Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тәсіл және методология мәселесі.Методологияның деңгейлеріне сипаттама беріңіз.





Методология мәселесі барлық ғылымдарға маңызды. Қазіргі ғылымда методолгия термині грек тілінен «танып білуге жол» дегенді білдіреді және ғылыми білімдердің 3 денгейін көрсетеді.1. Жалпы методология- бұл жалпы принциптердің қосындысы. Жалпы методологияға әртүрлі философиялық құрылымдар кіреді.2. Жеке методология- жеке принциптер құрылымы, нақты білім аймағында қолданылады.Әрекет принціпі үлгі болады. әлеуметтік психологияда бұл принцп адамдардың бірлескен іс-әрекеті ретінде түсіндіріледі. Және бұл кезде ерекше байланыстар түзіледі. Іс-әрекет субьектісі ретінде коллектив іс-әрекет субьектісі бола алады. Бұл принціпті қолдану арқылы коллективтегі іс-әрекет субьектісінің аттрибуттарын зерттеуге болады.(қажетілік, мотив, топ мақсаты 3. Методологиялық қолданыстар- Т.В.Каркилова бойынша бұл- зерттеудің көптеген әдістемелері,теориялар.Әдіске және әдістемелерге бөлінеді.Әдіс-зерттеу стратегиясы болады. Әдістеме техника мен эмпирикалық анықтамалардың фиксация әдістері.Әдістерді жалпы және арнайы методологиядан бөліп қарауға болмайды.Бұл аббстрактілі емес.Бір әдістер мен әдістемелер әртүрлі методологиялар негізінде қолданыла береді..Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа бөліп қарастыруга болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.Зерттеу әдістері өзі – мәліметті(ақпараты) жинау және оны өңдеу болып екі топқа бөлінеді.Мәліметті жинау әдістеріне: бақылау, құжаттарды қарастыру, өңдеу, (оған контент анализ де кіреді), әр түрлі сұрау әдістері. (саулнама, интервью) тестілер (сынақ), оның ішінде не көп тараған социометірлік тест (әлуметтік өлшем) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық)..Бақылау әдісі. бір маңызды жағдай-бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болганымен, бұл мәселе аяғына дейін шешілмеген. Құжаттарды қарастыру- өңдеу әдісі үлкен маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің өнімдерін талдауға болады. Әдістің субьектіленген (зертеушінің дара психикалық қасиеттері) қарастыру үшін ерекше «контент-анализ» тәсілі («мазмұнды талдау») енгізіледі.

Сұрау әдістері (сұрақ-жауап) көптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен топтады зерттеуде анкеталар (сауалдама) және интервью пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық проблема- сұрақтарды дұрыс құрастыра білу өнеріне байланысты. 1 шарт –сұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетті мәліметті алу және оның неғұрлым сенімді болуы.Әр бір сұрақты құрастыру, оларды белгілі ретпен орналастыру, бөлек блоктарға орналастыру және т.б көптеген ережелер бар..Ерекше үлкен проблема- интерьвюді қолдану, бұл жерде интервью (сұрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші)арасында өзара әсерлесу пайда болады, осы жағдайдың өзі де әлеуметік- психлогиялық құбылыс..Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі зертеу әдістерінің бірі. Экспериментің негізгі екі түрі бар: табиғи және лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелер:

1) Эксперименттатордың тәуелсіз айнымалы шараларды енгізуі мен оны бақылауы және тәуелді шаралардыдың өзгеруін байқауы.

2) Эксперементік және бақылау топтарын бөліп қарастыру шарты жатады.

 

 

14. Эволюциялық теориялардағы антиномиялардың философиялық интерпретациясын беріңіз және шешу жолдарын көрсетіңіз. Гайдельберг - неміс философы, жаңа кантшылдықтың Баден (Фрайбург) мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Берлинде, Страсбургте, Цюрихте және Фрайбургте неміс әдебиетін, тарихын, экономикасы мен философиясын оқыды. Фрайбургте

В.Виндельбандтың жетекшілігімен "Дефиниция туралы ілім" тақырыбына диссертация

қорғады. Страсбург (1888-1891), Фрайбург (1891-1915) және Гайдельберг (1916 жылдан) университеттерінде философиядан дәріс берді. Оның философиялық көзқарастары үлкен эволюцияға ұшырады, соның салдарынан ондай көзқарастар өзінің рухани сүйенері - И. Канттың идеясы шегінен жиі шығып кетеді, демек ол бүл орайда біресе фихтеандық, біресе жаңагегельдік, енді бірде оның бастапқы құрылымдары мен феноменологиясының өзіндік синтез нысанына ауысып отырады. Г.Риккерттің негізгі шығармалары: "Трансцендентальды философияға кіріспе. Таным пәні" (1892), "Ұғымдарды жаратылысты ғылыми түзудің шекаралары" (1896), "Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар" (1899), "Өмір философиясы" (1903), "Тарих философиясы" (1905), "Предикаттардың логикасы және онтологияның проблемасы"(1930), "Философиялық әдіснаманың, онтологияның және антропологияның негізгі мәселелері" (1934) және т.б."Философия жүйесі" шығармасының бірінші томы 1921 жылы жарық көрді, ал қалғандары

аяқталмай қалды. Табиғат туралы ғылымдар және мәдениет туралы ғылымдар

Эмпирикалық ғылымның бір жағынан теологтар мен заңгерлер, тарихшылар мен

филологтар, екінші жағынан тап сондай дәрежеде мүдделі физиктер мен химиктер,

анатомдар мен физиологтар, биологтар мен геологтар болып екі үлкен топқа бөлінуіне

байланысты қазіргі кезде жеке ғылыми саланы зерттеумен айналысатын ғалымда да,

философ сияқты, пікір қайшылығы болмауы тиіс. Бірақ сонымен бір мезгілде жаратылыс зерттеушісі олардың арасында жалпыға ортақ нәрсе бар екендігін мойындайды, басқа топтың өкілдерінде, әсіресе егер жекелеген ғалымдардың пікірлерін айтқанда, олардың бірлескен қызметі үшін ортақ атауды бірден таба қоюға тіптен мүмкін болмайтындай көрінеді. Мынадай сұрақ туындайды: сондай жалпыға танымал және барлығы қолданылатын атаудың болмауы толықтай айқындалған ұғымның болмауының кері жағы емес пе. Сондықтан бұдан кейінгі талқылаулардың мақсаты жаратылыс емес – ғылыми пәндердің жалпы мүдделерін, міндеттері мен әдістерін айқындайтын ұғымның дамуына, және жаратылыстану әдістерінен оларды шектеуге қатысты болмақ. Менің ойымша, бұл ұғым мәдениет туралы ғылым терминімен жақсы бейнеленеді. Мәдениет туралы ғылым деген не, және ол табиғатты зерттеуде қандай қатысы бар?

Бұл сұраққа жауап бермес бұрын, мұндай талпыныс жалпы алғанда қандай мәнге

байланысты бірқатар ескертулерді ойластырып алу керек. Біз бұл арада логиканың,

дәлірек айтқанда, әдіс туралы ғылымды баяндау немесе ілімнің бір бөлігімен ғана

айналысамыз, бізге жекелеген жаратылыс немесе мәдени-ғылыми пәндердің айырықша

мазмұны мүлдем қатыссыз болады. Оның соңғысы арнайы ғылыммен айналысатын болды.

 

 

15.Сана және бейсаналық сфера арасындағы байланысты талдау.Сана адамның психикалық процестерін, қасиеттерін және көңіл-күйін білдіретін жалғыз ғана деңгей емес. Адам қабылдап және оның жүріс-тұрысына ықпал жасайтынның бәрі бірдей жете түсінілмейді. Санамен (саналықпен) қатар бейсаналық (санасыздық) бар. Адам кейбір жағдайларда санасыз іс-әрекеттер жасайды, бұларға инстинктивті, «автоматты» (дағдылы) т.б. іс-әрекеттер жатады. Мысалы, адамның жүріс кезінде аяқ алуын (алмастыруын), велосипед педалін айналдыруын, мәтінді оқымай қол қоюын т.б. айтуға болады.Кең түрде бейсаналық проблемасымен З.Фрейд (Австрия), К.Юнг (Швейцария) және т.б. шұғылданды. Бейсаналық – бұл адамның жүріс-тұрысына әсер ететін, бірақ ол өзі жете түсінбейтін, автоматты, спонтанды байқалатын құбылыстар, үдерістер, қасиеттер және көңіл-күйлер. Бейсаналық бастама, түптеп келгенде, адамның барлық психикалық үдерістерінде, көңіл - күйлері мен қасиеттерінде орын алады. Осы ретте адамда бейсаналық ес (жады), бейсаналы ойлау, бейсаналық мотивация,бейсаналық түйсіктер және т.с.с. бар деп айтуға болады.Тұлғадағы бейсаналық:қателер,ұмыту,түстер_көру,қиялдар,армандар,кенет ұмтылыстар,екпін,инсайт.

16. Ақиқат ұғымы және оның критерилерін беріңіз. Ақиқатты процесс ретінде қарастыру мәселесін талдау. Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады. Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”) қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психол. ахуалы деп талқылайды. Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.

 

17. Абстракциядан нақтылыққа өрлеу тәсілін қай нақты ғылымдардың қалыптасу тарихынан айқын көрсетуге болады. Сан – заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біздерге сан – абстракция, ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық ой шеңберінде – сан – ол шындықтың алғашқы негізі, ол заттардың “фюзисі² – яғни табиғаты. Гегельдiң философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам Абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық құбыжық² қана. Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде бiз Кьеркогердiң идеяларына қайтып ораламыз. Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк көзқарасқа Шопенгауер Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiренiстерiн қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негiзделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым - белгiлi бiр абстракциялық негiзден шығарылатын бiлiм жүйесi, ал тарих философиясы - рухтың дүниеге келiп дамуын суреттейтiн iлiм ғана емес. Ғылымның негiзiнде Дүниеде белгiлi бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр

 

 

18. Эволюцияның синергетикалық парадигмасының ерекшелілігіне сипаттама беріңіз. Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады. Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі бүкіл бардың, тіршілік ететіннің қозғалысы мен дамуының ішкі қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Санның сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,процестің бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан, көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның бәрі. Терістеуді терістеу даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын сипаттайды. Дүниеде ешқандай зат, құбылыс немесе процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде (на «голом» месте) пайда болмайтыны белгілі. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде пайда болады, яғни жаңа ескінің негізінде пайда болады.Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңаескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді.

19. Бөлшек және біртұтас жүйе арасындағы байланысты талдау. Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты - қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру. Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы. Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді. Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады. Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады. Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік – географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек. Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету. Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.

20. Қазіргі ғылымдағы эфир,кварк сияқты ұғымдар қай мағынада өмір сүреді:ешуақытта бақыланбайтын реалдылық ретінде ме;әзірше көрінбейтін реалдылық ретінде ме;немесе ойдағы шартты конструкция ретінде ме?.Философиялық талдау. Эфир деген ұғым қазәргі таңда химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады, яғни эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады. Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген. Ал, кварктар қазіргі кезеңдегі ең кіші зат бөлшегі; күшті, әлсіз, электромагниттік және гравитациялық әсерлесулер Әлемдегі барлық объектілердің құрылысы, қозғалысы және дамуы үшін қажет. 1981 жылы академик Ж.С. Такибаевтың жетекшілігімен ядроның кварк-глюондық құрылымы, күшті әсерлесуге түсетін бөлшектердің соқтығысу механизміне байланысты мәселелер және олардың құрылымы қарастырылады, ядролық фотоэмульсия әдісімен атом ядросының құрылымы зерттелінеді. Оған қоса, энергияның жаңарған көздері саласында және оны алудың дағдылы емес әдістері бағытында зерттеулер орындалды. Кафедраның зертханаларында заттармен сәулелердің әсерлесу құбылыстарына іргелі зерттеулер жүргізілді.

21. Экзистенциализм: негізгі принциптері және бағыттарына сипаттама беріңіз.

Экзистенциализм – антропологиялық бағыттағы мектептердің ең беделдісі. ХХ ғ. 20 жылдарынан бастап, дәлірек айтсақ бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан ағым. Экзистенциалистердің негізгі тақырыбы – адам болмысы, оның өмірінің мәні, күнделікті тіршілігі, адамның тұлғалық қасиетінің бірегейлігі, оның ішкі сезімімен қоршаған өмір арасындағы қайшылық. Дәстүр бойынша осы философиялық бағытқа М.Хайдеггер, К.Ясперс, Г.Марсель, Ж.П.Сартр, А.Камюді жатқызады. Экзистенциализмнің діни бұтағын К.Ясперс, Г.Марсельді, ал атеистік деп М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр А.Камюді атайды.Экзистенциализмнің негізгі ұғымы – экзистенция. Экзистенция – тұлғаның ішкі рухани тіршілігі, оның терең негізі. Бірақ, адамдар күнделікті күйбің тіршілікпен алданып оған мән бермейді. Тұлғаның жасырын қасиеттері қиын – қыстау жағдайда, өмір мен өлім қыспағында қалғанда ашылады. Экзистенциалистер адам болмысын түсіну және ғылыми ұғымдар тілімен жеткізу мүмкен емес дейді. Адамның еріктілігі – таңдай білуде, жауапкершілікте. Таңдау деп күнделікті өмірде, не киінем, не жеймін дейтін таңдау емес, адамның болашақ тағдырына байланысты таңдау. Ондай шешімді Сартр экзистенциалды таңдау дейді. Тек оның жеке басының шешімі ақиқат шешім болады да, тек сонда ғана ол «экзистенцияны» жүзеге асыра алады. Осыған байланысты мынадай бір мысал келтіруге болады.Францияны Гитлерік Германия оккупациялаған кезде фашистер бір жас француздың шешесің атып тастайды. Шешесінен айырылған жас француз Ж.П.Сартрға келіп, мен енді не істеймің, дейді. Сартр, өзің қандай шешімге келдіңіз деп сұрайды. Менің шешімім, қарсыласу қатарында қалып немістерден кек алу, дейді жігіт. Олай болса сөйтініз, дейді Сартр. Бірақ, дейді жігіт, немістер өш алу үшін ағаларымды атып тастауы мүмкін, сондықтан Англияға өтіп кетемін бе деген тағы бар шешімім бар. Жақсы, онда Англияға өтіңіз дейді Сартр. Дегенмен, дейді онан әрі жаңағы жас жігіт, Ламанштан өтіп бара жатқанда немістер мен жүзіп бара жатқан кемені батырып жібере ме деп те қорқамын. Ендеше сізге Францияда қалу керек дейді Сартр. Адам өзінің тағдырын өзі шешеді өзін жасайды деген принцип экзистенциализмнің негізгі принциптерінің бірі. Экзистенциализм философиясының кейбір өкілдеріне қысқаша тоқталайық: К.Ясперс (1833-1969) – неміс ғалымы және философы. Экзистенциализмнің діни бағытын ұстанған. Ясперс философиясының өзегі – «шекаралық жағдай» (пограничная ситуация) – ауру, өлім, қасірет және басқадай адамның басына төнген ауыртпашылықтар. Оның пікірінше адам табиғат және қоғамның объективті заңдылықтарын игеруге дәрменсіз, тым әлсіз. Өмір ағын, алмасып, өзгеріп отырады. Адам өмірінің шегі бар. Күнделікті күйбің тіршілікпен алданып, адам өзінің өткінші екенің және келешекте өлім күтіп тұрғаның есінен шығарып алады. Тек «шекаралық жағдайдың» қыспағында қалғанда. Өліммен өмірдің не екені туралы ойланғанда адам өзінің тұлғалығын сезеді. Осындай ситуациядан шығудың жолы трансцендентальды – жоғарғы болмыспен яғни құдаймен бірігу. Құдаймен бірігу арқылы адамның жасырын мүмкіншіліктері сыртқа шығып өмірдің құрсауынан құтылады.М.Хайдеггер (1889 - 1976) – неміс философы. Философтың қойған негізгі сауалы – болмыстың мәні адамның іс - әрекеті арқылы ашылады. Егер адамның өмірінде өлімге бағытталған болашақ басым болса, онда адамның болмысы нағыз тіршілік. Егер адам бүгінгі күнмен (қазір, осында) өмір сүрсе, онда оның болмысы нағыз болмыс емес, өйткені ол «заттар дүниесінең немесе әлеуметтік ортадан шыға алмай өзінің бет – бейнесінен, тұлғалық қасиетінен айырылады. Жалған болмыстың адамы көпшіліктің арасынан суырылып шығуға талпынбайды, өйткені өзінің қимыл – қылығы үшін жауап беруі керек. Жалған болмыстың адамы өзінің келешегін көрмейді, «тобырдың» психологиясынан айырылғысы келмейді». Экзистенциализм – рухани өмірдің өте күрделі және қайшылығы мол қубылысы. Оған бір нақты баға беруге болмайды.

 

22. Ғылым ұғымы және құрылымын философиялық талдау. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады.Ғылым – мәдениеттің анықтаушы қосалқы жүйелерінің бірі. XXI ғасыр басында оның 800-ден астам анықтамасы болды, сондықтан "ғылым" ұғымын қайта тұжырымдау процесінде туындаған қиыншылықтар заңды.Альберт Эйнштейн, ғылым – бұл сезімтал әлемнің "ретсіздік көп түрлілігін" «ойлаудың бірыңғай жүйесіне» сәйкестендіруге ұмтылыс, - деп бейнелеп суреттеген.. "Science" (ғылым) және "scientist" (ғалым) терминдері ХХ ғасырдың бірінші жартысында еуропалық университеттік практикада тұжырымдалды, олармен математика, физика және химия және басқа жаратылыстану ғылымдар саласындағы қызмет белгіленді. Әлеуметтік ғылымдар саласындағы қызмет үшін кейінірек "social science" термині пайдаланыла бастады.Генезис процесінде және ғылыми білімді дамытуда оның жіктелуіне көңіл аудару. Позитивизм өкілі О. Конт, ғылымды дамытудың «үш сатысы» доктрина-сын, атап айтқанда теологиялық, метафизикалық және позитивті доктринасын ұсынды, бұл ретте оның пікірі бойынша белгілі ғылымдардың әрқайсысы белгіленген сатылармен біртіндеп өтеді. Сәйкес сатылардан тек қана жаратылыстану ғылымдары, астрономия, физика, биология және т.б. ғана емес, сонымен бірге гуманитарлық ғылым – социология да өтеді.Гегель ғылымды (философияны) терең жіктеуді ұсынды. "Нақты философия" оларды "табиғат философиясы" және "рух философиясына" бөледі. "Табиғат философиясына" механика, физика, органикалық физика енгізіледі. "Рух философиясы" "субъективті рух" - антропология, феноменология, психо-логия; "объективті рух" - құқық, мораль, адамгершілік және "абсолюттік рух" - өнер, дін, философия деп бөлінеді.. Ғылым - өркениет негізін құрайтын мәдениеттің базалық элементтерінің бірі болып табылады, ғылымды дамыту деңгейі және сипаты тарихи процесс динамикасында әлеумет мәртебесін көрсететін, маңызды фактор болып табылады. Ғылымды дамыту - өркениеттің позитивті динамизмінің критерийі.Дүинетанымдық функция. Ғылымның жиынтықты дамуы объективті шындыққа мақсатқа сай келуін анықтайтын принциптер, сенімдер және түсініктер жүйесі ғылыми дүниетаным негіздеулерін қалыптастырады. Ғылыми көзқарас жалпыланған түр шегінде адамның (субъектінің) табиғатқа (объектіге) деген ұтымды қатынасымен байланыстырады.Әлеумет дамуының кезеңдерінде ғылымның сол немесе өзге функциялары басымдылық береді. Акцент антикалық кезеңде оның дүниетаным функция-ларына – дүниетанымның стихиялық диалектикалық нысандарына; орта ғасыр кезеңде оқыту функцияларына жасалды, бұл кезеңде ғылым негізінен универси-теттерде шоғырланды; Жаңа уақыт жағдайында – ғылымның зерттеушілік функциясы дамыды, қазіргі замандағы ғылыми білімнің қалыптасуы жүрді.

23.Классикалық және бейклассикалық ғылымдардың айырмашылығын көрсетіңіз. «Неміс классикалық философиясы». И. Кант фил-сы.Философиялық сөздікте классика деген ұғымға – сlаssіcus (латынша) – тыныштыққа, салмақтылыққа, реттілікке, айқындыққа, үйлесілімділіккё үмтылу; үлттық және әлемдік мәдениет үшін баға жетпес қүндылық бо-лып есептелетін ең озық, үлы туындылар, классика қызуқандылыққа, рет-сіздікке, қараңғылыққа қарама-қарсы деген анықтама берілген. Неміс философиясына классикалық атауының берілуі оның дүниежүзілік философия тарихында алатын орнының аса маңызды, көрнекті екенін көрсетіп түр. Сөз жоқ, неміс классикалық философиясы – тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар. Неміс классикалық философиясының әлеуметтік-мәдени алғы шарттары: Германия үшін ХVІІІ-ғасыр – Агартушылық Дәуірі. Ағартушылар соқыр сенім-наным, фанатизмге, халықты алдауға бітіспес күрес жүргізді. Ағартушылық өкілдерінің басым көпшілігі осы мектептен өтті. Мысалы, Кант авторитеттер деген жоқ, жаңа кезеңнің уақыты туды, қайшылықтарды көрсете отырып, біржақтылықтан арылу қажет, жаңа шешім беру, бірақ жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, жеңу емес, бітімге келтіру керек деп жариялады. Философияның басты объектісі – адам, оның ақыл-ойының мүмкіндіктері мен шекарасы. М.Әуезовтің өзі: «Канттан бергі философия көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ*»,- деп. оның философиясын үлкен көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз. Қорыта айтсақ Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ілшіндегі еркіндік, әсірссе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты.

ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, бебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Постмодернизм – монизм философиясын терістеп, плюрализм фи-лософиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913).

ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі – неотомизм, немесе жаңа томизм – католик шіркеуінің философиясы, қазіргі заманы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана мес. бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм орта ғасырың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген.

24.К.Поппердің ғылым философиясының ерекшелілігін философиялық талдау. К.Поппер бойынша «кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза». Осы тұжырымдама дұрыс па? К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады. Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек. Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші. Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет. Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек. Егер теория жоққа шығарылмаса, оны ғылым дей алмаймыз. Фальсификация принципінде кейіннен сынға ұшырайды. Теорияны жоққа шығару – оны фальсификацияға ұшырату емес, фактілерді жақсы түсіндіре білетін басқа теориямен ығыстыру. Осы мақсатпен ғылымды эмпириялық және теориялық деңгейде ғана қарастырмай,ғылымилықтың мазмұнды нормаларын беретін метатеориялық деңгейде де қарастыру керек деген ұсыныс болды.

25. Ақиқат бар ма:объктивті реалдылық ретінде;немесе анықтама бойынша берілетін шартты конструкция ретінде;немесе жоқ па?.Философиялық талдау. Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады. Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады. Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады.. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды. Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психол. ахуалы деп талқылайды. Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.

 

 

26. Ғылыми – техникалық дамудың бағыттары мен приоритеттерін анықтаңыз. Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі.. технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы,материалдар,технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы..Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ;әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрднлі процесс. Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын пайдалады.Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді.Бертін келе от жағу пайда полды.Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш революциялық қадам еді.Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне айналды.Тас,қола,темір «ғасырлары» атағына ие болған әр түрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана энергетикалық күшке негізделіп дамыды. Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс әдістері елеулі табыстарға жетті.Олардың қозғаушы күштері сол кездегі мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі.Жаңа технология,техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді.Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа қоғам-капиталистік қоғамның талаптарына сай келмеді. Капитализмге мүлдем басқаша технологиялық өндіріс әдістері қажет болды. Ол тек қанаеңбек құралының дамуының жаңа сапалық белгілерімен, ірі машиналы өндіріске жетудің жолдарымен белгіленеді. Қазіргі әр алуан, көп нұсқалы негізге сүйенген жаңа технологиялық өндіріс әдісі- фабрика дамуының түпкі жиынтық нәтижесі. Ғылыми- техникалық прогресте осы фабрика дамуының сапалық қорытындысы.Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай? -ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті; -ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. -қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірі- микроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды.. Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді..Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал. Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

27.Синергетиканың философиялық және методологиялық мәнін ашыңыз. Синергетика (грек, synergtikos - біріккен әрекет) — пән аралық сипаттағы ғылым саласы; күрделі жүйелердің өзін-өзін ұйымдастыруы туралы ғылым, синергетикалық әдісті саяси ғылымда қолдану саяси өмірде өзін-өзі ұйымдастырудың күрделі тетіктерін зерттеуге көбірек көңіл бөледі; тепе-тең емес ашық жүйелердегі кооперативтік құбылыстарды зерттейді. Синергетика ұғымын 1971 ж. неміс физигі Г. Хакен енгізген. Синергетика саласындағы зерттеулер күрделі динамикалық жүйелердегі өзін-өзі ұйымдастыру үрдістерін зерттеумен байланысты. Синергетиканың зерттеу объектісі линейлі емес жүйелер. Шынайы жүйелердің басым көпшілігі де - дәл осы линейлі емес жүйелер.Синергетиканың жаңалығы қазіргі саяси дамудың түрақсыз сипатын білдіруінде. Синергетика негіздері И. Пригожинмен, И. Стенгерспен қаланған. Синергетика тұрғысынан әлемнің сан алуан болуы оның даму шарты, сондықтан саяси құбылыстарды талдауда сан алуан факторларды, саясатқа өмірдің басқа салаларының (экономика, экология, мәдениет, әлеуметтік сала, география, демография) ықпал ететінін есепке алу керек. Синергетика кез келген қарапайымдылықты немесе сан алуандылықтың төмендеуін ғылыми зерттеудегі бүрмалаушылық деп қарастырады. Басқаша айтқанда, синергетикалық әдіс зерттеушіні саяси үрдісті талдауда оның құрамдас бөліктерін талдаудан ғана емес, саясатқа саяси емес факторлар ықпалын да есепке алуын міндеттейді.Синергетикалық әдіснаманың негізін тиімділіктің жаңа түрі құрайды - линейлік емес ойлау немесе синергетикалық тиімділік. Синергетикалық теория өзін-өзі дамытушы жүйелерді ашық жүйе ретінде қарастырады. Диалектика заңдары: қайшылық заңы, санның сапаға ауысу заңы, терістеуді терістеу заңы. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы (немесе қайшылық заңы) бар барлықтың табиғаты бірдей бола тұрып өзара күресте және бір-біріне қайшылықта болатын қарама-қарсы бастамалардан тұратындығын білдіреді (мысалы: күн мен түн, ыстық пен суық және с.с.). Қарама-қарсы бастамалардың бірлігі мен күресі бүкіл бардың, тіршілік ететіннің қозғалысы мен дамуының ішкі қайнар көзін, ескінің жойылып, жаңаның пайда болу себептерін көрсетеді. Санның сапаға ауысу заңы дамудың, даму процесінің ішкі механизмін, тетігін, оның қалай, қайтіп өтуін, дамудағы жаңа сапаның пайда болу логикасын ашып көрсетеді. Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,процестің бірлігін тұтастығын, салыстырмалы тұрақтылығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді. Сан – нәрсе мен құбылыстың есептелу параметрлері (сан, көлем, аумақ, салмақ, мөлшер т.б.), өлшеу мен есептеуге жататынның бәрі. Терістеуді терістеу даму процесінің бағытын, тенденциясын, ілгері басуды, жаңаның пайда болуы мен ескінің кейбір кезеңдерінің қайталануының салыстырмалылығын сипаттайды. Дүниеде ешқандай зат, құбылыс немесе процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде (на «голом» месте) пайда болмайтыны белгілі. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде пайда болады, яғни жаңа ескінің негізінде пайда болады.Жаңа мен ескі қарама-қарсы. Олардың күресі барысында жаңаескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді.

28. Адамның мәні қай мағынада бар:ерекше субстанция ретінде ме;немесе жан ретінде ме;немесе..... Философиялық талдау.. Адам, әлеуметтік топ, я болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниесезімі мен оның іс-әрекет белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын оның қажеттіліктерінің табиғаты неде? Мақсатқа лайықты іс-әрекет деп нені айтамыз? Адамның іс-әрекетінде мақсат-мұрат пен соған жеткізетін құралдардың ара-қатынасы қандай? Адам өзінің іс-әрекеттерінен шығатын Дүниеге тигізетін барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты өзгертуі керек және де сол өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің ара-қатынасы қандай болмақ?, - т.с.с. сұрақтар философияның праксеологиялық мәселелеріне жатады. Ең соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей-теңіз сезімдер, рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз қажет. Ол Дүниенің өзін-өзі танып білу дәрежесіне көтерген ең әсем күш – адам. Адам мәселесі әсіресе ХХ ғасырдағы ойшылардың философиясында аса үлкен орын алды. Адам – кім? Ол рух па, я болмаса дене ме? Ол не үшін Дүниеге келді? Адамның басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, я болмаса басқа рухани пәнделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сұрақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді. Орта ғасырдың ғұлама ойшысы А.Августин айтқанындай “адамның өзі Дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын. Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылардың ойында үлкен сыр жатса керек. Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты болып белгілі біртұтас жүйені құрайды. Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарын толыққанды суреттей аламыз. Алайда, әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе, оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы

Date: 2016-11-17; view: 1442; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию