Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет 6.14-сурет. Андробластома





Клиникалық көрінісінің пайда болуы адам жасына тәуелді.Жыныстық жетілгенге дейін ісік сирек кездеседі және симптомдары анық көрінбегендіктен оны анықтау өте қиын. Репродуктивті жастағы науқас дәрігерге аменория мен бедеулікке шағымданып келеді. Климактериялық және постменопауза кезінде әйелде дефеминизация белгілері сирек мазалайды, өйткені, бұл жағдайды жастық ерекшеліге байланысты көрініс деп қарастырады,тек маскулинизация белгілері пайда болған уақытты ғана науқас дәрігерге қаралады. Ісік өте баяу өседі, сондықтан науқастар жылдар бойы осы құрылымның тасымалдаушысы болып есептеледі және ерте кезеңде науқас дәрігерге ішінің төменгі жағының ауырсынуы болғандықтан жүгінеді.

Гинекологиялық зерттеу кезінде жатырдың жанында орналасқан бір жақты,оваль пішінді,тығыз,орташа көлемді,қозғалмалы,ауырсынусыз ісік анықталады. Ісіктің диаметрі 2-ден 18 см-ге дейін болады. Капсуласы айқын,бөлікті құрылымды. Кесіндіде сары, қызғылт-сары немесе сарғыш түсті болады.

Андробластоме кезіндегі ота көлемі қандай?

Андробластоме кезінде репродуктивті жастағы әйелдердің аналық безінің сау тіні деңгейінде ісікті алып тастау жеткілікті. Үлкен жастағы науқастарда зақымдалған жағынан қосалқыларын бірге алып тастау көрсетілген. Қатерлі түрінде шажырқай резекциясы мен пангистерэктомия жасау. Ісікті алып тастаған соң әйел организмі ауру симптомдары қалай ретімен пайда болса, сол ретпен қайтып қалпына келеді, бірақ даусының жуандауы,үрпінің үлкеюі және гирсутизм өмір бойы сақталуы мүмкін. Әйел мүсіні өте жылдам өзгереді. Менструальды және репродуктивті қызметі қалыптасады.Ақыры көпшілік жағдайда қолайлы.

Герминогенді ісіктердің қайсысы кездеседі?

Қандайда болмасын немесе барлық үш жапырақшаларынан түзілетін (эктодерма, мезодерма, эндодерма) жетілген (қатерсіз) тератомалар және жетілмеген (қатерлі) тератомалар (тератобластома) ажыратады, ал басқа топқа дисгерминоманы жатқызады.

Жетілген тератоманың клиникалық ағымының ерекшелігі неде?

Жетілген тератома (дирмоидты киста) – балалық және жасөспірім жаста жиі кездесетін аналық безінің ісігі (сурет 6.15-сурет). Бұл ісік тіпті, жаңа туылған нәрестелерде де кездеседі.

Сурет 6.15-сурет. Жетілген тератома.

Жетілген тератомалар көбіне жатырдың алдында және жанында орналасады,көп жағдайда бір жақты, дөңгелек пішінді, бір қалыпты емес тығыз эластикалы иілгіш консистенциялы, тегіс беткейлі, диаметрі 13–-15 см-ден аспайтын, ауырсынусыз, ұзын «аяқшаларының» болуына байланысты қозғалмалы және айналуға бейім болады. Оның құрамы-май, шаш, тіс, шеміршек (эктодермадан пайда болатын тіндер).

Жетілген тератома кезінде қандай операция жасалады?

Жетілген тератоманың емі хирургиялық жолмен қосалқыларының зақымдалған жағынан алып тастау, ал қыздарда -– сау тін деңгейінде аналық безінің резекциясы. Болжамы қолайлы. Қатерлі түрлері 1,7% жағдайда кездеседі.

Дисгерминома –деген не?

Дисгерминома –- герминогенді топқа жататын қатерлі ісік. Аналық безінің дисгерминомасы ажыратуға келмейтін жыныс клеткаларынан дамиды. Дисгерминомалар жас науқастарда жылдам өседі және метастаз береді, көбіне инфантильді, яғни, жыныстық жетілуі кешеуілдеген және псевдогермофрадизм белгілері бар әйелдерде кездеседі. Бұл ісіктер кездесуі жағынан аналық безі ісіктері ішінде 0,6–-5% сирек кездеседі.

Науқастардың шағымы жүйелі тұрақты емес,кейде іштің төменгі бөлігінде тұйық ауырсыну, зәрдің көп бөлінуі, жалпы мазасыздық, әлсіздік, ұйқышылдық болады. Белсенді, шапшаң қыздар әлсіз және тыныш болып калады. Тез шаршайдығыш. Ісіктің өсуі етеккір цикліыныің бұзылысымен қатар жүреді: ұзақ аменория (4-6 ай) жатырлық қан кетумен ауысуы мүмкін. Ауру асқынбаған жағдайда қан анализінде ешқандай өзгерістер болмайды. Ісік тез өсіп басқа мүшелерге тарлағанда аздап кешкі мезгілде дене температурасының көтеріліуі, қан анализінде ЭТЖ-ның жоғарылауы мен лейкоциттікарлы формуланың солға ығысуымен жүреді.

Гинекологиялық қарау кезінде жатырдың артында,көбіне бір жақты орналасқан,дөңгелек пішінді, тығыз, бүдірліұдырлы, көлемі әртүрлі (көбіне улкен көлемді) бастапқыда ісік қозғалмалы, ауырсынусыз құрылым анықталады. Дисгерминома жылдам және жақын жатқан мүше тіндеріне (жатырмен, ішек тұзақтарымен) бітісе өседі. Парааортальды, төменгі қуыс венасы бойындағы, бүйрек маңы лимфа түйіндеріне және шеткері орналасқан мүшелерге (өкпе, ми) метастаз береді.

Дисгерминомаларда болжамы әртүрлі. Балаларда ересектерге қарағанда қатерсіз өтеді. Дисгерминоманың «таза» түрлері радиотолқындарға өте сезімтал,сондықтан метастаз берген күннің өзінде бұл сырқаттан толық жазылуға мүмкіндік бар.

Ісіктердің емі тек қана хирургиялық, тек соңғы этапткезеңдердеа сәулелік терапия жүргізілде. Бір жақты, тек аналық безі зақымдалған жағдайда қосалқыларды алып тастаумен шектеліген болады. Операцията кезінде ісікке мұқият болған жөн. Капсуланың бүтіндігінің бұзылуы аурудың божамын бірден төмендетуі мүмкін.

Егер ісік аналық безінен тыс жерге таралған кезде жатыр мен онық қосалқыларының рентгенотерапиясынан кейін түбегейлі операция радикальды ота жасалады. ІлкіБіріншілік және метастаздық түйіндер рентгенотерапиялық емге көнеді. Дұрыс ем жүргізілсе толықтай жазылуға мүмкіндік бар.

Аналық безінің қатерлі емес ісіктеріндегі мүмкін болатын асқынулар қандай?

Аналық безінің асқынуларына жатады: ісік аяқшаларының айналып кетуі, капсуланың жарылуы, капсулаға қан құйылу, қатерлі туылуы.

Сурет. 6.16-сурет. Аналық безі ісігінің аяқшасының айналып кетуі.

Аналық безі ісігінің аяқшасының айналып кетуінің клиникалық көрінісі қандай?.

Аналық безі ісігінің айналып кетуі кезінде науқасты кенеттен ішінің төменгі жағында өткір ауырсыну, жүрек айну, құсу, дене температурасының көтерілуі, лейкоцитоз, тамыр соғысының жиілеуі, ішектің парезі және үрленуі, алдыңғы іш қабырғасы бұлшық еттерінің тырсуы мазалайды.

Гинекологиялық зерттеу кезінде жатыр қосалқылары аймағында пальпацияда ауырсынатын, жылжымалы ісік тәрізді құрылым анықталады.

Аналық безі ісігінің аяқшасының айналып кетуінде қандай ем қолданылады?

Аналық безі ісігінің аяқшасының айналып кетуінде жедел түрде отаперациялық ем жасалады. Ем көрсету уақытың ұзаруы кистаның некрозына, капсула ішіне қан құйылуға, іріңдеуі мен перитониттің дамуына алып келуі мүмкін.

Аналық безі ісігі бар әйелдің репродуктивті денсаулығын қалпына келтіру мәселелерін қандай жолмен шешуге болады?

Аналық безі ісігі бар әйелдің репродуктивті денсаулығын қалпына келтіру мәселелерін шешу жолы үш этаптан тұрады:

*1- этапкезең. Оперативті емге универсальды дайындық:

-инфекциялық агентті анықтау (микробиологиялық зерттеу); инфекттің эламинациясы (повидон-йод, ниморазол), қынаптық нормобиоценоздың қалпына келуі (эубиотиктер, актимель, лактулоза);

-организмнің иммунораективтілігін бағалау (ЭЛИП-тест), иммунокоррекция;

-гормональды зерттеулер, ТФД, бұзылыстарды анықтау және оларды коррекциялау (дидрогестерон,КОК).

*2 -этапкезең.Оперативті ем:

-мүшесақтаушы мақсат (аналық без резекциясы,бір жақты аднексэктомия).

*3 этап-кезең.

-ерте активизация (емдік физкультурадене шынықтыру, тыныс гимнастикасы);

-операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу;

-физиотерапия;

-клетка қан айналымы мен метаболизмін жақсарту,фагоцитоз және ферментативті белсенділігін жоғарылату, репарация процесінің жақсаруы;

-қос фазалы етеккір циклыініың қалпына келуі (гормональды терапия);

-гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесінің қалпына келуі;

-қынаптық нормобиоцентезді тұрақтандыру;

-иммуномодуляция (иммунотерапия,энзимотерапия);

-репродуктивті жоспарлау (контрацепция).

Қыз балалардағы аналық безі ісігінің емі мен диагностикасының ерекшелігі?

*Организм дамуының белсенді болуы,ісіктің тез өсуіне себепті.

*Ісіктің интралигеминтарлы орналасуының болмауы.

*Екі жақты ісіктер сирек кездеседі.

*Оң жақ және сол жақ аналық безінің қызметінің белсенділіг мен көлемінің асимметриясы.

*Ересектерде аналық безі ісігімен қатар жүретін кіші жамбас қуысының қабыну ауруларынының қыз балаларда болмауы.

*Өте жиі кездесетін асқынуы – -ісік аяқшасының айналып кетуі.

Қыз балалардағы аналық безі ісігінің емі,ересек жастағы әйелдердің емімен бірдей.

Бірақ келесідей жағдайларды ескерген жөн:

*Қыз балаларда аналық безінің ісігі анықталған жағдайда отаперация жедел түрде жасалады.

*Гистологиялық экспресс-диагностика міндетті түрде.

*Марфологиялық зерттеу бойынша патологиялық процесс қатерсіз екені дәлелденсе, операция зақымдалмаған тін деңгейінде ісікті алып тастаумен аяқталады.

*Қатерлі ісік түрлерінде жатыр қосалқылары және үлкен шажырқай майының эктирпациясы жасалады.

 

Тесттік тапсырмалары:

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаңыз.

1. Аналық безінің ісік тәрізді құрылымына жатады?

1) дермоидты киста;

2) фолликулярлы киста;

3) сары дене кистасы;

4) пиовар;

5) текалютеинді киста.

2. Аналық безінің кистасы:

1) өте үлкен мөлшерлі (гигант) бола алады;

2) бұл ретенционды қүрылым;

3) клеткалардың пролифирациясы кезінде көлемінің үлкеюі;

4) капсуласы жоқ;

5) малигнизацияланады.

3. Аналық безінің цитаденомасы:

1) бұл қатерсіз ісік;

2) клеткалардың пролифирациясы кезінде көлемінің үлкеюі;

3) капсуласы бар;

4) малигнизацияланбайды;

5) консервативті емделеді.

4. Аналық безінің эпителийлікальды ісігіне жатады:

1) сірнеліерозды цитаденома;

2) муцинозды цитаденома;

3) тератома;

4) Бреннер ісігі

5) текома.

5. Малигнизацияға жиі ұшырайды:

1) аналық безінің фибромасы;

2) муцинозды цистаденома;

3) папиллярлы серозды цистаденома;

4) текалютеинді киста;

5) жетілген тератома.

6. Аналық безінің гормонтәуелді ісігене жатады:

1) гранулезоклеткалық ісік;

2) дисгермином;

3) тека-клеткалық ісік;

4) жетілмеген тератома;

5) андренобластома.

7. Қатерсіз аналық безінің жиі кездесетін асқынуы:

1) ісік аяқшасының айналып кетуі;

2) ісік қуысына қан құйылу;

3) капсуланың жарылуы;

4) құрылымының іріңдеуі;

5)көрші мүшелерді басу.

8. Гидроторакс байқалуы мүмкін:

1) гранулезоклеткалық ісік кезінде;

2) аналық безі дисгерминосында;

3) аналық безі фибромасында;

4) муцинозды цистаденомада;

5) жетілген тератомада.

9. Аналық безінің қатерсіз ісігі бар репродуктивті жастағы науқасқа көрсетіледі:

1) лапароскопия,аднексэктомияның әсері болмағанда 2-3 ай гормональды терапия.

2)лапароскопия,аналық безінің резекциясының әсері болмағанда екі етеккір циклы ағымында жүргізілетін қабынуға қарсы терапия;

3)жедел түрде лапароскопия,аднексэктомия;

4)жоспарлы түрде аналық безінің резекциясы;

5)операция асқынуын бақылау.

10.Аналық безі ісігі аяқшасының айналып кетуі жиі байқалады:

1) псевдомуцинозды цистаденомада;

2) папиллярлы цистаденома;

3) жетілген тератомада;

4)параовариальды кистада;

5)сары дене кистасында.

11.Параовариальды киста пайда болады:

1) вольф өзегінен;

2)мюллер өзегінен;

3)гартнер өзегінен;

4)пронефроса;

5)мезонефроса.

12.Гранулезоклеткалық ісік қатар жүреді:

1)эндометрий обырымен;

2)аналық без обырымен;

3)РШМ;

4)қынап обырымен;

5)сүт безі обырымен.

13.Аналық безі ісігінің малигнизациясына күдік туғызады:

1)біржақты орналасуы;

2)екіжақты орналасуы;

3)тез өсуі;

4)асциттың болуы;

5)ХГЧ деңгейінің жоғарылауы.

14.Аналық безінің қатерсіз ісігі болуы мүмкін:

1)дегенеративті процесске ауысуы;

2)іш қуысында қатты ауырсынуыды туғызып жарылуы;

3)жоғары диференциялды тіндерден тұруы;

4)өзгерген қаннан тұру;

5)тестостеронды ынталандыру.

15.Жүктіліктің 1 триместріндегі «симптомсыз»аналық безі кистасының оптимальды емі:

1)жедел түрде операция;

2)ІІ триместрде операция;

3)босанудан соң операция;

4)қандай да болмасын симптомдарын бақылап,пайда болса-операция;

5)3 ай бойы оральды контрацепция тағайындау.

6.3.Жатыр мойнының, қынаптың және сыртқы жыныс мүшелерінің рак обыралды аурулары.

Сабақтың мақсаты: Жатыр мойнының, қынаптың және сыртқы жыныс мүшелерінің обыррак алды ауруларының этиологиясын және патогенезін, жіктелуінклассификациясын, клиникалық көрінісін, диагностикасын, ажырату диагностикасын, емі мен алдын алу жолдарын меңгеру.

Студент білуі керек: Вульваның, қынаптың және жатыр мойнының «фондық» және обыррак алды ауруларының этиологиясын, жіктелуінклассификациясын, клиникалық көрінісін, диагностикасын, ажырату диагностикасын, емі мен алдын алуын, ЖМР даму қаупі жоғары топтағыларға жатыр мойнының эпителеийінің кольпоскопиялық және цитологиялық көрінісін білу.

Студент жасай білуі керек: анамнезді, клиникалық көрінісін негізге ала отырып, айнаның көмегімен қосымша зерттеулердің керектігін анықтау, диагноз қою, ем жоспарын құру, цитологиялық зерттеу үшін материал алуды.

Сабақтың өтетін орны: оқу бөлмесі, гинекологиялық бөлім, операциялық блок.

Жабдықталуы: кестелертаблицалар, слайд, кольпоскоп, жағынды және биопсия алу үшін құралдар, презентация.

Сабақты ұйымдастыру жоспары.

* Тақырыпқа сай сұрақтар.

*тақырып бойынша студенттің білімін тексеру.

*Клиникалық талқылау және науқастарды қарау, цитологиялық зерттеуге жұғынды алу техникасын көрсету, жатыр мойны биопсиясы, кольпоскоппен жұмыс жасау тәсіліактикасы, жатыр мойны пластикасы операциясына қатысу, есептерді шешу.

*Қорытындылау, студенттердің білімін бағалау.

Әйел жыныс мүшелерінің рак обыралды ауруы мәселесі өте маңызды.Қатерлі ісіктердің пайда болу себептері мен даму механизмі толық анықталмағандықтан, обыррак алды ауруларын ерте анықтап, алдын алып, емдеуге болады.

«Рак Обыралды» терминін алғаш 1898 жылы орыс онкологы Н.Н. Петров енгізіп, мынадай анықтама берді: «обыррак алды» ұғымы тек қана морфологиялық жағынан емес, сондай-ақ, клиникалық көрінісі, сонынң ішінде, процесс динамикасы маңызды.

Жатыр мойнының, қынаптың және сыртқы жыныс мүшелерінің рак обыралды ауруларын қандай екі топқа бөледі?

Жатыр мойнының, қынаптың және сыртқы жыныс мүшелерінің рак обыралды ауруларын факультативті және облигатты деп бөледі.

Вульваның факультативті рак обыралды ауруларына не жатады?

Вульваның факультативті рак обыралды ауруларына жатады:

*үшкір кондиломалар;

*склеротикалық лишай (крауроз);

*гиперпластикалық дистрофия (лейкоплакия).

Үшкір кондиломалар деген не?

Үшкір кондиломалар - – сүйел тәрізді, вируспен шақырылатын туындайтын, жас кезде көп кездесетін, кейде жүктілік кезінде пайда болып, ал жүктіліктен кейін өздігінен ем қабылдамай-ақ кетіп қалатын құрылым. (Сурет 6.17-сурет) («НРV» – -human papilloma virus).

Склероздтикалық лишай деген не?

Склероздтикалық лишай (крауроз; грек тілінен krauroz – сынғыш, құрғақ) үлкен және кіші ернеулееріндердің, қынап кіреберісінің склероздануына, шүртінің жойылуына, вульваның диффузды атрофиясына алып келетін көп қабатты жазық эпителийдің аторфиясы.

Гиперпластикалық дистрофия (лейкоплакия) деген не?

Гиперпластикалық дистрофия (лейкоплакия; грек тілінен аударғанда leukos –- ақ, plax, plakos –- пластина) – эпителий гиперплазиясы мен эпителий асты тінінің лимфогистационды инфильтрацияның қатар жүруі.

 

Сурет 6.17-сурет. Үшкір тәрізді кондилома.

Кіші еріндер мен шүрпіде жылтыр ақ табақшалар анық көрінеді.

Вульваның склеротикалық лишайы мен гиперпластикалық дистрофиясының этиологиясы мен патогенезі.

Дистрофиялық процесстің негізінде күрделі нейроэндокриндік және зат алмасудың бұзылуынан вегетоневротикалық реакцияның туындауы жатыр. Науқастарда жиі бүйрек үсті безінің қыртыс асты қабатының қызметінің нашарлауы вульва тініңдегі кортикостироидты және эстрогендердің деңгейінің төмендеуіне алып келеді, нәтижесінде вульваның гормонорецепциясын бұзады.

Вульваның склеротикалық лишайы мен гиперпластикалық дистрофия немен көрінеді.?

Ауру жасырын дамиды, жеңіл сатысында ешқандай ауру белгілері анықталмайды, тек профилактикалық тексеру кезінде анықталуы мүмкін. Ауру симптомдары бірдей, көбіне кешкі мезгілде вульваның қышу (жансыздану, «тітіркену», күйдіру) сезімдері пайда болады. Қышу ұзақ, үнемі болғандықтан невротикалық бұзылыстарға (депрессия, қозғыш, тітіркенгіш) әкеледі, ұйқысы бұзылып, еңбекке қабілеттілігі төмендейді. Қышу әсерінен тіннің трофикасы бұзылып, вульва қабаттарындағы қасу іздерінен қабыну процессі туындайды.

Вульваның склероздтикалық лишайы мен гиперпластикалық дистрофиясының диагностикалық тәсілдері қандай?

Диагностиканың негізгі анамнезді толық жинау. Цервикальды өзектен, қынаптан, уретрадан флораны анықтау мақсатында қайталап жұғынды алу. Инфекциямен зақымдалған малигнизацияға мүмкін болатын жерлерден биопсия алып, кольпоскопиялық зерттеу макроскопиялық өзгерстерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Date: 2016-06-06; view: 945; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию