Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алыпты және патологиялық жағдайда ешкілермен саулықтарға акушерлік көмек көрсету





Азақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Қалыпты және патологиялық жағдайда ешкілермен саулықтарға акушерлік көмек көрсету. Шошқалардың желінсауын анықтау және емдеу.

Тексерген: Мухамадиева.Н.Н

Топ: ВМ-201

Орындаған: Абылгажинова А

Семей 2015

Жоспар

I.Кіпіспе

II.Негізгі бөлім

2.1. Акушерлік көмек көрсету

2.2. Шошқалардың желінсауы

2.3. Желінсауды емдеу

III.Қорытынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер

 

алыпты және патологиялық жағдайда ешкілермен саулықтарға акушерлік көмек көрсету

Жалпы клиникалық зерттеулер. Дене қызуын (температурасын) өлшейді, пульстің жиілігін анықтайды, тыныс алуы мен таз қарынның жиырылуын есептейді. Малдың жалпы жағдайына, қоңдылығына, көрінетін кілегей қабығына, жақын орналасқан лимфа түйіндеріне, мінез-құлқына, жүріс-тұрысына көңіл аударады. Малдың барлық жүйелерін зерттейді.

Арнайы зерттеулер – сыртқы және тік ішек пен қынап арқылы тексеруден тұрады. Сыртқы пішінін қарау және пальпация жүргізу. Зерттеуді ашық алаңда немесе кең жарық бөлмеде жүргізеді. Көңілді малдың құрсағына, жамбасына, құйымшақ және құйрық түбіне, жыныс ернеуінің формасына, көлеміне және орналасуына аударады. Қынаптан аққан шырыштың мөлшері мен түрін (шырыштылығын, қоюлығын, мөлдірлігін, лайлануын), иісін, фибрин талшықтарының, іріңнің, қанның болуын анықтайды.

Қынап арқылы зерттеу. Ең алдымен жыныс ернеуін жылы сумен cабындап жуады, зарасыздандырғыш ерітінділермен шаяды және стерилденген тампонмен құрғатады, қолды жуғаннан кейін 70% спиртпен зарарсыздандырады. Жыныс ернеулерін саусақпен ашып, қынап кіреберісінің клегей қабатын қарайды. Оның түсін, қанталауын, түйіндердің, эрозиялардың, эссудаттың болу-болмауын анықтайды. Сонан соң қынапқа алдын ала зарарсыздандырылған және физиологиялық ерітіндімен ылғалдандырылған қынап айнасын жайлап тірелгенше енгізеді. Қынап айнасының сабын жанына жанына қаратып,жабық күйінде енгізген жөн. Енгізгеннен кейін айнаның сабын төмен қаратып бұрып,жайлап ашады. Қынаптың қуысына арнайы құралмен жарық береді. Сонымен қатар айнаның жеңіл енуіне және малдың мінез-құлқының өзгеруіне, қынаптың кілегей қабатына назар салған жөн. Дені сау малдың қынабының кілегей қабаты жылтыр және орташа ылғалды болады. Буаз сиырдың қынабының кілегей қабаты құрғақ, жылтыр емес болады, сондықтан айна күшпен енеді. Қынап кіреберісінің қабырғасының екі жағында мөлшері түйреуіштің басындай болып келетін без түтікшелері орналасқан. Қабынған кезде қынаптың кілегей қабаты қызарады, нүктелі немесе жолақты қанталайды, ісінеді, сондай-ақ экссудат түйіндері, бөртпелері пайда болуы мүмкін. Экссудаттың қай жерден шығып, жиналып жатқанын анықтағанның маңызы өте зор. Жатыр мойынының қынапқа қараған жағына көңіл аударған жөн. Сиырдың жатыр мойны дөңгелек цилиндр тәрізденіп, қынапқа қарай 2-3см шығып тұрады. Қалыпты жағдайда жатыр мойны тек ортада орналасып, жабық күйінде тұрады. Ал туу кезінде, туғанан кейінгі кезеңде, шырыш ағу кезінде ашық болады. Жатыр мойны аталған жағдайдан басқа уақытта ашық болса, патологиялық процестердің жүріп жатқанын көрсетеді. Жатырда патологиялық процес болған кезде, жатыр мойны қызарып ісінеді, кейбір кезде қансырап, эрозия пайда болады, жатыр мойнынан әртүрлі (шырышты, іріңді, фибринді және сасық иісті) экссудат ағады. Экссудаттың шығу тегін анықтау үшін жатыр мойнының саңылауын корнцанг арқылы тампонмен құрғатады, егер жатыр қабынған болса, экссудаттың жаңа порциясы бөлінеді. Сонымен қатар жатыр ішіндегі жалқаяқты шығару үшін аздап тік ішек арқылы массаж жасаған жөн.

Тік ішек арқылы зерттеу. Жұмысты гинекологиялық немесе бір рет қолданатын полиэтилен қолғабын киіп жүргізеді, бірақ бұл кезде саусақтардың сезімталдығы нашарлап, зерттеу қорытындысы дұрыс шықпауы мүмкін. Сондықтан зерттеуді, әсіресе жас мамандар қолғапсыз жүргізгендері жөн. Зерттеу алдында тексеруге ыңғайлы қолдың тырнағын алып, сабындап және вазелин жағып дайындайды. Екінші (бос) қолмен малдың құйрығын тартып, дайындалған қолды тік ішекке бұрғылай отырып енгізеді. Бұл қимыл малдың нәжіс шығаруына әсер етеді, ал қалғанын қолмен алып тастайды. Тік ішек арқылы тексеретін малды арнайы аштық диетада ұстау қажет емес. Тік ішектің ампула тәрізденген жерін нәжісінен тазалаған соң қолды әрі қарай тарылған жағына қарай енгізеді. Кейбір жағдайда тік ішектің қабаты қатты жиырылады, сол кезде қолды алмай ішектің босаңсуын күткен жөн. Зерттеуді жатыр мойнынан бастап, одан әрі жатыр тармақтарын, ұрық жолдарын, ең соңында аналық бездерін тексеріп аяқтайды. Жыныс органдарын және жатырды зерттегенде гинекологтың аталған органдардың топографиясын, түрі, көлемі, жиырылу күші және серпімділігі жөнінде айқын түсінігі болуы қажет. Тік ішекке енгізілген қолдың алақанымен жамбас сүйегінің түбін тауып жатырды іздейді. Қалыпты жағдайда жатыр жамбас қуысында орналасады, ал көп төлдеген кәрі сиырлардың жатыры құрсақ қуысына салбырап тұрады. Жатыр мойнын ұстап көргенде тығыз валик сияқты болады, диаметрі 2,5-3,5 см, ұзындығы 8-10 см.

Зерттеудің лабораториялық тәсілдері. Патологиялық процестердің жасырын түрде өтуіне байланысты ауруды анықтау мамандарға қиынға түседі. Сондықтан лабораториялық зерттеу жүргізу қажет. Бактериологиялық зерттеуді көбінесе жатырдың кілегей қабатының жасырын қабынуын және дәрілердің микрофлораға сезімталдығын анықтау үшін жүргізеді. Бұл үшін цервикалды шырышты Н.Н. Михайловтың тәсілі бойынша арнайы А.Н. Жабоедовтың, В.В. Павловскийдің құрал- жабдықтарымен, немесе Г.К. Корчактың скарификаторын немесе Р.В. Казеевтің арнайы құралын қолданады.

Date: 2016-07-18; view: 378; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию