Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






IMS шешімінің негізі – NGN желісі





IMS (IP Multimedia Subsystem) интеллектуалды телефонды платформаларының эволюциялық жалғасы болып табылады, олардың тарихы 1993 жылы басталған. Ол кезде IN (Intelligent Network) облысында бірінші рет стандарттары қабылданды. Сол кезден бастап телефондық желідегі сервистік тораптары көмегімен кез-келген қызмет сценариін іске асыруға мүмкін болды. Жылдар өте NGN деп аталатын келесі ұрпақ желілері келе бастады.

NGN екі түрде және екі технологияны енгізу жолдарымен болды. Бастапқыда NGN-нің бағдарламалық коммутаторлар (Softswitch) базасындағы «фиксирленген» түрі пайда болды. Олар медиашлюздермен басқарылатын (MGW), кейін IMS аталатын кешенді бағдарлама-ақпараттың қолдануымен.

Softswitch – бұл алдымен барлық конвергенті желілердің құрылғысы. Мұнда шлюздарды басқару функциясы доминантты болып келеді. Бұл NGN-нің алғашқы бұтақшасы, ол телефонияның TDM-нан IP-ге өзгеруіне негіз болды және барлық салалардың дамуындағы жаңа көзқарастардың құрылуына үлкен үлесін қосты.Теориялық көзқараспен Softswitch тек телефондық ағындармен ғана емес, IMS-те де бұнымен өте жақсы істеді. Өз кезегінде, IMS 3GPP мобильді қоғам аясында жасалған және толықтай ІР-ге базаландырылған. Оның негізгі хаттамасы SIP болып табылады, абоненттер арасындағы біррангты сессияларды байланыстыруға және қауіпсіздік, авторизация, қызметтерге қолжетімділік IMS-ті тек жүйе ретінде қолданған.

Softswitch және IMS архитектуралары ұқсас деңгейдегі бөлімшелері бар: абоненттік құрылғылар және транспорт, қоңыраулар мен байланыс сеанстарын басқару, сонымен қатар қосымшалар серверлері. Олардың шекаралары логикалық деңгейде өтеді, екі концепциялар мен архитектураларында тура ұқсас.

IMS-тің тарихы 2002 жылдан басталды, 3GPP оны ұялы желілер үшін концепция ретінде ұсынған кезде. Оның басқа сервистік платформаларынан айырмашылығы Parlay, CAMEL және INAP, MGC (Media Gateway Controller) медиашлюздердің контроллері және абоненттердің терминалды құрылғыларының ақпараты бар HSS (Home Subscriber Server) абоненттердің мәліметтер базасының болуы болды. Енді қызметтер желілер типі мен роумингті ұйымдастырунан тәуелсіз нақты терминалдарға адаптациялануға мүмкіндік алды. Кейін TISPAN (Telecommunications and Internet converged Services and Protocols for Advanced Networking) жобасы пайда болды. Ол IMS архитектурасындағы фиксирленген желілер мен конвергентті фиксирленген және FMC (Fixed-Mobile Convergence) ұялы желілеріне бағытталды. Нәтижесінде, бүгін IMS аясында көптеген қосымша серверлерін функциялай алады, қарапайым ұялы қызметтер мен жаңа қызметтерді (лезде хабар алмасу, ағынды бейнелердің жіберу, мультимедиалық хабарламалар алмасу т.с.с.) жатқызуға болады.

IMS технологиясындағы ядролық желі пакеттердің коммутациялану негізінде жасалынған және трафиктің транзиттелуін қамтамасыз етеді. Трафиктік транзит (алмасу) оның шығу тегінен тәуелсіз (дауыс, мултимедиалық файлдар, бейне), яғни әртүрлі қолжетімді желілермен жұмыс істейді. «Соңғы милидің» әртектілігінен тәуелсіз желіге кіріс кезінде, кез-келген трафик ІР-ге түрленеді, сосын платформа пакеттер ағындарын басқарады.

IMS-тің әр байланысу процесі кезінде қолданушыларға сәйкестірілген қызмет көрсету сапасын (QoS) қамтамасыз етуін IMS жауап береді. Одан бөлек, IMS операторға әртүрлі трафик ағындары үшін тарификациялау жүйесін тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әртекті сервистік алгоритмдар мен бизнес-модельдерін қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Алайда, жалпы түрде контент әртүрлі көлемде немесе QoS әртүрлі сипаттамаларды талап еткенімен бөлек, оның құрамы әртекті қолданбалы құндылықтарға ие.

Болашақта операторларға роуминг қызметтері қолжетімді болады, ол өз кезегінде қосымша табыс әкеледі. NGN фиксирленген желілері мен 3G ұялы желілерінде қолдануы, бірбейнеде IMS жүйелері FMC-ге жол ашады. Операторлаға желілік ресурстарды басқаруға кең мүмкіндіктер ұсынылады, қызметтерді жеткізу процесінің оптимизациясы мен клиенттік базаның кеңейтілуі. IMS-тің заманауи шешімдері операторларға шеттегі жасаушылармен жасалған жаңа қызметтерді енгізу мүмкіндігін береді. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесі IMS жаңа қызмет сервистерін енгізген кездегі операциялық шығындардан (OPEX) үнемдеуге болады. Қысқасы, басқа инфрақұрылымдардан қараған ұтыс соншалықты көп болмайды, IMS құрылғысы да ақша тұрады.

 

Date: 2016-06-06; view: 1164; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию