Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тромбоз және эмболия





*2*7*

#522

*!Тромбоэмболия кезінде қайсы дәрілік заттарды қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*реополиглюкин

*В тобындағы дәрумен

*актовегин

*никотин қышқылы

*+гепарин

 

#523

*!Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен ауырады, бірақ ешқашан медициналық көмек алмаған, емделмеген. Қабылдау бөлімшесіне келмес бұрын 9 сағат алдын, оң жақтағы аяғы кенеттен мұздап ауырып, жансызданған. Қарап тексергенде, оң аяғы бозарған, ұстағанда мұздай, тері асты веналары толымсыз, белсенді қозғалысы мен сезімталдығы төмендеген, шап қыртысынан төменгі жақта тамыр соғысы анықталмайды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*ишалгия

*нейробұлшық етті синдром

*+мықын артериясының тромбозы

 

#524

*!Науқас 30 жаста, травматологияның қабылдау бөліміне сол жақ қолының ауру сезіміне, жансыздануы, мұздауы, сонымен қатар саусақтарының қоғалысының шектелуіне шағымданып түсті. Анамнезінде туыстарының айтуы бойынша мас күйінде сол жақ қырымен жатып ұйықтап қалған. Қарап тексергенде сол жақтағы қолы мұздай, бозарған, йық артериясында тамыр соғысы анықталмайды.

Осы жағдайға төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*+йық артериясының тромбоэмболиясы

*йық артериясының эмболиясы

*бұғана асты венасының тромбозы

*краш синдромы

*сол қолдың перифериялық ангиоспазмысы

 

#525

*!Науқас ауруы басталғаннан кейін бір тәулік өткен соң, оң аяғының қатты ауру сезіміне, жансыздануы мен мұздауына шағымданып түсті. Науқасқа бірнеше күн алдын коронарография жасалған.

Көрсетілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+эмболия

*тромбоз

*миокард инфарктысы

*ишиалгия

*перифериялық ангиоспазм

 

#526

*!Науқас 55 жаста, сол жақ аяғының қатты ауру сезіміне, мұздауына, аяқ саусақтарының қозғалысының шектелуіне шағымданады. Анамнезінде: ревматизмге байланысты ревматолог дәрігерде есепте тұр. Аяғын тексеріп қарағанда мұздай, бозарған, сан артериясындағы пульсациясы жоғарылаған, тізе асты артериясында пульсациясы анықталмайды. АҚ-150/90 мм.сн.бағ, аритмия.

Алдын-ала қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел миокард инфарктысы

*+сан артериясының эмболиясы

*сан артериясының тромбозы

*шонданай нервісінің қысылуы

*сол аяқтың гемипарезі

 

#527

*!Төменде көрсетілген себептердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ өкпе артериясының тромбоэмболиясына әкеледі?

 

*құрсақ қолқасының тромбозы

*қақпа венасының тромбозы

*йық артериясының тромбозы

*+төменгі қуыс жүйесінің тромбозы

*артериовенозды жыланкөзі

 

#528

*!Науқас 71 жаста, оң тізе буынының шығып кетуіне байланысты травматология бөлімшесіне түсті. Шыққан сүйегін орнына салғаннан кейін 2 күн өткен соң оң аяғында қатты ауру сезімі, жансыздануы байқалған. Қарап тексергенде: балтыры, аяқ басы мұздай, тері асты венасы босаңсыған, аяқ басы және тізе асты артериясының пульсациясы анықталмайды. Тізе буынының көлемі үлкейген.

Төменде көрсетілген патологиялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*гемартроз

*бұлшық ет аралық гематома

*жарақаттық артериоспазм

*+тізе асты артериясының жедел тромбозы

*Марторелл синдромы

 

Атеросклероз

*2*7*

 

#529

*!Науқас 48 жаста, анамнезінде: гангрена болуына байланысты бұрын екі аяғының ампутациясы жасалған. Осыдан 3 күн бұрын сол қолының саусақтарында кенеттен қатты ауру сезімі, бозаруы, мұздауы, содан кейңн көгеруі мен ісінуі болған. Ауруының қатты болуына байланысты науқас түнде ұйықтай алмайды. Сол қолының шыбық және шынтақ артерияларында пульсациясы күрт төмендеген. Оң жақ қолындағы артерияларының пульсациясы сақталған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келуі мүмкін?

 

*+ облитерациялық тромбангиит

*қол артерияларының эмболиясы

*Мартореллсиндромы

*Рейносиндромы

*мойын омыртқасының остеохондрозы

 

#530

*!Науқас 65 жаста, 2 жылдан бері алма-кезек ақсаумен зардап шегеді. Ангиографияда – бифуркация деңгейіндегі құрсақ қолқасының стенозы, қолқа қабырғасының атеросклероздық өзгерісі анықталды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*мықын венасының тромбозы

*мықын артериясының эмболиясы

*абдоминальді ишемиялық синдром

*Такаясу синдромы

*+Лериш синдромы

 

#531

*! Облитерациялық атеросклероз және облитерациялық эндартерииттің салыстырмалы диагностикасын жүргізгенде төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мәліметті?

 

*компьютерлік томография

*реовазография

*+аорто-артериография

*пирофосфатты Те99 (технеций) радионуклидті тексеру

*УДДГ

 

#532

*! Науқас 55 жаста, жүрген кезде сан және бөксе бұлшық еттерінің ауру сезіміне, жыныстық күш қуатының төмендеуіне шағымданады. Соңғы кезде тоқтаусыз не бары 70 метр ұзақтыққа ғана жүре алады. Қарап тексерген уақытта аяқтарындағы сан артерияларының екеуінде де пульсациясы анықталмайды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*+Лериш синдромы

*Паркс-Вебер-Рубашов синдромы

*қолқа бифуркациясының постэмболиялық окклюзиясы

*қолқаның кеуделік бөлігінің коарктациясы

*екі аяқтың сан артерияларының атеросклероздық окклюзиясы

 

#533

*!Науқас 27 жаста, жүрген кезінде сол аяқ басы мен балтырындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 4 жылдан бері ауырады. Алдымен тоқтаусыз 500-600 метр қашықтыққа жүруші еді, соңғы кездерде 50-60 метрден артық қашықтыққа жүре алмайды. Күніне данаға дейін 30 темекі шегеді. Сол жақтағы аяқ басы және балтырының терісі бозарған, ұстап қарағанда оң жақтағы аяғымен салыстырғанда мұздай. Сол жақ аяқ басында артериалды пульсациясы жоқ, ал оң жақ аяғының сыртқы бетінде әлсіреген. Ал тізе асты және сан артерияларының пульсациясы екі жағында да анық анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келуі мүмкін?

 

*облитерациялық атеросклероз

*+облитирациялық эндоартериит

*Лериш синдромы

*Рейно ауруы

*тізе асты артериясының тромбозы

 

#534

*!Науқас 44 жаста, оң аяғының ІІІ дәрежелі ишемиясымен ауырады, не бары 30 метр қашыққа ғана жүреді. Сол аяғындағы артериялық пульсациясы барлық деңгейде сақталған, ал оң жағы – тек жалпы сан артериясында сақталған. Ангиографияда – оң тізе асты артериясының окклюзиясы, олардың тармақтары коллатералдар арқылы толған.

Төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*ампутация

*үлкен тері асты венасын артерилизациялау

*+тізе асты артериясының ауто- (алло) пластикасы

*белдік симпатэктомия

*қолқа сандық аллошунттау.

 

#535

*!Науқас 63 жаста, «Атеросклероз, мықын артерияларының стенозы, сан артериясының окклюзиясы» деген диагнозбен операцияға алынды. Сан артерияларының кальцинозы анықталды. Төменде көрсетілген операциялардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

*реконструктивті операцияны жалғастыру және сонымен аяқтау

*тек профундопластика жасау

*периартериальді симпатэктомия

*+белдік симпатэктомия

*ревизия жасаумен операцияны аяқтау

 

Жедел панкреатит

*2*18*

#536

*!52 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, белге иррадиацияланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Ауырғанына 4-5 сағат болған, жағдайының нашарлағанын майлы тамақ жегенімен байланыстырады. Іштің пальпациясы кезінде Керте симптомы оң, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?

 

*жедел аппендицит

*жедел холецистит

*+жедел панкреатит

*пилородуоденалды стеноз

*Меллори-Вейс синдромы

 

#537

*!58 жастағы ер адам, жедел панкреатит деген болжамалы диагнозбен жеткізілді. Анамнезінде 2 жыл бұрын миокард инфарктісімен ауырған. Қарау кезінде іштің жоғарғы бөлігінің кеуіп тұрғаны байқалады, палпация кезінде эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі анықталады, Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді, ішек перистальтикасы баяу. Үлкен дәрет болмаған.

Аталған аурулардың қайсысымен дифференциалды диагноз жүргізу АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

 

*жедел холецистит

*жедел аппендицит

*асқазанның перфоративті ойық жарасы

*ішектің жедел түйілуі

*+мезентериалды қан тамырларының жедел тромбозы

 

#538

*!42 жастағы ер адам, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, белге иррадиацияланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Бұрындары осындай ауру сезімінің ұстамалары болғанын айтады, жағдайының нашарлағанын майлы тамақ жегенімен байланыстырады. Тексеру кезінде Керте және Грей-Тернер симптомдары оң. Іштің аускультациясы кезінде ішектің баяу перистальтикасы естіледі.

Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы АСА ЫҚТИМАЛ?

 

*бауыр циррозы

*жедел холецистит

*+жедел панкреатит

*он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы

*пилородуоденалды стеноз

 

#539

*!37 жастағы науқас Л., жедел панкреатит бар деген күдікпен жатқызылды. Жағдайы 2 сағат бұрын алкоголь ішкеннен кейін нашарлаған. Қан анализінде: лейкоциттер - 9,4х109/л, ЭТЖ - 10 мм/сағ; Құрсақ қуысының УДЗ-да ұйқы безінің көлемінің ұлғайғандығы анықталды.

Қандай лабораторлық көрсеткіш диагнозды АНАҒҰРЛЫМ нақтылайды?

 

*коагулограмма

*қан құрамындағы қантты анықтау

*+қан құрамындағы амилазаны анықтау

*қан құрамындағы мочевинаны анықтау

*қандағы жалпы билирубинді анықтау

 

#540

*!29 жастағы ер адам, жедел панкреатиттің клиникалық көрінісімен келіп түсті. Осындай ауруы өмірінде бірінші рет, жағдайының нашарлағаны 4 сағат бұрын басталған, оны диетаның бұзылуымен байланыстырады. Іштің пальпациясы кезінде Керте симптомы оң. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,9х109/л, ЭТЖ - 10 мм/сағ; Құрсақ қуысын УДЗ: өт қапшығында өттің іркілуі, ұйқы безі көлемінің ұлғаюы, контурының анық еместігі анықталады.

Пациентке қатысты қандай тактика қолдану ӘЛДЕҚАЙДА тиімді?

 

*жедел операция

*шұғыл операция

*амбулаторлы бақылау

*+хирургиялық бөлімшеде консервативті емдеу

*терапия бөлімшесінде консервативті емдеу

 

#541

*!Пациент 35 жаста, эпигастрий аймағының ауыратынына, ауру сезімінің белге иррадияциаланатынына, көп рет құсатындығына шағымданып келді. Тексеру кезінде ішінің алдыңғы бетінде көкшіл дақтар бар, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Диагностикалық лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық сұйықтық және стеарин дақтары байқалады.

Аталған диагноздардың қайсысының болуы АСА ЫҚТИМАЛ?

 

*жедел холецистит

*жедел аппендицит

*+жедел панкреатит

*илеоцекалды инвагинация

*мезентериалды қан тамырларының жедел тромбозы

 

#542

*!67 жастағы әйелде, құрсақ қуысының УДЗ кезінде ұйқы безінің проекциясында қуысты құрылым анықталды, диаметрі 3,0 см, сұйықтық деңгейі жоқ. Науқастың сөзіне қарағанда оған жедел панкреатитке байланысты бұрындары операция жасалған. Тексеру кезінде іші жұмсақ, ауырмайды. Дене температурасы - 36,20С. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,7х109/л.

Кеш операциядан кейінгі кезеңінде жедел панкреатиттің қандай асқынуының дамуы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?

 

*холедохолитиаз

*ұйқы безінің қатерлі ісігі

*шарбы қалтасының абсцесі

*+ұйқы безінің кистасы

*ұйқы безінің абсцесі

 

#543

*!65 жастағы әйел, аузының құрғауына, үнемі шөлдеп жүретіндігіне және жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінен: 2 жыл бұрын оған жедел панкреонекрозға байланысты операция жасалған. Қарау кезінде іші жұмсақ, ауырмайды. Құрсақ қуысының УДЗ кезінде ұйқы безінің көлемі қалыпты, патологиялық құрылымдар анықталдмайды.

Қандай лабораторлық зерттеу жедел панкреатиттің кеш асқынуының дамығандығын нақтылауға АНАҒҰРЛЫМ мүмкіндік береді?

 

*+қандағы қант деңгейін анықтау

*зәрдегі диастазаны анықтау

*қандағы диастазаны анықтау

*нәжіс анализінен жасырын қанрды анықтау

*қанның ұю анализі

 

#544

*!Пациент 51 жаста, қабылдау бөлімшесіне жедел панкреатиттің клиникалық белгілерімен келіп түсі.

Қандай лабораторлық көрсеткіш диагнозды нақтылауға АНАҒҰРЛЫМ мүмкіндік береді?

 

*қандағы және зәрдегі қантты анықтау

*қандағы және зәрдегі мочевинаны анықтау

*+ қандағы және зәрдегі диастазаны анықтау

*қандағы эритроциттар мен лейкоциттарды анықтау

*қандағы билирубинді және зәрдегі өт пигменттерін анықтау

 

#545

*!48 жастағы пациентте, эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографиядан (ЭРХПГ) кейін келесі күні эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болды, белге иррадияциаланады, көп рет құсқан. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында бұлшық еттердің резистенттілігі мен ауру сезімі байқалады, Мейо-Робсон симптомы оң.

Құрал-аспаптық зерттеуден кейін қандай аурудың дамуы АСА ЫҚТИМАЛ?

 

*жедел холецистит

*+жедел панкреатит

*пилородуоденалды стеноз

*ішектің жедел түйілуі

*асқазанның ойық жарасы ауруының өршуі

 

#546

*!Жедел майлы панкреонекроз бойынша операция жасалған 53 жастағы пациенттің, операциядан кейін 6-шы тәулікте, жағдайы нашарлап кетті, эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі пайда болды. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында ауру сезімі анықталады. Қан анализінде лейкоциттер - 24,0х109/л, ЭТЖ - 38 мм/сағ, жалпы билирубин - 20,5 мкмоль/л; Құрсақ қуысының УДЗ кезінде ұйқы безінің проекциясында диаметрі 5,0 см болатын сұйықтық деңгейі бар құрылым анықталады.

Операциядан кейін қандай асқынудың дамуы АСА ЫҚТИМАЛ?

 

*холедохолитиаз

*ұйқы безінің қатерлі ісігі

*ұйқы безінің кистасы

*+ұйқы безінің абсцесі

*ішастардан тыс жатқан клетчатканың флегмонасы

 

#547

*!Клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен түскен 34 жастағы пациентке диагностикалық лапароскопия жасалды. Ревизия кезінде құрсақ қуысы ағзаларында патологиялық өзгерістер байқалмайды, алайда бос геморрагиялық сұйықтық бар екен, оның құрамында амилаза мен липазаның жоғары деңгейлері анықталды.

Аталған патологиялардың қайсысының болуы АНАҒҰРЛЫМ ықтимал?

 

*+жедел панкреатит

*бауыр циррозынан болған асцит

*мезентериалды қан тамырларының тромбозы

*он екі елі ішектің перфортивті ойық жарасы

*ішектің жедел странгуляциялық түйілуі

 

#548

*!Пациент 40 жаста, клиникаға жедел панкреатитпен жеткізілді. Тексеру кезінде іштің алдыңғы бетінде және іштің екі бүйірінде көлемі әртүрлі көкшіл дақтар байқалады.

Аталғандардың қайсысы терідегі дақтардың пайда болуының АСА ЫҚТИМАЛ механизміне жатады?

 

*коагулопатия

*қанның сұйылуы

*қан элементтерінің бұзылуы

*қан тамырлары қабырғасының механикалық түрде зақымдалуы

*+капиллярлар қабырғасының өткізгіштігінің бұзылуы

 

#549

*!Пациент 46 жаста, клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен келіп түсті. Анамнезінде өттас ауруы бар.

Жедел панкреатит пен жедел холецистит арасында дифференциалды диагноз жүргізу үшін КӨБІНЕСЕ қандай клиникалық симптомдар қолданылады?

 

*+Керте және Ортнер-Греков

*Воскресенский және Ровзинг

*Грей-Тернер және Спижарный

*Мейо-Робсон және Раздольский

*Холстед және Кохер-Волкович

 

#550

*!Пациент 32 жаста, клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен келіп түсті. Анамнезінде он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар.

Жедел панкреатит пен он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасы арасында дифференциалды диагноз жүргізу кезінде, қандай клиникалық симптом жедел панкреатитке АНАҒҰРЛЫМ тән?

 

*+Керте

* Юдин

*Элекера

*Спижарный

*пневмоперитонеум

 

#551

*!Пациент П. 30 жаста, клиникаға жедел панкреатит деген күдікпен келіп түсті. Анамнезінде құрсақ қуысының жабыспалы ауруы бар.

Жедел панкреатит пен ішектің жедел жабыспалы түйілуі арасында дифференциалды диагноз жүргізу кезінде, қандай клиникалық симптом жедел панкреатитке АНАҒҰРЛЫМ тән?

 

*Кивуль

*Греков

*Шиман-Данс

*+Мейо-Робсон

*Цеге-Мантейфель

 

#552

*!55 жастағы ер адам, клиникаға жедел панкреатит деген диагнозбен келіп түсті. Оған бұрындары перитонит бойынша операция жасалған.

Қандай аурумен дифференциалды диагноз жүргізу АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

 

*капростаз

*асқазанның қатерлі ісігі

*Лериш синдромы

*Меллори-Вейс синдромы

*+ішектің жедел жабыспалы түйілуі

 

#553

*!Пациент П. 38 жаста, клиникаға іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезімі, лоқсу және көп рет құсу сияқты шағамдармен келіп түсті. Ауырғанына 5 сағат болған. Жағдайының нашарлағанын майлы және қуырылған тамақты жегенімен, алкогольді ішуімен байланыстырады. Тексеру кезінде іші жұмсақ, Керте және Холстед симптомдары оң.

Аталған аурулардың қайсысының болуы АСА ЫҚТИМАЛ?

 

*эзофагит

*перитонит

*жедел холецистит

*+жедел панкреатит

*асқазанның ойық жара ауруы

 

 

Жедел аппендицит

*2*18*2*

 

#554

*!Ер адам H. 25 жаста, ішінің ауру сезіміне шағымданып түсті. Пальпация барысында оң жақ мықын аймағының бұлшық етінің қатайуы және ауру сезімі байқалады. Ровзинг симптомы оң.

Аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс?

 

*мезентериальды қантамырлардың тромбозы

*жедел ішек түйілуі

*+жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

 

#555

*!Ер адам 60 жаста,іштің оң жақ аймағының сыздап ауруымен шағымданып түсті. Дәрігерлерге қаралмаған, ауырғанына 5-6 күн болған. Қарау барысында дене қызуы 37,6 ºС. Пальпация кезінде оң жақ мықын аймағында сопақ пішіндес, қозғалыссыз, өлшемі 7,0х5,0 см,орташа тығыздықтағы түзіліс анықталды.

Аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс?

 

*+аппендикулялы инфильтрат

*жедел энтероколит

*жедел аппендицит

*соқыр ішек ісігі

*перитонит

 

#556

*!Ер адам 22 жаста, жедел жәрдем бригадасы арқылы жедел аппендицит диагнозымен жеткізілді.Науқастың айтуы бойынша бірінші эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болып, 2 сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ауысқан.

Бұл жерде жедел аппендициттің қандай клиникалық симптомы дұрыс?

 

*Раздольский

*Ситковский

*Образцов

*Воскресенский

*+Кохер-Волкович

 

#557

*!25 жастағы ер адамға жедел флегмонозды аппендицитке байланысты операция жасалды. Науқаста аппендэктомиядан 3 сағаттан соң жалпы әлсіздік, бас айналуы, тері жамылғысының бозаруы және тахикардия байқалды. Қан қысымы 90/60 мм.сын.бағ. ЖҚА: эр-3,6х1012/л, Нb-80 г/л.

Аталған асқынулардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

 

*теріасты қабатының іріңдеуі

*іш қуысының инфильтраты

*+операциядан кейінгі жарадан қан кету

*тігістің босап кетуі

*лигатуралық жыланкөз

 

#558

*!Науқас А., 52 жаста, «Аппендикулярлы инфильтрат» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Динамикада науқастың дене температурасы 38,50С-қа дейін көтерілуі, оң жақ мықын аймағында ауру сезімінің күшеюі байқалды. Пальпация кезінде күрт ауырсыну және инфильтраттың жұмсаруы байқалады.

Төменде аталған асқынулардың қайсысы дұрыс?

 

*соқыр ішек рагы

*бауырасты абсцесс

*пиелефлебит

*соқыр ішек тесілуі

*+абсцесстену

 

#559

*!Науқас К., 35 жаста, аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен келіп түсті.

Диагнозды нақтылау үшін төменде аталған зерттеу әдістерінің қайсысын қолданған жөн?

 

*+құрсақ қуысын УДЗ

*ФГДС

*диафаноскопия

*колоноскопия

*ирригоскопия

 

#560

*!Жедел аппендицитке операция жасау барысында құрттәрізді өсіндінің қабаты қалыңдаған, гиперемияланған, бетінде фибрин талшықтары анықталады.

Аталған макроскопиялық өзгерістер жедел аппендициттің қай түріне тән?

 

*жедел гангренозды аппендицит

*+жедел флегмонозды аппендицит

*жедел перфоративті аппендицит

*жедел катаралды аппендицит

*аппендикулярлы инфильтрат

 

#561

*!Науқас В., 69 жаста, «Аппендикулярлы инфильтрат» диагнозымен түсті.

Емдеу тактикасының кандай түрін қолданған жөн?

 

*+консервативті ем

*шұғыл аппендэктомия

*жоспарлы түрде аппендэктомия

*амбулаторлы ем

* санаторлы ем

 

#562

*!Науқас Д., 72 жаста, жедел аппендициттің клиникалық көрінісімен келіп түсті. Анамнезінде: ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Төменде аталған аурулардың қайсысымен дифференциалды диагностика жүргізу қажет?

 

* жедел гастрит

*өт тас ауруы

*+мезентриальді тамырлардың жедел тромбозмен

*жедел панкреатит

* асқазан ойық жарасының тесілуі

 

#563

*!Науқас Б., 65 жаста, аппендикулярлы инфильтратқа байланысты консервативті ем жүргізгеннен кейін стационардан үйіне шығарылды.

Жоспарлы аппендэктомияның тиімді уақыты қандай?

 

*10-20 күннен кейін

*20-30 күннен кейін

*+2-3 айдан кейін

*6 айдан кейін

*1 жылдан кейін

 

#564

*!Науқас С., 23 жаста, жедел аппендицитке байланысты операцияға алынды. III дәрежелі семіздікпен зардап шегеді.

Жансыздандырудың қандай әдісін қолданған жөн?

 

*жергілікті инфильтрационды жансыздандыру

*өткізгішті жансыздандыру

*футлярлы блокада

*+жалпы жансыздандыру

*эпидуральді жансыздандыру

 

#565

*!Науқас С.20 ж, ауруханаға түскендегі диагнозы: жедел аппендицит. Соматикалық дені сау, созылмалы аурулары жоқ.

Жансыздандырудың қандай әдісі қолайлы?

 

*+жергілікті инфильтрационды жансыздандыру

*өткізгішті жансыздандыру

*футлярлы блокада

*жалпы жансыздандыру

*эпидуральді жансыздандыру

 

 

#566

*! Ер адам 22 жаста, жедел аппендициттің клиникасымен түсті. Қарап тексруде дәрігер сол қолымен науқастың жейдесін етегінен тартады, науқас демін ішке тартқан кезде дәрігер саусақтарының ұшымен жоғарыдан төмен қарай оң жақ мықын аймағына бағытталған сырғымалы әрекет жасайды. Сырғымалы қозғалыстан соң ауру сезімі бірден күшейеді.

Науқаста жедел аппендициттің қандай клиникалық симптомы оң?

 

*Ситковский

*Образцов

*+Воскресенский

*Кохера–Волковича

*Ровзинга

 

#567

*! Науқас П., 30 жаста, клиникаға жедел аппендицит клиникасымен түсі. Зерттеу барысында іш қуысының жабысқақ ауруы анықталды.

Жедел аппендицит пен жабыспалы ішек түйілуі арасында дифференциалды диагностика жүргізу барысында қандай клиникалық симптом жедел аппендицитке тән?

 

*+Ровзинга

*Шимана-Данса

*Цеге–Мснтейфеля

*Кувуля

*Грекова

 

#568

*!Ер адам 40 жаста, оң жақ мықын аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. 8 сағат бұрын ауру сезімі эпигастрий аймағында пайда болған, кейін ауру сезімі оң жақ мықын аймағына ығысты. Үлкен дәреті болған, калыпты түсте. Зәр шығаруы бұзылмаған. Дене қызуы 37,20С. Кохер, Ровзинг, Ситковский белгілері оң.

Төменде аталған аурулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*гастроэнтерит

*жедел цистит

* +жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*мезентериальды қан тамырлардың жедел тромбозы

 

#569

*!Әйел адам 20 жаста, жедел аппендицит клниникасымен түсті. Тексеру барысында оң жақ мықын аймағын терең пальпациялағанда бір мезетте оң аяғын тік көтергенде ауыру сезімі күшейеді.

Төменде көрсетілген клиникалық симптомдардың қайсысы дұрыс?

 

*Раздольский

*Ситковский

*+Образцов

*Воскресенский

*Кохер-Волкович

 

#570

*!Жедел аппендицит бойынша операция барысында құрттәрізді өсіндінің ұлғайғаны, өсінді қабырғасында сұр-қара түсті некрозды ошақтар анықталды.

Жоғарыда аталған макроскопиялық өзгерістер жедел аппендициттің қай түріне тән?

 

*+жедел гангренозды аппендицит

*жедел флегмонозды аппендицит

*жедел перфоративті аппендицит

*жедел катаралды аппендицит

*аппендикулярлы инфильтрат

 

#571

*!Науқас Ж., 30 жаста, стационарға оң жақ мықын аймағында ауру сезімі пайда болғаннан 6 күннен соң түсті. Тексеру барысында дене температурасы 37,5 ºС. Пальпациялағанда оң жақ мықын аймағында дөңгелек пішіндес, қозғалыссыз, өлшемі 9,0х7,0см, орташа тығыздықтағы түзіліс анықталды.

Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы дұрыс?

 

*перитонит

*жедел энтероколит

*жедел аппендицит

*соқыр ішек ісігі

*+аппендикулялы инфильтрат

 

 

Перитонит

*2*15*2*

 

#572

*!Перфоративті аппендицитке байланысты операция жасалынған науқаста динамикада іштің жоғарғы оң жақ жартысында ауру сезімі және қалтырау пайда болды. Қан талдамасында лейкоцитоз 18,0х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Құрсақ қуысының УДЗ-де диафрагма астындағы кеңістігінде сұйықтықты түзіліс анықталған.

Төменде аталғандардың қайсысы операциядан кейінгі асқынуларға ТӘН болып табылады?

 

*оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

*+абсцесс

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы

 

#573

*!Науқас К., 19 жастағы, іштегі жайылмалы ауру сезіміне, жеңілдік алып келмейтін құсуға шағымданып түсті. Жағдайының нашарлауы 18 сағат аралығында болған. Өз еркімен кетонал, спазмалгон дәрілерін қабылдаған жағдайы уақытша жақсарған. Іш аздап үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді, ішек перистальтикасы әлсізденген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Ректальды зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі, салбырауы анықталады.

Төменде аталғандардың қайсысы перитониттің себебі болуы мүмкін?

 

*+жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*асқазан ойық жарасының тесілуі

*жедел аднексит

*жедел ішек түйілуі

 

#574

*!Науқас А., 48 жаста, стационарда жедел панкреатит диагнозымен ем қабылдауда. Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған, дене температурасы жоғарлаған, ауру сезімі іштің барлық аймағында таралған. Қарау барысында іш үрленген, қатайған, барлық аймақта ауру сезімді. Кейбір аймақтарда перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Құрсақ қуысының УДЗ-де барлық бөлімінде бос сұйықтық анықталады.

Аталған ақынулардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

 

*он екі елі ішектің ойық жарасы, диффузды перитонитпен тесілумен асқынған

*+панкренекроз, перитонит

*ұйқы безініңбасынапенетрацияланған асқазан ойық жарасы

*жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, диффузды перитонит

*жеделгангренозды-перфоративті холецистит, диффузды перитонит

 

#575

*!Науқас, 24 жаста, қабылдау бөліміне он екі елі ішектің перфоративті ойық жарасымен түскен. Пальпацияда: эпигастрий аймағын терең басып, қолды тез алғанда ауру сезімінің күшейгені байқалады.

Атаған белгілер қай симптомға тән?

 

*Кохер-Волкович

*Ситковский

*Ровзинг

*Воскресенский

*+Щеткин-Блюмберг

 

#576

*!Жедел аппендицит диагнозымен науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясында фибрин шөгіндісімен, иісі бар бұлыңғыр сұйықтық анықталады.

Сұйықтық сипатына байланысты перитонит типін анықтаңыз:

 

*серозды-фибринозды

*+ірінді-фибринозды

*фибринозды

*серозды

*іріңді

 

#577

*!Науқас Ж., 30 жаста, гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалынған. Операциядан кейін 4 күні жағдайы нашарлап, іштің төменгі бөлігінде ауру сезім, тенезмдер, пайда болған, кешке қарайдене температурасы 39,00С дейін көтерілген. Per rectum зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі және салбырауы анықталады.

Төменде аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

 

*+кіші жамбас абсцессі

*диафрагмаастылық абсцесс

*периаппендикулярлы абсцесс

*жайылмалы перитонит

*бауырастылық абсцесс

 

#578

*!Жедел странгуляционды ішек түйілуіне байланысты науқасқа операция жасалынған. Құрсақ қуысының ревизиясы барысында іріңді сұйықтықтың мезо- және гипогастрийге жайылуы байқалады.

Таралу деңгейіне байланысты перитониттің қай түрі болуы мүмкін?

 

*жергілікті шектелген

*жергілікті шектелмеген

*+диффузды

*жайылмалы

*тотальді

 

#579

*!Жедел деструктивті аппендициттен кейінгі перитонитке байланысты лапаротомия жасалған науқаста 6-шы күні іштің төменгі бөлігінде ауру сезімі, тенезмдер, дизуриялық көріністер пайда болды. Дене температурасы кешке 38,50С. Іш жұмсақ, қасаға үстінде аздап ауырады. Ректальды зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы кенеттен ауыратын инфильтрат сезіледі. Қан анализінде лейкоцитоз 17,0х109/л дейін, ЭТЖ - 32 мм/ч.

Төменгі аталған болжама диагноздардың қайсысы дұрыс болуы мүмкін?

* кіші жамбастағы түзіліс

*ілмекаралық абсцесс

*+кіші жамбастағы абсцесс

*сепсис

*периаппендикулярлы абсцесс

 

#580

*!Науқасқа перитонитке байланысты операция жасалған. Құрсақ қуысының ревизиясында үлкен май шарбысында және жіңішке ішектің серозды қабатында ақшыл бөртпелер, жіңішке ішектің шажырақайында казеозды сүзбе тәрізді қоспа анықталды.

Аталған жағдайда перитониттің қай түрі болуы мүмкін?

 

*криптогенді
*мерездік

*фибропластикалық

*+туберкулезді

*гранулематозды

 

#581

*!Ішек резекциясыннан кейін 5 тәулікте науқаста іштің өткір ауру сезімі пайда болды. Қарап тексеру барысында іш аздап үрленген, тыныс алуға қатыспайды. Пальпацияда кенеттен қатайған, іштің барлық бөлімдері ауырады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң.

Төмендегі аталған асқынулардың қайсысы дұрыс?

 

*+ішекаралық анастомоздардың боап кетуі

*ерте операциядан кейінгі ішек түйілуі

*реактивті панкреатит

*сыртқы эвентрация

*қалыптасқан ілмекаралық абсцесс

 

 

#582

*!Науқас А., 43 жаста, іштің барлық аймағындағы ауру сезіміне, құсуға, нәжіс және газ болмауына, ауыздың құрғауына шағымданып, аурудың басталғанынан 36 сағаттан кейін келді.Объективті: тері жабындылары бозарған, құрғақ, тері тургоры төмендеген. Тіл құрғақ, жабындалған. Іш үрленген, барлық аймақта ауру сезімді. Аускультацияда ішек перистальтикасы естілмейді.

Аталған жағдайда перитониттің қандай сатысы орын алған?

 

*обортивті

*+токсикалық

*прогрессирленген

*реактивті

*терминальды

 

#583

*!Науқас 57 жаста хирургиялық стационарға психомоторлы қозғыштықпен сандырақтау жағдайының ауысуымен жеткізілген. Объективті зерттеу мәліметтері бойынша науқаста акроцианоз,мұрын және аяқ-қол ұштарының көгеруі байқалады. Бет әлпеті үшкірленген, «Гиппократ беті». Клиника-лабораториялық мәліметтер бойынша көпмүшелі жетіспеушілік анықталды.

Аталған жағдайда перитониттің қандай сатысы орын алған?

 

*субкомпенсация сатысы

*токсикалық саты

*реактивті саты

*+терминальді саты

*екінші саты

 

#584

*!Науқас Е., 22 жаста, іштің барлық аймағындағы ауру сезіміне, ауыз құрғауына, лоқсуға шағымданып түсті. Аурудың басталуын биіктіктен құлаумен байланыстырады. Мәжбүрлі жартылай отырған қалпы назар аудартады. АҚ 80/50мм.с.б. Пульс минутына 112 рет. Іші кенеттен қатайған, барлық аймағында ауру сезімді. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализінде — эритроциттер- 2,2х1012/л. Гемоглобин- 86г/л.

Перитониттің дамуына не себеп болуы мүмкін?

 

*+паренхиматозды ағзаның жарылуы, гемоперитонеум.

*құрсақтан тыс гематома

*қуық қапшығының жарылуы

*өт қапшығының жарылуы

*гематоракс

 

#585

*!Науқас, 29 жаста, іштің жабық жарақатына байланысты шұғыл түрде операцияға алынды. Ревизия барысында кіші жамбаста және мезогастрийде зәр иісі бар, серозды ақшыл сұйықтық анықталды.

Сұйықтық сипатына байланысты перитониттің қандай түрі болуы мүмкін?

 

*+асептикалық

*гранулематозды

*фибропластикалық

*іріңді

*эхинококкты

 

#586

*!Науқас Р., 43 жаста, жол-көлік оқиға орнынан іштің жабық жарақатымен жеткізілді. Лапароцентез жүргізу барысында өт араласқан сұйықтық алынды.

Перитониттің дамуына не себеп болуы мүмкін?

 

*бауырдың жарылуы

*+өт қапшығының жарылуы

*қуық қапшығының жарылуы

*мықын ішектің жарылуы

*ұйқы безінің жарылуы

 

#587

*!Науқас 48 жастағы стационарға жеткізілген, жағдайы өте ауыр, тежеулі. Бет әлпеті үшкірленген, акроцианоз,мұрын және аяқ-қол ұштарының көгеруі байқалады. Клиника-лабораториялық мәліметтер бойынша көпмүшелі жетіспеушілік анықталды.

Перитониттің қандай сатысы болуы мүмкін?

 

*субкомпенсация сатысы

*токсикалық саты

*реактивті саты

*+терминальді саты

*екінші саты

 

#588

*!Науқас, 19 жаста хирургиялық стационарға жедел деструктивті аппендицит диагнозымен тускен. Гипогастрий аймағында пальпация барысында терең басып, қолды тез алғанда ауру сезімінің күшейгені байқалады.

 

Аталған симптомдардың қайсысы дұрыс?

 

*+Щеткина-Блюмберга

*Кохера-Волковича

*Ситковского

*Ровзинга

*Воскресенского

 

#589

*!Науқас О., 25 жаста, гангренозды аппендицитке байланысты аппендэктомия жасалынған. Операциядан кейін 4 күні жағдайы нашарлап, іштің төменгі бөлігінде ауру сезім, тенезмдер, пайда болған, кешке қарай дене температурасы 39,00С дейін көтерілген. Per rectum зерттеу барысында тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауру сезімі және салбырауы анықталады.

Аталған болжама диагноздың қайсысы дұрыс болып табылады?

 

 

*бауырастылық абсцесс

*диафрагмаастылық абсцесс

*+кіші жамбас абсцессі

*периаппендикулярлы абсцесс

*жайылмалы перитонит

 

 

Онкология

*2*36*2*

#590

*!62 жастағы ер адам жалпы әлсіздігіне, жұмыс қабілетінің төмендеуіне, басының айналуына, жүдеуіне, субфебрилді температураға, тәулігіне 2-3 рет қансыз ішінің өтуіне, үлкен дәретке шығатын кездегі ішінің құрылдауына. 4 ай бойы ауырады. Дәрігерге қаралуы бірінші рет. Жас кезінде «Колит» диагнозы қойылған, курортта емделген. Соңғы 10 жылда өршуі болмаған. Қарау кезінде:терісі бозарған, тері серпімділігі төмендеген, іші кебіңкіреген, пальпацияда ауру сезімсіз. Жалпы қан анализінде:анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы алдын ала диагнозы болады?

 

*+соқыр ішек рагы

*сигма тәрізді ішектің рагы

*созылмалы колиттің өршуі

*ішектің инфекциялық ауруы

*төмендеген тоқ ішектің рагы

 

#591

*!58 жастағы әйел ұзақ уақыт дене қызуының 38оС-ға көтерілуіне, үдемелі әлсіздікке, ішектерінің толып тұру сезі мен құрылдауына, күніне 3 рет болатын қансыз ішінің өтуіне. 1 ай көлемінде ауырады, таныстарының айтуымен өзі антибиотиктер, шөп тұнбаларын қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қарау кезінде: тері түсі бозғылт, іші кебіңкіреген, пальпацияда оң мықын аймағында аздап ауру сезімді, газдардың құрылы естіледі. Жалпы қан анализінде: гипохромды анемия белгісі.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы алдын ала диагнозы болады?

 

*дизентерия

*іш сүзегі

*+соқыр ішек рагы

*спецификалық емес ойық жаралы колит

*тоқ ішектің диффузды полипозы

 

#592

*!58 жастағы әйел 3 ай бойы мазалайтын іш қатуға шағымданды. Алғашында іш айдағыш дәрілер көмектесетін, кейіннен клизмаға ауысты, ал соңғы 2 аптада клизма көмектеспейді, су таза күйінде кері шығалы; ішінің сол жартысында ауырлық сезімі, құрылдау, шаншымалы ауру сезімі пайда болды. Нәжісінде патологиялық қосындылар анықталмаған. Жас кезінде жедел дизентерияны бастан кешірген. 10 жыл бұрын «колит» диагнозы қойылды, жүйелі түрде ем қабылдамады. Қарау кезінде: қанағаттанарлық дене бітімде, тері түсі қалыпты, іші кебіңкіреген, пальпацияда ішінің сол жартысы, әсіресе кіндік тұсында ауру сезімді, перитонит белгісі жоқ. Төменде көрсетілгендердің қайсысы алдын ала диагнозы болады?

 

*тоқ ішек саңылауының аскаридамен бітелуі

*+төмендеген тоқ ішектің рагі

*созылмалы колиттің өршуі

*тоқ ішектің сыртынан қысылуы

*тоқ ішек туберкулезі

 

#593

*!60 жастағы ер адам үлкен дәретке жиі шыққысы келетініне, шырыш пен қан аралас нәжістің болуына, жалпы әлсіздігіне шағымданып стационарға қаралды. Жоғарыдағы шағымдар соңғы 4 ай мазалайды. Тік ішекті саусақпен тексеру кезінде: перианальды аймақ өзгеріссіз, сфинктердің тонусы сақталған, перианальды теріден 7-8см қашықта, артқы-сол жақ қабырғасында, беті майда бұдырлы ісік анықталды.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы алдын ала диагнозы болады?

 

*+тік ішектің ортаңғы ампулярлы бөлігінің рагы

*тік ішектің жоғарғы ампулярлы бөлігінің рагы

*тік ішектің төменгі ампулярлы бөлігінің рагы

*тоқ ішектің ректосигмоидты бөлігінің рагы

*анальды каналдың рагы

 

#594

*!62 жастағы ер адам соңғы 2 айда қою қызыл түсті қан және шырыш аралас нәжісінің болуына, үлкен дәретке шыққысы келе беретіндігіне шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Шөп тұнбаларымен емделген- нәтижесіз.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы клиникалық диагнозы болады?

 

*тоқ ішектің инфекциялық ауруы

*+тік ішектің ампулярлы бөлігінің рагы

*ішек туберкулезі

*ойық жаралы колит

* геморрой

 

 

#595

*!Өңеш рагінің ТИІМДІ диагностикалық әдісі:

 

*УДЗ

*+фиброэзофагоскопия

*өңештің радиометриясы

*онкомаркерлерді анықтау

*нәжісті атипиялық жасушаларға тексеру

#596

*!Науқас 10 жыл бойы созылмалы атрофиялық гастритпен терапевта диспансерлік бақылауда тұрады. Кезекті тексерілуге келді. Шағымдары жоқ.

Осы жағдайда ЕҢ ақпаратты зерттеу әдісі қандай?

 

*+ЭФГДС

*асқазан сөлін зерттеу

*қанды зерттеу

*зәрді зерттеу

*КТ

 

#597

*!Асқазан рагын ЕРТЕ анықтауды қамтамасыз етеді:

 

*іш қуысының жалпы шолу рентгеноскопиясы

*«кіші белгілер» синдромын іздеу

*асқазанның рентгенографиясы

*+гастроскопия

*лапароскопия

 

#598

*!Асқазан эпителиінің дисплазиясын анықтауда ЕҢ ақпаратты зерттеу әдісі:

 

*гастроскоп арқылы асқазанның шырышты қабатын қарау

*рентгенологиялық зерттеу

*+гистологиялық зерттеу

*асқазанның УДЗ

*МРТ

 

#599

*!Асқазанның созылмалы ауруы бар науқаста ас қабылдағаннан кейін пайда болатын қыжыл, ауру сезімі бәсеңдеді, бірақ тұрақты болды.

Төменде көрсетілген болжамалардың қайсысы МҮМКІН?

 

*ештеңе болжай алмаймыз

*процесс тұрақталған

*ауру жазылған

*+мүмкін малигнизация

*созылмалы аурудың өршуі

 

#600

*!Асқазанның пилорикалық бөлігінің рагыне ТӘН симптом қандай?

 

*улану

*компрессия

*+обтурация

*деструкция

*қызба

 

#601

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы өңеш рагының кеудеаралыққа ерте таралуының НЕГІЗГІ себебі?

 

*шырышты қабаттың жұқалығы

*қан тамырмен жабдықталуының әлсіздігі

*бұлшық ет қабатының әлсіздігі

*+серозды қабатының болмауы

*шырышасты қабатының болмауы

 

#602

*!Тұрғындарда колоректальды рактың деңгейінің жоғары болуына байланысты, көптеген елдерде осы патологияны ерте анықтау үшін скрининг-программалар құрастырылған.

Сондықтан,скринингтің популяциялық деңгейде қолданылатын НЕГІЗГІ және РАЦИОНАЛЬДЫ әдісі қандай?

 

*ректороманоскопия

*фиброколоноскопия

*ирригоскопия+графия

*+нәжісті жасырын қанға зерттеу

*тік ішекті саусақпен тексеру

 

#603

*!Онконауқастарды клиникалық топтар бойынша жіктеу не үшін керек?

 

*+онконауқастарды бақылау мен емдеу тәсілін таңдау үшін

*онконауқастардың құжаттарын дұрыс толтыру үшін

*дәрігерлердің жалпы тәжірибесін арттыру үшін

*реабилитация тәсілін таңдау үшін

*диагностика тәсілін таңдау үшін

 

#604

*!Бірінші «А» клиникалық топқа жататын науқастар:

 

*арнайы емді қажет ететін, алғаш анықталған ісік аурулары бар науқастар

*ісікке қарсы арнайы ем алған және «шартты сауыққан» ремиссия сатысындағы онконауқастар

*симптоматикалық емді қажет ететін онконауқастар

*ісікалды ауруы бар науқастар

*+ракқа күдікті науқастар

 

#605

*!Бірінші «Б» клиникалық топқа жататын науқастар:

 

*арнайы емді қажет ететін, алғаш анықталған ісік аурулары бар науқастар

*ісікке қарсы арнайы ем алған және «шартты сауыққан» ремиссия сатысындағы онконауқастар

*симптоматикалық емді қажет ететін онконауқастар

*+ісікалды ауруы бар науқастар

*ракқа күдікті науқастар

 

#606

*!Өңештің төменгі 1/3 аймағындағы ракты емдеудегі ЕҢ тиімді емдеу әдісі?

 

*иммунотерапия

*симптоматикалық

*радикальдыоперация

*паллиативтіоперация

*+химио-сәулелі терапия

 

#607

*!Диаметрі 3 см, бұлшық ет қабатына өскен және кіші шарбы майға бірен-саран метастаз берген асқазан рагының сатысы?

 

*1

*2А

*3А

*4А

*+2Б

 

#608

*!Диаметрі 4 см, бұлшық ет қабатына өскен, бірақ региональды метастаздары жоқ асқазан рагы ТNM жүйесі бойынша белгіленеді?

 

*T1 N0 M0

*T1 N1 M0

*T2 N1 M0

*T3 N0 M0

*+T2 N0 M0

 

#609

*!Асқазанның пилорикалық бөлігінің рагыне ТӘН клиникалық белгі?

 

*+аш қарында «шылпыл шуылы»

*дисфагия

*лоқсу

*іш өті

*қыжыл

 

#610

*!Метастаздары бар региональды лимфа түйіндерімен бірге асқазанды түгел алып тастайтын операция қалай аталады?

 

*+гастрэктомия

*асқазанның 1\2 резекциясы

*гастростома қою

*дистальдысубтотальды резекция

*проксимальдысубтотальды резекция

 

#611

*! Асқазан рагының париетальды ішпердеге метастаз бергендінін анықтайтын АҚПАРАТТЫ зерттеу әдісі:

 

*+лапароскопия

*лабораторлық тестер

*ішті мануальды тексеру

*іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

*екі есе контрастпен асқазанның рентгенографиясы

 

#612

*!Асқазанның антральды бөлігінің ойық жарасының малигнизациясында қандай операция жасау ТИІМДІ?

 

*антрумэктомия

*ойық жараны кесіп алу

*асқазанның 2/3 резекциясы

*+дистальды субтотальды асқазан резекциясы

*ойық жараны кесіп алып, пилоропластика және ваготомия жасау

 

#613

*!Өңеш рагының ерте сатысын анықтауда қандай диагностикалық әдіс АҚПАРАТТЫ?

 

*өңешті жуғанан кейінгі суды цитологиялық зерттеу

*+өңешті эндоскопиялық зерттеу

*өңешті радиометрлік зерттеу

*медиастиноскопия

*УДЗ

 

#614

*!Науқаста өңештің кеуде бөлігінің төменгі 1/3 аймағының рагы. Ісіктің ұзындығы 4 см. Метастаздар жоқ.

ЕҢ тиімді емдеу әдісі:

 

*химиотерапия

*сәулелі терапия

*Гэрлок операциясы

*+Льюис операциясы

*химио-сәулелі терапия

 

#615

*!Асқазанның қандай рагы жәй өседі, сирек және кеш метастаз береді?

 

*ойық жаралы-инфильтратиті

*инфильтративті

*блюдцетәрізді

*+экзофитті

*эндофитті

 

#616

*!Асқазан ойық жарасының малингнизациясының бар-жоқтығын анықтайтын ЕҢ сенімді әдіс?

 

*асқазанның УДЗ

*рентгенологиялық

*+эндоскопиялық әдіс биопсия алумен

*нәжісті жасырын қанға тексеру

*гистаминмен асқазан сөлін зерттеу

 

#617

*!Ісік ауруларын анықтаудың ЕҢ нәтижелі жолы?

 

*кездейсоқ анықталу

*профтексеру кезінде

*+скрининг-әдіс

*қаралуы бойынша

*скайнскопия

 

#618

*!Ісік ауруларын анықтаудың ЕҢ нәтижесіз жолы?

 

*кездейсоқ анықталу

*профтексеру кезінде

*скрининг-әдіс

*+қаралуы бойынша

*скайнскопия

 

#619

*!Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы трахеоэзофагиальды жыланкөзді анықтауда ақпараттылығы ЖОҒАРЫ?

 

*+йодолиполмен өңешті рентген контрасттызерттеу

*баридің қою ерітіндісімен рентгенологиялық зерттеу

*өңешті тыныстық полирентгенографиялау

*эзофагофиброскапия

*бронхоскопия

 

#620

*!Өңеш рагының экзофитті өсуінде рентгенологиялық симптом қандай?

 

*кеудеаралықта қосымша көлеңкенің болуы

*өңештің шырышты қабатының рельефінің бұзылысы

*қуысының циркцлярлы тарылуы

*өңештегі барий депосы

*+толу ақауы

 

#621

*!Өңеш рагыны

Date: 2016-11-17; view: 629; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию