Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Грамматикалық тақырып: Ғылыми-зерттеу тезисі. Ғылыми тезистің жалпы ережесі.





Мамандығы:жалпы медицина, 4 курс

Азақ тілі кафедрасы

 

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

Тәжірибелік сабақтарға арналған

Дістемелік нұсқаулар

I.Лексикалық тақырып: Эндокриндік жүйенің аурулары. Гипогликемия және гипергликемия синдромдары. Қант диабеті.

Грамматикалық тақырып: Ғылыми-зерттеу тезисі. Ғылыми тезистің жалпы ережесі.

II. Сабақтың мақсаты:

Студенттерге кәсіби қарым-қатынас үшін қажет негізгі медициналық терминологиялық лексика минимумын меңгерту; қазақ тілінде сөйлеу қызметінің әртүрлі дағдылары мен біліктерін жетілдіру: айтылым (қазақ тіліне ауызша аударудың түрлері, сөйлеушінің өз пікірін негіздеуі, тақырыптық диалог), жазылым (толық аударма, мәтіннің құрылымдық бөліктерін рәсімдеу), аудару үдерісінде іздеу, танысу түріндегі оқу, түсіну.

III. Пәннің міндеттері:

- сөздік-анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу, кәсіби сипаттағы мәтіндерді қарап шығу, іздеу, зерттеу мақсатында оқи алу дағдысын қалыптастыру;

- жалпы ғылыми және нақты кәсіби тақырыптағы мәтіндердің мағыналық, құрылымдық және коммуникативтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқып, түсіну; мәтіннің тақырыбын, көтерген мәселесін, қорытындысын анықтай алу, мәтіннің логикалық сұлбасын ұсына білу т.б. біліктерін жетілдіру;

- ғылыми мәтіннің жалпы мазмұнын және автордың басты тезистерін түсіну, мәтін ақпаратынан басты және қосымша ақпаратты бөліп, оларды бағалай білу, мағыналық блоктардағы негізгі, қосымша және қайталанатын ақпаратты бөліп көрсете білу дағдысын қалыптастыру;

- жалпы және кәсіби лексика негізінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша коммуникативтік біліктерін дамыту, белгілі тақырып бойынша кәсіби сипатта ақпарат алмасуын қамтамасыз ету;

- өз мамандығы шеңберіндегі кәсіби терминдерді игеру дағдыларын жетілдіру.

 

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ғылыми-зерттеу тезисі.

2. Ғылыми тезистің жалпы ережесі.

V.Әдіс - тәсілдер:

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

2. Топпен орындалатын жұмыс әдісі

3. жобалау әдісі

VI. Тақырып бойынша тапсырмалар:

 

Тапсырма. 1- тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз. Ғылыми-зерттеу тезисі. Ғылыми тезистің жалпы ережесі туралы түсініктеріңізді айтып беріңіз.

 

Ғылыми мақала негізгі мазмұндағы мәтіннен бөлек, мақаланың тақырыбы, авторлар туралы мәлімет, түйіндеме, кілт сөздер, мақаланың негізгі мәтіні, библиографиялық көрсеткіштер, пайдаланған әдебиеттер тізімі сияқты негізгі элементтерден тұрады.

Авторлар туралы мәлімет, тақырып, түйіндеме, кілт сөздер мен библиографиялық көрсеткіштер тізімі міндетті түрде орыс тілінде немесе тағы бір білде, сонан соң міндетті түрде ағылшын тілінде берілуі қажет.

Мақаланың тақырыбы мақаланың мазмұнын ашатын, жасалған ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі мен мазмұнын беруі шарт. Ғылыми мақаланың тақырыбы зерттеудің қысқа да нұсқа, нақты нәтижесін көрсетіп тұруы керек. Мақаланың тақырыбында автордың ғылыми шығармашылығының қызықты және тартымды екенінен ақпарат беріліп тұруы керек. Бірақ тақырыпты тартымды етемін деп, оқырманды шатастыратын, сенсация тудыратын тақырыптардан аулақ болған дұрыс.

Авторлар туралы мәліметке автордың ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, жұмыс немесе оқу орыны, байланыс құралдары беріледі. Ғылыми кеңесшілері туралы мәліметтер де авторлардікіндей беріледі. Әдетте біз кітап пен мақалада екі немесе үш авторды көреміз. Бірақ бір мақалада ондаған авторға дейін болу мүмкін. Дегенмен, олардың барлығы бірдей мақаланы бір мезгілде отырып жазбауы мүмкін. Ондай авторлық бірлестікте авторлардың тізімі бойынша кімнің қаншалықты көлемде зерттеу жүргізгендігін байқауға болады. Тізімнің басында тұрған ғалым мақалада көрсетілген жұмыстың көп бөлігін орындағандығын білуге болады.

Түйіндеме – мақаланың мақсатын көрсететін, мазмұнынан, түрінен, формасынан және өзге де ерекшеліктерінен мағлұмат беретін қысқаша мінездемесі. Түйіндемеде мақаланың, автордың көзқарасы бойынша, негізгі және құнды деп есептелген зерттеудің этаптары, нысандары, түйіні мен қорытындысы берілуі керек. Түйіндеме міндетті түрде 300-500 сөз көлемінде болғаны дұрыс.

Кілт сөздер – мәтіннің мазмұнын көрсететін зерттеу нысанындағы, зерттеу әдістері мен, ғылыми бағыттағы терминдер немесе жинақтық сөздер. Ұсынылатын кілт сөздер көлемі 5-7 сөз, ал кілт сөздерге берілген тіркестердегі сөздер 3 сөзден артық болмауы ұсынылады.

Мақаланың негізгі мәтіні бөлімдерінің белгілі бір тәртібімен берілгені дұрыс. Ғылыми журналдарда жарияланатын ғылыми мақаланың мәтінін жазу үлгілерін берсек. Олар қарапайым түрде жасалады, мысалы:

1) Кіріспе

2) Негізгі бөлім

3) Қорытынды

Библиографиялық көрсеткіш дегеніміз, өзге мағлұматтарды немесе белгілі бір анықтаманы, пікірді өз мақалаңызда пайдаланған болсаңыз, сол кітаптың, еңбектің немесе құжаттың авторы мен атауы туралы мәлімет көрсетілген тізім.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі өз бетінше библиографиялық құралдарды көрсететін бөлек тізім болып табылады.

Date: 2016-11-17; view: 521; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию