Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шренк тобылғытүсі (spiraeаnthus schrenkianus maxim).





Статусы. 1 (Е) сирек кездесетін эндемді және реликті түр болып табылады. Саны мен таралу аймағының азайып бара жатқан типіне жатады.

Морфологиясы. Шамамен биіктігі 1,5 метрлік бұта. Өте сирек жағдайда 2 - 3 метрге жететін ағаш болуы мүмкін. Кронасы кең және жас өскіндері жұқа сұрғыш - сары, қабығы жарылғыш және қабыршақ тәрізді болып келеді. Жапырақтары жіңішке сызықты, қауырсын тәрізді. Ұзындығы 2 - 3 см, ені 1,5 - 10 мм. Ұсақ жапырақтары көп (80 жұпқа дейін) майда жұмыртқа тәрізді. Ұзындығы 3 мм - ге дейін, сыртынан үрпекті түкпен қапталған. Гүлдері ақшыл қызғылт, хош иісті, жоғарғылары отырғышты, төменгілері 1 - 2 мм - лік, ұзындығы бар сабақты. Көгалдандыру мақсатында үлкен маңызы бар декаративті өсімдік. Ағашы көркем өнер саласында қолдануға қолайлы. Сырдария Қаратауы (Боралдайтауды қосқанда) мен Бетпақдала шөлінің орталық және батыс бөліктерінде кездеседі. Керемет санды бірегей бұта, ежелгі ылғалды орман флорасының қалдығы. Басқа авторлар оны палеоген дәуірінің құрғақ сирек ормандары мен бұталы далаларының қалдығы деп есептейді. Анда – санда кездеседі, кейде кәдімгідей қалың болып та өседі. Шөлде сортаңды және тақырлардың шетіндегі сазды топырақтарда, тауда сай беткейлеріндегі шағыл тасты топырақтарда өседі. Ең қалың тоғайлары (1 га жерде 640 және оданда көп) Күйік асуы маңынан және Баялдыр сайының төменгі жағынан белгілі. Қаратаудың орталық бөлігіндегі терең сайда биіктігі 2 метрден жоғары, жуандығы 10 – 15 см және ұшар басының шеңбері 3 метр шамасындағы ең үлкен бұта табылды. Мұндай үлкен бұталарда 500 – 800 гүлдейтін бұтақтар болады. Түр малды шектен тыс бағудан, өрттерден, отынға даярлаудан қатты зардап шегеді (Бетпақдала). Табиғаттағы алғашқы гүлдеуі өмірінің он бесінші жылында болады. Бетпақдаладағы дараларының орташа жасы 40 – 50 жыл, ең жоғарғы шегі 100 жыл. Мәдени өсірілген жағдайда (Ташкент) екпе көшеттері бірінші рет үш жылдан кейін гүлдейді. Алғашқы қурағандары 18 жылдан кейін пайда болды [34].

Экологиясы. Өсетін аймағы тасты беткейлерде, сайлы аумақтарда сұр-қара қоңыр топырақтарда өседі. Гүлдеу кезі маусым айында, ал жеміс салуы шілдеде. Көбеюі дақылдары арқылы жүзеге асады.

Біздің анықтаған жерлеріміз: Қаратау жотасындағы Хантағы шатқалының "Тастың бауы", Байылдыр шатқалы, Қарағашты сайларында (Күнгей беткейі), Қазанбұлақ шатқалындағы "Қарасай", "Керегежайған" сайларында (Теріскей беттері) табылды. Көбеюі, өсуі және таралуы аталған жерлерде анықталды. Сирек кездесетін таралу аймағы тарылып бара жатқан, жеке типті туыстың эндемиктік түрі. Популяцияның біраз бөлігі Қаратау қорығында қорғалады. Түрдің таралу аймағының барлық жерінде жағдайын үнемі қадағалап, қатаң қорғау қажет.

Культиясов қаратауиясы (Karatavia kultiassovii M. Pimen. Et Lavrova). Статусы. 2(U), сирек кездесетін эндемді және реликті түрге жатады.

Морфологиясы. Көпжылдық, биіктігі 1 м - ге жететін, бұталы тамырлы. Сабағы жалғыз жіңішке және қуысты, шеңберлі, үстінен бұтақтанып кеткен. Жапырақтары жалаңаш жіңішке, тамыр аясындағылар ұзын сабақты, қос қауырсын тәрізді торланған пластинкалы, соңғы бөліктері жұмыртқа тәрізді терең тісті, сабақ аясында сына тәрізді. Сабақ жапырақтары ұсақтау. Шатырлары 5 - 10 сәулелі, жамылғысыз немесе 1 - 3 жапырақты жамылғысы бар. Ұсақ шатырлары 7 - 15 гүлді. Ішкі гүлдері бір жынысты, сыртқылары қос жынысты. Гүлдері аппақ. Жемістері қысыңқы сопақ, белдеуінен қысылған, және жандарынан кішкене кеңейген.

Экологиясы. Тасты және қиыршықты беткейлерде өсінділері көп тастақты сайларда, жарлардың астында, дақылды көгалдарда, бұталар арасында өседі. Монокарпты, маусым айында гүлдейді. Ал тамыз айында жеміс береді. Дақылдары арқылы көбейеді.

Біздің анықтағанымыз: Жыңғылшық, Жаңғақты, Көкбұлақ және Бессаздың төменгі баурайында кездеседі. Гүлдеуі мамырдың соңынан шілденің соңына дейін. Дәрілік өсімдіктерге жатады

Date: 2016-11-17; view: 672; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию