Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы қан анализі





Оқу жылына «Педиатрия» дайындау бағытының «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқытылатын (2 саты – клиникалық дағдыларын бағалау), интерндерді Қорытынды аттестациялауға арналған медициналық симуляцияның сценарийі

Клиникалық жағдай: «Жедел обструктивті бронхиттің диагностикасы және жүргізу тәсілі».

 

Ситуацилық есеп: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөлімшесіне 2 жасар қыз бала келіп түсті.

Ø Анамнез жинап, науқасты қарап тексеріңіз.

Ø Зертханалық – аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне интерпретация жасаңыз.

Ø Диагноз қойыңыз.

Ø Науқасты жүргізу тәсілін таңдаңыз.

 

Қорытынды нәтиже (outcomes):

Ø Тыныс алу жүйесінің патологиясы бар науқасты сұрастыру және физикалды қарап тексеру.

Ø Жедел обструктивті бронхиттің клиникалық диагностикасы.

Ø ЖҚА, қанның ИФА, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы нәтижелеріне интерпретация жасау.

Ø Жедел обструктивті бронхиті бар науқасты жүргізудің тәсілі.

Ø Науқаспен тиімді қатынас орнату және қорқыныш сезімін басу.

Стандартты әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің түсініктемесі:

Ыз бала, 2 жаста.

Шағымдары: дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауы, мұрыннан шырышты бөліністер, құрғақ, жиі жөтел, әлсіздік, тәбеті төмендеген.

 

Сұрақтың мәні Әртіске арналған сұрақтар Жауап
Жөтелдің сипатын нақтылау Жөтелі құрғақ немесе ылғалды ма? Жөтел үнемі мазалайды ма әлде жоқ па? Жөтелі құрғақ, ұстама тәрізді
Тахипноэ сипатын нақтылау Тынысының жиілеуі мен қиындауы байқалды ма? Тыныс шығаруы қиындаған
Қосымша шағымдары Тағы басқа қандай шағымдар мазалайды? Тәбеті төмендеген, сұйықтық ішуден бас тартады, ұйқысы мазасыз

 

Ауру анамнезінен: бала 3 күн бойына ауырады: дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауы болған, мұрыннан шырышты бөліністер пайда болған, жөтеледі. Қызу түсіретін және муколитикалық ем қабылдаған. Қыз баланың жағдайы нашарлаған, жөтелі күшейген, тынысының қиындауы пайда болды, интоксикация белгілері күшейді.

Өмір анамнезінен: бала бірінші жүктіліктен, жедел туыттан, жүктілік ағымы өзгеріссіз өткен. 1 жасқа дейін табиғи тамақтануда болған. Өмірінің бірінші жылында атопиялық дерматиттің көріністері болған, ЖРВИ жылына 5 – 6 ретке дейін болады.

Объективті: дене салмағы 14 кг, бойы 87 см.Қарап тексеруде жағдайы ауыр. Терісі бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышы цианозды. Жиі, ұстама тәрізді, өнімсіз жөтел байқалды. Тыныс жиілігі 38 рет 1 минутта. Тынысы шулы, арақашықтықтан естіледі. Ентігу экспираторлық типті. Тыныс алу актісіне көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпесінде тынысы қатаң, тыныс шығару кезінде көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Перкуторлы – қораптық реңмен өкпелік дыбыс естіледі. Жүрек үндері дауысты, шулы. ЖЖЖ – 122 соққы мин. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры +1 см қабырға доғасынан шығыңқы, көкбауыры пальпацияланбайды.

 

Жалпы қан анализі

Эритроциттер - 3,2х1012/л,

Гемоглобин - 115 г/л

Лейкоциттер - 8,4х109

Таяқша ядролы–2х 109

Сегментті ядролы– 12х 109

лимфоциттер– 78х 109

эозинофилдер–7х 109

моноциттер – 1х 109

ЭТЖ - 14 мм/сағ.

Date: 2016-07-05; view: 837; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию