Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.





1)Эндокринология — гормондардың биосинтез үрдісі мен әсер ету механизмін, эндокринді аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көрінісін, сонымен қатар басқа да патологияларда кездесетін эндокринді жүйе бұзылыстарын зерттейтін медицинаның саласы. Кең мағынада эндокринология ағзаның гуморальды интегративті жүйесі жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл клиникалық және теориялық медицинаның қарқынды дамып жатқан салаларының бірі.

Эндокринді ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу ұстанымдары дәлелді медицина ұстанымдары мен халықаралық клиникалық тәжірибе қалыптарына негізделген. ерекшеліктері.Эндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеудің ішкі аурулар тәжірибесіндегі қабылданған зерттеу жоспарларынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен, эндокринді бездер қызметінің бұзылуы бірнеше, кейде көптеген мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен ұштасатынын есте ұстаған жөн. Эндокринопатия диагноздарын нақтылаудың басым бөлігі зертханалық және аспаптық әдістермен растауды талап еткенімен, анамнездік мәліметтер мен физикалық зерттеу нәтижелерінің де маңызының үлкен екендігі белгілі. Эндокринопати яанамнездерінің жалпы ерекшеліктерінің ішінде ескеретін жәйт, қантты диабет пен бірқатар басқа да ауруларды есептемегенде, эндокринді патологиялардың көпшілігі жиі салыстырмалы жастық кезеңде дамиды. Көптеген эндокринді бездер қызметінің бұзылуы кезінде дене салмағы, сыртқы келбет, физикалық белсенділік пен жыныс қызметі өзгереді. Мысал, анамнезде әйелдерде жүктілік пен босанудың болуының өзі ол адамда ауыр эндокринді патологияның бар екеніне күмән тудырады. Бұл эндокринопатиялардың басым бөлігі тұқым қуалайтын аурулар емес, тұқым қуалауға бейім патологиялар болуына байланысты болса керек. Көптеген эндокринді патологияларға тән анамнез мәліметтері:
дене салмағының төмендеуі (жиі айқын), дене салмағының жоғарылауы (сирек айқын,сырт келбеті мен психикасының өзгеруі,етеккір циклінің бұзылуы,бедеулік, либидоның төмендеуі, галакторея, тер бөлінісінің бұзылуы (тершеңдік, терінің құрғақтығы),шаш өсудің бұзылуы (гипертрихоз, шаштың көп түсуі),кардиомиопатия (ырғақтың бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі), артериялық қан қысымның өзгеруі (гипотензия, гипертензия)Тамақтану тәртібінің бұзылуы (анорексия, булимия), бұлшықеттегі әлсіздік, сүйектердің сынуы, өсудің тежелуі, эндокринді сырқаттың отбасылық анамнезі. Балалар эндокринологиясы тәжірибесінде тұқым қуалайтын аурулардың үлестік салмағы айтарлықтай жоғары. Дегенмен, бірқатар тұқым қуалайтын эндокринопатиялар, алғаш рет ересек жаста да басталуы мүмкін (көптеген эндокринді неоплазия синдромы). Көптеген эндокринді ауруларда науқасты алғашқы қарап тексеру барысында-ақ диагнозды анықтауға болады. Науқасты бірінші рет қарау барысында диагнозды қоюға болатын аурулар:
Кушинг синдромы, Акромегалия Грейвс ауруы(офтальмопатия болғанда)Тернер синдромы Аддисон ауруы.Көптеген эндокринопатиялардың айқын клиникалық симптоматикасы науқастың писхикалық ерекшеліктерімен ұштасқан кезде, дәрігердің диагностикалық концепциясы бірден, науқасты алғаш көргеннен бастап қалыптасады да, диагноз қоюда маңызды кейбір шағымдарға науқастың өзінің тоқтамауына байланысты, дәрігер сұрастыруды белсенді түрде жүргізе бастайды. Дегенмен, кейде тіпті тәжірибелі эндокринологтың ауру турал алғашқы тұжырымы гормональды зерттеу нәтижесі бойынша да дәлелденбеуі мүмкін (мысалы, гипотиреоз).Эндокринді ауруларды диагностикалауда жіберілетін қателіктерді 4 топқа бөлуге болады:Айқын клиникалық симптоматиканы елемеу. Бұл қателік жиі Кушинг синдромы мен акромегалия кезінде жіберіледі, себебі баяу дамитын клиникалық симптоматика жиі «жасқа байланысты» өзгерістер немесе жеке дара белгілер (артериялық гипертензия, семіздік, анемия), тіпті жеке аурулар ретінде қарастырлады.Зертханалық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау. Гормондар деңгейін «кез-келген жағдайға» тексере салу, зертханалық мәліметтерді абсолютті диагностикалық маңызды етіп көрсетеді.

Date: 2016-11-17; view: 300; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию