Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: Қабілет

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекетік Университеті

Дене шынықтыру және спорт факультеті

Психология және дефектология кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: Қабілет

 

Қабілет дегеніміз – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.

Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да бір қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз ететін жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психологиялық табиғатына ие болудан, екіншіден – әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі-психологиялық құбылыс емес, екіншісі-баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда қабілетті адам әс-әрекеттерді тезірек меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтермен психофизикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму денгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты әс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер. Жалпы қабілеттер іс-әрекеттердің барша түрінде қажет. Олар қарапайым және күрделі болып ажыратылады.

Қарапайым қабілеттер - болмысты жай бейнелеуде, қабылдау, ес, ойлау, қиял мен еріктің әдеттегі, барша тек өкіліне тән деңгейде қалаған әрекет орындауда іске қосылады.

Күрделі қабілеттер - оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады. Қарапайым және күрделі қабілеттердің қажетті деңгейдегі дамуы болмаса, тұлға адами іс-әрекеттердің бірде біріне араласа алмайды.

Іс-әрекет түрлеріне орай арнайы қабілеттер - сызу, көркемөнер - әдеби, нақты-ғылыми (математикалық және т.б.), тәжірибелік-ұйымдастыру, тұрмыстың-жасампаздық, т.с.с. болып ажыралады.

Қабілеттер тек өкілі бойындағы білім, ептілік және дағдылармен шектелмейді. Олар нақты іс-әрекет тәсілдерінің шапшаң әрі берік игерілуінен көрінеді, тек өкілінің психикалық әрекеттерін реттеп баптаушы тетік ретінде қызмет етеді.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей ақ жойылады. Осыдан, қабілет- білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асуы, аспауы көп жәйттерге тәуелді.

Мысалы, балада керемет математикалық қабілеті болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың керемет математик ғұлама болатынына кепіл емес. Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкіндіктері) орындалмаса, қабілет дамымай жатып өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып өшіп жатқанын, кім санапты? Ал мектепте «үштік» бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.

Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұнмен сипат береді. Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мәселе шешу және тағы басқа барысында ғана қалыптасуы мүмкін.

Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті тану динамикасында (тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Іс-әрекеттің нәтижесі, орындалу денгейімен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді.

Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атаймыз.

Қорытындылай келе, «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М Теплов) атайық:

1. Қабілет- бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.

2. Қабілет- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

3. Қабілет нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктермен дағдыларды қалыптастыру үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші педаготар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режиссер В.Немирович – Данченко

«Кім болса, сол режиссер бола алады ма?» деген сұраққа «Әлбетте, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екіншіге – 30 жыл, үшіншіге- 300 жыл да аз» - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.

Көрінген іс-әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына ықпалсыз, керісінше, көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына себепші іс-әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, ән-күй не шығармашылық қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен шұғылдануына тура келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.

Жеке тұлғаға байланысты дамытушы іс-әрекет жайында әнгіме қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс –әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты іс-әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.

Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі- қабілет пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауы. Бұл сәйкессіздіктің мәні: әрқандай өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іс-әрекеттегі қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. «Қалыпты адам өзінің дене және ақыл қабілеттерінің 10 пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы – адамның кім болып танылғанымен әлі де кім болатынының көрсеткіші»(Коупленд)

Осыған орай қабілеттер нақты (актуальный) және мүмкін (потенциальные) болып екіге бөлінеді.

Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде көріне бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті болмай қалады.

Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудырады. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан, тарихы Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелдігін дәріптейтін көзқарас. Бұл бойынша оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқынын өзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгіліболған, Гайдн -4, Дина Нұрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэл-8жаста, Ван-Дейк-10 жаста, Дюрер-15 жаста өнермен айналыса бастаған.

Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының салмағы және көлемімен байланыстыра түсіндіреді. Белгілі болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Ұлы тұлғалардың, мысалы, И.С Тургеневтің миы -2012 г, Д.Байрон -1800 г. аталған көрсеткіштер біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама баршылық. Бірақ қабілетпен ми байланысына орай басқаша, кері дәлелдерді де келтіруге болады: Ю. Либиктің миы-1362 г, А.Франстың -1017г. Ал еңғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г.артық – ақыл-есі кем адамда байқалған. Солайда болса, кең қауым арасында «миы көп-ақылды» деген ұғым көбірек жайылған, осыдан маңдайы биік, жазық маңдай адамды сыртынан данаға баламалап, одан келелі ой пікір күтеміз, ал екі, тар маңдайлы адамның қабілетін жоққа шығарып, одан ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.

Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галлдың

«Френология» (phrenos- ақыл, logos-ғылым) деп аталған психологиялық тағылымында дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған бірнеше орталықтардан құралады. Осыдан мидың тиісті бөлігінің ауқым көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталатын көрінеді. Арнаулы зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке сәйкес келетін бас сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан музыка, поэзия, сурет өнеріне сай «қабілет ісіктерін», менмендік, сарандық, батырлық, «қабілет дөңестерін», және тағы басқаларды айыруға болады екен. Дегенмен, кейінгі дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл және адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің «дөңестігі» не «сайларымен» анықтау ғылым тұрғысынан ерсі әрі негізсіз.

Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидің қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болды. Бұл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегендер арасында Дарвиннің эволюциялық теориясына негіздеп, қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған Ф. Гальтон есімі өз алдына. Әлемге әйгілі тұлғалар өмірнамаларын талдай отырып, ХХ ғ. Котс жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте байқалған 400 адам тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болған неміс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар. Бах жанұясындағы алғашқы ән-күй қабілеті 1550 жылы көрініс берген. Әулет атасы Бах – қарапайым наубайшы күй тартып, ән салғанды сүйген. Оның екі баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы дүркіреткен музыканттар легі үздіксіз жалғасып барған. Бах жанұясынан 60 музыкант шыққан, солардың 20 аса көрнектілер, ал осы әулетті әлемдің өшпес даңққа бөлеген әйгілі композитор- Иоганн Себастьян Бах. Осындай ғажайып қабілет құбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан әулет тарихынан да байқауға болады.

Әлбетте, мұндай әлеуметтік жоғары қабілеттің нәсілдікпен байланыстылығын ешкімде жоққа шығара алмас, дегенмен бұл арада қабілет негізі ретінде әлеуметтік тәрбиені өте маңызды екенін мойындамауға болмайды. Бесігінен ән-күй теңізінде шарықтап, шалқып өсуіне қолайлы жағдай қалыптаспағанда, сол бағытта ана сүтімен қосып үлкендердің музыкалық тәрбиесін алмағанда, ол баланың кім болары бір Аллаға аян.

Жоғарыда аталған тұқымқуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбеткей әсірелеумен болды. XVIII ғ өзінде –ақ К.А.Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар дамуы өте кешеуілдеген тайпа балалары оқу, тәрбие нәтижесінде Европа зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір деректерді тілге тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты. Сонымен бірге, бұл еңбектер әлеуметтік тәрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай «маугли, тарзан» болатынын бетке ұстады. Мұндай тұжырымдардың ізімен әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөнінде қорытынды жасады.Осы көзқарасты қолдаумен американ ғалымы У.Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-тағы өз дарынды балаларын «өсіретін» арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр (Фладельфия институты), Қазақстанда арнайы «Дарын» орталығы іске қосылды.

Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтқысыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидің құрылымы, сезім мүшелермен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нәтиже жемісі.

Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметінен – қарқынды не бәсен қозулардан, жүйке процестерінің қозғалмалығынан, уақытша байланыстар түзілімінің шапшаң не баяулығынан және тағы басқа яғни Павлов генотип (жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан көрінеді. Мидің қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы – ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының тез жүруінің, сана жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.

Мидің тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктерінде екі түрлі көрінеді(Павлов):

1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді

2. Бірінші және екінші сигналдық арақатынасына байланысты.

Адам қабілетінің дамуында жоғары жүйке жүйесінің типі үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалмалығымен байланыса отырып, адамның ұйымдастырушылық қабілеттерінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиеттерінің түзіліп, орнығуына жәрдемін тигізеді.

Сонымен нышан деп –әрбір адамның іштей туа берілетін анатомиялық, физиологиялық қасиеттерін айтады. Адам қабілетінің нышаннан өркендеп, дамуын дұрыс түсіну үшін, мынадай топтарға бөліп, қарастырып көрелік:

1. Әлеуметтік өмірде қалыптасып, тұқым арқылы беріліп отыратын нышандар: іштей туа берілетін тілге үйренуі мен интеллектіге байланысты мүмкіншіліктері мен қабілеттері.

2. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бірақ туғаннан кейін қалыптасатын нышандар. Нышандардың бұл тобына адамдардың әр-алуан қимыл-қозғалыстары, тік жүруге, сыртқы ортаны ақыл-ойымен сана – сезімі арқылы талдап, біріктіру арқылы танып білуге бейімділігімен байланысты. Нышандардың бұл тобына К.Леви – Стросстың «Ойдың алғашқы табандары» Деген пікірлері де жатады.

3. Тіршілікте шартсыз рефлекстерді бөгде тітіркендіргіштер мен ұштастырудан пайда болып отыратын нышандар.

Адамның сана-сезімі өскен сайын оның нышандарымен ұсақ қабілеттілігі күрделі қабілеттіліктің құрамына енеді.

Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді: Сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есіту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, педагог, әнші т.б болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттермен іс-әрекеттердің сан алуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз болады.

Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады.

Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілеттілікті анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік, ойлампаздық, көрегендік, зерделілік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бейімділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын.Біз қабілеттің бастау алар қайнары бейімділік. Ал қабілеттіліктің ең шырқау шыңы не? Философ, психолог, зерттеушілердің пайымдауынша, ол – дарындылық пен данышпандық, кемеңгерлік. Мұндағы дарындылық – іс барысында үлгі боларлық, жетілген, қоғамдық мәні бар нәтиже алуға мүмкіндік беретін қабілеттілік; данышпандық пен кемеңгерлік – белгілі бір шығармашылық саласында айрықша өзгерістер тудыру.

Ғалым Б.М.Тепловтың түсіндіруінше: «Қабілеттердің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы дарындылық деп аталады... Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Белгілі бір қабілеттіліктің дамуына себепші болатын жақсы нышанға тән қасиеттің бір белгісі – ондай қабілеттің арнауы педагогикалық шара қолдануды тілемей-ақ өз бетімен ерте көзге түсуі.

Бірақ әрқашан қабілет пен дарынның ерте дамуын кездестіруге бола бермейді... кейбір қабілет ерте көзге түспеуіне қарап, қабілеттілікке нышан жоқ деген қорытынды жасауға болмайды. Дарынды бірер іске шеберлік дегенмен шатастырмау керек. Қызметті жақсы орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенуге болмайды. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қыйысуын – қызметтің сол саласына талант деп атайды. Адам неғұрлым талантты, дарынды болған сайын, ол өзінің еңбегін, шығармашылық тапқырлығын үстей береді, сөйтіп, оның еңбегі жігерлі еңбек болады... Талант – «Бұл жұмыс үрдісінің өзін», еңбекті сүюшілік. Еңбекке бейімділік және қабілет әрбір таланттылықтың ең басты құрамасы болады. Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек».

Біздің де пікірімізше, еш нәрсеге қабілетсіз адам жоқ. Тек жатып ішер жалқаулар ғана өз қабілетін жарқыратып тұрып көрсете алмайды. Белгілі бір істе адам өз қабілетін таныта алмаса да оны оған мүлдем жарамсыз деп санау – қателік. Адамның бір іске, өнерге деген қабілетінің оянатын, қалыптасып, дамитын, иесін атақ-абырой биігіне көтеретін кезі әрқилы. Тек үмітіңді үзбей, еңбектене біл. Алайда, ойшыл Фалес айтпақшы: «Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын». Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбеккер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».

Қабілеттің дамып, қалыптасуы әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.

Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат. Қабілеттіліктің даралық ерекшеліетеріне: дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.

Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.

Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар.

1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған.

2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады.

3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я.Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.

Қорытындылай кеткенде, адам қабілеті баға жетпес мұра. Адам өз қабілеттілігінің белгілерін жастайынан –ақ байқаса, неге бейім екенін мезгілінде сезсе, нұр үстіне нұр болған болар еді. Бірақ, әрқашан солай боп шыға бермейді. Талайлар өзінің қабілетінің қандай екенін де, оны іс жүзінде анықтауды да еш білмейді, сондықтан көпке дейін өмірден өз орнын таба алмай жүреді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. М.Ә. Құдайқұлов «Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік», «Қазақстан» баспасы. 5-8 бет

2. Ә. Алдамұратов «Қызықты психология», 99-101 бет

3. Сәбет Бап-БАБА «Жантану негіздері» 80-90 бет. Алматы «Дәнекер» баспасы

4. Виктор Пекелис «Адам қабілетінің қайнары» 36-41 бет. «Қазақстан» баспасы, 1976 жыл.

5. Интернет желісі

 


<== предыдущая | следующая ==>
Азақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы | Дыбыс үндестігі

Date: 2016-11-17; view: 2951; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию