Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






IV - «Менің балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді





Сұрақ: Көрсетілген фильм қалай аталады, кім жайлы және басты рөлде жастық шағын сомдаған актер кім? Жас баланың арманы не еді?

IIІ - айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың өлең жолдарынан үзінділер беріледі. Әр топқа 1 өлеңнен. Өлең жолында оның жалғасын оқу керек, атын және авторын табу керек. Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады. (Әділ қазылар әр айналымның қорытындысын шығарады.)

1-топ: Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,

Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрінде өз баласындай.

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,

Қыранның қырдан байқар баласындай.

Жаман парқы жақсымен бірдей емес,

Жақсы жігіт елінің ағасындай.

(Жақсы мен жаман адамның қасиеттері. С. Аронұлы)

 

2-топ: Адамдық борышың

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл,

Талаптан да біліммен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тыл.

Мақтанға салынба мансаптың тағы үшін,

Нәпсіңе билетпе басыңның бағы үшін.

(Адамдық борышың. Ш. Құдайбердіұлы)

 

3-топ: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,

Арасын қоныс қылдым ірге жайып,

Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,

Ер жеттім, ен далада лықа байып

(Мен – қазақ. С. Торайғыров)

 

4-топ: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен-қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен- жігітпін, айқасқа, сынға асықпын

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым.

Мен- қара көз сұлумын, сайтан қызбын

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

(Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»)

 

IV – айналым «Топ басшылар сайысы»
Ойынымыздың соңғы айналымы «Егер мен елбасы болсам...» деп аталады. Бұл жерде топ басшылары шығармашылық ойларын білдіру керек және 10 ұпаймен бағаланады.

 

Ойынымыздың қорытындысын, яғни ұпай сандарын есептеп, жеңімпаздарды әділ қазылар алқасы анықтағанша ортаға музыкалық сәлемдемемен 8 «Г» сынып оқушысы Тұңғышбаев Азаматты шақырамыз. Ән – «Қазақ елі».
Марапаттау.

Қорытынды:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп, нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсіме ата-баба арына!

Үлгі бізге ағалардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ -болар елдің ертеңі!

Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, бар үміт, Қазақстан ертеңгі күні сендердің қолдарыңда, біз сендерге сенеміз, елімізге адал қызмет етіп, әрқашан армандарың орындала берсін демекпін.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамын. Берекелі, мерекелі күндер көп болсын, күніміз әрқашан күлімдеп ата берсін деген тілекпен ойынымызды аяқтаймын.

 

Date: 2016-11-17; view: 411; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию