Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ





Алматы сейсмикалық белсенді аймақ болып есептеледі. Сонда да болса, жылдан- жылға қаламыздағы ғимараттар барған сайын биігірек бола түсуде. Біздің «биік ғимараттарымыз» жер сілкіністеріне төтеп бере ала ма? Олар қаншалықты сенімді? Сейсмикалық төзімді құрылыс жөніндегі нормалар, сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан кез келген елде сияқты, болып өткен жер сілкіністерінің салдары мен ғылыми зерттеулердің жетіс- тіктері бойынша тəжірибені есепке алып, үнемі жетілдіріліп отырады. Мысалы,6 адамнан тұратынинститутымыздың мамандары Одақтың Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің тапсырмасы бойынша 1998 жылдың 7 желтоқсанында Арменияда болып өткен Спитак алапат жер сілкінісі кезінде жер сілкінісінен кейінгі алғашқы күндерден бастап қазіргі Гюмри, ол кездегі Ленинакан қаласында зардап шеккен ғимараттар мен құрылыстарды тексеру жұмыстарымен айналысты. Конструкциялық шешімдері мен топырақ жағдайларына, жобалау жəне құрылыс салу сапасына қарай ғимараттар мен құрылыстардың жер сілкінісіне қалай төтеп беретіндігін бағалап, осы туралы құнды материалдар алды. Соңғы 2006 жылғы нормалар, осы кезеңге дейін қолданылып келген нормалармен салыстырғанда, сейсмикалық төзімділікке қойылатын талаптары бойынша қатаңырақ болып табылады. Сол кезеңдегі ғимараттар есептеліп, жобаланған кезде, олар сол жылдардағы нормалардың талаптарына сəйкес болған, бірақ ғимараттардағы қабаттар саны шектеулі болған. Əрине, бұл құрылыстарды жаңа нормалар бойынша қайта есептеу кезінде сейсмикалық төзімділіктің кейбір кемшін тұстары болады, бірақ бұл ғимараттар толығымен бұзылады деген сөз емес. Олар конструкциялық шешімдеріне, техникалық жай-күйіне, топырақ жағдайларына, сейсмикалық ықпалдардың сипатына жəне олардың қарқындылығына қарай түрлі дəрежедегі жергілікті зақымдалуларды алулары немесе алмаулары мүмкін, яғни ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының сейсмикалық төзімділігі көптеген факторларға байланысты болады. Биік ғимараттар, егер есептеу мен құрастыру сауатты орындалып, құрылыс жұмыстары тиісті бақылаумен сапалы жасалса, есепті сейсмикалық ықпалдарға төтеп берулері тиіс. Қағида бойынша, қандай да бір жобаны жаппай қолданып бастамас бұрын, конструкциялардың, түйіндер мен фрагменттердің жұмыстарын эксперименталдық тексеруден өткізіп, содан соң ғана жаппай құрылыста қолдану қажет екендігін атап өткен жөн, дамыған елдерде осылай жасалады жəне Кеңес одағында да осылай жасалған.


 

\Сейсмикалық оқшауланған ғимараттар мен құрылыстарды есептеу мен жобалаудың әлемдік тәжірибесі, үлгілердің көпшілігі айтарлықтай бейсызықты тұрақсыз жүйелер болып табылатындықтан, ғимараттың есепті үлгісін, сондай-ақ нақты аумақтағы жер сілкіністерінің нәтижелі ұзақтығын, жиіліктік құрамын және қайталану сипаттамаларын есепке алу тұрғысынан сейсмикалық ықпал үлгілерін де ғылыми негізделген таңдаудың өте маңызды екендігін көрсетті. Есептік талдау бұл ретте қалыптан тыс және айтарлықтай күрделі болады. Сондықтан жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары, нормативтік құжаттардың әзірлеушілері сейсмикалық оқшауланған ғимараттардың жобаларын ғылыми сүйемелдеуді, сондай-ақ мүмкіндігінше әсіресе сейсмикалық оқшаулау элементтерінің монтажы үдерісін авторлық қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ шын мәнінде түрлі сейсмикалық оқшаулау жүйелерінің саны тым көп екендігін атай кетелік. Бұл диссипативтік сипаттамалары жоғары жүйелер, әр түрлі тербелістерді динамикалық сөндіргіштер, сейсмикалық оқшаулайтын сырғымалы тіректері бар жүйелер (Бішкек қаласында тұтас бір ықшамаудан осы жүйелермен салынған), құрғақ үйкелісті энергия сіңіргіштері бар әр түрлі жүйелер, металл қысу тіректері негізіндегі сейсмикалық оқшаулау жүйелері, «төменгі бөлігі икемді» сейсмикалық оқшаулау жүйелері және т.б. шолуда ең алдымен Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын жүйелер немесе қолданылуы Алматы қаласындағы сейсмикалық төзімді құрылыс проблемаларын шешу үшін перспективалы болып табылатын жүйелер (РМТ)қарастырылды.

Орытынды

Мен осы практикадан өзіме қажетті көптеген мәліметтер алдым. Auto Cad, 3D MAX, Лира, смета бағдарламаларымен жұмыс жасадық. Құрылыстық жұмыс проектілерінің сызбалары мен сметаларын компьютердің көмегімен сызып үйрендім. Бұл құжаттар мемлекеттік акті бойынша бекітіліп, ГОСТ стандартқа сәйкес талап негізінде орындалады. Бетонның беріктігін "Молоток Кашкарова" "ИПС" "Ferroscan" құрылғылары арқылы анықтадық. Кәсіпорын инженерлерімен бірге тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңына бардық. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан бұл ғимараттың жалпы құрылысымен, жертөленің жаңарту жұмыстарымен танысып, осы ғимараттың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандармен бірге жоспар жасауға өз үлесімді қостым. Салынып жатқан ғимаратқа жұмсалатын құрылыс бұйымының түрлерімен танысып, сапалық деңгейін көрдім. Практикадан өзіме және болашақ мамандығыма қажетті көптеген мәліметтер алдым, мол тәжірибе жинадым.

Date: 2016-08-29; view: 453; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию