Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нейрон- жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі.





Озу, қоздырғыш, тітіркену және тітіркендіргішке түсініктеме.

Рефлекс – жүйке қызметінің негізгі формасы. Рефлекторлық доға және сақина.

Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар және олардағы қозуды жеткізу механизмі.

Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және оның пайда болу жолдары.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

Адамның проприорецепторлық рефлексін бақылау.

Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі.

Бұлшық еттерде, тарамыстарда, буындарда болатын рецепторлар проприорецепторлар деп аталады. Осы рецепторлардан қозу бұлшық ет жиырылғанда немесе босансығанда орталық жүйке жүйесінеберіледі. Тексерілетін кісінің жүйке жүйесінің қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, пайда болатын рефлекс соғұрлым қарқынды болады. Осындай рефлекстерге тізе және ахилл рефлекстері мысал бола алады.

А) Тізе рефлексін былайша тудырамыз. Тексерілетін кісіні орындыққа отырғызамыз. Одан бір аяғының екінші аяғының үстіне қоюын талап етеміз. Сонан соң резинка балғашықпен (немесе алақанның қырымен) тізе көзінен төменірек санының төрт басты бұлшық етінің тарамысын ақырындап ұрамыз. Сол кезде тізе жазылады. Рефлекторлық доға жұлынның 3-4 бел сегменттерінде тұйықталады. Аяқ жазылуының шұғыл және биіктігін ескере отырып тексерілетін адамның рефлексін бағалаймыз. б) Ахилл рефлексі. Тексерілетін адамды орындыққа екі тізесімен (аяқ басы салбырап тұратындай етіп) отыруды талап етеміз. Ахилл тарамысын ақырындап ұрған кезде аяқ басы табанға қарай бүгіледі. Бұл рефлекстің доғасы жұлынның 1-2 құймышақ сегментінде тұйықталады. Тізе және ахилл рефлекстері доғаларының схемасын салу керек.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесінің маңызы қандай?
  2. Жүйке талшықтарының құлымы мен қасиеті қандай?
  3. Синапс, синапс түрлері, оның физиологиялық қасиеттері.
  4. Рефлекс туралы түсінік, рефлекстік әрекет, рефлекстің жіктелуі.
  5. орталық жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.

 

№3 ТАҚЫРЫП: Балалардың жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типологиялық және жастық ерекшеліктері. Ассоциативті эксперимент.

МАҚСАТЫ: Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің механизмінің нейрофизиологиялық негізі, шартты және шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстердің пайда болу және сөну әрекеттерін қарасты ру.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Столға қоятын шам, штатив, Ричардсон баллоны, резина түтік.

СҰРАҚТАР:

1. Шартты рефлекстер туралы И. П. Павловтың ілімі. Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасы.

2. Шартты рефлекстердің түзілу жағдайлары және жолдары.

3. Үлкен ми сыңарлары қыртысының анализдік синтездік қызметі.

4. Динамикалық стеоретип. Оның қалыптасу жолымен және оқыту процессіндегі ролі.

5. Болмыстың екі сигналдық жүйесі.

6. И. П. Павловтың жоғарғы дәрежелі жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

№1 тәжірибе. Ассоциативті эксперимент.

Адам миының үлкен жарты шарларының анализдік-синтездік әрекетінің негізі болып, сөздер арасындағы уақытша байланыстардың, яғни ассоциацияның түзілуі болып табылады. Осы байланыстарды зерттеу барысында өмір сүруі кезінде қалыптасқан шартты рефлекстердің көп түрлілігі мен олардың негізін, белгілердің көрінуін, адамның ЖДЖЖ-нің кейбір жеке ерекшеліктерін анықтауға болады. ЖДЖЖ-нің барлық ерекшеліктерін ассоциативті эксперимент қою арқылы анықтауға болады.

Құрал-жабдықтар: Баған бойынша 10-20 сөз жазылған карточкалар, секундомер.

Жұмыс барысы: Карточкадағы сздерді зерттелуші оқиды (тек зат есім). Зерттелуші әрбір айтылған сөзге ойына келген сөз ассоциациясны айтуы қажет. Жауап беру кезеңі белгіленеді. Ассоциация түзілген уақыты мен айтылған сөздерді кестеге толтырады. Оларды талдап, қорытынды жасаңдар.

Ассоциация эксперимент нәтижелері

Зерттелушіге берілген сөздер тізімі Сөз-ассоциация Ассоциация пайда болуға кеткен уақыт, с
     
     
     
     

Алынған нәтижелердің анализі ЖДЖЖ-нің мынадай ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

1. Уақытша байланыстардың көптігі. Егер берілген сөздердің ассоциациясы бірде-бір рет қайталанбаса, онда уақытша байланыстың көптігі туралы айтуға болады.

2. ЖДЖЖ-нің типтері. Егер берілген сөздер ассоциясында бейнелі, көркем сөздер болса, онда ЖДЖЖ-нің типі- көркем, егер сөздердің ассоциясы жинтықты, қорытынды негізде болса, онда бұл тип – ойшыл. ЖДЖЖ-нің орта типіне түрлі деңгейдегі ассоциацияға 1 және 2 типтер тән.

 

№2 тәжірибе. Шартты кірпік қағу рефлексін жарық әсерінен қалыптастыру.

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫ: Тексерілетін адамды штативке жақын отырғызамыз. Штативте Ричардсон баллонымен жалғасқан резинка түтік орналасқан. Резинка түтіктің тесігі тексерілетін адам көзінің деңгейінде 5-7 см қашықтықта болуы тиіс.

Шартты рефлекс былайша қалыптастырады: алдымен шам жағылады (жарық шартты тітіркендіргіш). 1-2 сек. Содан соң Ричардсон баллоны қысу арқылы ауа ағысымен кірпік қағу рефлексін тудырамыз. (шартсыз қуаттандыру). Осыны көп мәрте қайталаған соң шамды жаққан кезде шартсыз қуаттандырусыз, яғни Ричардсон баллонын сығымдамасақта, кірпік қағу рефлексі пайда болады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

 

№3 тәжірибе. Қозудың 1-ші сигналдық жүйеден 2-ші сигналдық жүйеге берілуін дәлелдеу.

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫ: Алдымен шартты кірпік қағу рефлексін қалыптастыру. Осы шартты рефлексті қалыптастырған соң шам жағудың орнына – шам немесе жарық деп ауызша айтамыз. Осы сөздерге кірпік қағу рефлексін Ричардсон баллонын сығымдамай-ақ жүзеге асыруымыз қажет. Яғни шартсыз қуаттандыруды қолданбай-ақ.

 

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.

 

Date: 2016-11-17; view: 1707; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию