Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шайырлы өсімдіктер





Кәдімгі өрік
Gummі Аrmеnіасае - өрік шайыры
Аrmеnіаса vulgагіs - кәдімгі өрік, абрикос
Rоsасеае - раушангүлділер тұқымдасы, розоцветные

Дайындалуы:
Шайырлар өріктің діңгегінде, бүтақтарында ағып жиналады. Орта Азияда кейбір ағаштардан 0,5 кг-дан 1,5 кг-ға дейін жинап алуға болады. Қағаз бетіне жайып қойып, жақсы желдетілетін бөлмелерде кептіреді.
Химиялық қүрамы:
Өрік шайырының құрамына 16% глюкурон қышқылы, 44%-ға дейін галактоза, 41%-ға дейін арабиноза кіреді, белоктық заттар 0,6%-дан аспайды.
Шикізаттын сапалық көрсеткіштері:
Өрік шайырының кесектерінің үлкендігі әртүрлі болады, сыртқы формалары да әртүрлі: майдалары тамшы және сүңгі тәріздес, ірілері шар және жентек теріздес болады. Жаңа жиналып алған шайыр ақшыл-сары түсті, мөлдір болады, ескі кесектері сары - қоңыр түсті болады, мөлдір болмайды.
Қолданылуы:
Эмульгатор ретінде эмульсиялардың өндірісінде қолданылады

Сипаттамасы:
Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25 -30 см-ге жетеді. Жиі бұтақталган, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сагақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады. Мәдени өріктердің мезокарпы шырынды, тәтті болады, жабайы түрлерінде - жемістері майда, мезокарпы талшықты, қатты болады.
Таралуы:
Жабайы түрде Орта Азияда, Солтүстік - Шығыс Қытайда, Дағыстанда кездеседі. Таулардың құрғақ, тастақ етектерінде тоғайланып өседі. Қазақстанның таулы аудандарында теңіз деңгейінен 800-1900м биіктікте өседі. Іле Алатауы, Кіші Алматы өзенінің жағасында, Талғар, Түрен аймақтарында жиі кездеседі.
Химиялық қасиеттері бойынша шайырларды мынандай топтарға бөлуге болады:

1/ Қышқылды полисахаридтер тобы. Бұл топтың полисахаридтерін қышқылдық қасиеті глюкурон және галактурон қышқылдарымен анықталады (акация шайырлары);

2/ Екінші қышқылды полисахаридтер тобының қышқылдық қасиеті күкірт қышқыл қалдығымен анықталады (балдырлар, мүктер полисахаридтері);

3/ Нейтралды полисахаридтер. Бұл топтың полисахаридтерінің құрамы глюкоманнаннан және галактоманнаннан тұрады (кейбір тұқымдардың полисахаридтері).

Сонымен қатар, шайырлар ерігіштік қасиеттері бойынша да үш топқа бөлінеді (А. А. Федоров, Н. П. Кириялов).

1/ Еритін шайырлар. Бұл шайырлар суда жақсы ериді (араб шайыры, ақшыл түсті акация шайыры).

2/ Жартылай ерігіш шайырлар. Бұл шайырлар суда жартылай еріп, жартысы бөрітіп, сілікпе немесе тұнба сияқты зат түзеді. Олардың ерітіндісі сумен сұйылтқанда ғана ериді (шие, қара өрік шайырлары).

3/ Суда ерімейтін шайырлар. Бұл шайырлар суды өз бойына сіңіріп бөрітеді, сөйтіп сілікпе немесе тұнба сияқты зат түзеді (жиде, трагакант шайыры)

Шайыр алу.

Шайырды астрагал бұтақтарынан қиялап тілу арқылы алады. Қолданылған тілу сайманының түріне байланысты, ағып шыққан шайыр ауада қатая келе, әр түрлі пішінді болады. Мысалы, желпуіш сияқтыда, лента тәрізді де және жапырақ формалы да болады. Шайырдың тәулік бойына шығу жылдамдығына сай, оларда концентрлік қабаттар болады. Кейде жуан астрагал діңдерін қиялап тілмей. бізбен теседі. Бұл кезде ағып шыққан шайыр ұзын, бұралып шыққан құрт тәрізді болады. Өсімдіктің табиғи жарақаттарынан өз бетімен ағып шыққан шайырлардың формасы болмайды.

Шайыр алу процесі (қиялап тілу) мамыр айынан басталады. Өсімдіктің жасы ұлғайған сайын шайыр соғњрлым кеп шығады. Қиялап кесу процесін ауа-райы тынық кезінде жүргізеді. Өйткені, күн желді болса, ағып шыққан шайыр топырақпен, ұсақ қиыршық тастармен ластанады да шайырдың сапасы нашарлайды. Ағып шыққан шайыр 3-4 күннің ішінде қатады. Жиналған шайырлардың ішіндегі түссіз мөлдірлері ең жоғарғы сортқа жатады да, ал сары және қоңыр түстері — техникалық сортқа жатады.

 

Шырыштар — Мuсіlаgints.
Шырышты өсімдіктер және шикізаты.

Шайырлар сияқты шырыштар да клеткалардың шырыштануы арқылы түзіледі:

1/ Өң немесе эпидермис клеткалары шырыштанады;

2/ Қабықтың және сүректің кейбір клеткалары шырыштанады;

3/ Клетка аралық заттар және клетка қабықтары шырыштанады. Шайырларға қарағанда шырыштар сыртқы фактордың әсерісіз табиғи жолмен түзіледі. Шырыштар өсімдіктерде судың және углеводтардың қоры ретінде және қорғаныс биоколлоиды ретінде маңызды роль атқарады.

Шырыштар суда жақсы ериді, ал шайырлар, жоғарыда айтылғандай, суда бөрітеді (трагакант шайыры)

Шикізаттар шырыштардың түзілу орнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:

• 1/ шикізаттың өңінде немесе эпидермисінде түзілетін шырыштар (зығыр тұқымы — Sеmеn Lіnі, бүрге бақажапырағының тұқымы — Sеmеn рsуllіі, айва тұқымы — Sеmеn суdоnіі),

• 2/ шикізаттың клеткаларының ішінде түзілетін шырыштар /сүйсін түбірі — ТиЬег Sаlер, жалбызтікен тамыры және жапырағы - Rаdіх еt Ғоlium Аlthаеае, өгейшөпжапырағы —Ғоііum farfarae/;

• 3/шикізаттың клетка мембранасынан түзілетін шырыштар (ламинария — lаmіпаrіа, және т. б. балдырлар).

• Шырышты өсімдік шикізаттарынан сулы қайнатпалар, тұндырмалар дайындайды. Олар ішек-асқазан жүйелерінің шырышты қабаттарының қабынуына қарсы және жоғарғы тыныс алу жүйелерінің шырышты қабатының тітіркенуіне қарсы қапталғыш дәрі ретінде қоданылады. Сонымен қатар, шырыштар кейбір дәрілердің тітіркендіргіш қасиетін азайту және білдіртпеу үшін жиі қолданылады.

 

Date: 2016-11-17; view: 1533; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию