Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Причины заболеваний нервной системы





Среди причин заболеваний нервной системы очень часто фигурируют различные инфекционные возбудители:
– бактерии (пневмококк, менингококк, стафилококк, бледная трепонема и стрептококк);
– различные грибки и паразиты;
– вирусы, передающиеся воздушно-капельным путем (арбовирусы).

Также заболевания нервной системы могут передаваться плацентарным путем во время беременности (цитомегаловирус, краснуха) и по периферической нервной системе. Например, таким путем распространяется вирус бешенства, герпес, острый полиомиелит и менингоэнцефалит.

Среди распространенных причин заболеваний нервной системы находятся также ушибы головного мозга, опухоли в головном мозгу или их метастазы, сосудистые нарушения (тромбозы, разрывы или воспаления), наследственность или хронические прогрессирующие заболевания (болезнь Альцгеймера, хорея, болезнь Паркинсона и проч.)

Влияют на нервную систему также недостаточное питание, отсутствие витаминов, сердечные, почечные и эндокринные заболевания. Патологические процессы могут развиваться под воздействием различных химических веществ: опиатов, барбитуратов, антидепрессантов, этилового спирта, ядов животного и растительного происхождения.

Симптомы заболеваний нервной системы

Симптомы заболеваний нервной системы проявляются по-разному, очень часто – в виде двигательных расстройств. Характерно развитие у больного парезов или параличей, неспособности быстро двигаться, тремора, непроизвольных быстрых движений. Другими важными симптомами заболеваний нервной системы являются головная боль (мигрень), боль в спине и шее, руках и ногах. Патологические изменения затрагивают также другие типы чувствительности: обоняния, вкуса, зрения.

Проявляются заболевания нервной системы и эпилептическими припадками, истериками, нарушениями сна и сознания, умственной деятельности, поведения и психики.

 

2- тапсырма. Сұхбатты қазақ тіліне және ағылшын тіліне аударыңыз.

У врача

-Здравствуйте! Можно войти?

-Здравствуйте! Заходите, садитесь.

С чем пришли?

-Меня в последнее время сильно беспокоит поясница.

-Как часто у вас бывают боли?

-Каждый день вечером, перед сном у меня начинаются боли.

-Как долго это у вас продолжается?

-Уже 2 месяца. И боли усиливаются.

-Увас бывают отеки?

-Нет. Но глаза иногда опухают по утрам.

-Я сейчас дам вам направление на несколько анализов. И нужно еще сделать УЗИ почек. После того как сделаете все это приходите ко мне с результатами.

-Хорошо. Спасибо.

-До скорой встречи. Не болейте!

-Спасибо. До свидания!

-Ой, здравствуй! Ты к терапевту?

-привет. Нет. Я просто кое-кого жду. А ты что заболела?

-Простуда. Уже третий раз болею за эту весну.

-Погода обманчива в это ремя, нужно тепло одеваться.

-Да у меня еще слабость появилась. Устаю сильно. Ничего делать не хочется. Не знаю в чем причина. Раньше такого не было.

-У моей подруги были похожие симптомы. Плюс ко всему у нее сильно болела голова.

Полгода ходила по врачам. Сколько специалистов, столько и вариантов.

-И что? Диагноз какой?

-Да никакой. Ей кто-то посоветовал пить овсяное молоко.

-Есть эффект?

-Это ей очень помогло. Через месяц все прошло. И вот она до сих пор пьет его. Кстати, я тоже уже два месяца как начала пить. И чувствую себя отлично.

-А в связи с чем его пьют. От каких недугов оно.

-Ой можно сказать оно универсально. Овес –благородный продукт, хранящий в себе вековые секреты здоровья и красоты. Во первых он очищает наш организм: почки, печень, кишки. Сама знаешь экология и продукты плохо влияют на наш организм. И эта первая причина всех болезней. Поэтому нужно очищать организм.

-Да, ты права.

-Еще он очень хорошо влияет на кожу. Можно использовать как маску для лица.

-А как его принимают?

-На полстакана кипяченной воды 3 чайные ложки овсяного молочка. Перемешать, дать отстояться и пить мелкими глотками 2-3 раза в день за час до еды.

-Нужно попробывать...

-Подруга идет, мне пора. Купишь в любой аптеке.

-Спасибо тебе за совет!

-Да не за что! Не болей!!! Пока!

-Пока!

3. Мамандықтарыңыға байланысты түрлі жағдаятқа өзара сұхбат дайындау.

4- тапсырма Мәтінді бөлшектерден құрап әңгімелеу.

А

Бас миының құрылысы

Жүйке жүйесі-бұл анатомиялық және қызметтік қосылыстар байланысының жүйлелік құрылысы, ол адам ағзасының реттілігі мен тепе-теңдіктерін және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.

Морфолгиялық көзқарас тұрғысынан жүйке жүйесі орталық және шеткері жүйке жүйесі болып бөлінеді. ОЖЖ-не бас миы және жұлын жатады. Ол интеграцияның жоғарғы қызметін атқарады (организмдік денгейдегі интеграция) және жоғарғы жүйке қызметінде де (АҚЫЛ-ОЙ, есте сақтау, ойлау, түйсіну, түсіну және т.б.)атқарады. Шеткері жүйке жүйесіне-жүйке түйіні (ганглийлер), ми сабауы, жүйке өрімі және жүйке ұштары жатады. Жүйке жүйесі жасушалық, тіндік және организмдік деңгейлерде интеграцияға және гомеостазға жауапты.

Қызметтік тұрғыдан қанқалық бұлшық етті жүйкелендіретін соматикалық жүйке жүйесін және барлық ішікі мүшелерді және тамырларды жүйкелендіріп, организмнің барлық тіршілік үдерістерін реттеп отыратын, вегетативті жүйке жүйесін ажыратады.

Бас миы бас сүйектің қуысына орналасқан және оның салмағы шамамен 1300-1400г. ОЛ бес бөліктен тұрады, оған сопақша ми, артқы, ортаңғы, аралық ми және үлкен жартышарлар жатады, бір-бірімен мүйізгекті денемен байланысады. Сопақша, артқы және орталық милар ми бағанасын құрайды, олардан бас қаңқасы нервтері шығады.

Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

 

Мишықтың атқаратын рөлі ерекше (артқ ы миың жалғасы), ол бұшық ет тонуының қысым дәрежесін және қимыл-қозғалыс координациясын бақылайды, сондай-ақ тепе-теңдікті ұстап тұрады. Аралық мида көру төмпешігі (таламус), төмпешік асты аймақ бар (гипоталамус), жоғарғы вегетативтік орталық болып саналады және эпифизбен байланысады, эпифиз көру тғмпегінің артында орналасып, терідегі зат алмасуды және жыныстық жетілу үдерісін реттейді. Бас миының көп салмағын үлкен жарты шар құрайды, ол ақ (милық) және сұр (қыртыстық) заттардан тұрады. Олардың беткейі көптеген жүлгелерден және қаптарлардан тұрады. Бас миының жарты шары төрт негізгі бөліке бөлінеді. Маңдай бөлігі адамның жеке мінезін анықтайды, оның артқы бөлігі жұлын және мидың қозғалғыш жүйке бағанасының жұмысын бақылайды. Оның зақымдалуына бұлшық еттің салдануы болады. Еңбек (төбе) бөлігі-қызулық сезімдердің түзілуіне жауапты. Шүйделік бөлікте көру орталығы орналасқан, ал самайда-есту және иіс сезу орталығы. Алдыңғы орталық қатпар түрлі бұлшық еттік топтың бейімделуін қамтамасыз етеді. Қозғалтқыш орталықтың жоғарғы бөлігі аяқтың қозғалуына жауапты, орталық аймақ –қол бөлігінің қозғалысына, ал төменгі бөлігі-кеуде мен бас бұлшық еттеріне жауапты. Бұл аймақтар бір-бірінен алаң арқылы айырылады. Ортаңғы саңылаудың артына орналасқан артқы ортаңғы қатпарда терінің және проприоцепциялық сезіну зонасы орналасқан. Үлкен жарты шардың самайлық бөлігіне есту зонасы, егер ол зақыманса дыбысты қабылдау, сондай-ақ оның анализі және синтезі бұзылады. Үлкен жарты шардың шүйде бөлігіне көруге жауапты аймақ орналасқан. Көз алмасының торлы қабығында сәуле сезгіш жасушалар орналасқан, олар көру анализаторының перифериялық бөлігі болып табылады.

Бас миы милық қабықпен жабылған: ішкі (жұмсақ милық қабық), ортаңғы (өрмекші), сыртқы (мидың қатты қабығы), осының бәрі жұлынның ми қабықшасының жалғасы болып табылады. Мидың жұмсақ қабығы үлкен жарты шарлы қабықпен тығыз бітіскен және өзінде бас миына өтетін қан тамырлық шоғырды құрайды. Осы қабат пен өрмекші қабықтың арасында өрмекші астылық кеңістік құрылған, ол кеңістік жұлын сұйықтығымен (ликвор) толтырылған. Бұл сұйықтық бас миының қуыстарымен түзіледі (бүйірлі қарыншалар) және арнайы өзек арқылы сопақша мидан, мишықтан өрмекші астылық кеңістікке барады. Ликвор сол себептен бас миының айналасында гидравликалық жастықша түрінде өзіндік қорғанысты құрайды. Сыртқы милық қабықша бас сүйекпен тығыз байланысады. Қатты милық қабықша бас қаңқасының қуысында синустар-өзектерді түзеді, қан бас миының саңылаулары арқылы көктамыр қан тамырларымен ішкі мойынтұрақ көктамырға қайта ағады.

В. Жұлын

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлынның с ұр затының алдыңғы, артқы бүйірінде екіден түбірлері (өсінді) болады. Алдыңғы түбір козғалтқыш жүйке талшықтарынан, артқы түбір сезгіш жүйке талшықтарынан түзіледі. Әр омыртқаның бүйір тұсынан жұлыннан екі жаққа 31 жұп жұлын жүйкелері таралады. Әрбір жұлын жүйкелері алдыңғы және артқы түбірлердің қосылуынан пайда болады. Түбірлер омыртқааралық тесіктерден шығып, бірімен-бірі қосылып аралас жұлын жүйкелерін түзеді. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердің құрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелері қолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін козу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бірімен-бірі қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.

Жұлынның қызметі: жұлын екі түрлі қызмет атқарады: рефлекстік және өткізгіштік.

5- тапсырма. Жүйке жүйесінің аурулары туралы ақпаратты толықтырыңыз.

А) Невроз - бұл жоғарғы жүйке қызметтерінің қозғыш және тежелу қызметтерінің көп күш түскенде ажырауы немесе олардың қиын және шешімі болмаған жағдайларда реакциясының көрінуімен жүретін ауру.

Невроздардың пайда болуы негізінде невротикалық келіспеушілік жатыр, ол тұлғаның, яғни адамның нақты жағдайға қатынасы, яғни оның ақылды (рационалды) шешімін нақты жағдай мүмкін емес қылып тастайды, оның алдында «әлсіз» болып қалады.

Невроз себептері: жеке тұлғаның психикалық жарақаты.

Психожарақаттық жағдайлар белгілі жағдайларда патогенді әсер етеді, соның ішінде тұлғаның ерекшелігіне. Осы ерекшеліктердің арасында жетекшісі болып қолайсыз әсерлердегі гиперактуализация жатады немесе жағдайлар мен биологиялық және қоғамдық әсерлер жатады.

Невроз дамытатын жағдайлар

Неврозды дамытатын негізгі шартты үш топқа бөліп қарастырады: биологиялық, қоғамдық және психогенді.

Невроз дамытатын биологиялық жағдайлар

-Тұқым қуалауға бейімділік. Жеке невротикалық жағдай (мысалы, паникалық синдром) көбіне бір генеалогиялық сызықта дамиды.

-Жынысы (невроз көбіне ер адамдарда дамиды).

-Жасы (невроз көбіне пубертантты және климактериялық кезеңдерде дамиды).

-Адамның дене бітіміне байланысты (неврозға жиі астениктер бейім).

-Басынан өткізген және ауырып жүрген аурулар ағзаның төзімділігін төмендетеді.

Невроз дамуында қоғамдық жағдайлар

-Кәсіби қызмет ерекшеліктері (мысалы, ақпараттық жүктердің көбеюі, біртекті еңбек қызметтері).

-Нашар отбасылық жағдайлар.

-Қолайсыз қоғамдық жағдайлар.

-Қанағаттанарлықсыз тұрмыс жағдайлары.

-Жыныстық тәрбиенің ерекшеліктері және т.б.

-Қолайсыз жұмыс орны немесе көлік. Тіпті кей жағдайда балаларға автокресло таңдалмағанда да невроз дамуы мүмкін емес.

Невроз дамуындағы психогенді жағдайлар

-Тұлғалық ерекшеліктер (жеке ойлау, қабылдау тәсілі, мінез-құлық және осы адамның тітіркендіргіш әсеріне жауап беру қабілеті).

-Балалық шақтағы психикалық жарақат.

-Психожарақаттық жағдайлар (мысалы, ауыр ауру немесе жақындарын жоғалту, қызметтік немесе «академиялық» қиындықтар және басқа жақдайлар). Невроз дамуына тек қана тұлға реакциясына патогенді әсер ғана емес, сонымен қатар ұзақ анализ үдіресі де әсер етеді (клиникада бұл термин «идеаторлы асыра жұмыс істеу» деп аталады) оның әсерінен пайда болған жағдайларға үйрене алмаймын деген қорқыныш пайда болады.

Невроздардың жіктелуі. Невроздардың негізгі түрлері.

Қазіргі таңда невроздардың жалпы қабылданған жіктемесі жоқ. Дәстүрлі түрде таралуы бойынша невроздардың үш түрін бөліп қарастырады:

-жабысқақ жағдай неврозы;

-истериалық;

-неврастениялық.

Заманауи аурулардың жіктелуі (мысалы, халықаралық аурулар жіктемесінде 10-басылымда, МКБ-10) F4 тобы бөлінген, невротикалық мәнге ие, ол күйзеліспен және соматофорымды бұзылыстармен байланысты.

Себебі: армандармен, ұмтылыстармен, тұлғалық қажеттіліктермен және олардың моральды және нақты қалауының шындыққа ұласпауы арасындағы диссоциация («конфликт»). Осыдан келіп бас ми қыртысында патологиялық қозу ошағы қалыптасады. Бұл, әдетте бірінші көріністен кейін байқалады, яғни адам маңызды бір жұмысты жасауды ұмытқан кезде (газды өшіру, есікті жабу, баланы тамақтандырмау және т.б.) немесе жағдай үрейге ауысқан кезде (биіктік, лифт тоқтап қалғанда, қорғаныссыз қалғанда және т.б.).

Барлық әр түрлі жабысқақ жағдайлар қайталамалы үреймен, қорқынышпен, фобиямен немесе басқа да белгілі заттар, қызметтер, жағдайлармен сипатталады. Жабысқақ жағдай неврозы шартты рефлекс механизмімен қалыптасады. Уақыт өте келе фобияның пайда болуы кеңейеді.

Үрейлі жағдайлардан жеке тұлғаның, яғни адамның жеке өмірі, әлеуметтік жіне кәсіби өмірі бұзылған кезде адамның бойында фобия бар деген қорытынды жасалады.

Вегетативті бұзылыстар-(мысалы, гипо-немесе гипертенивті реакциялар, ентікпе, бетке «ыстық қан» құйылу, тахикардия, аритмия, тер бөліну, диспептикалық синдром.

Қозғалыс бұзылыстары. Истерия кезінде қалтырау ұстамалары пайда болуы мүмкін (есінен танбайды, соғылмайды), парезге және салдануға өтеді; дауыс байламдарының салдануынан қысқа афония кейде мутизм дамуы мүмкін.

Сенсорлы бұзылыс. Истериялық невроз кейде көрмей қалу, естімей қалу, иіс сезімнің жоғалуы, дәм сезудің жоғалуы паресте-зиямен сипатталады.

Сексуалды ауытқу (мысалы, импотенция, либидо төмендеуі).

Истерияда жиі вегето-соматогенді бұзылыстар психогенді сипатқа ие. Бұл диссоциативті немесе конверсионды бұзылыс түрінде айқындалады: ағзаның өмірлік қызметінің бұзылыстары фонында және психоэмоцианалды сипатты факторлардың әсерінен дамиды.

Б) Менингит

Менингит-мидың жұмсақ қабығының қабынуы.

Менингиттың этнологиясы және патогенезі. Жедел лептоменингиттың аса кең тараған қоздырғышы –Neisseriameningitidis, Haemophilusin fluenzae және Streptococcus pneumonia. Жедел лептоминингиттің дамуы үшін қажетті жағдай –бактеремия. Микроорганизмдер мидың жұмсақ қабықшасы тамырларының қабырңалары арқылы өтіп, периваскулярлы аймақта қабыну түзеді.

Бактериялық менингиттер-менингококктаремен, пневмо-,және стафилококктармен, сальмонеллалармен немесе басқалардың әсерінен қозатын туберкулездік, сифилистік менингиттен (ұйымалы немесе пролиферациялы) басқалары әдетте, іріңді болады. Ми қабығының жанында орналасқан ошақтар (огит, синуситтер), алыс орналасқан гематогенді метасаздар (пневмония, абсцесстер, бактериалық эндокардит) екіншілік менингиттің көзі болып табылады.

Вирустық менингиттер-әдетте ұйымалы болады. Энтеровирус ЕСНО, Коксаки, паротиттік вирус т.б., қозады.

Менингиттердің классификациясы

Ағымы бойынша:

-жіті;

-созылмалы

Этиологиясы бойынша:

-бактериалды (менингококкты, пневмо-,стафилококкты, сальмонелезды, көк ірің таяқшалы, листереллезді және т.б.);

-вирусты (ЕСНО энетеровирустары, Коксаки, ішсүзегі вирустары және басқа).

Қабыну фазалары бойынша:

-экссудативті (шырышты, іріңді, гемморагиялық, шырышты-іріңді);

-продуктивті (пролиферативті, соның ішінде гранулематозды).

Себебі бойынша:

-біріншілік (өзендік ауру);

-екіншілік (қандай да бір инфекциялық аурудың асқынысы ретінде дамиды).

 

Менингиттің патоморфологиясы

 

Бактериалды менингитте мидың жұмсақ қабықшасы бұлыңғыр, іріңді жасыл-сары экссудатпен жабылған, бас миының конвекситальды беткейі тегістелген иірімділермен ығысады, мидың затын ашқанда пышаққа жабысады (бас миының ісінуі). Микроскопияда ісіну, қан толу, қабықшада айқын нейтрофильді инфильтрация, микроабцесстердің түзілуі, некроз ошақтарының пайда болуы байқалады. Вирусты менингитте ми қабықшасы томпайған, ісінген, тамырлар иньецирленген, бас миының конвекситальды беткейі тегістелген иірімділермен ығысады, мидың затын ашқанда пышаққа жабысады (бас миының ісінуі). Микроскопияда ісіну, қан толу, лимфоцитарлы инфильтрация.

 

Тапсырма

Тест сұрақтарына жауап беру (Аутентикалық тапсырма).

Тапсырма

" Жүйке жүйесінің аурулары"тақырыбына байланысты нақты жағдаят құрып, консилиум ұйымдастыру.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. А. Рақышев. Адам анатомиясы. I кітап. Алматы, 1994 ж.

2. Б.Ж. Доскеева. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған оқулық.Алматы, 2002 ж.

3. Жанпейс У. А., Озекбаева Н.А., Даркембаева Р.Д. Русский язык. Учебное пособие для студентов медицинских вузов по специальности «Общая медицина». Часть III. - Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2015. – 118 с.

4. Абжанова Т.А., Абжанов Р.С. Культура деловой коммуникации. – Алматы: Экономика, 2011.

5. Энциклопедический словарь терминов фармакологии, фармакотерапии и фармации: Г. Я. Шварц — Санкт-Петербург, Литтерра, 2008 г.- 576 с.

6. Энциклопедический словарь медицинских терминов. Издание второе в 1-м томе. 50374 термина. / Гл. ред. В.И. Покровский. – М.: «Медицина», 2001. – 960 с.

7. Жанпеисова У.А. Қазақша-орысша тақырыптық сөздік - Казахско-русский тематический словарь./ Сост.У.А.Жанпеисова / - Алматы: Sansam, 2010.– 176 с.

Қосымша:

1. Ә.С.Бейсенова. Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі – ұлттық идеологияның негізі. – Ұлттық тәрбие. №1, 2010 ж. 114-120 б.

Ақпараттық және интернет көздері

Интернет-сайт «Грамота» www.gramota.ru

Интернет-сайт «Культура письменной речи» www.gramota.ru

 

 

Date: 2016-11-17; view: 348; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию