Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сәттілік тілеймін!





 

Карл-Поппер форматы

Бұл – “мектепішілік” формат. Яғни, барлық ТМД және әлемнің кейбір елдерінің оқушылары осы форматта ойнады. Американдық парламенттік форматының саяси форматымен бара-бар. Спикерлер саны бойынша өзгерістер бар: 1 палатада (яғни топта) – 3 спикер(адам). Әрбір спикер бір рет сөз сөйлеу құқы бар. Сонымен қатар сұрақ-жауап кезеңіне және дайындық кезеңіне бөлек уақыт беріледі. Негізгі идея – ол үкімет тобы белгілі бір анықталған проблеманы шешу керек. Ал оппозиция тобы оған қарсы тұрып, ол шешу жолдарын жоққа шығару керек. Қайсы топ өз жұмысын жақсы орындайды, сол топ жеңіске жетеді.

 

Формат (ереже):

Енді формат бойынша ойын келесідей құрылады (сіз не туралы айтасыз):

1. Қарар (тақырып)

2. Қарар өзектілігі

3. Диффиниция (кілттік сөздерге анықтама) – сіздің сөзіңізде бір терминдер болып қалуы мүмкін, сондықтан барлық отырған адамдар сізді дұрыс түсіну үшін анықтама беріледі, мысалы: жастар – 14-29 жас аралығындағы ҚР азаматтары және т.б.

4. Status quo. Бұл сөзден қорқып керек жоқ, аудармасы – қалыптасқан жағдай. Тақырыпты ашу үшін қалыптасқан жағдайды айтуыңыз керек, бұл көбінесе статистикалық мәліметтер болуы керек және осы жерден мәселе (проблема) шығуы керек. Бұған 2 минуттан кем емес уақыт жұмсау керек. Мысалы: ҚР 149 жоғары оқу орындары бар, онда 600 000 студент оқиды, оның ішінде сабақты “3-ке” оқитындар саны 350 000 студент. Міне, мәселе шыға келді: Студенттердің жартысынан көбісі сабақты нашар оқиды.

 

Айта кету керек, кейбір турнирлерде Қайнар көздері дейтінді сұрайды. Одан шошымаңыз – бұнда сіз тақырып бойынша дайындалғанда ақпаратты қайдан алған туралы дәлел көрсетесіздер. Бұл көшірме қағаздарды (газеттен ксерокс) айтып кету керек, мысалы: Егемен Қазақстан №7 басылым

5. Мәселе. Жоғарыда айтылғандай мәселе қарастырылады.

6. Келесі мәселенің шығу себептері. олар бірнеше болуы мүмкін. Әдетте 4-5-тен аспайды. Бастысы – сіздің шешу жолыңыздан кейін бұл себептер болмау керек. Мысалы себептер: 1. студенттердің уақыты жоқ; 2. студенттер ақылы оқып жатыр. 3. мұғалімдер сапалы білім бермей жатыр және т.б.

7. Шешу жолдары. Бұнда негізгі 4 сұраққа жауап беру керек: Қалай? Кім? Қанша? Қашан? Мәселені шешу үшін осы сұрақтарға жауап берсеңіздер жеткілікті.

8. Нәтиже. Басты нәтижені айтуды ұмытпау керек. Нәтижеде мәселе және оның шығу себептері жойылу керек.

 

Енді әрбір спикердің жұмысын және уақытын кесте арқылы қысқаша көрсетейік:

Date: 2016-05-14; view: 437; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию