Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Акушерство и гинекология ОВП 2*162*5 4 page





Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы қант диабетімен байланысты ЕМЕС:

 

*+Нәрестенің дұрыс емес орналасуы

*Жүктілік гипертензиясы

*Ерте босану

*Ірі нәресте

*Көпсулық

 

#120

*!ІІ типті қант диабетімен ауыратын әйелдің жүктілік мерзімі 8-9 апта. Жүктілік кезінде жағдайы жақсарып, қант деңгейі төмендеп қабылдап жүрген инсулин мөлшерін төмендетті.

Осы жағдайдың ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі қандай:

 

*Ұйқы бездің инсулин аппаратының жұмысы жоғарлайды

*Эстроген және прогестеронның деңгейі жоғарлайды

*Плацентарлық гонадотропин деңгейі жоғарлайды

*+Хориондық гонадотропиннің деңгейі жоғарлайды

*Қандағы кортизолдың деңгейі жоғарлайды

 

#121

*!Әйелдер консультациясында 25-26 апталық жүктілігі бар әйел тіркеуде тұр. Жүкті әйелдің экстрагениталді ауруы – инсулинтәуелсіз қант диабеті.

Қандағы глюкозаның деңгейі төмендейтін тәуліктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ мезгілі қандай:

 

*Түске дейін

*Ұйықар алдында

*Таңғы 5-6 сағат арасында

*+Түнгі 2-3 сағат арасында

*Тәңертеңгі 7 – 8 сағат арасында

 

#122

*! 27 жастағы А есімді пациент жүкті болмай тұрып Жай ұшық вирусының ІІ типі, ЦМВИ-ға қарсы ем қабылдады. Қазіргі күні жүктілік себебімен әйелдер консультациясының тіркеуінде.

Пациентті герпес вирусына және ЦМВИ-на зерттеу қажетпе:

 

*+Жоқ, зерттеу мәліметтері жүктілікті жүргізу тактикасына әсер етпейді

*Жүкті әйелді тіркеуге алғанда зерттеу қажет

*Жүктіліктің ІІІ үшайлығында зерттеу керек

*Жүктіліктің І үшайлығында зерттеу керек

*Босануға 2 апта қалғанда зерттеу керек

 

#123

*!Жүктілік кезінде әйелде ЦМВИ-ның рецидиві анықталды.

Нәресте денсаулығына ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай әдіспен осы инфекцияның залалы тиеді:

 

*Интранаталді (анасында эндоцервицит болған жағдайда)

*Анасы жеке тазалық сақтамаса (дәретханадан кейін қолын жуу)

*Сілекей арқылы (нәрестені сүйгенде)

*Ана сүті арқылы

*+ Жатырішілік

 

 

#124

*!Нәрестеге 7 күн толды. Клиникалық симптомына және лабораторлық зерттеу мәліметтеріне байланысты ЦМВИ диагнозы қойылды. Нәрестенің әкесі және анасын зерттегеннен кейін осы инфекция анасында табылды.

Нәрестеге осы инфекция ЕҢ ЫҚТИМАЛ қай мезгілде жұқты.

 

*Босану кезінде

*Туылғаннан кейін көп кешікпей

*+Жүктілік кезінде (жатыр ішілік)

*Емшек сүтін бірінші рет бергенде

*Туылғаннан кейін бірінші тәулікте

 

#125

*!Жүкті әйелде босануға бірнеше күн қалғанда қалтырау, белінің ауыруы, пиелонефрит белгілері және сұйық нәжіс байқалды.

Осы патологиялық жағдай ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай инфекцияның белгісі:

 

*ЖРВИ

*Гонорея

*Хламидиоз

*+Листериоз

*Бейспецификалық инфекция (стафилококк, стрептококк, т.б..)

 

#126

*!Диагностикалық лапароскопия кезіндегі құрсақ құысында келесі өзгерістер анықталды: 150,0 мл ұйымаған қан. Жатыр көлемі сәл өскен, сол жақ жатыр түтігінің түсі көкшіл, көлемі 2,0х2,5х1,5 см ұлғайған, жарақаты жоқ, бірақ ампулярлы бөлігінен қанды бөлінділер шыққаны байқалады. Оң жақ жатыр түтігі қалыпты. Екі аналық бездерінің түсі ақшыл, көлемдері 2,0х2,5х3,0 см.

Осы науқастың ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозы қандай:

 

*Үдемелі сол жақты түтікті жүктілік

*Үдемелі солжақты аналық безді жүктілік

*Үзілген құрсақ ішіне орналасқан жүктілік

* +Аборт тәрізді үзілген сол жақты түтікті жүктілік

*Түтіктің тіні жыртылып бұзылған сол жақты түтіктік жүктілік

 

#127

*!Р. есімді 25 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 25 апта+4 күн. Жүктілігімен қатар оң жақ аналық безінің кистасы анықталды. Анамнезінен: Киста жүктілікке дейін анықталған, диаметрі 4 см болды. Бүгінгі күні дәрігерге оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Жалпы қарағанда ішінің бұлшық еттері тырысып тұр, пальпация кезінде ауыру сезімді. Жатыр қозбаған. УДЗ – оң жақ аналық без кистасының қоректенуі бұзылған.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 23 апта+4 күні....:

 

*Жатыр миомасы

*Жатыр миомасының некрозына күндік

* Оң жақ аналық без кистасы, іріңдеуіне күндік

*+Оң жақ аналық без кистасы аяқшасының бұралуы

*Оң жақ аналық без кистасы, перфорацияға қауіпті жағдай

 

#128

*!35 жастағы 24-25 апталық жүктілігі бар әйел ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 2 күн болды, Ношпа қабылдағаннан кейін ауыруы басылып, бірақ соңғы тәулікте қайтадан өршіп кетті. Анамнезінен: Көптеген жатыр миомасы бойынша гинекологтың тіркеуінде тұр. 1 жылдан бері ретті жыныстық қатынаста. Осы жүктілігі – бірінші. Объективті: іші жүктілікке байланысты өскен, пальпация кезінде миоманың орналасқан аймағында ауыру сезімді. Жатыры қозбаған көлемі жүктіліктің мерзіміне сай. Қасаға сүйектен жоғары диаметрі 6,0см миома түйіндісі пальпацияланады.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 24-25 апталығы. Көптеген жатыр миомасы....:

 

*Бүйрек шаншуы

 

*Жүктіліктің үзілу қауіпі

*Миома түйінінің некрозы

*Мерзімінен бұрын босану қауіпі

*+Миома түйіні қоректенуінің бұзылысы

 

#129

*!29 жастағы Ж есімді 30-31 апталық жүктілігі бар әйелді ішінің оң жағындағы ауыру сезіміне шағымдарымен перзентханаға жеткізілді. Ауырғанына 10 сағат болды. Ношпа ішікеннен кейін ауырғаны тоқтамады. Объективті: іші жүктілікке байланысты өскен, пальпация кезінде оң жақ қабырға доғаларының асты ауыру сезімді. Тітіркену симптомы – осы аймақта оң. Ішінің басқа жері пальпация кезінде ауырмайды. Қан анализінде – лейкоцитоз 15 мың. Бір сағаттан кейін – лейкоцитоз 16 мың болды. Зәр анализінде протеин іздері, лейкоциттер 1-0-1, тұздар + көру шегінде.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 30-31 аптасы....:

 

*Бүйрек шаншуы

*Жедел панкреатит

*Жедел холецистит

*+Жедел аппендицит

*Созылмалы аппендицит

 

#130

*!Нақты диагноз қою үшін қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ қосымша зерттеуді жүргізу керек:

 

*УДЗ

*Лапроскопия

*КТ немесе МРТ

*+Гистероскопия

*Жатыр қуысын диагностикалық қыру

 

#131

*!Ф. есімді 30 жастағы әйел 8 жылдан бері жүктіліктің болмауына шағымданады. Гонадолиберинмен сынама (200-500мкг гонадолиберин к/тамырға енгізілгендегі ағза реакциясын бағалау) жүргізілді. Сынама нәтижесі теріс болды.

Бұл ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай патологияның белгісі:

 

*Пролактинемия

*Бүйрек үсті безінің ісігі

*Гипоталамус патологиясы

*+Гипофиздің біріншілік бұзылысы

* Аналық бездің гормонөндіруші ісігі

 

#132

*!Аналық без фолликулының жағдайын бағалау мақсатымен әйел еттек кір циклының 12-ші күні кіші жамбасына УДЗ жүргізілді. Фолликулдың диаметрі 1,9 см болып табылды. Осы көрініс аналық безінің ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдайдың белгісі:

 

*Фолликулдың персистенциясы

*+ Преовуляторлы фолликул

*Фолликулдың атрезиясы

*Сары дененің сипаты

*Болған овуляция

 

#133

*!Аналық бездің жұмысын бағалау мақсатымен науқасқа функционалды диагностикалық сынама жүргізілді. Сынаманың мәліметі аналық бездің лютеин фазасының жетіспеушілігін көрсетті.

Дәрігер осы диагностикалық сынаманың ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай өзгерісін көрді:

 

*Монофазалық базалды қызу

*Етеккір циклының бірінші фазасының 12-14 күн болуы

* Етеккір циклының бірінші фазасының 8 күннен аз болуы

*+Етеккір циклының екінші фазасының 10 күннен аз болуы

* Етеккір циклының бірінші фазасының 14 күннен ұзақ болуы

 

#134

*!34 жастағы науқастың шағымдары: 5 жыл жүктіліктің болмауы. Анамнезінен: 24 жастан жыныстық қатынаста. 2 жүктілік болды: 1-ші жүктілік – мерзіменде босанып, баласы бар; 2-ші жүктілік – 29 жасында медициналық аборт жасатты. Екінші рет күйеуге шыққанына 5 жыл болды. Күйеуі тексерілген, ауруы жоқ, бұрынғы әйелінен балалары бар.

Нақты диагноз қою үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай зерттеуді міндетті түрде жүргізу керек:

 

*Лапароскопия

*+Гистеросальпингография

*Қалқанша без жұмысын тексеру

*Басын рентген сәулесі арқылы тексеру

*Жыныстық гормондар деңгейін тексеру

 

#135

*!28 жастағы науқас белі, ішінің төменіндегі етеккір алдында өршитін және жыныстық қатынаста болғанда күшеетін ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: Тұрмысқа шыққалы ауыру сезімі күшейіп барады. Етеккірі ретті, көп мөлшерде, ауыру сезімді, 7-8 күн келеді. Жыныс қатынаста 5 жыл. Жүктілік болмаған.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз қандай:

 

*Генезі белгісіз бедеулік

*+Гениталді эндометриоз

*Екі жақты созылмалы сальпингит

*Генезі белгісіз кіші жамбас ауыруы

*Аналық бездің поликистозды синдромы

 

#136

*!28 жастағы науқас белі, ішінің төменіндегі етеккір алдында өршитін және жыныстық қатынаста болғанда күшеетін ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: Тұрмысқа шыққалы ауыру сезімі күшейіп барады. Етеккірі ретті, көп мөлшерде, ауыру сезімді, 7-8 күн келеді. Жыныс қатынаста 5 жыл. Жүктілік болмаған.

Гениталді эндометриозға сай ЕҢ ЫҚТИМАЛ симптом кешені қандай:

 

*Ауыру синдромы

*Біріншілік бедеулік

*+Диспаурения, полименорея

*Етеккір алдында өршитін ауыру сезімі

*Жыныстық қатынастумен байланысты ауыру сезімі

 

#137

*!Науқас 36 жаста. Шағымдары: 10 жыл жүктіліктің болмауы, сирек, аз мөлшерде келетін етеккірі. Анамнезінен: Етеккірі 14 жасынан, 4-5 күн келетін. Соңғы 4 жылда етеккірі ретсіз болды. Жыныстық қатынаста 22 жасынан. Бір жүктілік мерзімінде босануымен аяқталды. Баласы бар. Екінші жүктілікті медициналық аборт әдісімен үзді. Қазіргі күні әйел инфекцияға тексерілді – жоқ. ФСГ деңгейі жоғары, ФСГ/ЛГ =2,5/1. Антимюллер гормонының деңгейі төмен.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз:

 

* Аналық бездің резистентті синдромы

* Аналық бездің поликистоз синдромы

*+Аналық бездің әлсіреген синдромы

*Климактерикалық синдром

*Предменструалді синдром

 

#138

*!49 жастағы әйелдің жатыр қуысы дисфункционалдық жатырдан қанкету себебімен қырылды. Гистологиялық зерттеу мәліметі: Жоғары дифференциалды қатерлі ісік.

Қатерлі ісіктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ патогенезі қандай:

 

*Эндокриндік-метаболикалық бұзылыстар

*Жиі жасалған аборттар

*+Гиперэстрогения

*Иммунодефицит

*Жиі босану

 

#139

*!Ф. есімді пациент 26 жаста. Толық тексеру жүргізілгеннен кейін әйелге «Аналық бездің қатерлі ісігі» деген диагноз қойылды

Осы ісік төменде көрсетілген ауру тобтарының ЕҢ ЫҚТИМАЛ қайсысына жатады:

 

*Аналық бездің барлық қатерлі ісіктерінің бірі

*Тек стромалді қатерлі ісіктер қатарына

*Тек қатерлі герминогенді ісіктер тобына

*Эпителиалді және стромалді ісіктер тобына

*+Тек қатерлі эпителиалді ісіктер тобына

 

#140

*!49 жастағы науқасқа лапароскопия жасаған кезде аналық бездің ретенциялық кистасы анықталды. Кистаның диаметрі 5,0см.

Осы науқасқа жасалатын отның ЕҢ ЫҚТИМАЛ көлемі қандай:

 

*Жатыр ампутациясы

*Кистасы бар аналық безді алу

*+Тек аналық бездің кистасын сылып алу

*Кистасы бар жақтағы жатыр қосалқыларын алу

*Өзгерген жатыр қосалқыларын алу және екінші аналық безге резекция жүргізу

 

#141

*!Ш. есімді 24 жастағы әйелдің шағымдары: ішінің төмендегі жайсыздық сезімі, кейбір кездегі сыздаған ауыру сезім, жиі несеп төгу. Осы өзгерістер 5 ай бұрын байқалды. Гинеколог тексеріп Жатыр миомасына немесе аналық без ісігіне (фиброма) күмәнданды. Нақты диагноз қою үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай зерттеу жүргізу керек:

 

*УДЗ

*Гистероскопия

*+Лапароскопия

*Қынаптық тексеру

*Жатыр қуысын зонд арқылы тексеру

 

#142

*!34 жастағы науқастың етеккір циклы ретті, екі фазалы (овуляторлы), бірақ етеккір келер алдында 1-2-3 күн бұрын тоттанған қоңыр түсті бөлінділер байқалады.

Етеккір циклының ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай бұзылысы сипатталған:

 

*Қалыпты етеккір циклы

*+Меноррагия

*Метроррагия

*Гипоменорея

*Дисменорея

 

#143

*!49 жастағы пациентте етккір циклының бұзылысы фонында жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанкету байқалды.

Осы науқастың қанкетуін тоқтату үшін жүргізілетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ іс-әрекеті қандай:

 

*17-оксипрогестерон капронатты (17-ОПК) үздіксіз режимінде тағайындау

*Синтетикалық эстроген-гестаген препараттар схема бойынша тағайындау

*Қан тоқтататын және жатыр жиырылтатын препараттарды тағайындау

*+Цервикал каналын және жатыр қуысын бөлек қырып зерттеу

*Андрогендерді тағайындау

 

#144

*!Гинекология бөлімшесіне 15 жасар қыз бала көп мөлшерде жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданып түсті. Анамнезінен: Ауырғанына 2 апта болды, бірақ 2 күннің ішінде кеткен қанның мөлшері көбейді. Етеккірі 13 жастан келді, әлі қалыптасқан жоқ. Соңғы етеккірі 2,5 ай бұрын болды. Жалпы қарағанда тері жабындысы боз, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кетіп жатыр. Тік ішек арқылы тексергенде жатыр көлемі кішкентай, қосалқылары пальпацияланбайды.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагнозы қандай:

 

*Жатырлық жүктілік, өзіндік аборт

*+Ювенилді жатырдан қан кету

*Жатырдан тыс жүктілік

*Көпіршік ауруы

*Жатыр миомасы

 

#145

*!60 жастағы әйелдің жыныс жолдарынан 7 жыл етеккірі тоқтағаннан кейін қанды бөлінділер байқалды. Айнамен қарағанда: қынап және жатыр мойынының шырышты қабаты таза. Жатыр мойынынан аз мөлшерде қанды бөлінділер көрінеді. Қынаптық тексеру мәліметтері: Жатыр мойыны және денесі қалыпты. Жатыр қосалқылары пальпацияланбайды. Кіші жамбас қуысында инфильтрат жоқ.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагнозы қандай:

 

*Жатырдың субмукозды миомасы

*Эндометридің қатерлі ісік алды

*+Эндометридің қатерлі ісігі

*Эндометрий полипозы

*Аденомиоз

 

 

#146

Науқас 38 жас, шағымдары: бір тәулік ішінде пайда болған, үдей түскен іштегі ауырсыну, 380С дейін дене қызуының жоғарлауы, жүрек айну. Екеккір циклы бұзылмаған. Екі жүктілік болған, еш асқынусыз босанған. Сонғы босануы 30 жаста. Жүктіліктен ДепоПровера мен сақтанады. Қарап тексергенде: Дене температурасы 38.20С тері жабындылары бозарған. Пальпация кезінде ішінде ауыру сезімі бар, іш қуысының тітіркену симптомы анықталады. ЖҚА –лейкоцитоз -12.000. Қынаптық зерттеуде: жатырдың көлемі 8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, пальпация кезінде доғал, ауру сезімді, қосалқылары өзгеріссіз.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болатын диагноз:

 

* Жатыр қосалқыларынын қабынуы

* +Жатыр миомасынын некрозы

* Хорионамнионит

* Эндометрит

* Аденомиоз

 

#147

*!Науқас 43 жаста, жатырдың шырышасты қабатынын миомасы бойынша хирургиялық ем қабылдау үшін гинекологиялық стационарға түскен. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны гипертрофияланған, деформацияланған, жатыр денесі 10-11 апталық жүктілікке дейін үлкейген, тығыз, ауру сезімсіз. Қосалқылары өзгеріссіз, шышырты бөлінділер бар.

Осы жағдайда операция көлеміне ЕҢ ЫҚТИМАЛ әсер ететін фактор:

 

* Темір тапшылықты анемиянын болуы

* Миоматозды түйіннің орналасуы

* Миоматозды түйіннің көлемі

* +Жатыр мойнының жағдайы

* Науқастың жасы

 

#148

*!Гинекологиялық бөлімшеге 23 жастағы науқас жеткізілді, шағымдары іштің төменгі жағындағы қатты ауру сезіміне, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге, 38°С дейін температуранын жоғарлауы.Қарап тексергенде: бозарған, пульсы 100 рет /мин, АҚ -90/60 мм.сын.бағ. температура 36.6°С. Іші қатты, төменгі бөлігінде ауру сезімді. Іштің тітіркену симптомы оң. Гинекологиялық статус: айнамен қарағанда – жатыр мойны цианотичная. Қою қанды бөліністер анықталады. PV: жатыр шамалы үлкейген, ауру сезімді. Ауру сезіміне байланысты жатыр қосалқыларын пальпациялау мүмкіндік болмады. Күмбезі ауру сезімді, қалыңдаған, оң жағында көбірек.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болатын диагноз:

 

*+Жатырдан тыс жүктілік

*Метроэндометрит

*Жатырдың тесілуі

*Пельвиперитонит

*Аппендицит

 

#149

*!Науқас 30 жас. Бөлімшеге түскен кездегі шағымдары, іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезімі, лоқсу, құсу. Қарап тексергенде: бозарған, АҚ – 90/60 мм.сын.бағ. пульс 90 рет / мин. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. PV: жатыр көлемі кішкентай, оң жақ қосалқыларында көлемі 10х10 см қозғалысы шектелген түзіліс анықталады.

Сіздің диагноз:

 

*Аппендицит

*Тубоовариалды түзіліс

*Жатырдан тыс жүктілік

*+Киста аяқшасының бұралуы

*Субсерозды түйіннің бұралуы

 

#150

*!Аменореямен сырқаттанатын науқаста, эстрогенмен және гестогенмен жүргізілген гормоналді сынамасы теріс болды. (Етеккір реакциясының болмауы).

Бұл қандай патологиялық жағдайдың ЕҢ ЫҚТИМАЛ көрсеткіші:

*Аменореяның орталық генезден болуы

*Аменореянын аналық без түрі

*+Аменореянын жатырлық түрі

*Аналық без склерокистоздық синдромнын болуы

*Аменореянын бүйрек үстілік генезі

 

 

#151

*!Қыз бала 16 жаста, сирек, ауру сезіммен келетін етеккірге шағымданады. Бала кезінен созылмалы тонзилитпен сырқаттанады. Менархе 15 жасында,етеккірі ауру сезіммен келеді. Екіншілік жыныстық жетілуі толық емес. Сыртқы жыныс мүшелері гипопластикалық. УДЗ – жатыр көлемі кішірейген, 10 -11 жасқа сәйкес келеді.Аналық бездері дұрыс қалыптасқан, фоликулалары көп мөлшерде.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ сәйкес келетін симптомдар жүйесі:

 

*Адреногенитальды синдром

*Гонадалар дисгинезиясының типтік формасы

*Гонадалар дисгинезиясының таза формасы

*+Жыныстық дамудың орталықтан жәй жетілу генезі

*Жыныстық дамудың жұмыртқалық жәй жетілу генезі

 

#152

*!Қыз бала 6 жаста. Жыныс жолдарынан қанды бөліністерлің болуына шағымданады. Объективті өз жасынан үлкен көрінеді. Сүт бездері дамыған, қолтық асты аймағында шаш өскені байқалады. Іші үлкейген, пальпация кезінде шамалы қатайған, ауру сезімсіз. Перкуторлы бауыры мен көкбауыры қалыпты.

Болжам диагноз: Уақытынан бұрын жыныстық жетілудің перфериялық генезі.

Осы сырқаттың ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі қандай:

 

*Ерте жастағы инфекцио-токсикалық сырқаттар

*Диэнцефалды аймақтағы қабыну үрдісі

*+Аналық бездің гормонөндіруші ісігі

*Диэнцефалды аймақтың ісігі

*Босану кезіндегі жарақаттар

 

#153

*!5 жасар қыз балада екіншілік жыныстық белгілері мен қынаптан қанды бөліністер бөлінуі пайда болды. Кіші жамбас қуысында орналасқан мүшелерге трансабдоминалды УДЗ жасалғанда сол жақ аналық безінде көлемі 5х4 см түзіліс анықталды. Жатыр және оң жақ қасалқылары өзгеріссіз.

Диагноз қойыныз:

 

*Орталық генезді уақытынан бұрын жыныстық жетілу

*Эстрогенөндіруші аналық без ісігі

*Андрогенрөндіруші аналық без ісігі

*Аналық бездің фоликулярлық кистасы

*Туа пайда болған адреногениталды синдром

 

#154

*!Әйелдер консультациясына 50 жастағы әйел күніне 10 ретке дейінгі «құйылу», жүрек соғысы, ұйқысының нашарлауына шағымданып келді. Жоғарыда көрсетілген шағымдар бірнеше ай бұрын пайда болды,соңғы уақытта күшейе түсті.

Бұл симптомдардың дамуына әкелетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ себеп:

 

*+Эстроген дефициті

*Гиперэстрогения

*Гиперкортицизм

*Пролактинемия

*Ановуляция

 

#155

*! Берілген тізімнен климактериялық бұзылыстардың пайда болуына және симптомына байланысты классификациясын таңдаңыз:

 

*Менопаузаға дейінгі, менопаузалық, менопаузадан кейінгі

*+Ерте, орташа уақыттағы, кеш

*Ісінген, цефалгиялық, криздік

*Типтік, атиптік

*Таза, жойылған, аралас

 

#156

*!Пациентке қойылған диагноз: Климактериялық синдром. Диагноз климактериялық бұзылыстардың ерте симптомдарына қарап қойылды.

Төменде көрсетілген симптомдарың ЕҢ ЫҚТИМАЛ қайсысы дәл болып табылады:

 

*Жүрек –қан тамыр жүйесінің бұзылысы, ЖИА-ның пайда болуы, инсульт

*Терінің құрғақтығы, шаштың түсуі, аяқ тырнақтарының сынуы

*+ «Құйылу», тершеңдік, жүрек соғысы, тітіргенгіштік

*Несептің ұсталмауы, қынаптың құрғауы

*Остеопороз, Альцгеймер ауруы

 

#157

*!Пациент 63 жаста. Шағымдары: жиі мәжбүрлеп зәр шығару, ұйқының нашарлауы, салмақ жоғалту. Менопаузаға 6 жыл. Қазіргі жағдайына байланысты өз бетінше ешқандай ем қабылдамаған. Тексеруден кейінгі қойылған диагноз:Климактериялық синдром.

Толық зерттеуден кейін осы пациентке ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай емді тағайындау керек:

 

*Психопрофилактикалық сұхбат

*Дәруменді терапия

*Санаторлы ем

*Фитотерапия

*+Алмастырушы гормонотерапия

 

#158

*!49 жастағы пациентті тексеріп гинеколог «Бейспецификалық вульвит» деген болжам диагноз қойды.

Осы диагнозды дәлелдейтің ЕҢ ЫҚТИМАЛ клиникалық белгілері қандай:

Date: 2016-06-06; view: 484; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию