Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мерезге серологиялық тесттер.





Трепонема емес тесттер (НТТ)

Микропреципитацияреакциясы (МПР) немесе — RPR (жылдамплазмореагинді тест), кардиолипинді антигенмен қойылатынкомплемен байланыстырушы реакциясы (КБР),липидті антигенге қарсы антиденелерді анықтайды, олар бозғылт трепонемалар мен адам организмінің тіндеріне ортақ болып табылады. Сондықтан кардиолипинді тесттерқоздырғыш бар кезде ғана еменс, макроорганизмнің тіндері зақымданғанда да нәтижелі болады, ол реакция нәтижесінің жалған оң болуына мүмкіндік береді. Бұл тесттернауқастанудың белсенді түрде екенін дәлелдейді; скрининг жасауға және қолданылған емнің нәтижелілігін бағалауға қолданылады.

RPR-тесттің сезімталдылығы, біріншілік мерез кезінде — 85%, екіншілікте — 100%, ерте жасырын кезеңде — 98%, кеш кезеңде — 95%.

Трепонемалық тесттер (ТТ)

Пассивті гемагглютинация реакциясы (РПГА) және иммундыферменттіталдау (ИФТ)реакцияларын антиденелердің IgM, IgG кластарын анықтауға қолданылады. Пассивті гемагглютинация реакциясы және иммунды ферментті талдау реакциясы кеңінен қолданылады, оларды скрининг және диагнозды дәлелдеу үшін де қолданады. Бұл әдістер қарапайым, көп қолданылады, автоматтандырылған. Бұл реакцияларды қойғанда анализді қайталау үшін алғашқы қолданған тесттік жүйені қолдану маңызды.ИФТ мерездің жұққаннан кейінге 3 – ші аптасында оң нәтижелі болады, РПГА нәтижесі 7—8-ші аптада.

Иммунофлюоресцентті реакция (ИФР) инфекцияның барлық кезеңінде, яғни жасырын кезеңнен бастап, кеш мерездік кезеңге дейінсезімтал болып келеді, бірақ жасалуы ауыр.ИФР нейросифилисті дәлелдейтін және жалған оң нәтиже бергенде дәлелдейтін тест ретінде пайдаланылады. ИФР инфекция жұққаннан кейін 3- ші аптадан бастап оң нәтижелі бола бастайды.

Базғылт трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы (ТИР/РИТ) инфекция жұққаннан кейін 7-8 аптада нәтиже береді. ТИР\РИТқолдану оның қымбаттығына байланысты сирек, бірақ мерездің жалған оң реакциясын дәлелдеу, нейромерезді диагностикалау кезінде және арбитр-реакция сияқты серологиялық тесттердің нәтижесі әр түрлі болғанда да бұл реакция маңызды болып саналады.

Скрининг

Тұрғындарды мерезге тексергенде МПР және оның туындылары (RPR,VDRL, TRUST), ИФТ және/немесе РПГАқолданылады. Стационардағы науқастарды, жүкті әйелдерді (жүктілікті жасанды түрде тоқтатуға жіберілгендер), донорларды бірден екі әдіспен тексереді: МПР (RPR) + ИФТнемесе МПР (RPR) + РПГА. Оң нәтиже болғанда ИФТ, РПГА дәлелденеді, қажет болғанда —ИФР.

Date: 2016-07-25; view: 413; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.012 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию