Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кеңістік пен уақыттың абсолютті және салыстырмалы теорияларын





Кеңістік пен уақыт, философияда –Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады.. Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский матем. кеңістік пен ақырғы нақты физ. кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады. Қайта өрлеу дәуірінде қиялдағы геом. фигуралар және олардың арақатынасы ретінде көрініс тапқан кеңістік ұғымы алдыңғы қатарға шықты. Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Егер біз бір нәрсенің тұрқын, енін, биіктігін, тереңдігін, шектілігін, шексіздігін, оңын, солын, алдын, артын, т.б. тікелей өлшей алмасақ, онда кеңістіктің белгісі жоқ сияқты болып көрінеді.. Уақытты талдауға байланысты Платон үш нәрсені ажыратады, олар: 1) мәңгі жасайтын нәрсе, тумаған және жасалмаған нәрсе; 2) әрқашан да жасайтын нәрсе (жасалған, бірақ өлетіні расталмаған нәрсе); 3) уақытша жасайтын (пайда болатын және өлетін) нәрсе. Алғашқысы – Жалғыз жаратушы; екіншісі – ғарыштың өзі; үшіншісі – өзгергіш, өткінші эмпирикалық құбылыс. Аристотельдің пікірінше, қозғалыс уақытпен, ал уақыт қозғалыспен өлшенеді..

 

 

7. Материяның негізгі құрылымдық деңгейлеріне сипаттама беріңіз..Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп объектілер мен системаларды қамтиды, қозғалыс-тың алуан түрлі қасиеттері мен формаларының субстанциялық негізіболып табылыды. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс табиғат пен қоғам да болып жататын барлық процестерді қамтиды. Қозғалыс дегеніміз - жалпы өзгеріс, материалдық объектілердің әрқалай өзара әсерлесуіжәне олардың қалпының ауысуы. Дүниеде қозғалыссыз материя жоқ, сол секілді, қозғалыстың өзі материясыз болмайды. Материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт және кеңістік. Философияның көңіл аударатын мәселесі, ең алдымен уақыт пен кеңістіктің материяға қатысты, яғни уақытпен кеңістік шындық па, әлде санада ғана өмір сүретін таза абстракты ма деген мәселе. Кеңістік пен уақыт материя қозғалысының сандық айқындығы.Кеңістік деген ұғым материялық объектілердің қатар өмір сүруін және олардыңөзара орналасуын білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем текзаттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән. Уақыт - қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің(не элементтердің) бір -бірінен туындап ұласу формасы. Уақыт деген ұғым материялық процестердің бірінен соң бірінің кезектесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді.Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. Философияда көп ойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген пікірге ойыстаған. Бірақ қозғалысты әртүрлі түсінген. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзінеқарама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде нәрсе емес. Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші алпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық -қозғалыстың біршама, бір сәткі тұрақтылығы.

 

 

9.Лакатостың “Ғылыми зерттеу бағдарлама” парадигмасын талдау.. Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын.Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі.Ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуын И.Лакатос ғылыми революция деп атайды. И.Лакатостың пікірінше ғылымның даму тарихы осы ауысып отыратын бәсекелес зерттеу бағдарламалардың күресі арқылы толық анықталады. И.Лакатос ғылымның ішкі және сыртқы даму тарихын айырады. Ғылымның ішкі тарихы идеялар мен методологиялардың ауысуы, ал сыртқы тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді.

 

 

10.Ғылыми танымның негізгі тәсілдерінің түрлері мен мәндерін сипаттаңыз. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін

объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

4) тәжірибе жасау құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Ғылыми танымның теоретикалық деңгейінің құрылымы. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теоретикалық деңгей. Теоретикалық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінін, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.

2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері мен формалары белгілі бір моментте бір-біріне өте алады және бір-біріне сәйкесе алады. Мысалы, анализ, синтез, идеальдандыру сияқты әдістер бір уақытта таным әдісі болады, ал гипотезалар әдіс түрінде де көрініс береді.

Date: 2016-11-17; view: 743; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию