Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шошқалардың желінсауын анықтау және емдеу





Желінсау - сүт безінің қабынуы, әр түрлі механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, ішкі және сыртқы факторлардың, организмнің қорғаныш қасиетінің төмендеу салдарынан пайда болады.

Сүт безінде әр түрлі қабыну процесстері жүреді, олар организмнің жауап беру қабілетіне байланысты өтеді.

Малға рацион дұрыс құрмау, азықтың жеткіліксіздігінен малдың иммунитеті төмендеп әр түрлі аурулардың пайда болуына, соның ішінде желінсаудың пайда болуына әкеп соғады.

Желінсау сүт өндіру автоматтандырылған және механикаландырылған өндірістері бар аймақтарда кездеседі. В.Г.Васильевтің мәліметтері бойынша – сиырды машинамен сауғанда түсетін жарақаттардың көбі сүттің ағуы тоқтап, біткенде сауу машинасының бос соруынан пайда болады. Үрпі мен желіннің аурулары пайда болуының себебінің көбі сиырларды машинамен сауу ережесін бұзғандықтан пайда болады. Бұл шаруашылыққа үлкен шығын келтіреді. Сондықтан желін мен үрпі ауруларына машинамен сауғанда аса көп көңіл бөлу керек.

Д. Д. Мартюгиннің зерттеулері бойынша екі тактылы жұмыс істейтін сауу аппараттары сауу кезінде желіннің аздап қан айналымын бұзып, қысу тактысында желін терісін жарақаттауы жиі кездеседі.

Желін мен үрпінің жарақаттары сиыр аяғымен үрпіні еденге қысып алғанда жиі пайда болады. Бұған сонымен қоса малдың астына сабанды салмау, тұяғының тым ұзын болып өсіп кетуі және малды тар жерде ұстау, бұнда жатқан малдың желінін басқа малдардың таптауы кездеседі. Сонымен бірге сымдарға ілініп тілінгенде, малдың қоршаулардан секіріп өтпек болғандағы жарақаттар және тағы да басқа жағдайлар.

Бұл жағдайларда малдың желінін тексергенде ісіну, ауырсыну, терісінің жарақаттануы, қансырау болады. Бұндай жарақаттарда үрпі ұшының ісінуі бірге жүреді. Бұндай сиырларды сауғанда сүт әрең шығады, ал ісіну одан да үлкен болса сүт мүлдем шықпайды.

Желінсаудың пайда болуының негізгі себебі организациялық-экономикалық, технологиялық, селекция-генетикалық және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың дұрыс жүргізілмеуінен болады.

Желінсаудың жіктелуі (А. П. Студенцов):

1. Серозды

2. Катаральды

3. Фибринозды

4. Іріңді

5. Геморрагиялық

6. Спецификалық

 

Желінсаудың жіктелуі клиникалық белгілерге, ұлпалардың өзгеруіне, жануардың жалпы организмінің жауап беруіне, сүттің көлемінің және сапасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі. Жіктелуі малдың желінсауының қай түрі екенін анықтап, дұрыс нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.Соның ішінде фибртнозды желінсауға тоқтайтын болсам.

Фибринозды желінсау (Mastitis fibrinosa) –деп желіннің қабынуын, оның ұлпа аралық альвеолаларында және сүт жолдарында фибрин шөгуін айтады.

Фибринозды желінсау көбінесе топырақтан пайда болатын серозды, катаральды немесе іріңді –катаральды желінсау, сондай-ақ асқынған жарақатты ретикулды-перитонитте, жіті туудан кейінгі эндометритте, некрозды метритте және басқа да жалпы улану белгілерімен байқалатын ауруларда өтеді. Желінсауды туғызатын стафилококтар, стрептококтар, ішек таяқшалары және жиі микробтың басқа да түрлері.

Маститтің бұл формасының ерекшке сипаты-кілегейлі қабықтың бетіне фибриннің жабысуы немесе оның қалың ұлпаға шөгуі. Сиырларда көбінесе желіннің іріңді-фибринозды қабынуы байқалады.

Ауруды емдеу. А.Г.Миляновтың айтуынша кейінгі кезде емдеп алдын алу шаралары үшін дезинфекциялық және антисептикалық құралдарды пайдаланып санитарлық-гигиеналық шаралардың маңызы зор. Бұндай заттарға мысалы: биоцидті сүртпе майлар, желінді жууға арналған антимикробты заттар жатады.

Антибиотик және новокаин блокадасы қолданылады. Бүлінген желіннің төрт бөліміне 3-5 %-ды ихтиол немесе йод мазьдарын жағады. Сүт пакеттерінің ішіне этакридин лактаты 1:1000, стрептоцид 1:100, ихтиол 2-5 %-ды, поливалентті сарысу, аутогемотерапия, серо- және лактотерапия қолданады.

Желінсаудың алғашқы сатысында капилляр қан тамырлардың өткізгіштігін төмендету үшін тамыр ішіне 100-150 мл 10 %-ды кальций глюконат немесе кальций хлорид. Осы мақсатта 0,5 %-ды прогестерон ертіндісі-5-6 мл тері астына жіберіледі.

Фибринозды желінсауда бүлінген емшектің төрт бөліміне, сүт пакеттерінің ішіне мастисан, мастикур, мастицид, сондай-ақ пенициллин ертіндісі, неомицин немесе басқа антибиотиктер енгізеді. Таңдаулы антибиотик 100-300 мың ӘБ, 50-100 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісі немесе натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісін күніне 2 рет желіннің төрт бүлінген аймағына сауудан кейін енгізеді және сүт пакеттерінің ішіне басқада антимикробтық ертінділер қолданылады. Өте қатты желін ұлпалардың тығыздалуына байланысты, сүт пакетіне антимикробтық дәрілерді сүт жолы арқылы жібереміз, оның әсері төмендейді.Сондықтан, фибринозды желінсауда сүт пакеттеріне антимикробтық дәрілердің әсерін жақсарту үшін, бұлшық етке антибиотиктер қоса жіберіледі.

Желінсауды емдеуде ескерілетін жағдай антибиотиктерді сүт пакеттеріне және вена ішіне 10 %-ды норсульфазол натрий ертіндісі дозасы 100-150 мл, күніне 1 рет. Сонымен қатар вена ішіне 10 %-ды этазол ертіндісі осы дозада қолданылады.

Желінсауды емдеуде артерия ішіне және аорта ішіне пенициллин және стрептомицин 800 мың ӘБ, 2-3 тәулік сайын тәулігіне 4 рет, 80-100 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісі (И. П. Липовцев), 1 %-ды новокаин ертіндісі дозасы 100 мл (Д. Д. Логвинов), 200-300 мың ӘБ, пенициллин 50-100 мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісі, ішке ерімейтін стрептоцид күніне 3 рет; бірінші күні-15 г, екінші күні-12 г, үшінші күні-9 г, 10 %-ды норсульфазол натрий ертіндісі дозасы 150-200 мл, 150-200 мл 40%-ды глюкоза ерітіндісі қолданылады. Бүлінген төрт бөлімін қайталап сауғаннан кейін, желін үрпісі жолы арқылы 100-150 мл фурацилин 1:5000 немесе риванол 1:2000-3000; ақ стрептоцид 2-3 %-ды ерітіндісі-150 мл; пенициллин немесе стрептомицин 50 000 ӘБ 150 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісінде; мастисан А, В, Е; мастикур, мастаэрозоль, ногкайод. Жалпы терапияда антимикробтық дәрілерден басқа, аурудың ауыр кезінде жануарға вена ішіне глюкоза, кофеин және басқада симптоматикалық терапияның дәрілерін қолданады. Экссудат және инфильтраттардың сорылуы мақсатында жылулықпен емдеу тағайындалады (парафинотерапия, озокеритотерапия М. А. Кирилов), ал тұрып қалған инфильтраттарға ионтофорез қолданады.

Ионтофорезді күніне 1 рет немесе күн ара 30-60 мин қабылдау жүргізеді. Дәрі ретінде 3 %-ды калий йод ертіндісі, 1-2%-ды новокаин ертіндісі, сондай-ақ пенициллин және стрептомицин ертінділері, дайындалған натрий хлордың изотоникалық ертіндісі (200-300 мың ӘБ, 25-50 мл натрий хлордың изотоникалық ертіндісі) қолданылады.

Date: 2016-07-18; view: 1032; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию