Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫ 1 page





СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

І.Практикаға дайындық туралы мәліметтер тарауы

- титульдық беті (студенттің фото суреті, аты –жөні, туған жылы,мекен жайы,телефоны, ЖОО, факультеті, кафедрасы, тобы, әдіскері, портфолионың жасақталған уақыты);

- студенттің практикаға дайындығының диагностикасы

- студенттің жеке жоспары

- практикаға жолдама.

ІІ. Ақпараттық тарау

- мектеп туралы мәлімет

- сынып туралы

- сабақ кестесі

- сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің жұмыс жоспарлары.

III. Әдістемелік тарау

- есеп құжаттарының рәсімделуі туралы әдістемелік нұсқаулар

- пән бойынша және тәрбиелік жұмыстардың күнтізбелік жоспарлары

- сабақ жоспар-конспектілері ( дидактикалық, көрнекіліктері), тәрбиелік іс-шаралар.

VI.Психолого-педагогикалық тарау

- психологиялық зерттеудің бағдарламасы (мамандықтың ерекшелігіне, қажеттілігіне орай)

- оқушыға мінездеме

- сынып ұжымына мінездеме

V.Рефлексия-бағалау тарауы

- сабақтар талдауы

- өзіндік талдау

- әдіскерлер мен курстарының талдауы

- күнделігі

- практика бойынша есеп

- студенттің кәсіби өсуінің мониторнигі

- курстастары мен оқытушыларының пікірлері

VI. ресми қорытынды тарау

- студентке берілген мінездеме

- мектептің пед.кеңесінің хаттамасынан көшірме

- практика қорытынды бағасы тізімдемесінің көшірмесі

- алғыс хаттар

- практикадан өткені туралы анықтама

 

1-14 қосымшалар-педагогикалық практикадан есеп құжаттарының үлгілері.

Қосымша 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы

 

КҮНДЕЛІК

__________________________________________ практика бойынша

(практика түрі)

________________________________________________

(практика атауы)

__________ курс студенті _______

 

мамандығы ___________________________

(шифр, атауы)

________________________________________

(студенттің аты-жөні)

Ақтөбе, 2014 ж

Қосымша2

ЖОЛДАМА

 

Студент________________________________________________

(мамандығы, факультет)

._______________________________________________________

(студент Т.А.Ә.)

Педагогикалық практикадан өту мақсатында

(білім беру мекемесінің аты, номері)

Өту мерзімі «» «» 2014ж.

Факультет деканы _________________________________

Практикадан өту туралы анықтама

Студент

(Т.А.Ә., практика атауы)

практикадан. өтті

«» «» 2014ж..

(практикадан өткен мекеме)

Практика жетекшісі ______________________________

Қосымша3

 

«Бекітемін»

педагогикалық практика

жетекшісі.

«___» __________ 20 14ж.

Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары

 

  Жұмыс мазмұныи Мерзімі Орындалғаны туралы жетекшінің қолтаңбасы
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
         

 

Қосымша4

Практика базасы туралы мәлімет

Мекеменің толық атауы

Орналасуы

Администрация телефоны

Администрация

ЖОО дағы практикаға жауапты әдіскерлер туралы мәлімет

Практика жетекшісі ____________________________________

Педагогика және психология бойынша әдіскер _____________

Жеке пән бойынша әдіскер _______________________________

Қосымша5

Сынып туралы мәлімет

Оқушының Т.А.Ә. Туған жылы Үлгерімі Қоғамдық тапсырма Қызығушылығы Мекен-жайы
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             

Қосымша6

Сабақ кестесі

1 кезең

Уақыты Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
               
               
               
               
               
               

 

Қосымша7

Әдіскердің есеп беру үлгісі

1. Бағдарламаларды білу және соған сәйкес жұмыс жасау іскерлігі.

2. Сабақтың оқу материалын жоспарлау іскерлігі.

3. Сабақ барысында теорияны өмірмен байланыстыруды, тәрбие міндеттерін шешуді, балалардың санасына, сезіміне, еркіне ықпал етуді жүзеге асыру іскерлігі.

4. Балаларды жұмысқа ұйымдастыру іскерлігі. Сабақ барысында олардың зейінін шоғырландыру және танымдық іс-әрекетке белсендіру арқылы өтілетін материалға қызығушылығын ояту.

5. Мектепте қолданылатын оқыту әдістемесін, техникалық оқу құралдарын, көрнекілік құралдарын меңгеру.

6. Балалармен сабақтан тыс жұмыс және ата-аналармен мәдени-ағартушылық жұмыс жүргізу іскерлігі.

7. Практика барысында студент-практиканттың көрсеткен жағымды тұстары және негізгі проблемалар.

8. Жұмысқа қарым-қатынасы және тәртібі.

9. Басқару қандай формада жүзеге асты.

10. Студенттермен қанша жеке жұмыс жүргізілді.

11. Практика барысында қанша сабаққа қатысты.

12. Практика барысына жалпы баға.

13. Педагогикалық мекемеге ұсыныс.

Қосымша8

Студенттің педпрактика туралы қорытынды есебі үлгісі

Мынадай сұрақтарға көңіл аудару керек:

1) оқушылармен оқу жұмысын ұйымдастырудағы, пән бойынша кластан тыс жұмыс жүргізгендегі және класс оқушыларымен тәрбиелік жұмыстар өткізгендегі жетістіктері мен қиындықтары.

2) Мектептің оқытушыларымен, класс жетекшілердің қабылдауы, қарым-қатынасы. Олардың тәжірибесінің сенің педагогикалық дайындығыңа әсері.

3) Практиканың әрі қарай жақсартуға қосатын педагогикалық қорытынды және класс жетекшілік жұмысқа қосатын пікірің.

Студенттің Т.А.Ә. _______________________________________

Тобы___________________________________________________

Мектеп _________________________ сынып ________

Мамандық _____________________________________________

1. Сыныптын дайындық деңгейі.

2. Әрбір сабаққа дайындалғанда кездескен қиындықтар

3. Оқушыларды белсендіру кезінде қандай әдістер мен амалдар қолдандыңыз?

4. Оқыту барысында жекелендірілген тәсіл қалай жүзеге асты (әлсіз және дарынды оқушылармен жұмыс)?

5. Сабақтан тыс және сабақ уақытында ынтымақтастық әдістер қолданылды?

6. Сабақ барысында қандай белсенді технологиялар қолдандыңыздар?

7. Қандай сабақтар қызықты өтті? Неге?

8. Сабақ түсіндіру уақытында ТҚҚ қалай қолдандыңыз?

9. Ең қызықты творчестволық істер _____________________

10. Практика барысында неге үйрендіңіз?

11. Тәрбиелік жұмыстар барысында кездескен қиындықтар

12. Ата-аналармен жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті?

13. Оқу-тәрбиелік процесс барысында қандай қиындықтармен кездестіңіздер? Неге көңіліңіз толады? Сіз өз тарапыңыздан не қосар едіңіз?

14. Жалпы қорытындысы

Қосымша9

Қатысқан сабақтың, тәрбиелік іс-шараны талдау хаттамасы

Мерзімі, уақыты

Тақырыбы

Сыныбы

Қатысушы

Іс шара барысы Іс-шара талдауы
Жағымды тұстары Жағымсыз тұстары Ұсыныстар, пікірлер, баға
       
       

 

Хаттама толтырушы қолы_____________________

Қосымша10

Сабақтың толық психолого-педагогикалық талдауы

1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.

1) Сабақ тақырыбы, мақсаты мен міндеттері. (білімдік, тәрбиелік, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интелектісін, еркін, эмоцияларын дамыту міндеттері);

2) Сабақтың түрі, құрылымы және оның психологиялық мақсатқа сәйкестігі. Оқытудың негізгі принциптерін жүзеге асыру және психологиялық тұрғыдан негіздеу.

3) 2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.

1) Оқу материалының сапасы қандай (сипаттама немесе түсіндірме,
көрнекілік дәрежесі, нақтылығы, абстрактілігі мен жалпыламалығы)?

2) Бұл оқу материалын қабылдау оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қай жағын жандандыруды талап етеді (бейнелік немесе сөздік-логикалық ес, абстрактілік ойлау, елестету)? Ол қандай эмоция тудыруы мүмкін?

3) Берілген материал оқушылардың танымдық әрекетінің жас ерекшелігіне, олардың өмірлік тәжірибесіне, білім деңгейлеріне сай келе ме?

4) Күрделі оқу ақпаратын мұғалім сол жастағы оқушы қабылдауына
түсінікті, қызықты етіп қалай жеткізеді (баяндаудың анықтығы мен қарапайымдығы, айқын салыстырулар, ұқсастырулар, мысалдардың болуы, көрнекі құралдарды қолдануы, өмірмен байланысы)?

5) Оқылатын материалдың тәрбиелік ықпалы қандай (моральдық,
эстетикалық және т.б.)? Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін мұғалім
қаншалықты тиімді жүзеге асырады?

3.Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.

1) Зейінді ұйымдастыру (шоғырландыру).

Сабақтың барлық кезеңдерінде зейінді ұйымдастырудың жолдары (оқушылардан зейіндерін аударуды, өткізіліп отырған жұмыстың маңыздылығын белгілеп отыруды сұрау, нақты міндеттерді қою, көрнекілік қағидасын қолдану т.б.).

Сабақтағы зейін түрлері және оның жекелеген оқушыларда көрінуформасы. Оқушылар зейінін бір жұмыстан екінші жұмысқа аудару тәсілдері. Оқытушы ұсынған күрделі тапсырма түрлерінің қандайында оқушылар зейінін ерекше шоғырландыру керек болды және олар тапсырмаларды қалай орындай алды?

2) Қабылдауды ұйымдастыру және оның сипаты.

Оқушылар қабылдауының объектісі не болып табылады (мұғалім сөзі, оқулық мәтіні, түрлі көрнекі құралдар)? Қабылдау материалының сапасы.

3)Есті жандандыру және оны дамыту.

Сабақта естің қандай түрлері болды (көрнекі-бейнелік, сөздік- логикалық, эмоционалдық, ниет етілген, ниет етілмеген, механикалық, логикалық)? Мұғалім баяндалған мәліметті еске жақсы сақтаудың қандай тәсілдерін қолданды (материалды логикалық өңдеу, түрлі ассоциацияларды белгілеу, іс-әрекетке қосылу, қайталау, эмоциональдық жүктеме және т.б.)? Сабақта жекелеген оқушылардың еске сақтау үрдісі қалай көрінді (еске сақтау, білу, қабылдау, ұмыту)?

4) Оқушылардың ойлау әрекеттерін жандандыру.

Мұғалім оқушыларда ғылыми ұғымдарды қалай қалыптастырды? Бұл реттекөрнекі құралдарды қалай қолданды?Ол ұғымдар арасындағы қандай байланыстарды орнатты және қандай пайымдаулар жасады?

Ол оқушыларды қайсыбір түсініктер мен пайымдауларды меңгерудің қандай жолдарымен жетеледі (индуктивтік және дедуктивтік)?

Мұғалім оқушыларда берілген түсініктерді меңгеруге деген сұранысты тудыра алды ма (теориялық маңызын ашты ма, практикада қолданылуын көрсетті ме, өмірмен байланыстырды ма және т.б.)?

Оқушылардың сабақтағы ұғым-түсініктерді меңгеру деңгейі және ұғымдарды ажыратудағы қателіктері қандай?

Мұғалім оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлауларын қалай жандандырды? Сабақ проблемалық құрылымымен ерекшеленді ме? Проблемалық ситуация қандай жолдармен жасалды? Жауап іздеуде олар белсенді болды ма? Оқушылар тарапынан қойылған мәселенің шешімін іздеуде қандай нақты ойлау әрекеттері туды (бір мысал)?

Проблемалық оқытуға сынып қандай дәрежеде дайындалған (дамудың жалпы деңгейі; қажетті білім мен икемдердің болуы; сүраққа жауап беру кезіндегі белсенділік көрсеткен оқушылар саны)?

Мұғалім балаларды рациональдық ойлаудың дайын тәсілдеріне үйретті ме?

Сабақ тұтасымен алғанда қаншалықты үйлесімді, қисынды, жүйелі құрылған?

Мұғалім оқушылардың жеке ерекшелігін есепке алуды қалай жүзеге асырды?

4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.

1. Сабақтың қай кезеңінде мұғалім оқушылармен байланысқа түсті және қандай мақсатта (сұрау кезінде, жаңа материалды беру кезінде, бекіту кезінде)?

2. Сабақта оқушылардың білімді меңгеруінің қандай деңгейлерін анықтауға болады?

3. Кері байланыс тексеруші сипатта ғана емес, үйретуші сипатта да бола алды ма? Ол неден көрінді?

4. Оқушылар сабақта алған бағаларын қалай қабылдады?Оқушылар жауабы мұғалімнің кейінгі сөзі мен әрекетіне ықпал етті ме, яғни ол өзінің әрекетін кері ақпаратқа байланысты қалай қайта құрды?

5. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы және оның сабақтағы әрекеті.

1. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы: оның сырт бейнесі, сөзі, мәнері, оқушылармен қарым-қатынас сипаты. Балалардың оған деген қатынасы. Сабақтағы эмоциональдық климат.

2. Мұғалімнің талап қоюы және оның оқушы жеке тұлғасында құнды моральдық және ерік сапаларын қалыптастырудағы маңызы. Бұл талаптарға оқушы қатынасы?

3. Сабақта қолданылған оқытудың әдістері мен тәсілдерінің тәрбиелік маңызы.

4. Мұғалім оқу еңбегі техникасына қалай үйретті? (түсіндіргенді қалай жазып отыру керек, кітаппен жұмыс, өзін-өзі бақылау және т.б.).

5. Сабақ нәтижелері.

6. Сабақ мақсатына жетті ме? Бұл туралы қандай психологиялық көрсеткіштерге қарап айтуға болады? Оқушылардың жалпы дамуы үшін сабақ не берді?

Қосымша 10а

Сабақты құрылымдық талдау үлгісі

Класс, пән аты, мұғалім, өткізілген күн.

Сабақтың тақырыбы.

Сабақтың дидактикалық мақсаты, сабақ типі.

Оқытылатын материалдың мазмұны.

Сабақтың білімділік және тәрбиелік міндеттері:

Оқушылар бір рет қандай материалмен танысты, қандай білім, іскерлік, дағдылар бекітілді, қай материалды өтуге дайындық жұмыстары жүргізілді?

Сабақтың құрылысы:

Сабақтың ұйымдастырылуы мен негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатына сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі.

Оқыту әдістері:

А) білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыруда қандай әдеттерді қолданды, олардың сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкестілігі және тиімділігі.

Б) әрбір сабақ кезеңдерінде қолданылған әдістемелік тәсілдер және жаттығулар, олардың тиімділігі.

Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру:

Сабақта әрбір кезеңде мақсаттың қойылуы, сабақ барысында әр түрлі қызмет түрлерінің ұштасуы, оқушылар жұмысын бақылау және бағалау, оған оқушылардың қатысуы, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру, тәртіпті және жұмыс жасауға ыңғайлы жағдайлар жасау тәсілдері.

Сабақтың құрал-жабдықтары:

Көрнекілік, оқу құралдары, дидактикалық материалдар техникалық құралдарды қолданудың мақсаты, орны, әдістері.

Сабақтың нәтижесі:

Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің орындалуы.

 

Қосымша 10б

Сабақты қысқаша талдау үлгісі

1. Класс, оқушылар саны, пән бойынша кластық дайындық деңгейі. Мұғалім аты-жөні,

2. Сабақ тақырыбы.

3. Оқуда жүзеге асатын сабақ мақсаты.

4. Мұғалім шешетін дидактикалық және тәрбиелік міндеттер.

5. Сабақ жүргізу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы:

1) сабақ типі.

2) сабақтаң өзіндік кезеңдері.

3) сабақ мазмұнының ғылыми, логикалық, реттілік принциптерімен сәйкестігі.

4) оқушылардың танымдық жұмысын ұйымдастыру түрлерінің және әдістерінің ерекшеліктері.

5) мұғалімнің жеке тұлға ерекшеліктері, оның оқушылармен қарым-қатынасы. Сабақта қатынас стилі.

6) оқытуда техникалық құралды қолдану орны, оның сабақ мазмұнымен байланысы.

7) білім мен дағдыны қалыптастыру бақылауын жүзеге асыру сабақта кері байланыс.

8) сабақты қорытындылау, білім мен дағдыны бағалау.

9) үй тапсырмасының көлемі мен қиындық деңгейі.

6. Сабақ нәтижелігін бағалау. Қорытындылау және түсіндіру.

 

Қосымша 10в

Тәрбиелік шараларды талдау үлгісі:

1) іс-шараның мазмұны және мақсаты. Бұл шара сабақтағы педагогтың бастаған жұмысын жалғастыратын оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Мұнымен оқыту мен тәрбиенің байланысы тексеріледі.

2) іс-шараның өзектілігі:

- оның мазмұнының тұлға қажеттілігіне, тапсырысына, қызығушылығына және балалар ортасында болатын проблемаларға сәйкестілігі;

- балалар ұжымындағы қарым-қатынастың ары қарай дұрыс дамуын қамтамасыз етуі;

- шара мазмұнының мектептің, сыныптың алдына қойған міндеттерді шешуге бағытталғандығы.

Бұл көрсеткіш сынып жетекшісінің педагогикалық және психологиялық сауаттылығын куәландырады;

3) аталмыш шара мазмұнының сынып жетекшісінің жұмыс жүйесіндегі басқа да іс-шаралармен сабақтастығы. Шараны басқалардан бөлектеп бағалауға болмайды. Тек олармен байланыста ғана берілген шара жақсы, аралық немесе жаман қорытындыға жетуі мүмкін;

4) іс-шара мазмұнының оны өткізу түріне сәйкестігі, тәрбиелік міндеттерді оның мазмұны мен түрі арқылы шешу ерекшелігі. Мұнда сынып жетекшісінің нақты педагогикалық жағдайда бейімделе білу және жаңа шарттарда бұрынға өз тәжірибесін қолдана алу қабілеті мен зеректігі айқындалады. Яғни педагогикалық шығармашылыққа, жаңашылдыққа қабілеті және педагогикалық шешім қабылдаудағы бірегейлігі тексеріледі;

Date: 2016-06-06; view: 8334; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию