Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз және мәтін бойынша бірнеше сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.





Зәр шығару жүйесі - адамның ағзасында, дәлірек, қанда, болатын зат алмасу процессі кезінде бөліп шыққан сұйық күйдегі соңғы қалдық заттарды сыртқа бөліп шығарып, ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе.

Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.

Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар (зәр ағар); қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).

Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.

Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

Бүйректің физиологиялық күйін бағалаудың жалпы қабылданған шарты- бөлінген несеп мөлшері, оның құрамы мен қасиеті.

Олигурия- тәуліктік несеп бөінудің кемуі-бүйректен тыс, және бүйректе пайда болады.

Бүйректен тыс олигурия мынадай жағдайда пайда болады:

қан айналысы тұтастай бұзылғанда

Организмде су өте көп азайғанда

Организмде су іркәлгенде

Орталыұ нерв жүйесі зақымданғанда

Ішек-қарын жолдары мен терінің әр түрлі бөліктенріне рефлекторлы ықпал еткенде

Анурия - несеп бөлінудің қысқа немесе ұзақ уақыт тоқталуы. Ол жіті гломерулонефритте (бүйрек шумақтарының қабынуы) және нефрозда байқалады.

Полиурия - үлес салмағы төмен несептің несептің тәуліктік бөлінуінің көбеуі және проценттік құрам бөлігінің кему патологиясы.

Полиурия мына төмендегідей бүйректен тыс факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін:

Жалпы қан айналысының бұзылуында

Зат алмасудың бұзылуы

Организмге сұйықтықтың мөлшерден тыс келуі

Мидың кейбір учаскелерінің тітіркенуі.

Бүйрек ауруларының белгілері:

Гематурия-несепте эритроциттердің пайда болуы

Протеинурия-несеппен бірге белоктың бөлінуі

Пиурия- ірің және лейкоцит аралас күңгірт несептің бөлінуі

Цилиндрурия- несепте алуан түрлі цилиндрлердің пайда болуы

Глюкозурия- бүйрек шумағы сүзгісінің елеулі зақымдану салдарнынан несепте қанттың бөлінуі

Гемоглобинурия- қан тамыры жүйесіндегі қан гемолизінің әсерінен несепте гемоглобиннің пайда болуы

Бактериурия- негізінен алғанда сепсистік инфекциялардан, инфекциялық процесстің организмге таралуынан несепте бактерияның болуы.

Бүйрек ісігі- бүйрек патологиясының басты белгілерінің бірі. Мұндайда несеппен бірге белок болінеді.

Date: 2016-11-17; view: 511; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию