастардың госпиталды науқастарға қатынасы

В)Қайтыс болған науқастардың жазылып шыққан науқастарға қатынасы

С) Операциядан кейін қайтыс болған науқастардың барлық операция жасалынған науқастарға қатынасы

D) Операциядан кейін қайтыс болған науқастардың стационарда қайтыс болған науқастарға қатынасы

+Е) Операциядан кейін қайтыс болған науқастардың шұғыл операция кезіндегі науқастарға қатынасы

Медико-әлеуметтік экспертті комиссияға науқасты жолдайды:

А) Емдейтін дәрігер

В) Поликлиниканың хирургиялық бөлімінің басқарушысы

+С) Дәрігерлер консилиумы

D) Дәрігерлік-консультациялы комиссиясы

Е) Мекеменің бас дәрігері

Поликлиникалық мекемедегі 1 сағат аралығындағы хирург үшін науқастарды қабылдаудың қалыпты саны:

+А) 9науқас

В) 7 науқас

С) 12 науқас

D) 5 науқас

Е) 10 науқас

Науқас Ф. 45 жаста 12 елі ішектің ойық жарасымен, қанкетумен асқынған (айына 1-2 рет) және постгеморрагиялық анемияның 2 дәрежесімен ауырады.

Дәрігердің тәсілін көрсет:

A) гастроэнтерологиялық бөлімшеге жатқызу

B) гематологиялық бөлімшеге жатқызу

C) күндізгі ауруханаға жатқызу

+D) хирургиялық бөлімшеге жатқызу

E) амбулаторлық ем

Науқас А., 53 жас, жихаз фабрикасының столяры. Асқазанның кіші иірімінің ойық жарасына операция жасалған,Демпинг синдромының 2 ауырлық дәрежесімен асқынған. Науқастың еңбекке жарамсыздығын бағаланыз:

A) уақытша еңбекке жарамсыздық

B) 1 топтағы мүгедектік

+C) II топтағы мүгедектік

D) III топтағы мүгедектік

E) жұмысқа жарамды

32 жасар науқас 5 ай бұрын оң балтыр сүйектері диафизінің ортаңғы үштен бірінің орнынан тайған сынығын алған. Ауруханада консервативті ем жүргізілген. Сынық бітіскен, алайда кейіннен сынық үстіндегі жара қабынып, сол жерде іріңді жылынкөз пайда болған. Ретгенографияда балтыр сүйектері сынықтары бітіскен, ол аймақта ішінде бөлек жатқан сүйек бар қуыс анықталады.

Бұндай өзгерістер операциялардың келесі түріне көрсеткіш:

+А) Секвестрнекрэктомия

B) Остеотомия

C) Остеосинтез

D) Резекция

E) Трепанация

52 жасар ер кісіні құлап түскен қабырға астынан 5 сағаттан соң босатып алғаннан кейін ұзақ жаншылу синдромы дамыды.

Қай органда ең ауыр өзгерістер дамиды:

А) Жүректе

B) Өкпеде

C) Бауырда

D) Мида

+E) Бүйректе

6 ай бұрын жас жігіт күрестен жарыс кезінде тізе буынын күрт кері қайырып алған. Дәрігерге көрінбеген, өзі эластикалық бинтпен тізесін байлап жүре берген. Қазір тізе буыны орнықсыз, «алға жылжымалы жәшік» симптомы оң.

Бұндай өзгерістер келесі операцияларға көрсеткіш:

А) Байламға тігіс салу

B) Артротомия

C) Артроскопия

D) Артродез

+E) Байлам пластикася

Жас жігіт шынтақ буыны толық жазылған қалпында сол алақанын тіреп, құлап түскен. Сол шынтақ буынында қатты ауырсыну пайда болған. Тексеріп қарағанда: сол шынтақ буыны ісік, деформацияланған, шынтақ ұясы жойылған. Сипап көргенде шынтақ өсіндісінің арт жағында шығыңқы тұрғаны білінеді. Иық осі алға жылжыған. Шынтақ буынында активті қимыл мүмкін емес. Буынды пассивті қимылдатқанда «серіппелі қарсылыс» симптомы анықталады.

Ең ықтимал диагнозыңыз?

А) Білектің алға шығуы

+B) Білектің артқа шығуы

C) Білек сүйектері ажырап шығуы

D) Білектің ішке шығуы

E) Білектің сыртқа шығуы

40 жасар науқас ауруханаға II-III дәрежелі көлемі 32% шамасындағы күйікпен келіп түскен. 4-ші тәулікте жағдайы дұрыс болып тұрған кезде кенеттен дене қызуы 38,6 градусқа көтеріліп, әлсіздік, тоңу пайдо болған.

Ең ықтимал диагнозыңыз?

А) Күйктік шок

+B) Күйік ауруы

C) Сепсис

D) Іріңді резорбтивті қызба

E) Пневмония

48 жасар науқас «ми шайқалуы, гипертензиялық синдром» диагнозымен ауруханаға түскен.

Диагноздың клиникалық дұрыстығын қандай тексеру әдісі дәлелдейді:

+А) Люмбальды пункция

B) Магнитті резонансты томография

C) Электроэнцефалография

D) Рентгенография

E) Орталық венаның қысымын өлшеу

Жәбірленушіні автомобиль қағып кеткен, аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Науқас адинамия және апатия қалпында. Терісі жер түсті сұрғылт, сілекей қабаты бозғылт, құлақ және аяқ, қол ұштары цианозды. Пульсі жіп тәрізді, минутына 140 рет, қан қысымы 70/40 мм сын.бағ. Тынысы беткейлік, минутына 30 рет.

Емнің қандай түрін бірінші бастаған дұрыс:

А) Седативті терапия

+B) Инфузионды терапия

C) Ауырғанды басушы терапия

D) Ингаляциялық терапия

E) Дезинтоксикациялық терапия

Жол апаты болған жерден аурухананының қабылдау бөліміне науқас жеткізілген, ол қозған, есі қалпында. Сұрақтарға ынтамен жауап береді. Пульсі жұмсақ, минутына 80 рет, қан қысымы 105/70 мм сын.бағ. Тексергенде сан сүйегі және балтыр сүйектері сынықтары, оған қосымша жамбастың оң бөлігінің ісігі және ауыратыны анықталған. Науқас ешқандай тасымалдау иммобилизациясыз каталкада рентгенкабинетке жеткізілген, онда оған жамбас, сан және балтыр сүйектерінің рентгенограммасы жасалынған. Рентген пленкаларын шығарып жатқан кезде, рентгенстолында жатқан науқас сөйлемей қалған, есін жоғалтқан, тыныс алуы және жүрек қызметі тоқтаған.

Науқас қайтыс болуының ең мүмкін себебі:

А) Тромбоэмболия

B) Шок

+C) Май эмболиясы

D) Қан кету

E) Тамыр ішілік шашыранды қан ұю

Қыз баласы әткеншекте тербелу кезінде оң жамбасын соғып алған. Аурахананың травматология бөліміне жеткізілген. Тексеріп көргенде оң жамбасында қанталау және ісік анықталады. Мықын сүйегі қанатын басып көргенде қатты ауру сезімі және сүйек сықыры бар. Оң аяғын бүккенде және алшақтатқанда осы ауыру күшейе түседі.

Емнің жалпы жоспарына жансыздардырудың қандай түрін ендіру ең тиімді:

А) Жергілікті

B) Жалпы

+C) Школьников – Селиванов бойынша жамбас ішілік

D) Сегізкөзалды

E) Эпидуральды

34 жасар науқас сол балтыр сүйектерінің ортаңғы бөлігінің орнынан сәл жылжыған жабық сынығын алған. Консервативті жолмен емделіп, оған 3-4 айға санның ортасына дейін гипс етігі салынған. Алайда, науқас 1,5 айдан соң өзі гипс орамын шешіп тастап, аяғын басып жүріп кеткен. Біршама уақыттан соң сынық аумағында қимыл және деформация пайда болып, басқанда ауыратын болған. Бақылау рентгенографиясында сынық тұсында сүйек сүйелі жоқ, сынық ұштары склерозданған және сүйек-ми каналы жабық.

Ең ықтимал диагнозыңыз?

А) Бітісуші сынық

+B) Жалған буын

C) Бітіспеген сынық

D) Бітіскен сынық

E) Баяу бітіуші сынық

40 жастағы ер кісі оң сан сүйегінің ортаңғы үштен бірінің орнынан жылжыған ашық сынығын алған. Ауруханада жарасы жазылған соң штифпен интрамедуллялры остеосинтез жасалған. Операциядан кейінгі жара асқынусыз жазылған, коксит гипс орамы салынып, науқас амбулаторлы емге үйге шығарылған. 2 айдан соң науқас ауруханаға қайта жатқызылды. Шағымы оң санының қатты ауыратыны және ісігі, санның орта шенінде қою ірің шығып жатқан жара пайда болғаны. Тексеріп көргенде оң саны толайым қатты ісінген, оның орта шеніндегі операциядан кейінгі тыртық ортасында жыланкөз жара бар, онан қою ірің шығып жатыр, жыланкөз түбі сүйекке тіреледі.

Ең ықтимал диагнозыңыз?

А) Сан флегмонасы

+B) Жарақаттан кейінгі остеомиелит

C) Сан абсцессі

D) Лигатуралы жыланкөз

E) Ірің жиналушы жара

52 жасар науқас жол апаты орнынан ауруханаға сол шат аумағы қатты ауыратыны және аяғына тұра алмайтыны шағымымен жеткізілген. Тексеріп көргенде сол аяғы қысқарған және сыртқа ротацияланған, онда активті қимылдар мүмкін емес, пассивтісі – азайған және қатты ауыртады, «жабысқақ өкше» симптомы оң. Рентгенографияда – сол сан сүйегі медиальды мойнының варусты сынығы.

Науқасқа емнің қай түрі ең қажет:

+А) Остеосинтез

B) Қаңқадан тарту

C) Деротациялық етікше

D) Коксит гипс орамы

E) Артродез

40 жасар науқас 12-ші кеуде және 1-ші бел омыртқаларының 1-ші дәрежелі компрессиялы сынығын алған. 2 тәуліктен соң іші ауруы басталды, ішек перистальтикасы төмендеді, газ және үлкен дәрет шығуы қиындады.

Емнің қай түрі науқасқа ең алдымен жасалуы керек:

+А) Медикаментті терапия

B) Лапароскопия

C) Лапаротомия

D) Лапароцентез

E) Физиотерапия

Ер кісі машинадан жүк түсіру кезінде ағаш тақтайды басына түсіріп алған. Есін жоғалтпаған, дәрігерге көрінбеген. Жарақаттан 5 сағат өткен соң, яғни «жарық кезең» өткен соң науқастың жағдайы күрт төмендеген. Жүрек айну, құсу және үдей түсуші бас ауруы пайда болған. Тексеріп көргенде пациент қатты мазасызданған, бір орнында отыра алмайды, басының тесіп шығып бара жатқандай қатты ауырсынуынан ыңырсиды. Денесі қызу,тынысы үзіліп өтеді,пульсі сиреген, аяқ қолда сіреспе пайда бола бастаған.

Ең ықтимал диагнозыңыз?

А) Ми щайқалуы

B) Ми соғылуы

+C) Ми ішілік гематомамен мидың сығылуы

D) Бас ми сүйегі негізінен сынуы

E) Маңдай сүйегі сынуы

Ер кісі суға сүңгіген кезде жерге басымен ұрылған. Мойын омыртқалары тұсы ауырған. Тексергенде басы мәжбүрлі қалыпта, пальпацияда 5 және 6 мойын омыртқаларының істік өсіндісі үсті ауырады, осы аумақта сәл деформация білінеді. Науқастың басын қимылдатуы шектелген, ауыртады. Екі қолының да қимылдауы және сезімталдығы өз қалпында.

Емнің қай түрі науқасқа ең алдымен жасалуы керек:

А) Мойнын таңып қою

B) 1,5 – 2 ай төсек режимі

+C) Глиссон ілгегімен тарту

D) Бірмезеттік репозиция

E) Біртіндеп репозиция

32 жасар науқас жол апаты болған жерден ауруханаға жеткізілген. Шағымы оң иығы қатты ауыратыны және оның функциясы күрт нашарлағаны, басының қатты ауыратыны, бас айналуы, жүрек айныуы және құсуы, әлсіздік. Тексергенде иық сүйегі сынғаны және мидың соққысы анықталған.

Пациентке ем қай маманның компетенциясында болады:

А) Травматолог

+B) Нейрохирург

C) Реаниматолог

D) Хирург

E) Невропатолог

36 жасар науқасты автокөлік апатынан кейін ауруханаға жарақаттық шок, сол сан сүйегі диафизінің орнынан жылжыған сынығы және құрсақ қуысына жалғасушы қан кету диагнозымен жатқызған.

Қосымша тексеру әдістерінің қайсысын ең алдымен істеген дұрыс:

А) Рентгенография

+B) Лапароскопия

C) Ультрадыбысты зерттеу

D) Магнитті резонансты томография

E) Компьютерлік томография

64 жасар науқас оң жамбас сан буыны үнемі ауыратынына және онда қимыл көлемі шектелгеніне шағымданады. Анамнезінде 12 жыл бұрын оң санының жарақаттан шығуы болған. Тексергенде оң аяғы бүгілген және ішке әкелінген қалыпта, бұл қалыпты түзеп көру буында ауруды күрт күшейтеді. Пальпацияда оң шат тұсы ауырсынады. Оң жамбас сан буынында активті және пассивті қимыл көлемі көп азайған. Жамбас рентгенографиясында коксартроздың соңғы стадиясы анықталады.

Операциялардың қай түрі паценткаға ең тиімді:

А) Фосса

B) Мак-Маррея

C) Артроскопия

D) Артропластика

+E) Эндопротездеу

Хирургиялық практикада инфекцияның дамуын алдын алу үшін иммунотапшылықты жағдайдағы, муковисцидозды ауруларға, ішекке ота жасалар алдында перитониттің алдын алу үшін антибактериалды дәрілер қолданылады. Антибиотикопрофилактикада қолданылатын дәрі тобы:

А) рифампициндер

В) линкозамидтер

+С) цефалоспориндер

D) тетрациклиндер

Е) полиендер

Сатылы антибактериалды терапия жүргізудің мақсаттары көздемейтін:

А) сырқаттың өмір сүру сапасын арттыру

В) орта медициналық қызметкерлердің жұмыс ауыртпалығын жеңілдету

С) фармакоэкономикалық шығынды азайту

D) парентералды дәрі енгізуді азайту

+Е) сырқаттың төсек-күнін азайту

Антибактериалды емнің фармакоэкономикалық ұтымдылығына жету, орта медицина қызметкерлерінің жұмыс ауыртпалығын жеңілдету, парентералды процедуралар жиілігін азайту, сырқаттың өмір сапасын арттыру мақсатында сатылай емдеу тәртібі қолданылатын ауру түрі:

А) перитонит

+В) фурункулез

С) абдоминалды сепсис

D) газды гангрена

Е) аса айқын нейтропения

К сырқат, 64 жаста хирургия бөліміне жоспарлы емделуге жатты. Ішекке ота жасау үшін ішек флорасының деконтаминациясын жүргізуге канамицин қолданылды. 2-ші күні канамицин қолданғаннан кейін 30 минуттан соң сырқаттың тыныс алуы күрт тоқтап, жағдайы ауырлап, гипоксия және цианоз артты.Сырқаттың жағдайының ауырлау себебі:

А) жедел миокард инфаркты

В) өкпе инфаркты

С) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

+D) нейро- бұлшықеттік блокада

Е) жедел қан айналу шамасыздығы

64 жастағы науқас қант диабетімен ауырады.Науқастың оң қолының екінші саусағының күбіртке ауруын амбулаторияда емдеу нәтижесіз болғандықтан, хирургиялық бөліміне емделуге жатқызылды. Саусақтан шыққан іріңнің бактериологиялық себіндісінде көкірің таяқшасы анықталды. Көкірің таяқшасына әсер ететін антибиотиктер:

+А) карбенициллин, азлоциллин

В) ампициллин, оксациллин

С) эритромицин, флуклоксациллин

D) гентамицин, тетрациклин

Е) цефазолин, нистатин

А деген науқас, жасы 25-те, жедел аппендициттің флегмонозды түріне ота жасалып, қажетті антибактериалды дәрі тағайындалды. Науқастың дене қызуы отадан кейін 4-ші күннен бастап жоғарылап, ота жасалған тұс қызарып, ауырсыну, ісіну ұлғайды.Хирургиялық науқастың ағзасындағы антибиотиктердің әсеріне бөгет жасайтын субстанция:

А) қан

В) лимфа

С) плазма

D) ішек сөлі

+Е) ірің

1 айлық бала солғындық, әлсіздік, бозғылттық, үш күннен бері үлкен дәреті болмады. Анамнезінде өзіндік дәреті туылғаннан бері жоқ, тек клизма арқылы. Ата - анасы соңғы уақытта нәжіс пен газдың шығаруын қиындағанын жеткізді. Бала жағдайы нашарлаған, тамақтан бас тартады, іші ұлғайған.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

+A) Гиршпрунг ауруыны

B) пилоростеноз

C) мегаколон

D) долихосигма

E) копростаз

Нәрестелер патологиясы бөлімшесінде 26 күндік бала омфалит және пиодермиямен емделді. Түскенге дейін екі күн бұрын оң иық буынының ісінуіне, оң қолының активті қозғалыс жоқ болуына назар аударылды.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

+A) иық сүйегінің эпифизарлы остеомиелиті

B) иық буынының шығуы

C) иық сүйегінің сынуы

D) иық буынының соғылуы

E) иық буын аймағының флегмонасы

26 күндік нәресте омфалит және пиодермиямен емделді. Түскенге дейін екі күн бұрын оң иық буынының ісінуіне, оң қолының активті қозғалыс жоқ болуына назар аударылды. Оң жақ иық сүйегінің эпифизарлы остеомиелитіне күмәндану.

ЕҢ ықтимал іс-әрекет қандай?

+A) Дезо таңғышын қою

B) тасымалдау шинасын қою

C) тұйық гипсті таңғыш қою

D) қаңқалық тарту қою

E) Илизаров аппаратын қою

Бала қалыпты өткен жүктіліктен айы күні жетіп туылды. Салмағы 3600 г. Туылғаннан соң жақ асты аймағы және мойында ісік тәрізді өлшемі 6 х 5 см қозғалыссыз, ауырсынусыз қалып тәрізді түзіліс анықталды. Жалпы жағдай қанағаттанарлық. Ішкі органдарда патология жоқ.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

+A) жақ асты аймағының лимфангиомасы

B) жақ асты аймағының лимфадениті

C) туа пайда болған мойын кистасы

D) жақ асты аймағының флегмонасы

E) мойын эмфиземасы

Бала қалыпты өткен жүктіліктен айы күні жетіп туылды. Салмағы 3600 г. Туылғаннан соң жақ асты аймағы және мойында ісік тәрізді өлшемі 6 х 5 см қозғалыссыз, ауырсынусыз қалып тәрізді түзіліс анықталды. Жалпы жағдай қанағаттанарлық. Ішкі органдарда патология жоқ. Төменгі жақ асты лимфангиомасына күмәндану.

ЕҢ ықтимал емдеу әрекеті қандай?

+A) хирургиялық, склерозирлеуші терапия

B) консервативті + физио терапия

C) химиотерапия + сәулелі терапия

D) сәулелі + гормональды терапия

E) гормональды терапия

Бала қалыпты өткен жүктіліктен айы күні жетіп туылды. Салмағы 3600 г. Туылғаннан соң жақ асты аймағы және мойында ісік тәрізді өлшемі 6 х 5 см қозғалыссыз, ауырсынусыз қалып тәрізді түзіліс анықталды. Жалпы жағдай қанағаттанарлық. Ішкі органдарда патология жоқ. Төменгі жақ асты лимфангиомасына күмәндану.

Date: 2016-08-30; view: 730; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию