Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ажырату диагностикасы. 4 page





1) строма астылық кеңістікке безді клмпоненттердің жинақталуы;

2)бездердің ретсіз орналасуы;

3) бездің пішіні мен көлемінің өзгеруі;

4) эндометрий атрофиясы;

5) бездің пішіні мен көлемінің өзгеруі;

4. Эндометрий атипиялық гиперплазиясының дамуына қауіп болып табылады:

1) қант диабеті 2 тип;

2) созылмалы аднексит;

3)аналық безінің эндометриодты кистасы;

4) метаболикалық синдром;

5) гипертониялық ауру.

5. ЭГП бар репродуктивті жастағы әйелді емдеуде қандай м қолданады:

1) прогестагендер;

2) конъюгировты эстрогендер;

3) төмендозалы КОК;

4) андрогендер.

6. Гиперпластикалық процессті емдеу жүйесі тәуелді:

1) әйел жасынан;

2) зат алмасы-эхндокрин бұзылыстары қатар келсе;

3) эндометрий гиперплазиясының морфологиялық формасынан;

4) гипатобилиярлы, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары болса;

5) босану сан..

Задачи

7. Әйелдер кеңесіне 35 жастағы,ДМК- –ға байланысты жатыр қуысының кілегей қабатын бөл ек диагностикалық мақсатта қыру жасалып,гинекология бөлімінен шығарылған науқас келді. Гистологиялық диагноз:эндометридің безді-кистозды гиперплазиясы. Не істеу керек?

8. 47 жастағы науқаста етеккір циклынің 12 күні кіші жамбас қуысын УДЗ кезінде анықталды: жатыр қалыпты мөлшерде, эндометрий қабатының қалыңдығы 22 мм. Аналық безінің көлемі жасына сай қалыпты мөлшерлі. Диагноз қандай? Не істеу керек?

9. Науқас 21 жаста, айқын семірумен, ациклитикалық жатырлық қан кетумен, жатыр қуысындағы аспираттарды цитологиялық зерттеу кезінде анықталды: емізікшелі құрылымды, эндометрий клеткаларының пролифиративті белгілерімен, клетканың атипиясы кездеседі. Болжам диагноз қандай? Диагноз қою үшін қандай диагностикалық әдіс жасау керек?

10. Науқас, 35 жаста, 12 күн бойы жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданып келді, әлсіздік, бас айналуға (Hb — 95 гр/л). Анамнезінде — жатыр қуысын 2 рет диагностикалық қыру. (соңғы -3 ай.). Гистологиялық қорытынды — эндометрий гиперплазиясы. Соңғы 3 айда нон-овлон қабылдаған. Болжам диагноз қандай?Не істеу керек?

7-ТАРАУ Бөлім

ЭНДОМЕТРИОЗ

Сабақтың мақсаты: эндометриоздың этиологиясын,патогенезін игеру, клиникалық көрінісін, диагностика әдістерін үйрену.

Студент білуі керек: эндометриоз анықтамасы, пайда болу теориялары, классификациясы; клиникалық көрінісін,замануи емдеу тәсілдері мен алдын алу.

Студент жасай білу керек: шағымдарын, клиникалық көрінісін,диагнозды нақтылау үшін диагностикалық әдістерді, аурудың түрі мен ауырлық дәрежесін анықтау; ем тағайындап ажырату диагностикасын жасау.

Сабақтың өтетін орны: оқу бөлмесі, гинекологиялық бөлім, операциялық болк.

Көркемділігі: таблицаларкестелер, слайдтар, компьютерлік презентация.

Сабақты ұйымдастыру жоспары:

• Тақырыпқа сай сұрақтар.

• Студенттерді бақылау жұмысы.

• Оқу бөлмесі. Компьютерлік призентацияны пайдаланып тақырыпты тоериялық ұғыну.

• Гинеокологиялық бөлімде жұмыс: тақырыпқа сай екі-үш науқастарды көрсету, мысалға алу.

• Ауру тарихын талқылау,операцияға қатысу.

• Оқу бөлмесіндегі сабақ, сұрақтарға жауап.Үй тапсырмасы.

Эндометриоз дегеніміз не?

Эндометриоз -– морфологиялық және функциональды жағынан эндометриге ұқсас,жатыр қуысының қалыпты кілегей қабытының шекарасынан тіннің өсуі,қатерсіз гормон тәуелді ауру.Эндометриоз ошақтары микроскопиялық түрден жатыр түтікшесі мен аналық бездің анатомиялық құрылымын бұзатын ісікті эндометриальды кистаға дейін, тіпті сонымен қатар ішекті,қуықты және несепағарды қамтитындай ішастарлық жабысқақ процесін дамытуы мүмкін.Эндометриоздың ерекшелігіне қоршап жатқан тіндерге еніп инфильтративті өсу тән.Со себепті эндометриоз тін болсын мүше болсын «өсуі» мүмкін:ішек қабырғасына,қуыққа,несепағарға,сүйек тініне.

АХЖМКБ-10 бойынша классификациясы:

N80. Эндометриоз.

N80.0. Жатыр эндометриозы.

N80.1. Аналық без эндометриозы.

N80.2. Жатыр түтікшесінің эндометриоыз.

N80.3. Жамбас астауының эндометриоз.

N80.4. Ректовагинальды және қынап эндометриозы.

N80.5. Ішек эндометриозы.

N80.6. Тері тыртығының эндометриозы.

N80.8. Басқа эндометриоз.

N80.9. Нақтыланбаған эндометриоз.

Гинекология аурулары ішінде эндометриоз қандай орынды иеленеді?

Гинекология патологиясында эндометриоз әйелдің жыныс мүшелері аурының ішінде үшінші орынды иеленеді, (қабыну процестері мен жатыр миомасынан соң), репродуктивті жастағы әйелдердің арасында 7-ден 59-% ға дейін ауытқиды. Эндометриоз 17% дисменореямен зардап шегетін жастарда кездессе,және 30% гинекологиялық операцияны қажет ететіндер.Үлкен гинекологиялық операциялар эндометриозға байланысты жасалады.

Этиологиясы қандай?

Этиологиясы нақты анықталмаған..

Қауіпті жағдайлар:

• жүзеге асырылмаған репродуктивті қызмет, «кейінге қалған бірінші жүктілік»;

• жасөспірімдердің етеккір қызметінің бұзылысы;

• генетикалық және отбасылық жағдайлар.

Қай контингентті әйелде эндометриоз кездеседі?

Эндометриоз — репродуктивті жастағы әйелдердің ауруы, бірақ етеккір қызметі толық реттелмеген жасөпірім қыздарда және постменопаузадығы әйелдерде кездесуі мүмкін. Эндометриоз әйел қауымының 7–10% қамтиды, у 25–40% әйел бедеу болса,70% науқаста кіші жамбастағы аурысынуға шағымданады.

Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде эндометриоздың қай классификациясын қолданады?

Әлемдік тәжірибеде 1979 жылы ұсынылған және 1985–-1986 жылдары қайта қаралған фертильді Америка қоғамының классификациясы жіктелуі кеңінен қолданылады.Ол гетеротопия санына байланысты баллмен есептеледі: 1-5 ошақтар жеңіл түрі; 6-15 орташа; 16-30 ауыр; 30 жоғары ошақты эндометриоз- жайылмалы эндометриоз.Берілген классификация балл көмегімен сол немес басқа емнің фертильділігін қалпына келтіру үшін негізделген.Халықаралық қоғамның бағасына сай жедел эволвуция мен терапиялық нәтижелерді салыстыра отырып жасалған классификациясына қарамастан, осы берілген классификация қолданылады. Төменде аталған классификация кесте түрінде берілген. (табл. 7.1-кесте).

Таблица 7.1-кесте. [U26] 1985 жылы Америка қоғамы ұсынған эндометриоз классификациясы (R-AFS classifi cation)

 

 

* Егер фимбриальды кеңістік толығымен жабық болса, 16 баллмен алмастыру.

Балл бойынша дәрежелері:

• I дәреже (минимальды) — 1–5 балл;

• II (жеңіл) — 6–15 балл;

• III (орташа) — 16–40 балл;

• IV (ауыр) — 40 көп балл.

1984 ж. К. Semm, диагностикалық лапароскопияның нәтижелерін қоладана отырып, эндометриоздың кішкентай түрлерін қарастыруды ұсынды. Бұл нұсқаны лапароскопия көмегімен «бір көргенннен» дәл анықтауға болады.Сыртқы эндометриоздың «Кішкентай түрі» ұғымы, эндометриоидты гетеротопии, диаметрі 0,5 см аспайтын және бедеуліктен басқа клиникалық көрініс болмайды.Л. В. Адамян және В. И. Кулакова (1998) ойы бойынша, фертильді Америка қоғамының классификациясының басты жетіспеушілігі болып ректовагинальды клетчатканың зақымдалудың функциональды бұзылыстарын және клиникалық көрінісін тек инфильртативті формаларын арастырмай анатомиялық зақымдалуды визуальды бағалауында.

Эндометриоздың қай классификациясы орналасуына қарай клиникалық тәжірибеде қолданылады?

Эндометроиды гетероптропияның орналасуына қарай эндометриоз генитальды және экстрагенитальды деп екіге бөлінеді.Генитальды эндометриоз миометриде,кіші жамбас қуысында,жатыр түтікшесінде,тік ішек-жатыр қуысында,ректовагинальды қалқада,жатыр мойнында,аралық пен қынапта орналасуы мүмкін.Экстрагенитальды эндометриоз топографиялық тіндермен және репродуктивті жүйе мүшелерімен байланыспайды тек іш қуысының мүшелерінти (аппендикс, тік ішек, сигма тәрізді ішек, көлденең, жіңішке ішек),өкпе және плевральды қуыс,тері (эпизиотомияжәне операциядан кейінгі тыртықтар),шап аймағы, шеткі мүшелер,кіндік,лимфа түйіндері, нервтер мен ми(сур. 7.1).

 

 

Рис. 7.1-сурет. [U27] Эндометриоз ошақтарының орналасуы.

Ішкі генитальды эндометриоз дегеніміз не?

Ішкі генитальды эндометриоз дегеніміз (аденомиоз) — эндометриоидты гетеротопидың жатыр бұлшық ет қабытында өсуі.Аденомиозды диффузды және ошақты деп қарастырады.Соңғы тәжірибеде жатыр денесінің эндометриозының,аналық безінің эндометроиды кистасы мен ретроцервикальды эндометриоздың клиникалық классификациясын қолданады және жоғарыда аталған эндометроиды гетеротопияның орналасуына қарай төрт дәрежесін бөліп қарастырады. Патологиялық процесстің таралуына байланысты аденомиоздың диффузды түрінің төрт дәрежесін бөледі.

• I дәреже — патологиялық процесс жатыр денесінің кілегей қабатымен шектелген.

• II дәреже — патологиялық процесс бұлшық ет қабатына өткен.

• III дәреже — патологилық процесс барлық бұлшық ет қабатынан жатыр қабырғасының серозды жабындысына дейін таралған.

• IV дәреже— вовлечение в патологиялық процесске, жатырдан басқа,кіші жамбас қуысының париетальды астарымен және көрші мүшелер қатысады.

Сыртқты генитальды эндометриозға не жатады?

Сыртқы генитальды эндометриоздың іш астарға қатынасына қарай классификациясы:

• перитонеальды: аналық бездер,жатырлық түтік,кіші жамбас брюшинасы;

• экстраперитонеальды: сыртқы жыныс мүшелері,қынап,жатыр мойнының қынаптық бөлігі, ретроцервикальды аймақ.

Сыртқы эндометриоз кезінде ақпартты классификация 1973 жылы A. Acosta ұсынды,онда эндометриоз кіші және ауыр түрлеріне бөлінді.

«Кіші» түрі дегеніміз не?

«Кіші» түрі дегеніміз -бұл:

• жамбастық брюшинада бір гетеротопии болуы;

• аналық безінде жабысқақ және тыртық процесінсіз бірлік гетеротопияның болуы.

Ауыр түрі дегеніміз не?

Ауыр түрі дегеніміз-бұл::

• екі немес бір аналық безінің киста тәрізді көлемі 2 см болатын эндометриоз;

• аналық бездерінің периовариальды және и (или) түтік алды зақымдану процесі;

• жатыр түтігінің тыртықпен деформациясы,өткізгіштіктің бұзылысы;

• жамбас брюшинасының тік ішек-жатырлық аралығының облитирациямен зақымдалуы;

• сегізкөз-жатыр байламының және тік ішек жатыр қуысының облитерациясымен:;

• несеп шығару жолдарымен ішектердің бұл процеске қосылуы.

Эндометриоздың макроскопиялық ерекшелігі қандай?

Эндометриоз толық емес геморрагиялық немесе қою қоңыр сұйықтықпен тлған,түйін тәрізді, анық контуры жоқ немесе кистозды құрылым.

Эндометриозға қандай ерекшеліктер тән?

Эндометриоз үшін тән:

• айналасында дәнекер тінді капсуланың болмауы;

• көрші мүшелер мен тіндерге ене өсуіне себеп инфильтративті өсуі,оны эндометриоздың ферментті белсенділігмен, липолитикалық фермент бөле алуымен түсіндіріледі;

• эндометриоздың гематогенді және лимфогенді жолдармен таралуы.

Эндометриоздың қатерлі ісктен айырмашылығы неде?

Эндометриоз қатерлі ісіктен айырмашылығы автономды өсуге тән атипиялық клеткаларының болмауы.Жүктілікке де байланысты ажыратуға болады,жүктілік кезінде эндометриоз жойылады,ал қатерлі ісіктің өсуі керісінше күшейе түседі.

Эндометриоз ошақтары қандай өзгерістерге ұшырайды?

Эндометриоз ошақтары келесідей өзгерістерге ұшырайды:

• іріңдеу;

• қатерлістромальды эндометрозға бейім болса қатерлі түріне ауысады;

• эндометриоз ошақтарының айналасында қабыну реакциясы туындайды.

Эндометриоз болжамы қандай?

Қазіргі уақытта эндометриоздың пайда болуында бірнеше негізгі теориялар бар:

Эмбриональды және дизонтогенетикалық теория: әйел жыныс мүшесінің эмбриогенезде ұрықтың аралас бөліктерінен дамуы, (аномальные остатки Мюллерова протока),эндометрий басқа жерде.Бұл теория Эта теория была разработана еще в конце XIX ғасырдың аяғында құрастырылған,бірақ заманауи авторлармендың қолданысына ие.

Эндометриальды пайда болу: эндометриоз эндометрий элементтерінен дамиды, жатыр қабырғасының қалыңдауы кезінде немесе етеккір нәтижесінде рефлюкс әсеріненфаллопиев түтігінен аналық безіне,ішастарға өседі. (транслокационды, имплантационды теория). Эндометридің жетілуіне етеккір қызметінің бұзылысы (гормональды теория) және хирургиялық араласу (аборттар, диагностикалық қыру, босанған соң жатыр қуысын қолмен тексеру, кесар тілігі, миоматозды түйіндердің энуклеациясы).Эндометриді хирургиялық зақымдау арқылы жатырдың кілегей қабатының элементтерінің қан ағысына,лимфаға түсіп,басқа мүшелер мен тіндерге жайылуы мүмкін (диссеминация теориясы).

Гормональды теория: эндометриоз гормональды баланс бұзылғанда етеккір қызметінің бұзылысы бес деңгейде жүреді: гипоталамустың рилизинг-факторының цирхоральды ритммен өндірілуі,гонадотропиндердің гипофизбен жүйелі түрде шығарылуыі, аналық безінің жыныс гормондарын ретті шығаруы және метаболизмі. Дисфункциональды өзгеріс абсолютті және салыстырмалы гиперэстрогенияның дамуына алып келіп және сары дене прогестерон өнімін толық шығармайды.Бұл әртүрлі иммундық реакциялрадың перифериялық қан деңгейінде және перинатальды сұйықтықпен басқа да ортада жауабын бұзады (иммундық теория).Иммунды жетіспеушілік эндометридің басқа тіндерге диссеминациясы мен имплантациясына кедергі болмайды.

Метапластикалық теория: эмбриональды және целомикалық эпителидің метаплазиясы нәтижесінде эндометриоз дамиды.Гормональды бұзылыстар,қабыну процесс,ішастар мезотелі мен плевраға,эндотелидің лимфатикалық тамырларына,бұйректің эпителиальды каналшаларына және басқа тіндерге әсер етіп эндометриод тәрізді тінге айналуы мүмкін.

Онкогенді теория: эндометриоздың кейбір ісіктік қасиетіне байланысты оны онкогенез тарапынанда қарау керек. Бұл теорияны алғаш рет J. A. Sampson (1925) айтқан болатын.

Генетикалық теория генетикалық детерминант эндметриальды гетеротопияның дамуына себеп болытындығы айтылған.Эндометриоздың дамуында тұқым қуалау және иммунды факторлары да себеп деп қарастырады. (сур. 7.2-сурет).

Сур. 7.2-сурет. [U28] Эндометриоз патогенезінің сызба нұсқасы

Эндометриоздың клиникалық көрінісі қандай?

Эндометриоздың клиникалық көрінісігетеротопияның орналасуы мен таралуына байланысты.Эндометриоздың негізгі клиникалық белгісі предменструальды және етеккір кезіндегі ауырсыну синдромы.Іштің төменгі бөлігінде және бел аймағындағы ауырсыну тән.Ауырсыну синдромы-эндометриоздың мңызды клиникалық белгісі.Генитальды эндометриоз фонында етеккір және генеративті қызметі бұзылады,сонымен қатар көрші мүшелерді-ішек және несеп шығару жолдарынның қызметінде бұзады.

Аденомизбен ауратын науқастарда етеккір қызметінің бұзылысы гиперполименория,меноррагия және менометрорргаия ретінде көрінеді. Жатырлық қан кету құылмалы,қатты,симптоматикалық терапияға нашар көнеді және жиі анемия дамуына алып келеді.

Аденомиздың клиникалық көрінісі қандай?

Жатыр эндометриозы (аденомиоз — ішкі эндометриоз) — генитальды эндометриоздың жиі кездесетін түрі. Басты симптомы — дисменорея. Аденомиоздың түйінді және диффузды түрлерін ажыратады.Ауырсыну синдромы аденомиз түріне,миометрине дейін терең өсуіне,эндометриоздың сегізкоз-жатырлық байланымына жақын орналасуына байланысты болады.Егер терең миометриге дейін терең өсуін айтатын болсақ, онда ауырсыну қаттырақ,сонымен қатар зақымдалу беткейлі немесе тереңдеу болса,яғни ішкі эндометриоздың

III және IV дәрежесіне сай. Аденомиздың келесі сиптомы- жиі анемиямен ұштасатын құйылған және жалғасқан етеккір.

Жатыр эндометриозының дәрежелері:

• I дәреже — патологиялық процесс жатыр денесінің кілегей асты қабатымен шектелген.

• IІ дәреже — патологиялық процесс бұлшық ет қабатына өткен.

• III дәреже — патологиялық процесс жатыр қабырғасының барлық бұлшық ет қабатына оның серорзды қабатына дейін таралған.

• IV дәреже — патологиялық процесске, жатырдан басқа,кіші жамбас қуысының париетальды астарымен және көрші мүшелер қатысады.

Олар жатыр мойны және сегізкөз-жатыр байламы зақымданған кезде қатты ауырсынады.Ауырсыну таралу қасиетіне ие.Жатыр бұрыштары зақымдалған кезде шап аймағына таралса,жатыр мойнының артықы бөлігінің эндометриозы кезінде- тік ішекке юеріледі. Келесі аденомиоздың симптомы – құйылған,ұзық етеккір-

меноррагия, бірақ кейде тек етеккір алдындағы және кейінгі жұғынды қан кетулерде болуы мүмкін. Жатырлық қан кету көбіне диффузды аденомиоз кезінде болады.Көптеген авторлардың айтуы бойынша 60-80 пайызда екі аурудың да белгілері ауытқып тұрады. Аденомиз бен миома кезінде ауырсыну синдромы,гиперполименория және екіншілік анемия жиі болады.

Аналық безінің эндометриозына қандай клиникалық симптом тән?

Аналық безінің эндометриозы сыртқы генитальды эндометриоз ішінде бірінші орынды алады. Бұл аурудың кездесу жиілігіне,соынмен қатар генерелизация процесінеде назар аударған жөн. Үнемі ішектің зақымдалуымен,диафрагманың плевральды қуысқа қарай тесілуімен,жатыр мойны арты эндометриінің дауымен, аналық безден бастап несепағар жолдарының зақымдануымен жүреді.Аналық безінің бағытына қарай мынадай түрлерін бөледі: өсуші(пролиферлеуші), тұрақты(фиброзды), регрессивті (дистрофиялық) және малигнизирленген. Аналық безінің эндометриозы микроперфорациялық камералар мен кіші жамбас қуысының мүшелері зақымдалмағанда көп уақытқа дейін клиникалық көрінісі көрінбейді,симптомсыз дамиды.Етеккір кезінде ауырсыну күшейе түседі.Науқастардың 60-70% дисменорея байқалады. Киста жарылған уақытта жедел іш клиникасы көрінеді. Аналық безінің кез келген эндометриоз түрінде жиі ановуляторлы цикл мен бедеулік шақырады.

Аналық безінің зақымдалуы кезінде эндометроидты гетеротопияның таралу дәрежесі қандай?

• I дәреже — аналық безінің бетінде,тік ішек –жатырлық кеңістікте ұсақ нүктелі эндометроидты құрылымдар.

• II дәреже — бір аналық безінің эндометроидты кистасы,көлемі 5-6 см-ден аспайтын,кіші жамбас қуысында да нүктелі құрылымдардың болуы.Жатыр қосалқыларының айналасында аналық безінен тыс жабысқақ процессінің болуы.

• III дәреже — екі аналық безінің эндометриоидты кистасы. Эндометриоидты гетеротопия орташа көлемді жатырдың серозды қабатында,жатыр түтікшелерінде және кіші жамбастың париетальды ішастарында. Жатыр қосалқылары мен ішек арасында айқын жабысқақ процесс.

• IV дәреже — көлемі үлкен екі жақты аналық безінің эндометриоидты кистасы кисты, патологиялық процестің көрші мүшелерге көшуі: қуыққа,тік ішекке және сигма тәрізді ішекке.

Аналық безінің эндометроидты кистасына қандай клиникалық симптомдар тән?

Аналық безінің эндометроидты кистасы көлі әртүрлі,екі немесе бір жақты болады(0,5- 10 см). Эндометроидты киста үшін жақын жатқан мүшелер арасындағы жабысқақ процесс,тығыз капсула, түсі шоколад тәрізді геморрагиялық сұйықтық, етеккір алдындағы және кезіндегі белге,сегізкөзге және тік ішекке таралумен жүретін қатты ауырсыну. Кистаның микроперфорациясы болуы мүмкін,бұл кезде қатты ауырсыні және көрші мүшелерге өсуі болады. Жатыр қосалқылары аймағын бимануальды зерттеу кезінде аз немесе қозғалмайтын,тугоэластикалы консистенциялы,ауырсынатын ісік тәрізді құрылым анықталады.Көрші мүшелерге жабыса өскенде кистаның көлемі дұрыс анықталмайды.

Ретроцервикальды эндометриоздың клиникалық симптомдары қандай?

Ретроцервикальды эндометриоз (ректовагинальды қалқаның эндометриозы)біріншілік пайда болуы мүмкін,әсіресе жиі деатермокоагуляциядан кейін немесе жағдайдың аденомиоз,аналық безі мен түтікшесінің эндометриозына ауысуы мүмкін. Осындай орналасуы кезінде эндометриальды гетеротропии ошақтары сегізкөз-жатырлық байламына,тік ішекке,қынаптың артқы күмбезіне,қуыққа таралады. Ауырсыну синдромы айқын, әсіресе етеккір кезінде. Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну,дизуриялық көрініс,іштің үрленуі,іш қату,аурудың бел,құйымшақ,тік ішек аймағына тарады.

Какие стадии распространения эндометриоидных гетеротопий существуютпри ретроцервикальном эндометриозе? [U29]

• I дәреже — эндометриоидты ошақтар ректовагинальды клетчаткада орналасады.

• II дәреже — эндометриоидты тіндердің жатыр мойны мен қынап қабырғасына ұсақ киста тәрізді құрылымның өсуі.

• III дәреже — патологиялық процестің сегізкөз-жатырлық және тік ішектің серозды қабатына таралуы.

• IV дәреже — вовлечение в патологиялық процестің тік ішектің кілегей қабатынымен қоса тік ішек –жатырлық ішастарына таралуы мен жатыр қосалқылары арасындағы жабысқақ процесі.

Жатыр түтікшесіне қандай клиникалық симптом тән?

Түтік эндометриозы сирек жағдайда кездеседі. труб встречается крайне редко. Көбіне операция кезінде анықталады.Диагностикаыс қиын.

Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің эндометриозының клиникалық симптомы қандай?

«Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің эндометриозы» диагнозы жатыр мойнынкольпоскопиялық және гистологиялық зерттеу кезінде жатыр мойнын қарағанда көрінеді. Жатыр мойнының беткейлі (эктоцервикальды) және терең (эндоцервикальды) эндометриоздеп бөледі.Өздігінен немесе жыныстық қатынастан кейінгі пред және постменопауза кезіндегі қоңырқай немесе қанды бөлініске шағымданады.

Эктоцервикальды эндометриоз гормональды емге нашар көнеді. Ошаққа жіңішке кетгут тігіс салып механикалық жолмен алып тастаған тиімді. Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің эндометриозы жиі кезедеседі,себебі гинекология саласында диатермо- және криокоагуляция,жалған эрозияны лазермен өңдеу жиі жасалады,бұл кезде жарақаттар пайда болып етеккір кезінде сылынып түседі.Қан кету де сол себепбі болуы мүмкін.Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің эндометриоз ошақтары орташа көлемді (диаметромі 2–5 мм), жатырдың ақшыл кілегей қабатының үстінде қызғылт түсті болып көрінеді. Лютеинді фаза цикланда және әсіресе етеккір алдында эндометриоз ошақтары көк-күңгірті түсті болып қан кетуді жоғарлатады. Эндометриоз жалған эрозияға ұқсас бірақ іші геморрагиялық сұйықтықпен толы. Ауырсыну синдромы аталған орналасуына байланысты эндометриозға тән емес.

Date: 2016-06-06; view: 914; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию