Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Категориялардың логикалық функциаларына сипаттама беріңіз.





Категориялар мәселесін зерттеуге үлкен үлесті Аристотель қосты. Ол өз зерттеуімен

категориялардың кеңірек шеңберін қамтиды, бірақ одан да маңыздысына оларды қайсыбір жүйеге келтіру талпынысы жатады.

Ф.Энгельс былай деп жазады: тек Аристотельден логикалық

категорияларды жүйелі зерттеу басталады. Категория – тарихи қалыптасқан адам іс-әрекеті мен ойлауының принциптері мен заңдары, барлық нәрсе бізге осылар арқылы беріледі, ой елегінен осылар арқылы өтеді.

Категория – адам ойының шындықтың өз формалары бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін, нәрселердің қалыптасуы мен реалдық қызмет етуінің тәсілін терең ұғынуға жол ашатын әмбебап ұғымдар, сондай-ақ, шындықты практикалық-заттық түрде игерудің идеалды формалары. Адам өзінің іс-әрекетінде табиғатты жай бар күйінде, дайын қалпында ғана қайталай салмайды, оны белсенді өзгертеді, онда жоқ нәрселерді жасайды, дамытады. Сол сияқты адам ойына да шығармашылық белсенділік тән.

Категория – шындықты оның өзгеруінде, дамуында бейнелейтін ойлау формалары. Ойлау К-сы адамзаттың да мыңдаған жылдар бойғы тарихында түзілген танымының жалпы шарттары, принциптері. Категория – адамның практикалық және танымдық қызметінің реалдық нәтижелері қорытылған логикалық фигуралар. Сондықтан әрбір адамның адам ретінде қалыптасуы, оның ақыл-ойының дамуы да осы қоғамдық заттық-практикалық іс-әрекетке баулу процесінде, әлеум. қозғалысқа қатынасу арқылы тарихи жинақталған рухани байлықты игеру процесінде іске асады. Категория бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, олар белгілі бір жүйені құрайды, жүйелі түрде дамып отырады. Категория жөніндегі ілім Аристотельден басталады. Ол “Категориялар” деген еңбегінде 10 Категорияны атап айтты: субстанция, сан, сапа, қатынас, орын, уақыт, жағдай, ахуал, әрекет және қасірет.

Категория – түйіп айту сұлбасын білдіреді. Сондықтан да Категория бір-біріне тәуелсіз, тұрмысты парықтаудың әр түрлі тәсілін айқындайтын тұжырым топтарын сипаттайды. Философияда ойлау Категориясын жүйелеу, олардың ішкі байланыстарын ашу күрделі де қиын мәселе болып табылады. Философия тарихында бұл мәселенің қойылуыАристотельден кейін Кант пен Гегель есімдеріне байланысты. Философияда категорияларды ғылыми жүйелеудің жан-жақты негізделген принциптері мыналар: заттық-практикалық іс-әрекет, тарихилық пен логикалықтың бірлігі, қайшылық принциптері, абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісі және тағы басқа.

31. Өзіңіз таңдаған бейклассикалық нақты ғылымның қалыптасу тарихынан Н.Бордың сәйкестік принціпінің интерпретациясын көрсетіңіз. Бор Нильс Хенрик Давид— даниялық ғалым, қазіргі заманғы физиканың негізін салушылардың бірі, Дания корольдік қоғамының мүшесі (1917) және 1919 жылдан оның президенті. Бор — атомның алғашқы кванттық теориясын жасаушы, кванттық механиканың негізін қалаушылардың бірі. Бор 1923 ж классикалық және кванттық ұғымдар арасындағы сәйкестік принципін ашты. Сол жылы өзі жасаған атом моделі негізінде, алғаш рет Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесіне ғыл. түсініктеме берді. 1927 ж микродүниенің ең маңызды принциптерінің бірі — толықтырғыштық принципін тұжырымдады. Мұның философия ғылымы үшін маңызы зор болды. Бор қағадалары – даниялық физик Нильс Бордың атомның орнықты (стационар) күйін және спектрлік заңдылықтарын түсіндіруге арналған негізгі болжамдары (1913), яғни сәйкестік принціпі: Бірінші қағида немесе орнықты күйлер қағидасы: атомдағы электрондар кез келген энергиясы бар орбиталармен емес, тек белгілі бір энергиясы бар орбиталар бойымен қозғалады. Оларды орнықты орбиталар деп атайды. Орнықты орбиталардың энергиясы тек белгілі бір дискретті (үзікті) мәндерді ғана иеленеді. Электрондар мұндай орнықты орбита бойымен қозғалып жүргенде сәуле шығармайды. Екінші қағида немесе сәуле шығарудың жиіліктік шарты: атом бір орнықты күйден екінші бір сондай күйге ауысқанда ғана жарықтың бір фотонын жұтады не шығарады. Шығарылған не жұтылған фотонның энергиясы (һν) екі орнықты күй энергияларының (Е1 және Е2) айырымына тең (һν = Е1 – Е2, мұндағы ν – шығарылған не жұтылған сәуле фотонының жиілігі, һ – Планк тұрақтысы). Осы қағидалар негізінде құрылған Бор теориясы тек сутек және сутек тәріздес атомдардың құрылысын түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары классикалық физика заңдылықтарына толығымен қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние қасиеттерін түсіндіру үшін табылған алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық механика арқылы ғана толық түсіндіріледі

 

 

32. Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік антропоцентризмнің ерекшелілігін көрсетіңіз. Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.Қайта өрлеу дәуірі(Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқаелдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесансдәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруінебайланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Гуманизм(лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөлатқарды. Антропоцентризм – (грек. anthropos - адам, centrum – орталық) - дүниеніңорталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне жәнегуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғатаясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралытұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бетбұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды.Антропоцентризм принципі - адамдегеніміз барлық нәрсенің өлшемі(тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризмтәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.

 

33. Ғылым дамуындағы революция. Ғылыми революцияның түрлеріне сипаттама беріңіз.. Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады:1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау;2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы;Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.1. Жеке — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция;2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:1) ғылыми революциялардың аумағы;2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу;4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;6) ғылым дамуының тарихи кезеңі,7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция

 

34. Гегель жүйесі және диалектикалық тәсілі арасындағы айырмашылықты философиялық талдау. Гегель жүйесі.Философиядағы тәсіл мәселесі.

.Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады. Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады.Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель “ақиқат - алдын-ала құйылып қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес², оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты. Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады. Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым. Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым.ұшiншi - рух философиясы Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi: 1. Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы,

2.Объективтi рух, оған ол құқ, мораль, адамгершiлiк, жан-ұя, азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады,

3 Абсолюттiк рух - ол өнер, дiн және философия.

Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды. Олар антропология, феноменология және психология. Антропология iлiмiнде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуына, дене мен жанның ара-қатынасына, адамзаттың нәсiлдiк айырмашылықтарына, мiнез-құлық пен темпераментiне, адамдардың өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарға т.с.с. көңiл бөлiп талдайды. Гегельдiң ойынша, адамның басқа тiршiлiктен бiрде-бiр айырмашылығы - оның тiке жүруiнде.

Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері. Дамудың мәнін және оның әртүрлі проблемаларын зерттейтін ілім диалектика (гр. dialektikē) деп аталады. Осы сөзді алғаш рет философияға Сократ енгізді. Ол ақиқатқа жету үшін сұхбаттасу өнерін– dialektikē techne – жасау керек деп есептеді. Бұл тәсілді Платон қолдап әрі қарай дамытты..Диалектиканың құрылымы:диалектиканың негізгі прициптері,заңдары(метапринциптері),диалектиканың каегориялары (негізгі емес заңдары).Диалектиканың прициптері:1)жалпылық байланыс қоршаған дүниенің тұтастығын, оның ішкі бірлігін, барлық компонеттерінің – нәрселердің, құбылыстардың, процестердің- өзара байланыстылығын,өзара тәуелділігін білдіреді..2) Жүйелілік қоршаған дүниеде сансыз көп байланыстар ретсіз емес бір тәртіпте болады дегенді білдіреді. Осы байланыстар тұтас жүйе құрады, онда олар иерархиялық тәртіпте орналасады. Оның арқасында қоршаған дүниеде ішкі мақсатқа сәйкестілік бар. 3) Себептілік – біреуі екіншісін тудыратын байланыстардың болуы. Қоршаған дүниенің нәрселері,құбылыстары, процестері бірдемемен шартталған, яғни немесе сыртқы, немесе ішкі себебі бар.Себеп салдар туғызады, ал мұндай байланыстар себепті-салдарлы деп аталады.Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.).

 

 

35.Декарт бойынша «Мен ойлап тұрмын,сондықтан,мен бармын».Осы принциптің интерпретациясын талдаңыз. Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады. Декарттың философиядағы үлесі мынадай: 1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды; 3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді; 4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды. Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді: 1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.); 2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.); 3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді; 4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды; 5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады; 6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады. Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі типке жіктейді: 1.материалды (заттар), 2. рухани (идеялар). Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған. Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.

 

36. Механикалық материализм және ағартушылық сенсуализм философиясын талдау. Сенсуализм (лат sensus- сезім) - танымның көзі сезім (түйсік), ол ақиқаттың өлшемі деп санайды. Сенсуализмнің негізі антикада (Демокрит, Эпикур) ерекше бағыт ретінде Жаңа Заман философиясында қалыптасты (материалистік сенсуализм - Гоббс, Локк, Дидро, т. б.) идеалистік сенсуализм - Беркли, Юм,т.б. Ағартушылық дәуірде рационализм мен сенсуализм философияда өте маңызды рөл атқарады

Материализм - бұл философиядағы ағым, дүниенің негізі ретінде материяны (табиғатты) мойындайды. Үнді философиясында материализм ежелгі Чарвака- Локаята мектебінде, Грек философиясында Милет мектебінде, Гераклит, Демокрит, жаңа кезеңдерде - Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Фейербах, Маркс, Герцен, Чернышевский және Ленин, француз ағартушыларының ілімдерінде дамыды. Материалистік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды, жойылмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді. Материализм тарих дамуында бірнеше сатыдан өтті:Стихиялық материалистер - ертедегі Үндістанда, Грекияда құлдық қоғам тұсында, ғылыми білімдердің әлі дами қоймаған кезінде пайда болған. Фалес суды, Анаксимен ауаны, Анаксимандр апейрон, Гераклит отты, Ксенофан топырақты дүниенің негізі деп ойлаған. Метафизикалық (немесе механикалық) материализм XVII-XVIII ғ жаратылыстану ғылымдарымен, әсіресе механикамен өзара тығыз байланыста дамыған. Механика заңдарын абсолюттендіріп, бүкіл табиғатты, тіпті әлеуметтік құбылыстарды да механика заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылғандықтан, бұл материализм механистік деп аталған. Оның өкілдері: Бэкон, Гоббсс, Гассенди, Спиноза, Ламетри, Дидро, Гельвецкий, Гольбах, т.б. Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұрынғы философияға қарағанда мазмұны жағынан да, өзінің қоғамдық өмірдегі рөлі жағынан да сапалы, жан-жақты дамыған.

Материализм философиясының өкілдерінің бірі Фрэнсис Бэкон (1561-1626) болды.Ф.Бэкон- материалист,сондай-ақ, ол-эксперименттік ғылымдардың негізін салушы.Оның қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау.Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идалистік көзқарастарңа қарсы болды. «Білім-күш», «Күш-білімде» деген қағидаларды насихаттады.Ол: «Материя қозғалыспен ажырамас бірлікте болады-деді-Энергия материяның өзіне байланысты оның ішкі қасиеті», деді. Келесі бір өкілі Рене Декарт дүниенің өздігінен жаралғанын, оның даму заңдылықтары бар екенін, бірақ олар механикаға негізделгенін айтты. Ал психологияда, таным теориясында ол идеалист болды. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін –деген қағиданы айтты. Мен еш нәрсеге сенбеуім мүмкін, бірақ сол сенбестікті ойлай алатыныма сенбеуім мүмкін емес. Ойлай білу- тірлік кепілі»,-деді. Бірақ ол өзін материалист екенін анық байқатты. Декарт- рационалист. Таным процесінде сезімнен гөрі ойлауды жоғары қойды. Декарт сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен ықпал жасады. Келесі бір өкілі ретінде Томас Гоббс. Т.Гоббстың пікірінше, адам қоғам өмірінің екі дәуірін: а) табиғи; б) азаматтық кезеңдерін басынан өткізген. Табиғи кезеңде «адам-адамға қасқыр, біреуге біреу қас» деп уағыздады. Бірақ бұл жағдай адам баласының жойылып кетуіне әкеп соғады. Олай болмау үшін адамдар бірігіп, әлеуметтік келісімге келіп, әркім өз ырқының бір бөлігін жалпы ырыққа кесіп беруге көндігеді. Сөйтіп, бәрін қорғайтын бірдей ортақ ырық жасалды. Ол жалпы ырық- мемлекет деген қорытындыға келді. Сөйтіп, ол мемлекеттің пайда болуын таптық емес, қоғамдық келісім жағынан шығарады.

 

 

37.Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары және олардың танымдық функцияларын талдау. Дамудың мәнін және оның әртүрлі проблемаларын зерттейтін ілім диалектика (гр. dialektikē) деп аталады. Осы сөзді алғаш рет философияға Сократ енгізді. Ол ақиқатқа жету үшін сұхбаттасу өнерін– dialektikē techne – жасау керек деп есептеді. Бұл тәсілді Платон қолдап әрі қарай дамытты. Сөйтіп, бұл өнер өзінің бастамасын сонау ертедегі Грекиядан алып, күні бүгінге дейін жоғары бағаланады.Диалектика даму туралы ең толық, жан-жақты және терең мазмұнды ілім, теория болуымен қатар барлық ғылымдар үшін, практикалық қызмет үшін сол теорияға негізделген бірден-бір философиялық әдіс, зерттеу әдіснамасы да қызметін атқарады.Диалектиканың құрылымы:диалектиканың негізгі прициптері,заңдары(метапринциптері),диалектиканың каегориялары (негізгі емес заңдары).Диалектиканың прициптері:1)жалпылық байланыс қоршаған дүниенің тұтастығын, оның ішкі бірлігін, барлық компонеттерінің – нәрселердің, құбылыстардың, процестердің- өзара байланыстылығын,өзара тәуелділігін білдіреді.Байланыс түрлері: Сыртқы және ішкі (ең кең таралған түрлері); Тікелей (тура) және жанама; Генетикалық және функционалдық; Кеңістік және уақыттық; Кездейсоқтық және заңдылықты.2) Жүйелілік қоршаған дүниеде сансыз көп байланыстар ретсіз емес бір тәртіпте болады дегенді білдіреді. Осы байланыстар тұтас жүйе құрады, онда олар иерархиялық тәртіпте орналасады. Оның арқасында қоршаған дүниеде ішкі мақсатқа сәйкестілік бар. 3) Себептілік – біреуі екіншісін тудыратын байланыстардың болуы. Қоршаған дүниенің нәрселері,құбылыстары, процестері бірдемемен шартталған, яғни немесе сыртқы, немесе ішкі себебі бар.Себеп салдар туғызады, ал мұндай байланыстар себепті-салдарлы деп аталады.Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі бүкіл бардың, тіршілік ететіннің қозғалысы мен дамуының ішкі қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Санның сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,процестің бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан, көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның бәрі. Терістеуді терістеу даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын сипаттайды. Дүниеде ешқандай зат, құбылыс немесе процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде (на «голом» месте) пайда болмайтыны белгілі. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде пайда болады, яғни жаңа ескінің негізінде пайда болады.Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңаескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді.

 

38. Жаңа технологиялар мен біздің табиғатқа сай «әлеуметтік сұраныс»

Жаңа технологиялар уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбестей қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде. Әлемдегі ең алпауыт компаниялардың қатарындағы алғашқы орындар АҚШ және Жапон комапанияларына бұйырады.Жаңа технологиялардың арасынан дисктердің даму процесіне көз салсақ, өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы IBM 3380 Disc Sysytems құрылғысының ақпарат сақтау қабілеттілігі небары 2,5GB болды. Ал қазіргі күндердегі бір ғана MicroSD Card-тардың сыйымдылығы 32GB. Сыйымдылығы жағынан көлемі жағынан да бағасы жағынан да екеуінің айырмасы ”жер мен көктей” деңгейде.Жаңа технологияларр күннен күнге дамып келе жатыр.Себебі неше түрлі техника атап айтқанда компьютерлердің әртүрлі түрлері,әртүрлі программалар жаңаруда.Табиғатқа деген әлеуметтік сұраныс дегеніміз адамның күнделікті өміріне қажетті заттар.Мысалы біз табиғаттың өнімдерін пайдаланамыз.Су,ауа,жылу бәрінде табиғаттан аламыз.Жануарларды азық ретінде пайдаланамыз.Бірақта табиғаттың байлықтарын орнымен пайдаланып,болашақтыңда қамын ойлау керек.

 

 

39. Б. Спинозаның монистік онтологиясын философиялық талдау. Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1.субстанция мәселесі;

2.таным теориясы;

3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Спиноза теориясының мәні мынада:1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;4.Табиғат – Құдай – бір;5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;6.Құдай Табиғаттың ішінде;7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;9.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның – Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;10.модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі – біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:1.тіршілік етеді;2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);

4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;5.уақыт пен кеңістікте шексіз;6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);7.қозғалыссыз..Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады;6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол;7.бостандық – бұл танылған қажеттілік.

 

 

40. Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын анықтаңыз. Қозғалыс-материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалыс туралы концепциялар: Метафизикалық концепция, Диалектикалық концепция,

Қозғалыс – объектінің кеңістік ауысуы,Қозғалыс – бұл кез келген өзгеріс,Қозғалыс – материяның тыныштыққа қарама-қарсы жеке қасиеті,Қозғалыс – материяның Атрибуты,Қозғалыс – сыртқы әсердің нәтижесі,Қозғалыс – қайшылықты: қозғалыстың қайнар көзі ішкі және сыртқы қайшылықтар. Материя қозғалысының формалары: Әлеуметтік – қоғамның дамуы:индивидуум мен социумның сан алуан көріністердегі материалдық және рухани өмірі.Бұл жоғарғы ең күрделі формасы. Биологиялық – зат алмасу, көбею,тұқым қуалау, бейімделу, өсу,регенерация,ептілік, табиғи сұрыптау, биоценоз және басқалары. Химиялық – химиялық реакциялар (органикалық емес және органикалық), геологиялық процестер және басқалары. Физикалық – элементарлық бөлшектердің қозғалысы, ядролар және атомдар ішіндегі процестер, электричество, өрістер, оптикалық процестер және басқалары. Механикалық – қарапайым ауысу, кеңістікте объектінің орнының өзгеруі.Механикалық төменгі ең қарапайым формасы.Қозғалыс типтері: Сапалық –материяның өзінің өзгеруі, ішкі құрылымының қайта құрылып, жаңа материалдықобъектілердің және олардың жаңа сапаларының пайда болуы. Динамикалық қозғалыс – ескі форма шеңберінде мазмұнның өзгеруі, бұрынғы материалдық формалардың «потенциалының, мүмкіндігінің ашылуы». Популяциялық қозғалыс –объект құрылымының түбірлі өзгеруі, ол жаңа объектінің пайда болуына, материяның бір формадан өзге формаға өтуіне әкеледі. Популяциялық қозғалыс эволюциялық түрде де, сол сияқты «эмержменттік» (ештемемен шартталмаған «жарылыс») түрде де жүруі мүмкін. Мөлшерлік – материя мен энергияны кеңістікте өрістету.

 

41. Жаттанудың осы замандағы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.. Жаттану — кейбір демократиялық емес қоғамдардағы адамдардың өздері жасаған, өз іс-әрекеті туындыларының өздеріне үстемдік етуін, өздеріне қарсы тұратын жат күшке айналуын білдіретін философиялық категория. Жаттану адамдардың қоғамдағы өзара қатынастарының, олардың практикалық қызметтерінің сол адамдардың өздерінің қатынастары емес, қоғамдағы заттардың қатынастары болып көрінуі. Жаттану — қоғамдағы еңбек бөлісінің қарама-қайшылықты дамуының нәтижесі. Қоғамдағы еңбек бөлісінің мұндай дамуы оның көптеген салаларын бір-бірінен алыстатып, тіпті әуел бастан бұл салалардың әрқайсысы дербес процестердей сипат иеленеді. Оқшауланған әрекеттер атқаратын адамдар да ортақ істерге өз ісіндей қарамайды. Ортақ істер әркімнің ұмтылатын мақсаты болудан қалып, адам әрекеті тек өзіндік, тек өзіне ғана керек мақсатқа жетудің құралына айналады. Яғни, мұндай қоғамдағы жалпы процесс адамдардың өз іс-әрекеттерінің жемісі болып көрінбей, керісінше, өз мүддесі үшін адамдарды пайдаланатын, оларға жат қозғалыс болады. Адамдар субъект емес, объектінің функциясын атқарады. Өзіне қызмет етуге жаратылған нәрсенің өзіне үстемдігін нығайтуды адамдар өз өмірінің түп мәніне айналдырады. Материалдық байлық адамға қызмет үшін емес, керісінше, байлық үшін өндіріле бастағанда кері айналу немесе “затқа айналу” процесі жүреді. Қоғамдағы субъектілерді дәнекерлеуші орган болып табылатын мемлекет те бәріне қызмет істейтін органнан енді бәрін өзіне қызмет еткізетін органға айналады. Ол енді адамдардың бәрінің ортақ ырқына бағынудан бәрін өзіне бағындыратын ырықтың өзіне, яғни ешкімнің ырқы емес ырық болып өзгеріп, бастапқы қатынас кері айналады. Адамдардың бәрінің ортақ ырқының орнына тек ырықтың өзінің ырқы шығады. Тарихтағы абсолюттік монархия, фашистік және кеңестік саяси құрылыстар осындай жаттанудың немесе адамның өзіне жат болған оның басқару функциясының түрлері болып саналады.

 

42. Гносеологияның негізгі мәселелерін анықтау және талдау.

Гносеология – айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis – білім, таным) – философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін терең зерттейді. Жалпы, ойлауды- сезiмдiк және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Баланың психикасын зерттеушiлер, ұғымдық ойлаудың алдында, оның ерекше формалары (көрнекi-iскерлiк және көрнекi-бейнелеу) қалыптасатының дәлелдейдi.

Ойлау бұл адам миының табиғи функциясы. Ол қатан тұрғыдан индивидуалды. Бiр адамның ойлауы басқа адамның ойынаң мүлдем басқаша, бөлек болып келедi. Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа өтуiнде. Адамның ойлары мәдениет жемiсiнде объективтендiрiледi. Ойдың генезисi- ойдың сөзге немесе затқа, сөздiн заттық ойға өтуi. Қазырғы заман әдебиетте келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интелектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiнде ашып көрсетедi. «Таным» деген не?, «Білімді қалай алуға болады?» деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

 

43. Әлеуметтік болмыстың ерекшелігіне сипаттама беріңіз. Әлеуметтiк болмыс - бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат, ойлай алатың, “пiкiрiн айта алатың” (Кант). Оның екi қырлығы оның болмысың айқындайды. Адам – бұл шынында да “ойлай алатың” зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатың, өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатың, өз iстерiне баға берiп рны өзгерте алатың, өзiнiн денесi мен рухын дамыта алатың жан.

Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.

Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.

Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл-адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.

44. Позитивизм «өлшенбейтін ұғымдардың барлығы ғылымға жатпайды» деген ұраннан басталды.Осы тұжырымдама қай жағынан дұрыс,қай жағынан бұрыс. Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт. Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сейлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарыңца пайда болган субъективтіё-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға жоне ғылым дамуының жаңа деңгейіне сөйкес өрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) жоне Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедсргі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді.

45. Шығыс философиясындағы болмыс туралы ілімдердің ерекшелігіне сипаттама беріңіз Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.

3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.

Оның негiзгi белгiлерi: 1) мәнгi-әлем болды, бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта тудырып отырады; 2) шексiз- әлемнiң шетi де, шегiде жоқ; 3) бiртұтас- әлемнiң бiртұтастығы оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ олар жеке-жеке емес, өзара байланыста, белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында екендiгiнде; 4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi- табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың бәрiне ортақ нәрсе-олардың “бар” екендiгi, өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi әр қилы болғаны мен олар бар болуы арқылы шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн құрайды; 5) өзгермелiгi- дүниеде бар болатының бәрi үнiмi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте болуы; 6) объективтiлiгi- айнала қоршаған әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып, бұл дүниенiң өмiр сүрүiнiң iштей логикасы бар, ол адам санасында нақты бейнесiн таба алады.

46. Сана мәселесін философиялық талдау. Сана – философиядағы ең күрделі, осы күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан мәселенің бірі. Сана проблемасында әлі көп

көмескілік және жұмбақтылық бар. Бұл оның табиғатының ерекшеліктерінен, ұғымының кеңдігінен, құрылымы, атқаратын функциялары, адам мен қоғам өміріндегі маңыздылығынан туындап

отырған жайт. Сана – бейнелеудің ең жоғарғы деңгейі. Материалистік концепция бойынша сана – бұл жоғары ұйымдасқан материяның материяны бейнелеу қабілеті. Ол объективтік дүниенің

субъективтік бейнесі. Сана іштен туған қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін де қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми –оның мекені. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл - өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. «Сана» деген терминнің өзі бір мағынада қолданбайды.Біріншіден, ол адамның ерекше психикалық қабілетін, екіншіден, адам осы қабілетті көрсететін күй-жағдайды, үшіншіден, сананың мазмұнын, төртіншіден, әлдебір басқарушы механизмді білдіреді. Сананың жалпы қасиеттері: субъектілік,пәнділік(мазмұндылық),белсенділік,интенционалдық,рефлективтілік,

Объективтенушілік,«лингвистикалықжабдықталғандық»,Идеалдық: Субъективті реалдылық(шындық);Идеалдық бейнелер дүниесінде материалдық объектілердің заңдары жұмыс істемейді;Идеалдық бейнелер материалдық объектілердің қасиеттеріне ие емес (шар идеясы дөңгелек емес). Сананың құрылымында шартты түрде төрт құралымдықтарды бөлуге болады. Біріншіден, сенсорлық (сезімдік) және перцептивтік (қабылдау) қабілеттер арқылы адам қоршаған дүние және өзі (физикалық,

материалдық дене ретінде) туралы алғашқы тікелей мағлұматтар, білімдер алады. Екіншіден, сананың құрылымында логикалық – ұғымдық қабілеттерді пайдаланатын ойлау қызметін бөлуге болады. Бұл

тікелей сезімдік мағлұматтардың шегінен шығып, объектілерді мәнділік тұрғысынан және олардың даму заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік береді. Үшіншіден, санада эмоциялар мен жігерлік (еркіндік,

қайраттық) сапаларды қамтитын құралымдықты да бөлуге болады.Олар сыртқы дүниемен тікелей байланыста емес. Сананың бұл сферасы тұлғаның толғауларын, естеліктерін, сезімдері мен көңіл

күйін, әртүрлі эмоцияларды (қорқу, уайым, қуаныш, реніш, сүю, жек көру, ләззат, жеркену және т.б.) қамтиды. Төртіншіден, сананың бұл құралымдығы қызметтің (іс- әрекеттің, жүріс-тұрыстың) жоғары мотивтерін, рухани идеалдар мен құндылықтарды, сонымен бірге оларды қалыптастыру және

түсіну қабілеттерін қамтиды. Құндылық – мағыналық бағалаусыз адамның заттық қызметі (предметная деятельность) өзінің парасаттылығы мен мақсаттылығын жоғалтар еді, жануардыңрефлекторлық жүріс- тұрысынан аса көп айырмашылығы болмас еді.

47. Материяның атрибутивтік концепциясын талдау.. Материя (лат. materia – зат) категориясы философияға объективтік реалдылықты, шындықты белгілеуге енгізілген.«Материя» категориясы – бұл абстракция. Жалпы адам, жалпы өсімдік, жалпы құс, жалпы оқу мекемесі және осы сияқты жоқ болғандай, жалпы материя деген де жоқ. Сонымен бірге материяны оның белгілі бір нақты түріне – заттардың бөлшектеріне, сезіммен қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз – кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің (системалардың) сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады.Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты» белгілеу. Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері).1)Қозғалыс-жалпы кез келген өзгеріс,қозғалыс абсолютті,тыныштық салыстырмалы (тыныштық моменті).2) Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация)- материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін өзі жасауы,жетілдіруі,қайтадан өндіруі(синергетика).3) Кеңістік пен уақытта орналасуы-бар объектілердің орналасу тәртібі,олардың созымдылығы, бірін-бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы. 4) Бейнелеуге қабілеттілік-Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу(сыртқы әсерге

жауабы)

 

48.И.Канттың таным теориясын талдаңыз. Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды. Сыншылдық кезеңі – Кант философиясынан басталады. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шең-берінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті. Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: «адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуu

Date: 2016-11-17; view: 941; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию