Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстанда социология ғылымының қалыптасуы





(ретроспективті шолу)

Отандық социологияның қалыптасуы едәуір дәрежеде бұл ғылымның кеңестік қоғам дәуірінде дамуымен байланысты. Социология ғылымының осы кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атап өтейік.

ХХ ғасырдың басында Ресейдегі социологияның дамуы өрлеу үстінде болды. 1917 жылғы революцияға дейін мұнда айтарлықтай жоғары интеллектуалдық әлеует қалыптасты. Ол мыналардан көрінді:

а) академиялық социологияның теориялық зерттеулері басым маркстік емес дәстүрінен - Н.И. Кареев, П.А. Сорокин, К.М. Тахтарев және басқалар;

б) саяси күресте социологияны радикалдандыру басым марксистік дәстүрмен - А.А. Богданов, В.И. Ленин, Е.А. Энгель және басқалар. [21, 72‑б.].

Ресейде ХХ ғасырдың басында басталған социологияның институттану процесі 1922 жылы Лениннің “Жауынгер материализмнің маңызы туралы” (“О значении воинствующего материализма”) мақаласы жарық көргеннен кейін тоқтап қалды, онда оқыту процесіне коммунистік бақылау туралы мәселе қойылған еді. 1918 - 20 жылдары құрылған социология кафедра­лары қудалауға ұшырады. Нәтижесінде П.А. Сорокин, Г.Д. Гурвич сияқты және т.б. қоғамтанушы көрнекті ғалымдар елден көшіп кетті, бұл социологияның ғылым ретінде дамуын мемлекеттік жүйенің қадағалауында өмір сүру және ғылыми дәстүрлерін үзіп алу қаупін төндірді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы социология белгілі бір дәрежеде жемісті болды. Саяси өкіметтің жаңа түрі орнағаннан кейін өтпелі кезеңдегі революциялық түрленулер нәтижесінде тапсыз социалистік қоғам (буржуазиясыз тарих) - коммунизмнің алғышартын жасау үшін қажет нәрсенің бәрі деп есептелді. Бұл тұрғыдан да кеңестік социология жаңашыл сипатқа ие болды: оның объектісі қоғамдық меншік негізінде құрылатын қоғам болды [21, 73-б.].

Әлеуметтік еңбектер мен социологиялық зерттеулерді қатаң ұстау, ал кейіннен тыйым салу сталиндік саясат тарапынан іс жүзінде ғана емес, теориялық жағынан да жүріп жатты. “Бүкілодақтық коммунистік (большевиктік) партиясы тарихының” қысқаша курсына (1938) арнап И.В. Сталин жазған “Диалектикалық және тарихи материализм туралы” бөлімінде әлеуметтік білімнің тұтас бір саласы - тарихи материализм - философиялық білімнің аясына “қайтарылды”. Н.Н. Бухариннің тарихи материализм теориясына сәйкес қоғамдық ғылымдар арасында қоғамдық өмірдің жеке саласын емес, барлық күрделілігімен бірге жалпы қоғамдық өмірді қарастыратын екі аса маңызды ғылым бар. Ондай ғылым, бірінші жағынан, тарих болып табылады, екінші жағынан - социология... Тарих белгілі бір орында белгілі бір уақытта қоғамдық өмір ағыны қалай өтетінін баяндайды... Социология жалпы мәселелер қояды: қоғам деген не? Оның дамуы немесе күйреуі неден болады? Қоғамдық құбылыстардың әр түрлі қатарлары (шаруашылық, құқық, ғылым және т.б.) бір-біріне қандай қатынаста болады? Олардың дамуын немен түсіндіруге болады? Қоғамның тарихи нысандары қандай? Олардың алмасуын немен түсіндіруге болады? және т.с.с. Социология қоғамдық ғылымдар ішіндегі неғұрлым жалпысы (абстрактілісі)... тарих социологиялық қорытындылар мен жалпылаулар үшін материал береді... Социология өз кезегінде... тарих үшін зерттеу тәсілдерін немесе әдісін көрсетеді” [22].

Осы теориялық тұжырымдар негізінде социологияның маңызды құрамдас бөліктері - оның теориясы мен ұғымдық аппараты- тек қана философиялық деңгейде қарастырылатын болды. Қоғамды нақты зерттеудің социологиялық әдістері айналымнан шығарылып тасталды. Әлеуметтік өмір процестерін, құбылыстарын нақтылай зерттеуге қатаң тыйым салынды. Социология көп жылдар бойы қоғамдық таным нысаны ретінде өмір сүруін тоқтатты.

Социологияның біршама бой көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында “хрущевтік жылымық” дейтін кезеңде ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік социологиялық ассоциация құрылды, ол социологияның ресми институттануын білдіретін еді. Мәскеу және Ленинград университеттерінің философия факультеттерінде социологиялық лабораториялар құрыла бастады (Ю.В. Арутюнян және В.А. Ядов), 1960 жылы КСРО ҒА Философия институтында социология бөлімі ашылды, оны Г.В. Осипов басқарды. 1968 жылы Нақты әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері жұмысын бастады [21, 336-б.]. Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У.Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс социологиясы саласындағы проблемалармен шұғылданды. ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р.Аронның, Р.Мертонның, Т.Парсонстің келуі болды (1958 - 64).

1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше социологиялық топтар құрылып, жұмыс істеді:

· ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - Сужиков М.М.;

· ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - Черняк В.А.;

· Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік социо­логия лабораториясы (1975), жетекшісі - Батырбеков М.Б. [23, 140-б.].

Осы даму кезеңінде социология марксистік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С.Н. Соскин, А.А. Рогачев, У.М. Ысқақов, А.Ш. Алтаев, Н.А. Аитов сияқты ғалымдардың социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге социологиялық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л.А. Байдельдиновтің, Ө.К. Шеденовтің, Д.А. Доржтің және т.б. еңбектерінде социологиялық ғылымның қолданбалы жақтары қарастырылды. Социологиядағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ.Ғ. Ақмамбетовтің, Т.М. Дәуітовтің [24] және т.б. еңбектерінде қаралған.

ҚазКСР ғылым Академиясының жанындағы социология секциясы жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде социологиялық зерттеулердің тұтас сериялары жүргізілді, олардың нәтижелері В.А. Сапрыкиннің, В.А. Черняктің, Т.С. Сәрсенбаевтің [25] және т.б. монографияларында көрсетілген. Бұл жұмыстардың құндылығы социологиялық зерттеулер жасағанында. Зерттеушілер бір мезгілде социологиялық зерттеулердің бірнеше әдістерін қолданған. В.А. Черняк өзінің социологиялық зерттеулерінің материалдары негізінде атеизм социологиясының негізін салушы болды, оның зерттеулерінің әдістемесі мыналарды қамтыды: 1) халықтың мәдениеті мен тұрмысын іріктеп тексеру; 2) құдайға мінәжат ету орындарына еніп бақылау; 3) әлеуметтік ақпаратты айқындау, белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені, оның ішінде, біздің көзқарасымызша, фокус топтық зерттеу; 4) құжаттарды - қолжазба материалдарды, мұрағат көздерін, мерзімді баспасөзді зерделеу; 5) қоғамдық пікірді зерделеу [26]. Аталмыш зерттеулер көпфакторлы сапалық және сандық сипаттамаларымен ерекшеленді, бұл қазіргі заманғы жаппай қолданылатын сауалнама жүргізу әдістерімен салыстырғанда өзіне назар аудартады. Алайда әлемдік социологиялық практикадан, атап айтқанда американдық зерттеу әдістерінен бойды аулақ ұстау ғалымдарды зерттеулерге өте сақтықпен қарауға және жүргізетін зерттеулеріне марксистік дәйектеме келтіруге мәжбүр етті, бұл зерттеулердің сандық әдістерін, олардың инструментарийлерін жасауға және мәліметтерді өңдеуге қиындық туғызды.

Бұл кезеңде Қазақстан ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің әдістемелік негіздері қаланды, ол 90-шы жылдары социология ғылымы шеңберінде одан әрі дами түсті.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары социология қоғамға саяси және экономикалық дағдарыстан шығуға көмектесетін ғылымға айналды. Партия ұйымы кәсіпорындар мен ұйымдарға социологтарды тарту, социологиялық зерттеулерді қолдану жөнінде нұсқаулар берді және т.с.с. 1988 жылы “Қоғамдағы түйінді әлеуметтік проблемаларды шешудегі маркстік-лениндік социологияның рөлін көтеру туралы” қаулы шығып, ол социологтарды практикаға кеңінен тартудың ресми бастамасы болды. 1988 - 89 жылдары Одақ бойынша 13 жоғары оқу орнында халық шаруашылығы мамандарын даярлайтын, қайта даярлайтын және біліктілігін көтеретін социологиялық факультеттер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. 1988 - 89 оқу жылында социологиялық мамандықтар бойынша елімізде барлығы 1000 шақты студент пен 85 аспирант білім алды [27, 6-б.].

1987 жылдың жазында Кеңес социологиялық ассоциациясының Қазақ бөлімшесі құрылды. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философиялық-экономикалық факультеті базасында социология бөлімшесінің ашылуы Қазақстан социология ғылымының қалыптасуында шешуші болды және мамандар даярлауда базалық болды. 1988 жылдың екінші жартысында екі ғылыми орталық ашылды: Қоғамдық пікірді зерделеудің республикалық орталығы (ҚПЗРО) - Бүкілодақтық орталықтың филиалы және ҚазКСР ҒА Экономика институтының жанындағы социологиялық орталық. 1988 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың БКИ жанында Ю.Дуберманның төрағалығымен “Социолог” кооперативі ұйымдастырылып, ол екі бағыт бойынша қызмет көрсетті: жеке ұйымдардың тапсырыстары бойынша социологиялық зерттеулер жүргізу және халық шаруашылығы мамандарының социологиялық біліктілігін көтеру.

Қазақстандағы социологияның институттану мәртебесін ҚР Ғылым академиясының департаменті бейіні бойынша ғылыми кадрлар даярлауға, докторлық және кандидаттық ғылыми дәрежелер алу үшін ізденуге болатын ғылым ретінде бекітті. 1991 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың жанында социология ғылымдарының кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алуға іздену үшін диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Аспирантура мен докторантурада мамандарды даярлау әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер мамандықтары бойынша жүреді. Қорғауға шығарылатын диссертациялардың ғылыми тақырыптары әр алуан, жалпы алғанда қазіргі заманғы қазақстандық социумның проблемалары көрініс тапқан. Диссертациялық кеңес жұмыс істеген кезеңде қырықтан аса ғылыми зерттеулер қорғауға ұсынылған.

Жоғары оқу орындарындағы социологияның қалыптасуы мен дамуына 1996 жылы социологиялық ғылымдардың докторы, профессор К.Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Социологтар академиясы” социологиялық орталығы үлкен рөл атқарды.

Қазақстандық социологияның дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А.Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі “Тең емес адамдардың теңдігі” марксистік және қазіргі заманғы әдістемелердің өзіндік ара жігін ашушы болды.

Date: 2016-07-25; view: 358; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию