Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/ жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар





«Бизнесті бағалау және талдау» пәніненшағын жоба бағдарламаға сәйкес студенттің өз еркімен орындаған қорытынды жұмысы болып табылады. Шағын жобаны қорғау мына талаптарға сәйкес болу қажет:

- Салыстырмалы талдау негізінде қарастырылған тақырыптарға терең талдау жүргізу;

- Жинақталған материалдардың реттілігі;

- Қорытындыларға сәйкес ұсыныстар беру;

- Орындалған шағын жобаны оқытушының талаптарына сай безендіру.

«Есеп және аудит» бакалавр мамандығы бойынша мамандандырылған экономистерді дайындаудың басты шарты зерттеу жұмысын орындауды ұйымдастыру. Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаумен кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауда таңдалған тақырып бойынша экономикалық әдебиеттерді оқуда, зерттеу жұмыс жоспарын құруда және оны жазуда студенттерге көмек көрсету мақсатында беріледі.

Студенттің өзіндік жұмысты орындаудағы негізгі мақсаты – қазіргі нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің экономикалық қызметін жетілдіруге, шаруашылықтың қаржылық жағдайын басқару және өзінің ұйымдастыру бойынша білімін тереңдетіп және кеңейтуге мүмкіндік береді

1. «Бизнесті бағалау және талдау» пәнінен өзіндік жұмысты орындауға келесі міндеттер қойылады:

- мамандық бойынша теориялық білімін кеңейту және нағыз қаржы – экономикалық міндеттерді қарауда қолданылатын тәжірибе қабілеттілігін бекіту;

- өзіндік жұмысты дамыту қабілеттілігі мен берілген мәселені шешуде зерттеу әдістемесін үйрену;

- нарық шартына байланысты проблемаларды қоюды үйрену және оны басқаруды ұйымдастырудың әртүрлі тәжірибелік жағынан зерттеу.

2.Зерттеу жұмысына қойлатын негізгі талаптар:

- зерттеу жұмысының теориялық сұрақтарын зерттелетін мәселе бойынша Қазақстан Респбуликасының заңдарын және нормативтік актілерін, статистикалық жинақтар мәліметтерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық ұйымдарға есеп беру материалдарын пайдалана отырып, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесімен байланыстыру қажет;

- алынған білімді және жұмыс нәтижесін мазмұндау сауатты және логикалық жүйеде болуы қажет. Аналитикалық кестелер мен есептердің сандық мәліметтерін белгілі бір талдаумен, жалпылаумен және қорытындылармен жүйелеу қаже;

- кәсіпорынның нақты материалдарын талдауға арналаған, яғни есептеу талдау бөлігін қамтитын тарау теориялық тарау болуы қажет;

- зерттеу жұмысында пайдаланылатын әдебиеттер тізімін дұрыс безендіру керек. Статистикалық және түрлі авторлардың материалдарын пайдаланудың барлық

жағдайына оларды жариялау көздерін, еңбектің аты, баспасы, басылған жылы мен орны, бетімен сілтеме жасалуы талап етіледі.

Date: 2016-07-25; view: 344; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию