Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция мәтіні:Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.





1.Алтаты қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы,Талдықорған)

бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Алматы мемлекеттік қорығы -алып тұлғалы Алатау қойнауында орналасқан. Бұл қорық Іле Алатауындағы Кіші Алматы орман шаруашылығының территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Бұдан кейінгі жылдары қорықтың жер көлемі бірнеше рет өзгерді. 1935 жылы қорық территориясына Үлкен Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шелек, Таушелек, Табанқарағай орман алқаптары қосылды. Ал 1936 жылы оған тағы да Сөгеті даласы, Бұғыты тауы және Іле өзені жағасындағы Сарышаған менҚаракүлтек жері енді. Ол кезде қорықтың жер көлемі 856,7 мың гектарға дейін жеткен еді. Қазыр Алматы қорығының территориясы 89,6 мың гектар.

Жер бедері мен ауа райы. Алматы қорығы Іле Алатауының теріскей беткейінен орын тепкен. Биік шыңдары мәңгі мұзбен қар басқан сұлу шыршалы ормандарына қараса көз тоймайтын әсем таукімді болса да қызықтырмай қоймайды. Алматы қорығына Іле Алатауының орталық бөлігі – теңіз деңгейінен 1400 – 5017 м биіктік аралығында орналасқан Талғар тау жоталары енеді. Жер бедері күшті тілімделген. Жерінің 25мың гектарын тасты құздар алып жатыр.

 

 
 

 

 


Топырағына эрозия зор әсер еткендігі көзге ұрып тұрады. Оның үстіне қорық территориясына “ән салатын” құмды таулар кіреді. Шағын ғана жері бар осы қоныста табиғаттың әр алуан көрінісінің ұштасуы ғажап-ақ. Шөлды аймақтың тау етегіне жақын орналасуы оның ауа райына үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес таудан төмен түскен сайын жылына болатын жауын-шашын мөлшері де азая береді. Қорық территориясы кіші-гірім өзеншелер арқылы бөлінетін бірнеше тау қыраттарынан тұрады. Ондағы суы мол саналатын негізгі өзендер – Талғар мен Есік. Басын мәңгі мұздардан алатын бұл өзендердің ені 3-5 м, тереңдігі 0,5-1 метірдей болып, ағысы қатты келеді.Өзендердің су деңгейі тіпті тәулік ішінде бірнеше рет өзгереді. Жаз айларын да су деңгейінің тәуліктік ауысуы кейде 40-50 сантиметрге дейін жетеді. Ара-тұра тауда нөсерлеп жауған жаңбырдың арты селге айналатын жағдайлар да кездеседі.

 

       
   
 
 

 

 


Өсімдіктері. Алматы қорығының бір артықшылығы – тау беткейлерінде орманды-дала, субальпі және альпі өсімдік белдеулерінің ұштасып жатуы. Шөлді аймақ “әнші тау” төңірегін қамтиды. Орманды-дала белдеуі қорық жерінде 1300-2600 м биіктік аралығында өтеді. Оның төменгі етегінде жапырақты ағаштар мен бұталар өседі. Олардың көпшілігі жабайы жеміс ағаштары. Бұл белдеудегі ормандағы негізгі ағаш түрлері – алма, өрік, долана, көктерек, тал.Бұталар мен топтаса қарақат, итмұрын және ұшқат ұшырасады. Қорықта жапырақты орман тұтасып жатпайды,ойдым-ойдым болып өзен аңғарларында, тау жоталарында кездеседі. Мәселен,жабайы алма бағы 1700м биіктікке дейінгі тау қыраттарының етегіндегі жазық ойпаттарда көбірек өссе өрік сол биіктікте таудың күнгей беткейін ала орналасқан.Көктерек жоталардың солтүстік және шығыс беткейлерінде көбірек болады. Жалпы жабайы жеміс ағаштарының алып жатқан аумағы 157гектардай.Алматы қорығындағы шырша орманның көлемі 5,3мың гектардай болады.Шырша орманының су режимі бір қалыпты сақтауда топырақтың құрылымын жақсартуда. Орманды-дала белдеуінің ашық алаңдарында шабындық –көксамай шөптер өседі.Таудың салқынсамлды қыраттарында боз, бетеге, қарабасшалғын бетеге, жусан сияқты өсімдіктер жайқалып,жақсы өседі. Сондай-ақ бұталы ағаштар арасында тау таспасы,қозы бұлақ, тянь-шянь қоңырбас, аюбалдырған, тағы басқа

балауса шөптер көктемде қаулап шығып,тау беткейін көкорай шалғынға айналдырады.Алматы қорығының шырша орманының жоғарғы жағын субальпі белдеуі алып жатыр.Белдеу теңіз деңгейінен 2600-3000м биіктікте орналсқан. Бұған тән өсімдік –биіктігі 0,5-1,0м болып өсетін арша.Бұл бұталы ағаш таудың күнгей беткейін ала 700 жылға дейін жасайды.Алыстан қарағанда, тау беткейінде тұтаса өскен аршалар жайып қойған жасмыл кілем түріндей әсер қалдырады. Субальпі арша тоғайының тау топырағын бекітуге және онда мекендейтін хайуанаттардың тіршілігі үшін маңызы зор.Альпі белдеуі 3000-3600м биіктікте орналасқан,одан әрі қар мен мәңгімұзорын тебеді.Алатауда дәрі-дәрмек алынатын өсімдіктердің көптеен түрлері кездеседі.Олардың бастылары-долана,итмұрын жемістері және кәдімгі киіктоты,тасшөп.Осындай адам денсаулығына қажетті шикі зат беретін өсімдіктер қорын, олардың биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу де қорық қызметкерлерінің абыройлы міндеті. Көрікті де әсем Алатаудың қыраттары теріскей бетте аласара келіп Іле өзенінің жағасындағы шөлді жазира даламен ұласады.Осы өзеннің оң жағалауында қорықтың шөлді аймағы орналасқан.Оның жер бедері сай-саламен жырымдалып, негізінен жазық болып келеді.Шөлді өңір құмды-“Әнші тау” төңірегін алып жатыр.Ол-сексеуіл өскен құмды төбелер.Онда шөлге тән сораң, бұйырғын және жусан өседі.

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана.1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

Осымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

 

Лекция

Date: 2016-11-17; view: 735; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию