Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нөлдеу. Электр тогының адам ағзасына әсері





Нөлдеу - бұл электрқондырғылардың ашық өткізгіш бөліктерінің арнайы байланысы. Ол үш фазалы электр желісінде қалыпты жағдайда кернеусіз болады және генератордың немесе трансформатордың нейтралды нүктесі терең жерленеді. Бір фазалы ток кезінде жерленген шығысында, ал тұрақты ток кезінде шығыс көзінде болады. Жерлеуді электрқауіпсіздік мақсатымен қолданады.

Жерлегіш - металдан жасалған өткізгіш аспаптардан немесе құр өткізгіштен жасалып, жерге тікелей тиіп тұрған аспап. Жерлегіштер жасанды және табиғи болып бөлінеді

Жерлейтін өткізгіш - жерленілетін бөлік пен жерлегішті қосатын өткізгіш.

Жерлейтін құрылғы - конструктивті қосылған жерлегіш өткізгіштер мен жерлегіштің жинағы.

Жерге тұйықтау – жерден изолицияланбаған ток өткізбейтін электрөткізгішті конструкция мен токөткізгіш бөлігінің кездейсоқ байланысы.

Корпуске тұйықтау — ток жүргізетін бөлік пен электрқондырғысының ток жүргізбейтін металдан жасалған бөліктерінің арасындағы кездейсоқ қосылу.

Жерлеу немесе нөлдеу магистралы— екі немесе одан да көп тармақтары бар жерлейтін (нөлдік қорғаныс) өткізгіш.

Қорғаныстық жерлеу — кернеуге ие болуы мүмкін ток өткізбейтін метал бөліктерді жер немесе оның эквивалентімен электрлік жалғау.

Электр тоғының адам ағзасына әсері оның әсер ету ұзақтығы мен көлеміне байланысты. Жерлеудің мақсаты - адамды фазалық сымдар изоляцияның бұзылуынан жоғары кернеуде болатын тоқ өткізбейтін метал бұйымдарынан электр тоғының соғуынан қорғау.

Нөлдеу қолданатын жағдайлар:

- номинамалды кернеу 380В не одан да жоғары айнымалы ток үшін және 440 не одан да жоғары тұрақты тоқ қолданылатын жоғары қауіпі жоқ бөлмелерде жұмыс істеу кезінде;

- номиналды кернеуі 42В-тен 380В-ке дейін айнымалы ток пен және 110В-тен 440В-ке дейінгі тұрақты ток кезінде жоғары қауіпті жағдай мен ГОСТ 12.1.013-78 бойынша аса қауіпті жағдай кезінде.

Нөлдеу үш фазалы төртөткізгішті 1000В-ке дейінгі нейтралды жерленген желілерде тиімділікті көрсетеді.

Нөлдеудің жұмыс істеу қағыдасы - фазаның қысқаша тұйықталуын бір корпуске бірфазалы қысқаша тұйықталуға айналдырады, соның нәтижесінде максималды ток қорғанысы пайда болып зақымдалған бөлікті электр желісінен ажыратады.

Ток қорғанысы пайда болу шарты:

 

(5.1)

 

мұндағы – фазалық сымдағы қысқаша тұйықталу тоғы;

– қорғаныс қосылуының номиналдағы ток;

k – қорғаныс апаратына байланысты қысқа тұйықталу тоғының еселік көрсеткіші;

k=3-6 – балқитын сақтандырғыщ қолданған кезде;

k=1.25-1.4 – автоматты сақтандырғыш қолданған кезде;

k=6 – тоққа кері сипаттамасы бар автоматты сақтандырғыш қолданғанда.

Нөлдік қорғаныс сымдары ретінде сол мақсат үшін арнайы осы мақсатқа арналған сымдарды қолдану керек. Сым бойында ажыратқыш қондырғылар мен сақтандырғыштар болмау қажет. Нөлдік өткізгіштер желісінде ажыратқыш құрылғыларды қолдануға болады, егер олар жұмыс істеп тұрған нөлдік өткізгіштермен қатар кернеуі бар барлық өткізгіштерді өшірген жағдайда. Генератор немесе трансформатордың жұмыс жағдайындағы нөлдік өткізгіштің өткізу қабілеті фазалар шығысының өткізгіштігінің 50% -нан кем болмауы тиіс. Генератор, трансформатор немесе бірфазалы токтың шығыс көзінің жерлеу кедергісі жыл мезгіліне қарамастан үшфазалы токтың кернеуінің 660, 380, 220 В кезінде сәйкесінше 2, 4, 8 Ом-нан көрсеткішінен жоғары болмауы тиіс.

Электртасымалдау әуе желілерінде жерлеу нөлдік жұмыс жағдайындағы сыммен іске асырылады. Ол фазалық сымдар жүргізілген тіреулерде орналасады.

Нөлдік сымнан үзілген жағдайында бір корпуске фазаның тұйықталуы қысқаша тұйықталудың себебі болмайды және нөлдік сымда ток болмайды.

Нөлдік сымның ажыраған жеріне дейін орналасқан құрылғылар мен шығыс көзінің нейтралды нүктесі нөлге тең потенциалға ие болады. Ал нөлдік сымның ажырау нүктесінен тыс орналасқан құрылғылардың кернеуі жерге қатысты фазалыққа тең болады. Бұл кернеу үлкен қауіп төндіреді. Қауіпті төмендету үшін нөлдік сымды қайталай жерлеу қолданылады. Нөлдік сымды қайталай жерлеу корпустың жалпы кернеуін төмендетумен қоса қабылдағыштардың алшақ орналасқан кезінде қажет. Нөлдік сымды қайталай жерлеу 200м-ден асатын әуе желілерінде және әуе желілеріненэлектрқондырғыларына өту жерлерінде жерасты тіреулері мен найзағайдан қорғайтын жерлеулер көмегі арқылы жасалынады.

Тұрақты ток электр желілерінде нөлдік сымды қайталай жерлеу жасанды түрде іске асырылады. Шарт бойынша олар жерасты құбырларымен металды қосылу жерлері болмауы тиіс.

Жыл мезгіліне қарамастан нөлдік жұмыс сымының қайталай жерлеуінің жалпы таралу кедергісі үшфазалы токтың шығыс көзіндегі желі кернеуі 660, 380, 220В кезінде 5, 10, 20Ом көрсеткішінен жоғары болмауы тиіс. Ал нөлдік жұмыс сымының қайталай жерлеуінің әрқайсысының таралу кедергісі 15, 30, 60Ом-нан аспауы тиіс. Кернеулер көрсеткіші өзгермеген.

 

 

Date: 2016-06-06; view: 3739; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию