Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ойынды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайын.





(әділ қазыларға ойынның ережесін түсіндіру)

 

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз 8 сыныптар арасында өткелі отыр. Әр сынып бір топты құрайды. Ендеше ойынның бөлімдерімен таныс болыңыздар.

 

I. Ұшқыр ой

II. Білгенге маржан

III. Ойлан тап

IV. Топ басшылар сайысы.

 

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.

 

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»

Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда,

Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

 

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»

Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.

 

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»

Ұраны: Болашақтың ұл-қызымыз

Көркейтеміз елді біз.

ІV-топ. Топтың аты – «Жас қыран»

Ұраны: Қырандай самғаймыз,

Ізденуден талмаймыз.

 

 

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

 

І -айналым «Ұшқыр ой»

Бұл жерде әр топ кезек – кезекпен ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады. (Әділ қазылар әр айналымның қорытындысын шығарады.)

 

1. Қай жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы заңы қабылданды?

а) 1996ж б) 1991ж в) 1986ж

 

2. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жылын ата.

а) 1940 жыл, 6 шілде б) 1950 маусым в) 1945 жыл, 6 шілде

 

3. Қай жылы төл теңге дүниеге келді?

а) 2001ж, 13 қараша б) 1993ж, 15 қараша в) 1996ж, 13 қараша

 

4. Нұрсұлтан Назарбаевтың атын қойған кім?

а) анасы Әлжан б) әкесі Әбіш в) әжесі Мырзабала

5. Қай жылы жаңа Ата заң қабылданды?

а) 1991 жыл, 16 желтоқсан б) 1993 жыл, 28 қаңтар в) 1995 жыл, 30 тамыз

 

6. Қай жылы Н.Ә.Назарбаев Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi?

а) 1967 жыл б) 1962 жыл в) 1964 жыл

 

7. Елорда Астанаға көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының шығуы.

а) 2001 жыл б) 1997 жыл в) 2003 жыл

 

8. 1960—69 жж. Н.Ә.Назарбаев қайда қызмет жасады?

а) Қарағанды металлургия зауытында б) Алматыда в) Украинада

 

9. 2014 жылдың 11 қарашасында ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауы қалай аталады?

а) «Қазақстан-2030» Стратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»

б) «Нұрлы жол - болашаққа бастар бастар жол»

в) «Қазақстан-2020» Стратегиясы: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр»

 

10. Тұңғыш президент күні болып қай күн белгіленді?

а) 16 желтоқсан б) 6 маусым в) 1 желтоқсан

 

11. Н.Ә.Назарбаев еңбек жолын қандай мамандық бойынша бастады?

а) металлургия зауытында қатардағы жұмысшы б) хатшы в) президент

 

12. Н.Ә.Назарбаев қай жылы Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды?

а) 1986-1990жж б) 1986-1988жж в) 1990 жылы ақпан-сәуір аралығында

 

13. Н.Ә.Назарбаевтың туған жері.

а) Қазықұртта б) Семей қаласында в) Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында

 

14. Н.Ә. Назарбаевтың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін қай топ орындайды?

а)Музарт б) Жігіттер в) Орда

 

15. «Президент» сөзі қай тілден алынған, қандай мағына береді?

а) ағылшын тілінен, ақылшы

б) орыс тілінен, бағыт бағдар беруші

в) латын тілінен, алда отырған басшы

 

16. Астананың туған күні қай күн болып бекітілді?

а) 16 желтоқсан б) 6 шілде в) 6 маусым

 

17. 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына неше жылдығын атап өтеміз?

а) 450 жыл б) 550 жыл в) 350 жыл

 

18. Әнін Ш.Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған “Менің Қазақстаным” атты ҚР жаңа

Мемлекеттік әнұраны бекітілді.

а) 2006 жыл, 7 қаңтар б) 2001 жыл, 7 қаңтар в) 2009 жыл, 7 қаңтар

 

19. 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

а) 1991 жыл б) 2001 жыл в) 1998 жыл

 

20. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туы, Әнұраны, Елтаңбасы қабылданды.

а) 1992 жылы б) 1995 жылы в) 1996 жыл

 

II – айналым «Білгенге маржан»

Бұл айналымда әр топқа жеке 1 бейне таспадан көрсетіледі және сол бейне таспа бойынша сұрақ беріледі. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе 20 ұпайға ие болады. (Әділ қазылар әр айналымның қорытындысын шығарады.)

I - тапсырма «Желтоқсан оқиғасынан үзінді»

Сұрақ: Бейне таспада қандай тарихи оқиға көрсетілді және оның мақсаты не?

1986ж 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады. Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Date: 2016-11-17; view: 1203; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию