Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының асқынуы





*3*11*1*

 

#1169

*! Науқас 31 жаста, ішінің жоғарғы бөлігінде кенеттен қатты ауру сезімінің пайда болуымен шағымданады. Пальпация жасағанда іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттері айқын қатайған. Құрсақ қуысының шолымалы рентгенограммасында - бос ауа анықталды.

Қандай емдеу тактикасын таңдаған тиімді?

 

*консервативті ем

*жоспарланған операция

+шұғыл операция

*динамикалық бақылу

*амбулаторлық жағдайда қосымша тексерістерден өткізу

 

#1170

*! Науқас 58 жаста, жедел түрде ойық жарадан қан кету белгілерімен келіп түсті. Анамнезінде ойық жара ауруымен ауырмаған, осыдан 2 жыл бұрын миокард инфарктысын басынан өткерген, осыған байланысты ұзақ уақыттан бері кардиомагнил қабылдайды. ФГДС-та асқазанның жедел ойық жаралары анықталды, қан кету белгілері жоқ.

Қандай тиімді емдеу тактикасын қолданған дұрыс?

 

*+хирургиялық стационарда консервативті ем

* терапиялық бөлімшеде консервативті ем

* тұрғылықты жерінде амбулаторлы ем

*жедел операция

* жоспарлы операция

 

#1171

*! Аурухананың қабылдау бөлімшесіне 35 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келіп түсті. Қарап тексергенде науқастың қалпы оң жақ қырына жатып, аяқтарын ішіне бүгіп алған. Пальпация жасағанда іші қатайған, бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Қандай диагноз НЕҒҰРЛЫМ дәлірек келеді?

 

*жедел ішек түйілуі

*жедел панкреатит

*+ойық жараның перфорациясы

*жедел холецистит

*миокард инфарктісі

 

#1172

*!Профузды қан кетумен асқынған он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде науқастарға ҚАНДАЙ хирургиялық тактиканы қолданады?

 

*консервативті ем

*жеделдеу операция

*+шұғыл операция

*кешіктірілген операция

*жоспарланған операция

 

 

#1173

*!Науқас 55 жаста, қабылдау бөліміне эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып жеткізілді. Анамнезінде ойық жара ауруымен ауырады. Ішінің жоғарғы бөлігінде аяқ астынан қатты ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде науқас оң жақ қырына аяқтарын ішіне бүгіп жатыр. Пальпация жасағанда құрсақ бұлшық еттері қатайған, эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Бауыр тұйықтығы анықталмайды.

Диагноз қоюға қандай зерттеу әдісі НАҚТЫ көмек береді?

 

*+іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*іш қуысының МРТ

* іш қуысының КТ

*ЭРХПГ

*ФГДС

 

#1174

*! Науқас 43 жаста, хирургиялық бөлімшеге ойық жарадан қан кету диагнозымен жатқызылған, консервативті емдеу барысында «кофе тәрізді» құсық, кенеттен әлсіздік, қара түсті нәжіс пайда болды. ФГДС-та ойық жарадан ақырындап қан кетуде.

Осы жағдайда одан ары емдеу тактикасын анықтаңыз?

 

*динамикалық бықылау

*консервативті ем

*кешіктірілген операция

*+шұғыл операция

*жоспарлы операция

 

#1175

*! Терапия бөлімшесіне асқазан-ішек жолынан қан кеткен 65 жасар науқасқа хирург кеңеске шақырылды. Науқас миокард инфаркті диагнозымен емделіп жатқан.

Осы жағдайда қандай емдеу тактикасын қолданған абзал?

 

*терапия бөлімшесінде динамикалық бақылау

* гастроэнтерология бөлімшесіне ауыстыру

* +хирургия бөлімшесіне аудару

* амбулаторлық емге шығару

* күндізгі стационарға ауыстыру

 

#1176

*! Науқас 30 жаста, дене шынықтырудан кейін эпигастрийде қатты ауру сезімі, жалпы әлсіздік, көзінің қарауытқануы, суық тер пайда болды. Анамнезінде жыл мерзіміне байланысты ауру сезімі пайда болып тұрған, түнде қыжыл мазалайды. Қарап тексергенде іштің алдыңғы бұлшық ет қабырғасының қатайғаны байқалады, Спижарный симптомы оң.

Төмендегі берілген болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы

*он екі елі шек ойық жара ауруының өршуі

*аш ішектің бұралуы

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

 

#1177

*! Науқас 40 жаста, аяқ астынан эпигастрийде қатты ауру сезімі пайда болып, кейін ауру сезімі өздігінен басылып қалған. Уақыт өте эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға астында қарқындылығы аса қатты емес ауру сезімі қайта пайда болған. Осыған байланысты ауырғанынан 3 тәулік өткеннен кейін жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жатқызылды, рентгеноскопияда пневмоперитонеум анықталды.

Қандай болжама диагноз болуы мүмкін?

 

*жедел ішек түйілуі

*+жабылған перфоративті ойық жара

*жедел панкреатит

*жедел аппендицит

*жедел холецистит

 

#1178

*! Науқас 35 жаста, ішінде аяқ астынан қатты ауру сезімі пайда болған. Рентгенограммада оң жақтағы диафрагма күмбезі астында бос ауа анықталды. Қандай емдеу тактикасын қолданған жөн?

 

* +шұғыл операция

* госпитализация, динамикалықбақылау

* жоспарлы операциялық ем

* консерватиаті ем

* амбулаторлы ем

#1179

*! 55 жастағы ер адам «кофе тәрізді» құсыққа, әлсіздікке, қара түсті нәжіске шағымданып хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. ФГДС-та: Асқазанның ойық жарасы Forrest IIB, қызыл тромб.

Дәл осы жағдайда ары қарай қандай емдеу тактикасын ұстанған абзал?

 

*амбулаторлы ем

*+консервативті ем

*кешіктірілген операция

*шұғыл операция

*жоспарлы операция

 

Date: 2016-11-17; view: 701; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию