Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Органолептикалық көрсеткіштер





Тауық жұмыртқасы. Тауық жұмыртқаларының сыртқы түрін іріктеп алынған сынаманы овоскоптаумен анықтайды. Үстелге орнатылатын овоскоптың тесігі зертханашының көзінің деңгейінен төменірек болуы керек. Жұмыртқаны овоскоптың тесігіне жұмыр ұшын жоғары қаратып әкеледі, ¼ айналымға бұрып, қарастырады. Жұмысты өте қараңғыланған бөлмеде жүргізеді.

Тауық жұмыртқаларының дәмі мен иісін анықтау үшін ақуызын сары бөлігімен араластырады, қоспаның 10...15 г мөлшерін алады, оны фарфор чашкаға салып, ақуыз жиырылғанға дейін қыздырады, осыдан соң дәмін және иісін анықтайды.

Жұмыртқа ұнтағы. Жұмыртқа ұнтағының дәмі мен иісін анықтау үшін қалыпты қоспа дайындайды, бұл үшін жұмыртқа ұнтағының өлшеміне (навескасына) (20 г) 60 мл су құйып, чашкада үгеді де, 15 минутқа қалдырады. Одан соң қоспаны тағы да араластырып, жалпақ фарфор чашкаға немесе табаға құйып, күйіп кетуіне жол бермей, әлсіз отта майсыз қуырады. Қуырылған массаны бөлме температурасына дейін салқындатып, дәмі мен иісін анықтайды.

Иісін басқа жолмен де анықтауға болады, бұл үшін сыналатын ұнтақтың 20 грамын жіңішке химиялық стаканға салып, үстіне 20 мл ыстық су құяды. Қоспаны шыны таяқшамен араластырып, бірден иісін анықтайды.

Меланж. Жұмыртқа массасының түсін жылытылған меланжды шыны стаканға орналастыра отырып анықтайды. Стаканды ақ қағаз парағына қояды.

Меланждың дәмін мұздатылған түрінде, шикі (жіпсіген) күйінде және салқындағаннан кейін қуырылған күйінде зерттейді.

Иісін анықтау үшін 20 г жуық массаны алып, оны сыйымдылығы 100 мл жіңішке химиялық стаканға орналастырады да, 50 мл ыстық су құяды, осыдан соң бірден өнімнің иісін анықтайды.

Жұмыртқа қабығының сынықтарын және басқа да бөтен қоспаларды табу үшін 100 г меланж алып, оны сыйымдылығы 1 л болатын градуирленген цилиндрге орналастырады. Жоғарғы белгісіне дейін жеткенше дистильденген су құйып, мұқият араластырады да, тесіктерінің диаметрі 1 мм елек (сито) арқылы сүзеді. Сүзгеннен кейін електе қалдық қалмауы керек.

 

Көрсеткіш атауы Қоспалар
Тауық жұмыртқасы Жұмыртқа ұнтағы Меланж
Дәмі      
Сыртқы түрі      
Түсі      
Иісі      
Қорытынды      

Бақылау сұрақтары:

1. Макарон өнімдеріне қосылатын қоспалардың органолептикалық көрсеткіштері?

2. Жұмыртқа қыбығының сынықтарын және басқа да қоспаларды қалай табамыз?

Date: 2016-06-06; view: 1556; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию