Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






С вирусты гепатит ауруы





"С" вирусты гепатиті - ол негізінен бауырдың қабынуы. "С" вирусты гепатитінің вирусы өте өміршең келеді. Себебі 60 градус температурада 30 минут ішінде өлмейді. Ал құрғақ күйінде жылдар бойы сақталуы мүмкін. Бұл вирус медициналық және косметикалық құрал жабдықтарды сүртетін спирт ерітіндісінен де қорықпайды.

Біз вирусты ойламаған жерден жұқтыруымыз мүмкін. "С" вирусты гепатитінің созылмалы және жіті формаларымен ауыратын науқастар жұқпаның негізгі таратушылары болып табылады. Көп жағдайда сырқат өзінің басқа адамдарға қауіп туғызатынын сезіп, білмейді. Өйткені, науқастардың көбіне жіті вирустық "С" гепатиті " сары емес түрде" өтеді. Және де осы жағдайда дұрыс диагноз қою қиынға түседі, себебі созылмалы гепатитпен ауратындар көп жылдар бойы өздерін мүлдем сау сезінеді. Вирус зәрде, терде, нәжісте болмайды. Вирус қан сарысуында, қынап секретіде айқындалады.

Көп жағдайда жұқпаның жұғуы вирусты гепатит жұқтырған науқастың қаны, дені сау адамның қанына немесе зақымданған шырышты қабыққа жанасуы кезінде беріледі. Төменде аталып өткен жағдайларда жұқпа сау адамға жұғады: есірткіні көктамыр арқылы қабылдайтын нашақорлар, жұқпа жұқтырған қанды құю кезінде, вирусты " С" гепатитімен ластанған стерильді емес материалдарды, аспаптарды және құралдарды пайдаланған жағдайда(тісті емдеу кезінде, хирургиялық ота жасау кезінде, татуаж, персинг, маникюр, педикюр жасатқан кезде), " С" вирусты гепатитін жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түскен кезде, жұқпа жұқтырған анадан туылған нәресте босану және емізу кезінде жұқпа жұқтыруы мүмкін.

" С" вирусты гепатиті науқастардың көбінде (60 - 85 %) аурудың созылмалы түріне айналады. Себебі ауру уақытылы анықталмай, әбден асқынған жағдайда бауыр циррозы, созылмалы гепатит сатысына өткен кезде ғана анықталады.Созылмалы вирусты "С" гепатитімен ауырған науқастың бауыры кейде "С" вирусты созылмалы гепатит адамның басқа ағзаларының ауыруына сбепші болуы мүмкін.

"С" вирусты гепатит вирустарының биологиялық қасиеттерін және оның аса жұғымталдығын ескере отырып, аурудың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажет. Дер кезінде дәрігерлік көмекке жүгінбеудің және диагностика жасауды кешіктірудің салдарынан Сіздердің туған - туысқадарыңызға ауруды жұқтыру қаупінің жоғарлайтынын естен шығармаған жөн.

 

Date: 2016-11-17; view: 299; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию