Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Ақшам намазының 2 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібі





Ақшам намазының 3 рәкәғат парызының оқылу тәртібі

Әуелі қамат айтылады, (қаматты әйелдер айтпайды) сосын ниет етіледі:«Ақшам намазының үш рәкәғат парызын өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына (ұйыдым осы имамға) хаалисан лилләәһи таъаалаа»,Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады.

Ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

Фатиха сүресі

Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.

Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).

Кәфирун сүресі

Қул яәә әйюһәл кәәфируун. Ләә аъбуду мәә тәъбудуун. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Уәләә әнә ъаабидум-мәә ъабәттум. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Ләкум диинукум уәлия диин.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим»деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдерсаусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ»деп айтып, тік тұрған соң«Раббәнәә уә ләкәл хамд»деген тәсбихты айтады. (Имамдыққа шыққан адам «Раббәнәә уә ләкәл хамд» тәсбихын айтпайды, ал жамағат «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деген сөзді айтпайды, тек қана «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады. Алайда, жеке намаз оқушы адам екеуін де айтады).

Сосын«Аллааһу әкбар»деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет«Субхаана раббиял аъләә»деген тәсбихтыайтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдерсәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.

Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар»деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә»тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар»деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, ақшам намазының 3 рәкәғат парызының 1-рәкәғаты бітті.

Ескерту:Екінші, үшінші рәкәғаттарда алғашқы рәкәғаттағыдай ниет етілмейді, сана дұғасы оқылмайды, әъуузу айтылмайды. Тек қана «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді»айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Фатиха сүресі

Насыр сүресі

Изәә жәәәә-ә насруллааһи уәл-фатх. Уа ра әйтәннәәсә ядхулууна фии дии нилләәһи әф-уәәжәә. Фәсәббих бихамди раббикә уәстағфирһ, иннаһуу кәәнә тәу-уәәбәә.

Қосымша сүрені оқыған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ»деп айтып, тік тұрған соң«Раббәнәә уә ләкәл хамд»деген тәсбихты айтады.

Сосын«Аллааһу әкбар»деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет«Субхаана раббиял аъләә»депайтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар»деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар»деп сәждеден көтеріліп тік отырады.

Ерлер сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады да оң аяғын тік ұстап, саусақ ұштарын құбылаға қарату үшін қайырып отырады. Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады. Ер мен әйел намазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде әт-тахият дұғасын оқиды: «Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Әт-тахият» дұғасының әшһаду әл«ләә»деген жеріне келгенде сұқ саусақты жоғары көтеріп, «иллаллааһу» сөзін айтпай тұрып саусақты түсіреді. Саусақты көтеру тәсілі. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың ұштарын қосып шеңберлей біріктіріп, қалған екі саусақ жұмылып, сұқ саусақты ғана жоғарыда көрсетілген сөздер арасында бір рет қана жоғары көтеріп, қайта түсіреді.

Сосын «Аллааһу әкбар»деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесіне таянып тұрады. Орнынан тік тұрып, ер адам қолын кіндік астына байлап, әйел адам қолын көкірек тұсына қояды. Ер мен әйел тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Міне, ақшам намазының 3 рәкәғат парызының 2-рәкәғаты да бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді»айтып, Фатиха сүресін оқып, 3-рәкәғатты бастайды.

Ескерту: парыз намаздардың үшінші рәкәғатында Фатиха сүресінен кейін қосымша сүре оқылмайды.

Фатиха сүресі

Фатиха сүресін оқып болған соң «Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген сөзді айтады. Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ»деп айтып, тік тұрған соң«Раббәнәә уә ләкәл хамд»деген тәсбихты айтады.

Сосын«Аллааһу әкбар»деп сәждеге барады да сәждеде 3 рет«Субхаана раббиял аъләә»депайтады. Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап, екінші сәждеге қайта барады.

«Аллааһу әкбар»деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә» сөзін тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар»деп сәждеден тік тұрып, ер адам қолын кіндік астына байлап, әйел адам қолын көкірек тұсына қояды. Ер мен әйел тік тұрғанда назарын сәжде жасайтын орынға бағыттайды. Ер мен әйелдің отырыс кезіндегі назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде мына дұғаларды оқиды:

Т-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид. Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».

Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».

Сосын:«Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ»деп әуелі оң жаққа сосын сол жаққа сәлем береді. Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды: «Астағфируллааһ(3 рет),Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә залжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин».Аумин, - деп бет сипайды.

Міне, осымен ақшам намазының 3 рәкәғат парызы аяқталды.

Ақшам намазының 2 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібі

Әуелі ниет етіледі:«Ақшам намазының екі рәкәғат сүннетін өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына хаалисан лилләәһи таъаалаа»,Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады. Ерлер екі алақанын құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсақ етіне тигізіп, басы сәл төмен иіліп, құлақ қағумен бірге «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Әйелдер екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады. Ерлер оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусағы арқылы сол қолдың білезігін қапсыра ұстауы керек. Осылайша қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйелдер оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Сосын сана дұғасын оқиды: «Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

Фатиха сүресі

Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.

Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин. Әмин (әмин іштей айтылады).

Асыр сүресі

Уәл ъаср, иннәл инсәәнә ләфии хуср, илләлләзиинә әәмәнуу уа ъамилус-соолихаати уа тауаасау бил-хаққи уа тауаасау бис-собр.

«Аллааһу әкбар» деп рүкүгке барып, 3 рет «Субхаана раббиял ъазиим»деген тәсбихты оқиды. Ерлер саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қойып, саусақтарымен тізені шеңберлей, қапсыра ұстайды да бас пен арқа бір деңгейде болып, шынтақ пен тізені түзу ұстайды. Әйелдерсаусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді. Ер мен әйел рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ»деп айтып, тік тұрған соң«Раббәнәә уә ләкәл хамд»деген тәсбихты айтады.

Сосын«Аллааһу әкбар»деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін мұрын мен маңдайды жерге тигізіп, саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды. Сәждеде 3 рет«Субхаана раббиял аъләә»деген тәсбихтыайтады. Ерлер сәждеде білектерін денесінен ажыратып, аяқ сандары мен денені бір-біріне тигізбей, шынтағын да жерге тигізбей ұстап, екі аяғының саусақ ұштарымен жер тірейді. Әйелдерсәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды, аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.

Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады. Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды. «Аллааһу әкбар»деп екінші сәждеге барып «Субхаана раббиял аъләә»тәсбихын тағы да 3 рет оқиды. «Аллааһу әкбар»деп сәждеден алдымен басын көтеріп, содан соң қолымен тізесін таянып тұрады. Тік тұрғанда ер адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ және кішкентай саусақпен сол қолдың білезігін қапсыра ұстайды, қос қол кіндіктен сәл төмен тұсқа байланады. Ал, әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды. Ер мен әйел тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады. Міне, ақшам намазының 2 рәкәғат сүннетінің 1-рәкәғаты бітті. «Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді»айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

Фатиха сүресі

Кәусәр сүресі








Date: 2016-05-14; view: 569; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.009 sec.) - Пожаловаться на публикацию