Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: Қазақстандағы крахмалды өсімдіктер.





Жоспары:

1.Картоп.

2.Қантты жүгері.

Лекция мақсаты: Крахмал өсімдіктер мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Крахмал - өсімдіктерде дән түрінде кездесетін құрамы күрделі көміртегі, ол тамырларды, түйнектер мен тұқымдарда жиналады. Крахмалды дәндерде полисахаридтерден басқа су, май қышқылдары, липидтер, шағын мөлшерде минералдық заттар, негізінен фосфор тұздары мен кремний қышқылдары және басқалары бар.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде крахмал ең негізгі қор санатындағы углевод. Крахмал — фотосинтез процесінің көзге көрінетін ең бірінші өнімі. Ол өсімдіктерде крахмал дәндері ретінде жиналады. Өсімдіктердің жасыл органдарында крахмал хлорофилмен, ал хлорофилі жоқ басқа органдарда ол лейкопластармен байланысты. Йод ерітіндісімен крахмал көк түске боялады (крахмалға тән реакция). Крахмал химиялық түрде жеке зат емес. Ол 96,1-97,6% полисахаридтерден, 0,2-0,7% минералды заттардан, 0,6%-ке дейін тығыз май қышкылдарынан және басқа да заттардан тұрады.

Крахмалдың полисахаридтері екі заттан — амилозадан және амилопектиннен тұрады.

Амилопектин крахмалдың сыртқы қабатын алып жатады. Ол тек қана ыстық суда еріп, өте қоймалжың ерітінді береді. Амилопектин йод ерітіндісінен күлгін-қызыл түске боялады. Амилоза амилопектин қышқылдармен және амилаза ферментімен гидролизденеді. Гидролиз процесінің жүру жылдамдығына байланысты реакция өнімдерінде молекулалық массасы крахмалдан әлдеқайда төмен, декстриндер түзіледі. Декстриндер иод ерітіндісімен әртүрлі түс береді (көк, қызыл, күлгін т. б.). Декстриндерде альдегид тобы пайда болғаннан кейін, олар Феллинг реактивімен әрекеттесіп «күміс-айна» реакциясын береді, яғни тотықсыздандырғыш қасиеті пайда болады.

Крахмалды өсімдіктер шартты түрде екі топқа белінеді. Біріншісі - астық тұқымдас өсімдіктер. Екіншісі — баска тұқымдастарға жататын өсімдіктер. Астық тұқымдас өсімдіктермен адамзаттың 2/3 тамақтанады. Астық тұқымдас өсімдіктерге бидай (Тrіtісum), қара бидай (Secale), арпа (Ноrdеum), жүгері (Zеа mауs), тары (Раnісum), күріш (Оrуzа) жатады.

Картоптың құрамында: C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек.

Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.

Қолданылуы. Медицинада крахмал сеппелі ұнтақ (присыпка) күйінде және қапталғыш зат ретінде қолданылады, крахмал қайнатындысын клизмаға қолданады. Ал хирургияда крахмал қозғалмайтын таңғыш (повязка) ретінде крахмалды бинт жасауға пайдаланылады. Крахмал таблетка жасағанда маңызды байланыстырғыш және толықтырғыш зат ретінде қолданылады. Декстрин майлы эмульсия дайындағанда және пилюля дәрісін жасағанда желімдегіш зат ретінде қолданылады.

Крахмалды өсімдіктер көп. Олар бидай, арпа, күріш, ақ жүгері, қарабидай, т.б. Біз жүйекшелерде өсіруге болатын өсімдіктер – картоп пен жүгері.

Тағамға картоптың крахмалға, минералдық заттарға, қантқа, белоктарға, майларға, клетчаткаға, витаминдерге бай түйнектері қолданылады. Калориялығы жағынан картоп басқа көкөністердің бәрінен асып түседі. Картоптың белогы бидайдың белогынан анағұрлым бағалы. Оның құрамына организмге аса қажет аланин, аргинин, аспарагин мен глутамин сияқты амин қышқылдары кіреді. Тағамдық сорттарының түйнектерінде 13-16% крахмал болады.

Картоп. Картоптың шыққан жері – Оңтүстік Америка, ал Россияға таралуы Петрдің есімімен байланысты. ХVIII ғасырдың екінші жартысында кеңінен өсіріле бастады.

Картоп түйнектерінде көміртегі, моноолигосахаридтер (глюкоза, фруктоза, сахароза), клетчатка, пектин заттары, одан басқа әртүрлі аса бағалы амин қышқылдары, өсімдік белоктарының ішіндегі ең құндысы – белок-туберин бар. Картоп бағалы витаминді азық, онда С витамині, витаминдер жинағы В(тимин, рибофлавин, пипдоксин, фолий қышқылы), РР, U витамині және А провитамині топтадған. Картоп органикалық қышқылдардың (лимон, қымыздық, алма) және минералдық тұздардың қайнар көзі. Минералдық заттардан мұнда калий тұзы басым; фосфор, магний, кальций, темір тұздары бар.

Картопта калийдің едәуір мөлшерде болуы несеп жүргізуге әсер етеді. Сондықтан жүрек-тамыр және бүйрек ауруларынан зардап шегіп, сарысып ісінген адамдарға диета белгіленгенде дәрі-дәрмекпен қатар мұны да қолданалы.

Жаңа жайындалған картоп шырыны қыжылдағанға, қышқылы басым гастритке, асқазан мен ұлтабар жара ауруларын емдегенде жақсы әсер етеді. Шырынды ас ішерден 20-30 минут бұрын ½ стаканнан тәулігіне 3-4 рет ішеді.

Картоп – алқа тұқымдас түйнекті өсімдік. Картоптың бірқатар сорттары дән береді. Дән арқылы өскенде картоп көптеген бүйір тармақтары бар басты тамыр түзейді, ал түйнектеніп өскенде қосалқы шашақты тамыр жүйесі ғана қалыптасады. Көп соттары нашар гүлдейді, қала берді гүлдегенде көбіне тозаң түземейді және жеміс бітпейді. Мәуесі – көп дәнді екі-үш ұялы жидек.

Топырақтың ішкі қабатындағы сабақтың төменгі жағындағы жапырақ қойнынан жіңішке бүйір сабақ-бұтақшалар – жылан бұтақтар өнеді. әрбір сабақ 4-8 жылдан бұтақтар түзейді. Жылан бұтақтардың мықтап жуандаған жоғары бөлігі түйнек деп аталады. Түйнектердің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабығы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады.

Картоп – 16+-70С-де жақсы өседі, түйнектері қалыптасады. Температураның төмен болуы да картопқа қолайлы емес. Картоптың суыққа төзімділігін калий тыңайтқышын енгізіп қана көтеруге болады. Түйнектерді тыңайтқыш ерітінділерменөңдеудің әсері бар. Оларды егуден екі және алты тәулік бұрын тыңайтқыш ерітінділермен (6-7 кг картопқа 1 л) өңдейді. Тыңайтқыштар (1 л суға 1г): аммиак селитрасы 4, суперфосфат 6, хлорлы калий 4, оларға микротыңайтқыштарды (бор, кобальт, марганец) 0,01-0,05% ерітінділер қосады.

Отырғызуға ең қолацлы түйнек – 45-120 г. тым ірі түйнектерді отырғызудың қажеті жоқ, өйткені отырғызатын материалдар едәуір көбейген кезде, өнім айтарлықтай өспейді. Картопты жердің 10 см тереңдікте 7-80С –дейін қызған кезде отырғызады.

Қазақстанның солтүстік облысында түйнектер 4-6 см тереңдікте, оңтүстік облыстарда 8-10 см тереңдікке отырғызылады. Ал қуаңшылық аудандарда отырғызу тереңдігін 12-15 см етеді, кейде одан да тереңдетеді.

Баптау жағдайы мынадай: ылғалды сақтайды, отап отырады, 2-3 рет түптейді. Топырақта ылғал жеткіліксіз болса, жапырақ-сабақтар түйнектердің өсуі тоқталады. Сондықтан түйнек құрала бастаған кезде топырақ үнемі ылғалды болуы керек. Бірақ ылғалдың тым көп болуы тамырларды оттекпен қоректендіруді нашарлатады, жапырақ-сабақтардың өсуін күшейтіп, түйнектердің шіруін тездетеді, өнімді азайтады.түйнектердің пісіп жетілуін тездету үшін түптеудің алдында фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізген немесе ағаш күлін төккен жөн.

Картопты құмдақ жерде өсірген жөн. Картоп тыңайтқыштарды өте қажет етеді, шірінді, сондай-ақ азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізгенде оның өнімі шұғыл артады.

Жинау мерзімін жапырақ-сабақтарының кебуіне қарай белгілейді. Бұл кезде түйнектердің қабығы жұмсағынан сыдырылып түспейтін болады.

Біздің елде картоптың 110 сортын өсіреді. Орташа ерте пісетіндер – 60 тәулік, орташа пісетін 90-120 тәулік.

Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский; орташа мерзімде пісетіндер – Гатчинский, Искра; орташа кеш пісетіндер – Столовый 19, Лорх; солт үстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Мурманский, Белоруский раний т.б. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский; орташа

Антты жүгері.

Жүгері- Орталық Америка (Перу, Чили, Мексика)халықтарының ежелгі (3 мың жыл бұрын белгілі болған) дақылы. Қантты жүгері- жалбыз тұқымдас, биік тік сабағы бар бір жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі 2,5 м дейін тереңдікке кетеді. Түптеген кезде қосалқы тамырлар түзейді. Тұқымды қатарлау әдісімен қатардың арасын 70 см етіп себеді, Қазақстанның оңтүстік аудандарында – егістің тереңдігі – 6 – 8 - см, ал солтүстік аудандарда –4 – 6 см.

Дән 8 – 10 0 С – де көктей бастайды. Көктемгі қысқа суықтар жас өсімдіктің жапырақтарына зақым келтіреді. Жүгері, әсіресе собықтар қалыптала бастаған кезде - олар шашақ бастар пайда бола бастаудан бір апта бұрын қалыпталады – суаруды өте қажет етеді.

Жүгеріге ашық жарық учаскелер бөледі. Өсімдік жиі болса, ол жоғары созылады, собықтар аз құралады және нашар өседі. Жүгері жеңіл, құнарлы, көгентамырлы арамшөптер баспаған жерде жақсы шығады. Ауыр сазды, жауын –шашын көп болғанда батпақтанып кетіп жерде жүгері нашар өседі. Топырақты қопсыту, орташа суару арқылы күтіп баптайды.

Жүгері тез пісетін сорттары аталық гүлдерінің шашақтары көктеп шыққаннан кейін, 50-60 тәулікте шешек атады. Ал ұрғашы гүлдердің аталық аузы 7-8 тәулік кеш пайда болады. Сабақтардың табарлы пісуі, көктем шыққаннан кейін 80-100 тәулікке созылады, ал толық пісуіне сорттары мен температураға байланысты 115-190тәулік керек. Жүгеріні бұрын күздік дақылдармен томат егілген жерге жақсы. Жүгері әсіресе фосфорлы тыңайтқыштармен өсімдіктің қуаншылыққа төзімділігін күшкйтетін қалайы және молибдені бар микротыңайтқыштарда жақсы қабылдайды. Оңтүстікте жүгерінің ең қас жауы- жүгері жетім көбелегі. Оның жұлдыз құрттары дәнді зақымдап сабықтардың ішінде қыстап шығады. Бұл зианкеске қарсы метафоз аэрозолдарын, севин мен хлорофосты қолданады. Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін зақымдайтын көпіршік қаракүйеден сақтау үшін жүгері дәндерін ТМТД және фентиурамен улайды.

Америкада жүгеріні «маис» деп атайды. Мұндай атауды ойлап тапқандар ежелгі майя тайпалары екен. Ал майя тайпаларының маистың бірнеше сортын өсіргені белігілі, оның ішінде тез пісуге бейім «Қораз әні» деген түрі бар. «Қораз әні» сорты көктеу басталысымен екі айда пісіп-жетілсе, «Маис-қыз» сорты үш айда жеуге жарамды болады. Сондай-ақ, майялықтар 6-7 айдан кейін пісіп-жетілетін «Маис-кемпір» атты жүгері түрін өсірген. Жүгерінің құрамында А, В, С, Е дәрумендері, фолацин, ниацин, тиамин, калий, магний, крахмал, протеин, қант, түрлі пайдалы майлар, аскорбин қышқылы және минералды тұздар бар.

Жүгеріні жиі пайдаланатын болсаңыз, холестерин деңгейін, асқазан жолдары қызметін реттейді. Оған қоса, жүгері жүрек қантамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізіп, теріге, шаштың өсуіне оң әсер етіп, қартаюдан сақтайды. Құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық, мазасыздықпен күрессе, С дәрумені иммунитеттің көтерілуіне, Д дәрумені тіс ауруларына, сүйектің қатаюына көмектеседі.

Ал бетіңізге жүгері маскасын жасар болсаңыз, ажарыңызды келтіріп, теріңізді ағартады.

Жүгері ағзаны токсиндерден, радионуклидтерден, клеткаларда жиналып қалған шлактардан тазалайды. Ал собығы жүрек ауруларынан, рактан және қартаюдан сақтайды. Өсіп келе жатқан балаларға жүгеріні көп жегізу керек. Себебі ол салмақ қосуға және витаминдер мен микроэлементтермен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Жүгері В1, В2, PP витаминдеріне және мыс, никель сияқты микроэлементтерге бай. Аллергия, қант диабеті, семіздік және басқа да зат алмасу процестері бұзылған адамдарға, асқазан жолдары ауыратындарға жүгері жеген аса пайдалы. Жүгері дәнінде ғана кездесетін майлардың құрамында 80 пайыз қанықпаған қышқыл ерітінділері бар, ал олар ағзадағы холестеринді реттейді. Сондай-ақ жүгері құрамында көміртегі көп кезде­седі. Ал көміртегінің қан құрамындағы қантты реттейтіні ежелден белгілі.

 

Лекция №12

Date: 2016-11-17; view: 1029; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию