Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 9.2-сурет. Хориокарцинома 4 page





Адреногенитальды синдромның этиологиясы қандай?

АГС – бүйрекүсті безі стероидты гормондарының синтезіне қатысатын ферментті жүйенің (С21 – гидроксилаза) туа пайда болған дефициті. Түзілуі төмендейтін бүйрекүсті безі қыртысының негізгі глюкокортикоидты гормоны – кортизол синтезі бұзылады. Кері байланыс принципі бойынша гипофиздің алдыңғы бөлігінде АКТГ түзілуі жоғарылайды және кортизол ізашарларының синтезі күшейеді, энзим дефициті нәтижесінде андроген түзіледі. Ауру аутосомды – рецессивті сипатта дамиды және 5 мың жаңа туылған нәрестенің біреуінде кездесуі мүмкін.

Адреногенитальды сидромның клиникалық көрінісі қандай?

Клиникалық тұрғыдан АГС классикалық формасы 3 – 5 аралығында ер жынысты мерзімінен бұрын жыныстық дамудың көрінісімен басталады: дене бітімі және бұлшық етті – тері асты май тінінің ер жынысты тип бойынша орналасуы, сүйек және бұлшық ет тінінің жақсы дамуы («кішкентай Геркулестер»). Бүйрекүсті безінің қызметі құрсақішілік даму кезінде бұзылатындықтан, АГС диагнозын жаңа туылған нәрестелерде қоюға болады. Қарау кезінде сыртқы жыныс мүшелернің вирилизациясы анықталады: клитордың үлкеюі, үлкен жыныс ернеулерінің қосылуы және ұлғайған клитор үстінен ашылатын урогенитальды синус персистенциясы. Жиірек ондай қыздарды гипоспадия және крипторхизмі бар ер балалармен шатастырады. Егер айқын вирилизация белгілері болса МЖД бұл түрін жалған әйел жынысты гермафродитизм деп атайды, ол жыныстық даму бұзылыстарының ішінде ең жиі кездесетін гермафродитизм түрі. Обьективті диагностикалық әдістер – CYP21В ген тасымалдаушысына анализ, тетракозактидпен(АКТГ аналогы) сынама, бүйрекүсті безі УДЗ немесе КТ. Ең ақпаратты тест глюкокортикоидтармен сынама жүргізгеннен кейін қалпына келетін зәрдегі 17 – КС, 17 – ОНП, ДЭА және қандағы тестерон деңгейінің жоғарылауы.

Дифференциальды диагностиканы қыз балаларда өмірінің алғашқы 10 жылында дамитын бүйрекүсті безінің вирилизацияланған ісіктерімен жүргізеді. Бұл патологияда сыртқы жыныс мүшелерінің вирилизациясы тек қана клитордың үлкеюі болғанда дамиды. 17 – КС және тестестерон деңгейін төмендету үшін глюкокортикоидты сынама жүргізудің қажеті жоқ. Қарау кезінде бүйрекүсті безінің біржақты ұлғаюы анықталады.

Адреногенитальды сидромды емдеу принциптері қандай?

АГС туа пайда болған түрін ұзақ уақыт бойы глюкокортикоидтарды тағайындау арқылы емдейді. Препарат дозасы гиперандрогения деңгейіне байланысты. Дөрекі вирилизация белгілерінде корригирлеуші плпстикалық операциялар жасалады. Бүйрекүсті безі ісіктерінің емі – операция.

Жыныстық дамудың қалыс қалуы дегеніміз не?

Жыныстық дамудың қалыс қалуы дегеніміз 13 – 14 жас аралығында екіншілік жыныс белгілерінің дамымауы немесе болмауы және 15 – 16 жас аралығында менархенің жоқ болуы.

Жыныстық дамудың қалыс қалуының этиологиясы қандай?

Жыныстық дамудың қалыс қалуының себебі – ОЖЖ реттеуші механизм бұзылыстары немесе аналық бездің біріншілік функциональды жетіспеушілігі. Генді бұзылыстар, құрсақішілік дамудың асқынған ағымы, жағымсыз факторлар әсеріне (дұрыс тамақтанбау, гипотиреоз, созылмалы тонзиллит, аналық безге жағымсыз әсер ететің инфекциялар, ревматизм, аналық безіне жасалған операциялар, т.б.) үлкен мән беріледі. Жыныстық даму қалыс қалуының екі түрін ажыратады: орталық және аналық безді генезді.

Орталық генезді жыныстық даму қалыс қалуының себептері қандай?

Орталық генезді жыныстық даму қалыс қалуының себептері органикалық сипаттағы церебральды бұзылыстар болуы мүмкін: травматикалық, токсикалық, инфекциялық зақымдалу(энцефалиттер, эпилепсия, гипоталамикалық аймақтың ісіктері, т.б.). ОЖЖ бұл патологиясы жыныстық дамудың қалыс қалуын тудыруы мүмкін, егерде процеске гипоталамустың медиобазальды құрылымы араласқан болса.

Жыныстық даму қалыс қалуының церебральды формасына не жатады?

Церебральды формасына психоз, невроз, стресстік жағдайлар нәтижесінде дамыған жыныстық дамудың қалыс қалуын жатқызады. Церебральды формасының бірі – нервті анорексия(anorexia nervosa), яғни тамақтан тас тарту, пубертатты кезеңде организмде жүріп жатқан өзгерістерге жауап ретінде дамитын невротикалық жағдай ретінде бағаланады. Бұл формаға жыныстық жетілу кезеңінде диета ұстауға байланысты дене салмағын жоғалту фонында дамитын жыныстық дамудың қалыс қалуын жатқызады.

Дене салмағын жоғалту фонында дамитын жыныстық дамудың қалыс қалуының патогенезі қандай?

Стресстік жағдайлар нәтижесінде эндорфиннің өндірілуі және бөлініп шығуы бұзылады. Гипоталамусастылық және гипоталамустық дофаминергиялық құрылымдарда гонадолиберин секрециясы және синтезі бұзылады, нәтижесінде гипофизден гонадотропиннің өндірілуі төмендейді. Эстрогеннің гонададан тыс синтезі жүзеге асатын май тінінің азаюы маңызды болып табылады.

Жыныстық даму қалыс қалуының церебральды формасының клиникалық көрінісі қандай?

Жыныстық даму қалыс қалуының церебральды формасында негізгі және ең басты шағымдарының бірі – жыныстық даму бұзылысы. Бұл қыз балалар құрдастарынан екіншілік жыныс белгілерінің толық дамымауы және аменореямен, май және бұлшықет тінінің әйел жынысты тип бойынша орналасуы – «пішін феминизациясы» болмауымен, жамбас құрылысы өзгерістерімен ерекшеленеді.

Жыныстық даму қалыс қалуы бар қыз балаларда евнуховидті дене бітімі анықталады: аяқ – қолдарының ұзын болуы, кеудесінің қысқалығы, жамбастың көлденең өлшемінің кішіреюі. Ал бойы құрдастарынан ұзын болып келеді. Сүйектену процесінде маңызды роль атқаратын эстроген дефициті қыз балаларда бой өсуі кезеңінде ұзын болуына әкеледі. Гинекологиялық тексеру кезінде жыныс бездерінің гипоплазиясы(айқын генитальды инфантилизм) анықталады.

Жыныстық даму қалыс қалуының аналық бездік формасы немен сипатталады?

Жыныстық даму қалыс қалуының аналық бездік формасында фоликулярлы аппараттың азаюы, ондай аналық бездерді гипопластикалық, «сезімтал емес», гонадотропты стимуляцияға резистентті деп атайды. Бұл патологияның патогенезінде балалық шақтағы инфекциялық аурулар(қызылша, қызамық, паротит, т.б.) және фолликулярлы аппарат немесе аналық без иннервациясы бұзылысын туыратын токсикалық әсерлер жатуы мүмкін.

Жыныстық даму қалыс қалуының аналық бездік формасының клиникалық көрінісі қандай?

Гипопластикалық аналық безде жыныстық даму қалыс қалуының клиникалық көрінісі үшін интерсексуальды дене бітімі, түтікті сүйектердің эпифиздерінің сүйектену процесінің қалыс қалуына қарамастан қыз балалардың бойы қалыпты жастық нормативке сәйкес келеді. Екіншілік жыныс белгілері дамымаған, сыртқы және ішкі жыныс бездерінің гипоплазиясы анықталады. Біріншілік аменорея тән, бірақ аз мөлшерде және сирек менструациялар болуы мүмкін. Гормональды сипат үшін гонадотропин деңгейі жоғарылағанда қанда эстроген деңгейінің кенет төмендеуі тән. Қынап жұғындысында парабазальды клеткалар, бірен – саран аралық клеткалар кездеседі.

Жыныстық дамудың қалыс қалуы диагностика критерийлері қандай?

Жыныстық дамудың қалыс қалуы бар қыз балаларды тексергенде келесідей критерийлерді қолданады:

· 16 жасқа дейін немесе одан жоғары менархенің болмауы;

· 13 – 14 жас аралығында немесе одан жоғары екіншілік жыныс белгілерінің болмауы;

· Жыныстық түктену және сүт бездерінің даму белгілері басталғаннан бастап, 3 жыл немесе одан да көп менархенің болмауы;

· Хронологиялық жасына бойы және дене салмағы көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі.

Жыныстық дамудың қалыс қалуы диагностикасында ең басты мәселе – репродуктивті жүйеде зақымдану деңгейін анықтау. Анамнезіне үлкен мән беріледі, сұрастырғанда апа – сіңлілерінің және қандас тумаларының жыныстық жетілуі жөнінде ақпаратты нақтылайды. Қарау кезінде дене бітімі, жыныс мүшелері және екіншілік жыныс белгілері ерекшеліктеріне мән беріледі.

Жыныстық дамудың қалыс қалуы диагностика әдістері қандай?

Жыныстық дамудың қалыс қалуы бар науқастарда церебральды формасына күмән туғанда неврологиялық тексеру жүргізу керек. Инструментальды әдістерден қолданады:

· ЭЭГ немесе РЭГ, церебральды және диэнцефальды құрылымдардың органикалық немесе функциональды бұзылысын ажырату мақсатында;

· Бас ми және түрік ершігінің рентгенографиясы, көрсеткіш бойынша – бас миының КТ.

· Түрік ершігінің патологиясы анықталған науқастарда – көз түбін және көрудің түстік алаңдарын тексеру;

· Кіші жамбас мүшелерін УДЗ, жатыр және аналық без өлшемін нақтылау үшін;

· Қосымша көрсеткіштер болса – гонада биопсиясымен лапароскопия.

Гормональды тексеру. Пролактин деңгейін анықтауды дене бітімі қалыпты және сүт бездері жақсы жетілген пациенттерге жүргізу керек. Егер гормональды тексеруде гонадотропиндердің (ФСГ,ЛГ) төмен деңгейі анықталса, бұл біріншілік аналық бездік жетіспеушілікті жоққа шығарады, бірақ патологияның гипоталамустық және гипофизарлы деңгейін ажырату мүмкін емес.

Дифференциальды диагностика мақсатында қандай функциональды сынамалар жүргізіледі?

Гонадотропин – рилизинг – гормонмен(ГнРГ) сынама: қандағы ЛГ – ні 15, 30, 60 және 120 минуттан анықтау мақсатында көктамырға 100 мкг ГнРГ енгізеді. ЛГ деңгейінің жоғары болуы гипофиздің гонадотропты белсенділігінің сақталғандығын және гипоталамикалық құрылым қызметінің бұзылысын көрсетеді. ЛГ деңгейінің жоғарыламауы гипофиздің рефрактерлігін, онда гонадотропин түзілуі болмайтынына дәлел.

Кломифенмен сынама: кломифенді күніне 100 мг – нан 5 күн бойы қабылдау, қанда ЛГ немесе Е2 болуы гипофиз және аналық бездің гонадотропты қызметінің белсенділігін көрсетеді. Эстрогендерді анықтау мақсатында функциональды диагностика тесттері де қолданылуы мүмкін.

Менотропиндермен сынама: аналық бездің функциональды жағдайын, оның гонадотропты препараттар стимуляциясына жауабын анықтауға көмектеседі, осылайша аналық бездің біріншілік жетіспеушілігін жоққа шығаруға болады.

Жыныстық дамудың қалыс қалуында қандай ем жүргізіледі?

Жыныстық дамудың қалыс қалуын емдеу, яғни диэнцефальды аймақ қызметін қалыптастыруға бағытталған комплексті терапия невропатолог қатысуымен құру қажет. Репродуктивті құрылым қызметін реттейтін және қалыптастыру мақсатында 15 – 16 жастан кейін гормональды терапия қолданылады – циклді түрде жыныс гормондары препараттарымен орынбасушы терапия, аналық без қызметін реттеуші гонадотропты препараттармен терапия. ГнРГ аналогын жыныстық даму қалыс қалуының гипоталамикалық формаларын емдеуде қолдану – болашақтың тапсырмасы. Дене салмағын жоғалту фонында дамитын жыныстық дамудың қалыс қалуының емі құнарлы, дұрыс тамақтану. Седативті терапия(шөптерден жасалған тұнбалар, бромидтер, седативті препараттар), витаминотерапия (В16, С витамині, α – ацетат токоферолы), фитоэстрогендермен терапия жүргізіледі. Жыныстық дамудың қалыс қалуының гипопластикалық аналық безде емі орын толтырушы циклды гормонотерапия болып табылады.

 

 

Тест тапсырмалары.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.

1. Ішкі жыныс мүшелерінің қалыптасу процесі аяқталады:

1) Жүктіліктің 18 аптасы

2) Жүктіліктің 24 аптасы

3) Күні жетілген жүктілік мерзімінде

4) Дұрыс жауабы – 1,2

2. Жыныс жүйесінің даму бұзылыстары болып табылады:

1) Жыныстық даму аномалиясы жыныстық дифференцировка бұзылысымен;

2) Жыныстық даму аномалиясы жыныстық дифференцировка бұзылысынсыз;

3) Дұрыс емес жыныстық даму

4) Дұрыс жауабы – барлық аталғандар

5) Дұрыс жауабы – 1,2

3. Құрсақішілік даму кезеңінің келесідей стадияларын бөледі:

1) Алдын ала кезеңі

2) Бастапқы кезең

3) Эмбриональды кезең

4) Ұрықтық кезең

4. Туа пайда болған ақауларға келесідей даму бұзылыстарын жатқызады:

1) Агенезия

2) Аплазия

3) Атрезия

4) Стеноз

5) Дұрыс жауабы – барлық аталғандар

5. Қынаптың даму ақауына жатады:

1) Агенезия

2) Гетероплазия

3) Аплазия

4) Атрезия

6. Жатырдың даму ақауына жатады:

1) Жатыр агенезиясы

2) Жатырдың екі еселенуі

3) Екі мүйізді жатыр

4) Инфантильді жатыр

7. Шерешевский – Тернер синдромына келесідей айқын соматикалық аномалиялар тән:

1) Тар жамбас

2) Бойының қысқа болуы

3) Төмен орналасқан құлақ қалқандары

4) Қанаттәрізді қатпарлармен қысқа мойын

8. Қыз балаларда жыныстық даму бұзылысының мүмкін варианты:

1) Мерзімінен бұрын жыныстық даму

2) Жыныстық дамудың қалыс қалуы

3) Пуберттатты кезеңде жыныстық даму бұзылысы

4) Жыныстық дамудың болмауы

5) Дұрыс жауабы – барлық аталғандар

9. Қыз балаларда мерзімінен бұрын жыныстық дамудың формаларына жатады:

1) Церебральды

2) Жатырлық

3) Аналық бездік

4) Конституциональды

5) Дұрыс жауабы – барлық аталғандар

10. Жыныстық дамудың қалыс қалуының көрінісі болып табылады:

1) 13 – 14 жас аралығында екіншілік жыныс белгілерінің болмауы(дамымауы)

2) 15 – 16 жас аралығында екіншілік жыныс белгілерінің болмауы(дамымауы)

3) 13 – 14 жас аралығында менархенің болмауы

4) 15 – 16 жас аралығында менархенің болмауы

 

 

Тапсырмалар.

11.Әйел, 29 жаста, әйелдер консультациясы дәрігеріне келді. Шағымы жоқ. Анамнезінде 4 жүктілік – барлығы да жүктіліктің 4 – 5 аптасында өздігінен түсік болған. Алдыңғы тексерілуде екі мүйізді жатыр анықталған. Дәрігер тактикасы қандай?

12. Қыз, 15,5 жаста, әйелдер консультациясына іштің төменгі бөлігінде периодты түрде пайда болатын төмен тартып ауырсынуға шағымданып келді. Жыныстық қатынаста өмір сүрмейді. Менструация байқалмаған. Эхографиялық тексеруде – жатыр ерекшеліксіз, қынап проекциясында біртекті емес құрылымды, 4×5 см түзіліс анықталады. Диагноз қандай? Дәрігер тактикасы қандай?

 

 

ТАРАУ.

Әйел жыныс мүшелері орналасуының аномалиясы. Зәрді ұстай алмау.

Сабақтың мақсаты: студенттермен бірге ішкі жыныс мүшелері орналасуының негізгі себептерін, патогенезін, классификациясын, клиникалық формаларын, диагностика әдістерін, дифференциальды диагностикасын, емін және профилактика шараларын талдау.

Студент білуі тиіс: әйел жыныс мүшелерінің қалыпты орналасуы (топографиялық анатомия), кіші жамбаста әйел жыныс мүшелерінің қалыпты орналасуын сақтауға көмектесетін факторлар (жатырдың көтеруші, бекітуші аппараты), олардың бұзылысына әкелеті себептер, жамбас мүшелерінің орналасу аномалияларының классификациясы, жамбас мүшелері пролапсының клиникалық симптомдары, диагностикасы және дифференциальды диагностикасы, емдеу әдістері және профилактикасы.

Студент жасай білуі керек: анамнез жинау, шағымдарын сұрастыру. Аурудың даму тарихына және арнайы анамнезге ерекше көңіл аудару керек. Науқасты қарап, жамбас түбі жағдайын бағалау, қынаптық тексеру және айнамен қарай білуі керек. Диагноз қоя білу, наукастың жүргізу жоспарын және емін дайындау, операция көлемін анықтау, операцияалды дайындықты және операциядан кейінгі кезеңді жүргізу тактикасын білу, науқас жасына байланысты жамбас мүшелерінің пролапсын емдеуде қолданылатын операция принциптері, пролапстың, экстрагенитальды аурулардың ауырлығы.

Сабақ жүргізу орны: оқу бөлмесі, гинекологиялық бөлім, қарау кабинеті, операциялық бөлме, операциядан кейінгі палата.

Безендірілуі: таблицалар, слайдтар (презентациялар), ауру тарихы, демонстрационды фильмдер.

Сабақты ұйымдастыру жоспары:

- Тақырыпқа негізделіп құрылған сұрақтар;

- Студенттің білім деңгейін бақылау;

- Науқастарды курациялау, ауру тарихын клиникалық талдау, науқастарды қарау бөлмесінде қарау, операцияға қатысу және оны талдау, ситуациялық жағдайларды шешу.

- Сабақ қорытындысын шығару, студенттердің білімін бағалау.

 

Жыныс мүшелерінің орналасу аномалияларының арасында ең жиі кездесетін патология – төмен түсу және сыртқа шығуы(выпадения), ол гинекологиялық аурушаңдықтың 28% құрайды. Ауру репродуктивті жаста басталады және үдемелі сипатта жүреді. Ішкі жыныс мүшелерінің төмен түсуі және сыртқа шығуы жыныс мүшелері орналасуының аномалиясына жатады.

Кіші жамбаста жатырдың қалыпты орналасуы дегеніміз не?

Кіші жамбаста жатырдың қалыпты(типтік) орналасуы: жатыр кіші жамбастың ортасында қуық пен тік ішек арасында орналасады; түбі кіші жамбас кіреберісі жазықтығынан жоғары емес, жатыр мойнының қынаптық бөлігі кіші жамбастың тар бөлігі жазықтығы деңгейінде. Жатыр түбі жоғары және алдыға, жатыр мойнының қынаптық бөлігі – төмен және артқа бағытталған (13.1-.сурет). Жатыр мойны мен денесінен құралған бұрыш тұйық, алдыға ашылған(anteflexio uteri). Жатыр осі мен жамбас кіреберісі осі(кіші жамбас кіреберісінің ортасында перпендикуляр қалыптасқан, одан кейін төмен бағытталады, құйымшақты кесіп өтеді де, жоғары бағытталып, кіндікті кесіп өтеді) арасындағы бұрыш – anteversio uteri, осыған қарамастан жатыр мойны сегізкөзге, ал жатыр түбі – қасағаға бағытталған. Жатырдың жамбаста типтік орналасуы «anteflexioanteversio uteri» терминімен түсіндіріледі.

Жамбаста жатырдың қалыпты орналасуына қандай факторлар көмектеседі?

Жамбаста жатырдың қалыпты орналасуына келесідей факторлар көмектеседі:

· Жыныс мүшелерінің меншікті тонусы, ол бүкіл организм жүйесінің дұрыс қызмет етуіне, көбінесе нерв жүйесінің жағдайына, қан айналымға, жыныс гормондарының деңгейіне байланысты.

· Ішкі мүшелердің өзара қарым – қатынасы, диафрагма, іш қабырғасы және жамбас түбінің өзара байланысы.

· Жатырдың көтеруші, бекітуші және сүйемелдеуші аппараты.

Жыныс мүшелері орналасуы аномалиясының классификациясы қандай?

Жатырдың горизонтальды және вертикальды жазықтық бойымен, көлденең ось айналасына жылжуы(смещения).

Жатырдың горизонтальды жазықтық бойымен жылжуының(смещения) қандай түрлері бар?

Жатырдың горизонтальды жазықтық бойымен жылжуының келесідей түрлері ажыратады:

· Жатыр алдыға жылжыған (antepositio uteri)

· Жатыр артқа жылжыған (retropositio uteri)

· Жатыр оң жаққа жылжыған (dextropositio uteri)

· Жатыр сол жаққа жылжыған (sinistropositio uteri)

Жатырдың көлденең ось айналасында қандай жылжу формалары бар?

Жатырдың көлденең ось айналасында жылжу формалары мынадай:

· Жатыр айналуы(мойны және денесі) вертикальды ось айналасынан бір қырындап – оң және солға, немесе керісінше жатырдың бұрылысы (rotation uteri).

· Жатырдың айналып кетуі (torsio uteri) – бұл жатыр денесінің қозғаламы емес жатырда мойындырық аймағында вертикальды ось бойымен 180̊ жоғары бұрылыс жасауы.

Жатырдың вертикальды ось бойымен жылжуының түрлері қандай?(кіші жамбас жазықтығына қатысты)

Вертикальды ось бойымен жатыр жылжуының түрлері:

· Жатыр жоғары жылжыған (elevation uteri)

· Жатырдың төмен түсуі (descensus uteri)

· Жатырдың сыртқа шығуы (prolapsus procidentia uteri)

Жатырдың сыртқа шығуының қандай түрлері бар?

Жатырдың сыртқа шығуының (prolapsus uteri) толық (prolapsus uteri totalis) және толық емес (prolapsus uteri partialis) түрін ажыратады. Толық емес сыртқа шығу – бұл күшену кезінде жыныс саңылауынан тек жатыр мойнының шығуы(13.2.сурет). толық сыртқа шығу кезінде жатыр денесі мен мойны жыныс саңылауынан шығады, бұл әдетте қынап қабырғасының айналып кетуімен жүреді, бұндай жағдайды гинекологиялық жарық (hernia genitalis) деп атайды(13.3.сурет)

Жатырдың айналып кетуі (inversio uteri) дегеніміз не?

Бұл аномалияда жатырдың серозды қабаты – іште, ал кілегейлі қабаты сыртта орналасады, жатыр денесі қынапта, жатыр мойнынан төмен орналасады(жатырдың айналып кетуі, қолғап саусақ сияқты., 13.4.сурет).Бұндай жағдай босанудың ІІІ кезеңінде болуы мүмкін, әлі ажырап үлгермеген бала жолдасын шығару мақсатында.

Әйел жыныс мүшелері орналасуының аномалияларының этиологиясы қандай?

Әйел жыныс мүшелері орналасуы аномалияларының дамуын келесі факторлар әсер етеді:

· Босану кезінде аралық жарақаттары;

· Босану санының көп болуы;

· Мюллер өзегінің даму аномалиясы;

· Жатырдың байланыстырушы және сүйемелдеуші аппаратының туа пайда болғаннан шамасыздығы және дәнекер тінінің аурулары(дәнекер тінінің дисплазиясы)

· Кіші жамбастағы жабысқақтық процесс;

· Кіші жамбастағы ісік және ісіктәрізді түзілістер;

· Созылмалы іш қату;

· Семіздік немесе, керісінше арықтау;

· Жалпы астения.

Әйел жыныс мүшелері орналасуының аномалияларының қайсысының клиникалық маңызы бар?

Ондай аномалияларға жатады:

· Жатырдың патологиялық антерефлексиясы;

· Жатыр ретродевиациясы;

· Жатыр және қынап қабырғасының төмен түсуі мен сыртқа шығуы;

Жатырдың патологиялық антерефлексиясының сипаттамасы қандай?

Жатырдың патологиялық антерефлексиясы (hyperanteflexio) – бұл жыныстық инфантилизм көріністерінің бірі. Осыған қарамастан жатыр мойны мен денесі арасында бұрыш сақталған, жатырдың көлемі кішкентай және жатыр мойны ұзы конус тәрізді(13.5.сурет). Бұл патология негізінде балалық шақтағы әр түрлі интоксикациялар(инфекциялар, глистті инвазиялар, т.б.) нәтижесінде ішкі жыныс мүшелерінің дұрыс дамымауы жатыр.

Date: 2016-06-06; view: 1002; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию