Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары.





Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді. Экономикда ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады. Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді. Банк жүйесінің өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлтты банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды. Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді. Осы орайда таяу перспективаға Г.А. Марченконың сөзіне сүйенсек: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Ұлттық банк сыртқы рынокта қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды».

 

 

Орытынды.

Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.

Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.

Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.

Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал Қазақстанға келетін болсақ, ұлттық валюта – теңгенің он бір жыл айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г.

2. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.

3. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж

4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.

5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.

6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.

7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.

8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.

9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.

10. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.

11. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.

Date: 2016-11-17; view: 324; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию