Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жасушалық иммунитетте қатысатын жасушаларды сипаттаңыз.





Жасушалық иммунитет жүйесіне (Т-жүйесіне) ізашар Т-лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т-тәуелді ай-лимфоциттердің әртүрлі функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, мақтар), Тсупрессорлар), сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді.

Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады.

Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісінде белсене қатысады, осы үрдістің арқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады.

Т-лимфоциттердің негізгі белгілерін мен В-лимфоциттерден айырмашылығын сипаттап беріңіз.

Т-лимфоциттер. Бұл жасушалардың осылай аталуы олардың соңғы дамуы мен клон қалыптасуының негiзгi кезеңдерi тимуста өтедi. Иммундық жүйенің ең көп жасушалар популяциясы, қандағы және лимфатүйiндерiндегi барлық лимфоциттердiң 80% құрап, ағзаның барлықтіндерінде кездеседі. Бұл жасуша түрi - жасушалық жауаптың негізгіқатысушысы. Бөтентектi жасушаны тану Т-лимфоциттер бетінде орналасқан Т-жасушалық рецепторлар (ТЖР) арқылы жүзеге асады. Т-лимфоциттербос антигенді емес, ағзаның жасушалар бетiнде орналасқан арнайымолекулалар – негiзгi гистосәйкестік комплекс молекулаларымен (МНС -

ағыл. Major Histocompatibility Complex) байланысқан «өзгерген өзінікін» - антигеннiң фрагментін таниды. МНС молекуласы «өзінің» эталоны болып саналады, ал эталоннан ауытқығанның бәрiн Т-лимфоцит рецепторлары таниды. Тану нәтижесiнде Т-жасушалар белсенденiп эффекторлы (киллер) және реттеуші (екі түрі хелпер-Тх1, Тх2 және супрессор) жасушаларға дифференцияланады.

В-лимфоциттер – лимфоциттер популяциясының екiншi негізгі бөлігін құрайды. Бұл жасушалардың негізгі эффекторлық қызметі – гуморалдық иммундық жауапты қалыптастыру, яғни ағзаға енген антигендердi байланыстырып, бейтараптайтын антиденелердi түзедi. В-лимфоциттердің пісіп-жетілуі сүйек кемігінде өтеді, оның бетiнде антигендерге арналған иммуноглобулиндiк рецепторлар түзiледі. В- лимфоциттің антигенді танушы рецепторлары В-жасушалық рецептор (BЖР) деп белгіленеді. Оның негізі ретінде, В-лимфоциттердiң плазмалық мембранасында орналасқан иммуноглобулин молекулалары болып табылады (беткей иммуноглобулиндердi slg – surfase Ig деп белгілейді). Бір В-лимфоцит бетінде 200-500 мың бiрдей арнайылықтағы рецептор молекулалары бар. Т-лимфоциттерден айырмашылығы, В-лимфоциттер бос антигенді тiкелей таниды. В-лимфоциттердiң антигенмен байланысу нәтижесінде антигенге тәуелді дифференциялануы екі бағытта жүреді: антидене түзетiн плазмалық жасушалар мен зерде В-жасушалардың түзілуі.

Date: 2016-08-29; view: 628; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию