Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иммундық комплекстік аурулардың (ИКА) патогенезі мен клиникалық үлгілеріне сипаттама беріңіз.





Жоғары сезімталдық механизмдерінің III түрі - иммундық кешен аурулары (ИКА). Ол айналымдағы иммундық кешендердің көп түзілуімен түсіндіріледі, оның құрамына IgG(1,3) және IgM кіреді, әр қарай олар капиллярлар эндотелийіне, паренхиматозды мүшелердің мембраналарына, синовиалдық қабықтарда жиналып – иммундық кешен преципитаттарын құрайды. Әр карай комплемент жүйесінің классикалық жолымен белсенуі болады. Осыдан деструкциялық – қабыну үрдісі дамиды. Қабыну – экссудациялық түрде өтеді. Комплементтің белсенуінен түзілген С5а комплненті базофилдер, эозинофилдер және нейрофилдер хемотаксистік әсер етіп, қабыну ошағына шығуын қамтамасыз етеді. Иммундық кешендер Fc-рецепторлар арқылы макрофагтарды белсендіріледі, олар болса қабынуды дамытуда басты қызмет атқаратын цитокиндерді, негізінен IFN-a және ИЛ- 1 бөледі. Иммундық кешендер базофилдермен Fc- рецепторлар арқылы байланысып, олар экссудациялық қабынуды күшейтетін вазобелсенді аминдердің гистамин, серотонин бөлуін тудырады. Полиморфты-ядролық лейкоциттер экзоцитоз жолы арқылы иммундық кешендер жиналған жерде өзінің лизосомалық ферменттерін шығарады, осыдан тіндердің зақымдалуы жүреді.

И ммундық кешен ауруларының дамуына келесі жағдайлар ықпал етеді:

· Фагоцитарлық жүйенің үнемі немесе бір уақытта қарқынды жүктемеден соң көп көлемде иммундық кешендердің түзілуі.

· Майда дисперсиялық иммундық кешендердің көп мөлшерде түзілуі, олар комплемент жүйесін белсендіре алмағандықтан, фагоцитозға нашар ұшырасады. Майда дисперсиялық иммундық кешендер антиденелердің немесе антигендердің мөлшерде көп болған жағдайда түзіледі.

· Қан ағысының баяулауы және микроайналымның бұзылуы.

· Фагоцитарлық жүйенің жеткіліксіздіктері

Иммундық кешен ауруларының клиникалық мысалдары:

· аутоиммундық аурулар кезіндегі васкулиттер,

· гломерулонефриттер,

· артриттер,

· жүйелі қызыл жегі кезіндегі васкулиттер мен люпус-нефриттер.

· Жұқпалы аурулар кезіндегі васкулиттер,

· жедел және созылмалы сарысу аурулары.

Date: 2016-08-29; view: 715; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию