Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі 10 page





Мектеп реформаларының қозғаған міндеттерінің бірі республикадағы арнайы мектептер жүйесін дамыту, кеңейту. 1990 жылдың басында олардың саны 24398 окушысы бар 122 мектепке жетті. Көбісін көмекші мектептер қүрады, олардың саны 18459 окушыны оқытатын 86 мектеп. Республикадағы бапалар үйі мен мектептерді материалды қамтамасыздандыру, оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту турапы комиссияның мәліметтерің талдау соңғы жылдары материалды базасының жетілгенің көрсетті. Сонымен, 1984 жылы ССҚР-нің мемлекеттік қаржысынан арнайы мекемелерге - 39,0 млн. сом белінді, ол 1970 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп.

1987 жылдың қыркүйек айында республикада ҚазССР Министрлер Кеңесінің «Ата-ана камқорынсыз қапған балаларды материалды камтамасыздандыру, оқу мен тәрбие беру жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу турапы» жарлығын әзірлеуді, жүзеге асыруды үсынды. 1988 жылы^ балалар үйінде тағамдар мен дәрі-дәрмектер көбейтілді. Республикадағы мектептерде мүғалімдер мен тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін көтеруге байланысты әртүрлі жүмыстар жүргізілді. Қазакстанның көптеген арнайы мектептерінде әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық семинарлар үйымдастырылды.

Отандық дефектолог-ғапымдары, оқытушылары дефектологияның дамуына үлкен үлес қосты.

1989-1990 оқу жылдарында Қазақстанда 8 типті 122 мамандандырылган мектеп жүмыс істеді, соның ішінде: 86 көмекші, 2 көрмейтіндерге арналған, 4 нашар коретіндерге, 12 естімейтіндерге және 6 нашар еститіндерге, 2 тірек-қимыл-қозғалысында ауыткуы бар бапапарға, 5 сейлеуінде ауытқуы бар балаларға, 5 психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептер жүмыс істеді. Көмекші мектептен басқа арнайы мектептердегі оқушылар әртүрлі оку уакыттарында орта, толық аяқталмаған білім мен ендірістік-еңбектік даярлықгың білімін алды.

1991 оқу жылында арнайы мектептер жүйесі 124-ке, 1992 ж. 125 -ке жетті, ол жерде 21000 бала мен жеткіншектер білім мен тәрбие алды.

Бірақ 1993 жылдары арнайы мекемелер саны біраз қысқарды. 1995 оқу жылында арнайы мектептер 117-ге дейін кысқарды. Алматыда 3 комекші мектеп өз жұмысын токтатты. Жүмыс істейтін мектептер материалдық жагынан үлкен қиындыктар басынан кешірді. Құрал-жабдықгар мен киім алуда қиындыктар туындады.

1993-1998 жылдар арагіығында республикада барлыгы 28 арнайы мектеп жабылды. 90 жылдардың ортасында арнайы мекемелерде окигын окушылар саны азайып, керісінше жалпы мектептерде бұзьшыстары бар балалар саны көбейіп кетті. Бұл процесс тек 1998-1999 жыл тоқгады. Осы кезенде арнайы мекемелер бастарынан үлкен қиындықтар кешірді, ол санитарлық-гигиеналық нормалардын бұзылуына алып келді, соның аркасында балалардың денсаулығы нашарлап, бұл жағдайлар оларға жағымсыз әсер етті. Балалар арасында әртүрлі аурулар пайда болды.

30-90 жылдарында арнайы мектептер саны

122 124 125

117

1931 1937 1940 1952 1957 1960 1963 1965 1967 1970 1973 1985 1991 1992 1993 1998

Жылдар

Сурет 4 - "XX гасырдың 30-90 жылдар аралыгында арнайы мектептердін саны" - жыл, саны

 

Мектептердің саңы 1998 жылы кұрт азайып кемтар балаларды арнайы оқытудың киын жагдайын білдірді. Сол кезден казіргі кезге дейін арнайы мектептердің сегіз тұрі калыптасып, сегіз түрлі кемістігі бар балалар тобына арнайы білім беруде (естімейтін, нашар еститйтін, көрмейтін, нашар көретін, сөйлеу тілінде ауыгкуы бар, тірек қимыл-қозгапысында ауытқуы бар, психикалык дамуы тежелген және зиятында ауытқуылары бар балалар үшін).

Жаппы арнайы білім берудегі курделі міндеттердің бірі - балалар ана тілінде оқыту болды. Көптеген жерлерде кемтар балаларды ана тілінде оқу мүмкіндік жасалмаган жоқ, қазақ тілінде оқытатын арнайы мекемелер ашкан жок, қазак тілінде мамандарды даярлау толығымен ұйымдастырылган жоқ.

Сонымен катар кемтар балапарды интернатгарда оқыту тәжірибесі дәрстұрлі болып қалыптасқан, тек кемістігіне сәйкес арнайы мектеп- интернатқа жіберу білім алудың негізгі жолы болған. Бірақ жалпы мектептерде оқыту да орын алған, оның себебі арнайы мектептердің жетіспеушілігі, кептеген аймақтарда жоқгығы.

Дамуында ауыткулары бар балалар санының көбеюіне байланысты диагностикалык жүмыстарды толығымен әзірлеу үшін, СССР Министрлер кабинетінің (1991) және ҚР Денсаулық сақтау мен Білім Министрліктерінің (1993) жарлыктарына байланысты Қазакстанда ұздіксіз жұмыс істейтін психологиялык-медициналық-педагогикалық консультациялар (ІТМПК) құрастырылды. Жалпы арнайы мектептер жүйесінің дамуы ғылыми түрғыдан негізделуін талап етеді. Сол себепті, ҚР Білім Министрілімен Министрлер кабинеті қолдауымен 31.03.1991 жылы Республикапық "Ақып -ой және дене дамуында кемістігі бар бапапармен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңапту" ғылыми -тәжірибелік орталыгы ашыпған. Бұл орталыктын жұмысы шетелдегі кемтар балаларды оқыту мен түзетушілік колдау көрсету тәжірибесімен танысуға мол мүмкіндік ашты. Сол кезден бастап біздің отандык арнайы білім беру саласында өзгерістер бастапып, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен жүйені жаңа талаптарға сәйкес ұйымдастыру мәселері қарастырылып жатыр.

Қорыта, отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдай отырып, сол кездеғі шешілмеген келесі мәселелерді байқауға болады, олар:

- кемтар балаларды арнайы оқыту туралы Заңдың жоктығы;

- арнайы педагогикапык қолдауды қажетсінетің барлық кемтар бапалардың барлығын қамтамасыз етпегендігі, мысалы, зиятында терең ауытқушылығы бар, күрделі кемістігі бар балалар арнайы оқытудан сыртқа қалып отырған;

- кемтар балапарды ерте жастан анықтап, тексеріп, арнайы түзету арқылы қолдаудың ұйымдастырылмагандыгы;

- отбасында кемтар балапары бар ата-аналармен дұрыс жүйелі жұмыстын жүргізілмеуі;

әлеуметтік-әкономикалык жағдайларға тәуелді арнайы мектептердің көбісі интернат түрінде қызмет етуі, сол себепті біріншіден отбасында бапаға көмек көрсету жағы толық ұйымдаспай, екіншіден баланы отбасында тұрып, ата-анасынан ажырамау кұкықтары сақталмаған;

- арнайы білім беру ұйымдарында арнайы даярлаған мамандардың жетіспеушіліғі оқыту-тәрбиелеу жұмысының нәтижесіне жағымсыз әсерін тигізген; республикамызда көруінде ауытқуы бар, психикалык дамуы тежелген бапапарды окытатын мамандар даярланбаган, соның ішінде өзекті мәселе мектепке дейінгі арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын мамандарды даярламау;

- кемтар балапарды өз ана тілінде оқыту мәселесі және арнайы оқыту оқу-әдістмелік камтармасыз етудің күрделі сипаты;

- кемтар балаларды есепке алу жұмысын толық ұйымдастырылмаған;

- арнайы білім беру ұйымдардың жетіспеушілігіне байланысты кемтар балаларды жалпы білім беретің мекемелерде оқыту тәжірибесінің басталуы, ол балалар қалай окып жатқанын ешқандай ұйымдар кадаламаган;

Сонымен, өткен ғасырдың соңғы жьшдары отандық арнайы білім беру жүйесі үшін ауыр тиген байқай отырып, сол жүйеінің сақталып, әлемдегі жана бағыттарға сәйкес бет бұруын жетістік ретінде белгілеуге болады.

Республикадағы ауытқулары бар балаларга арнайы білім беру мен тәрбие беруге байланысты жүргізілген зерттеулер арқылы сол жүйенің проблемалары мен әлсіз жактарын ғана анықгап қоймай, оның болашакта даму беталысын анықтауга болады.

4. Отаидық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуга қосқан үлестері

Арнайы білім беру саласындагы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын тапдау және гылыми зертгеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.

Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихын талдау көрсеткендей, өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арнапған ғылыми жұмыстар өтізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі республикада дефектолог мамандар дайындау сол кезге дейін ұйымдаспаған.

1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, Ленинградтагы педагогикалық институтарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар белінген. Бірақ бұл шара огандык арнайы мекемелердегі мамандарды толығымен камтамасыз етпеді, ейткені жоғарыда айтылғандай, сол жылдары арнайы мектептер белсенді ашылган.

Оз елімізде дефектолог мамандарды даярлауды ең апғаш Абай атындағы Қазак педагогикалық институтында бастаган. 1976-1977 жылы белім, кейін дефектология факультеті қазакстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды оқыту тәжірибесінің іргетасын қалаған. КазПИ-дің дефектология факультетін ашуга белседі катысып, дамуына енбекетерін аямаған озат дефектолог-ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р. А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева К.Ж, Буфетов Н.М. т.б.

Дефектология ғылымының дамуы Ж.И. Намазбаеваның кемтар баланың түлғасын зерттеу жүмыстарынан басталган. 1971 жылдары акыл- ойы кемтар балалардың өзін өзі бағалау тұлғалык ерекшеліктерін зерттеген, кейін бүл бағыттағы жүмыс жалғасып, 1986 жылы психология ғылымының докторлык диссертациясында дәлелденген.

80- шы жылдары психология сапасында психикапык дамуы тежелген балаларды зергтеу жүмыстары көптеген нәтижелер көрсетті. НақтыМ.Ш. Адилова кіші мектеп жасындағы ПДТ бапалардың психомоторикалык ерекшеліктерін зертгеген, бүл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикапық маңызы зор.

Кемтар балалардың түлғалық қасиеттерін зерттеу жүмыстары кейін де Ж.И. Намазбаеваның жетекшілігімен жалғасып, бірталай ғылыми еңбектер жүргізіліп, арнайы психологияны қызықгы деректермен толықтырған Мысапы, Сарсенбаева Л.О. көмекші мектеп окушыларының түлғалық багытын зерттеген, Макина Л.Х. ақыл-ойы кемтар балалардың түлға аралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу жүмысын жүргізген т.б. (Шарапиева А.Д., Искакова М.С.)

Қазақстан дефектологтары кемтар балалар тілді оку мәселесін зерттеп, бүл салада күнды еңбектерімен танымал. Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ. көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесін мазмүндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған. Ал математика әдістемесі үшін Р.А. Сүлейменованың акал-ойы кемтар балалардың есеп шығарудағы қиындыктарының ерекшеліктері зерттеуі мен И.Г. Терехованың көмекші мектепте ондык бөлшектерге оқыту туралы гылыми жұмыстары өзектілігін ақтаған.

Арнайы мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік беймдеу жұмысын әзрілеу үшін А.Қ. Рсапдинованың акыл ойы кемтар балаларды стандарты нүсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету аса маңызды, кажетгі еңбек.

Арнайы білім беру жүйесінің дамуы турапы ғылыми еңбектер Г.М. Коржова мен А.Қ. Сатованың диссертацияларында керініс апады. Нақты Г.М. Коржова кемтар балапарды еңбекке баулу жүйесінің даму тарихын анықтаган, ал А.Қ. Сатова дефектолог кадрларын даярлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселерің зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды. ¥

90-шы жылдары тәуелсіздікке көшу, саяси, әлеумеітік әзгерістердің әсерін білім беру саласыда сезінді. Жағымды жетістіктің бірі Қазақстан тарихына көңіл болу болғандықтан, арнайы мектептерде Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін әзірлеу, өзектілігін білдірді. Сол себепті, Г.А. Аужанованың ғылыми жұмысы Қазакстан тарихын оқыту ерекшеліктері мен әдістеріне арналған.

Ең апгаш казак кемтар балалардың ерекшеліктерін ғылыми зерттеулері тәуелсіздіктен кейін жүре бастады. А.Н. Аутаева естуінде ауытқуы бар

- балалардың дыбыс айтуын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеген. Бұл отандык естуінде ауыткуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы алғаш гылыми жұмыс.

- 1992 жылы Республикалық "Ақыл юй және дене дамуында кемістігі бар балалармен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу еңбекгіен оңалту" ғылыми -тәжірибелік орталықтың ашылуы гылыми зерттеулерді белсенді өткізуді талап етгі. Арнайы білім беру саласындағы жаңа өзгерістер, шетел тәжірибесімен танысу өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік тудырды.

- Арнайы білім беруде жаңа технологиялардың еңгізудің көрінісі, А.Т. Баймұратованың мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзету жұмысында лекотека технологиясын әзірлеу жұмысы. Бұл гылыми еңбектің нәтижесінде ӘБЕО ортапығында лекотека бөлімі ашылып, кемтар балаларга түзету көмегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

- XXI гысырдың басында елімізде кемтар балалардың саңы өсіп, мамандарды сол себептен туындаган мәселерге көңіл аударуға мәжбұр етгі. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлыгына арнайы білім беру, түзету- педагогикалық қолдау өзекті проблемалардың бірі. Бұл күрделі жағдайдын жолын табу бағытында, Р.А. Сүлейменова ғылыми жұмысын арнайы білім берудгі әлі зерттелмеген мәселеге арнаған. Бұл еңбектің нәтижесінде 2001 жылы кемтар бапаларға ерте жастан түзету-педагогикалық көмек көрсету жүйесімен оның моделі әзірленген. Аталмыш жұмысында ерте жастагы балалардың психофизиологиялық ауытқушьшыктарын скринингтен өткізу технологиясы мен әдіснамапык негіздері дәлелденген. Р.А. Сүлейменованың жетекшілігмен казіргі арнайы білім берудегі гылыми зерттеулер белсенді атқарылып жатыр.

- 2002 жьшы А.Қ. Ерсарина дамуында ауықушылықтары бар балаларды ерте жастан анықтау, кеңес берудің психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айнапасып, қажетті әдістемелік нұскау, құралдарды мамандарға ұсынған. Сонымен бірге, кемтар балаларға ерте жастан көмек көрсету сапасындагы А.Қ. Жалмухамедованың мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан білім беруге қосудың ұымдастырушы-әдістемелік негіздерін анықтаған, зерттеген енбегін айту қажет.

- Соңгы жьшдары мүмкіндіктері шектеулі балапардың құқықгары жиі талкыланып, оларды қоргау механизмдері қарастырылып жатыр.

- Қазіргі уақытта кемтар балалар толығымен арнайы оқытумен қамтылмаганы анық. Ауыр мәселенің бірі мектеп жасына дейінгі дамуында ауыр ауытқушылықтары бар бапаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу. Бұл бапалар түзету педагогикалық қолдаусыз көбінесе денсаулық сақгау және әлеуметтік коргау министріктерінің қармағындағы мекемелерде тәрбиеленеді. Бұл жагдайды шешу мақсатында Б.С. Халыкова ізденіп, оңалту орталыгында мүмкіндіктері шектеулі балаларға кешенді түзету көмек көрсету негіздерін зерттеген. Бұл жұмыстын практикалык маңызы зор, ойткені арнайы білім беру жүйесінде жаңа үлгідегі арнайы білім беру ұйымы әзірленген.

Қогамдағы казіргі өзгерістер арнайы мектеп түлектерінің әлеуметпк- педагогикапык бейімделуіне деген жоғары талаптарды білдіреді. Сол себепті К,А, Қаткеновтің осы мәселені шешуге арналған гылыми жұмыстың да практикалық маңызы мол, қажетті.

Абай атындағы Казақ Ұлттық педагогикалык университеті "Арнайы педагогика" кафедрасының оқытушьшары, магистрантармен ізденушілері арнайы білім берудің өзекті мәселерімен айнапысып жатыр. Ғ. А. Абаеваның казак фольклоры негізінде нашар көретін балалардың байланысты сөйлеуін қалыптастыруды зерттеу жұмысы арнайы білім беру ұйымдарының оку- тәрбие процесінде әдістеме ретінде пайдалануга мүмкіндік береді. Қазак үлттық ойындарын мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін логопедиялық жүмыста колдаудың педагогикалық шарттарын өз еңбегінде зерттеген Г.С. Оразаева. Бүл жүмыс қазақ халык ойындарын логопедиялық түзету жүмысында пайдалану жолдарын ашып көрсетті.

Қазіргі уақытта отандык арнайы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету, дамыту мен бейімдеу қоғамға қосу проблемаларын жаң-жақты зерттеу жүмыстары белсенді барлық арнайы білім беру үйымдарында, Абай атандағы ҚазҮПу-гі "Арнайы педагогика" кафедрасында, ТП ҰҒТО -да, атқарылып жатыр.

Бақылау сүрақтар мен тапсырмалар:

- Отандық арнайы білім беру жүйесің қалыптастырудың алғы шарттары қандай?

- Арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің дамуы алғашында қандай қиындықтарға үшырады?

- Ұлы отан согыс кезінде арнайы мектептердің жүмысына сипаттама берініз.

- Қандай негізгі өзгерстерді 50-70 жылдар аралығында арнайы білім беру жүйесінде байқауға болады?

- 80-90 жылдардағы арнайы білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді атаныз.

- Кемтар балалар түлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз.

- Кемтар балалардың сөйлеу тілін зерттеу жұмысіарымен айналысқан ғалымдар, еңбектерін айтып беріңіз.

- Соңғы жылдарда ғылыми жұмыстар қандай багьпта, жаубыныздй дәлелденіз.

Әдебиеттер:

- Луцкина Р.К. Обучение и воспитание аномальных детей в Казахстане. - Алма-Ата. - 1987.

- Коржова Г.М., Байтурсынова А.А. История специального образования в РК. Алматы. - 2003.

- Байтурсынова А.А. К вопросу о развитии научных исследований в специальном образовании РК. // вестник КазНПУ имени Абая. Серия "Специальная педагогика". 2004. - 2 (5).

Дәріс № 44-45 Қазіргі арнайы білім берудің жагдайы және даму тенденциялары

Жоспары:

- Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы мен проблемалары

- Кемтар балаларга ерте түзету көмек көрсету жүйесі

- Шет елдердегі біріктіріп оқыту мен инклюзивті білім біру

- ҚР мүмкіндіктері шектеулі бапаларды біріктіріп оқыту

Түсініктер: біріктіріп оқыту, ерте қолдау, скрининг, инклюзивті білім беру.

1. Қазіргі арнайы білім берудің жагдайы мен проблемалары

Отандық арнайы білім беру қазіргі уакытта әлемдік мүмкіндіктері шектеулі балапарды оқыту мен тәрбиелеу, түзету мен дамытудағы жетекші бағыттарына лайық даму жолында. Ең негізгі беталыстарын қарастырсак, олар- ерте жастан түзету педагогикалык колдау корсету мен кемтар бапаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды дүрыс үйымдастыру. Бірақ сонымен бірге арнайы білім беру жүйесі өз дәстүрлі дамуын жалғастыруда, оның керінісі арнайы білім беру үйымдарының кеңейіп, жаңа педагогикалық технологиялардың еңіп, кемтар бапаларға арналған көмектің кешенді сипаттқа ие болуы (медициналық, әлеумеітік, психологиялык, гүзеу арқылы қолдау).

Қазіргі уакытта арнайы (түзету) білім беру үйымдарының барлық түрі тек Алматы каласы мен Қарағанды облысында кызмет етеді. Жалпы арнайы білім беру үйымдарының саңы 102. Сонымен қатар "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңның жүзеге асыуна байланысты жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру үйымдар еліміздің барлық аймақгарында белсенді ашылып жатыр.

Қазір ҚР терең кемістіктері бар балалар үшін денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау аумағындағы балалар үйлері қызмет етеді, ол жерде қажетті түзетушілік көмек көрсету жагдайлары жоқгын қасында. Республика бойынша 18 медициналық-әлеуметтік мекеме, соның ішінде зиятында ауыткуы бар балаларға -17, дене дамуында кемістігі бар балаларға - 1 мекеме арналған.

Арнайы білім берудің жетістіктерінің бірі зиятында шамалы ауыткуы бар балаларды көмекші мектептерде оқыту мүмкіндіктердің кеңейтілуі, нақгы арнайы білім беру бағдарламардың жобалары әзірленіп, тәжірибеден өтуде.

"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалык түзеу арқылы қолдау туралы" Заңды қабылдау мен жүзеге асыру арнайы білім беру жүйесінде көптеген өзгерістерге себеп болғандығын дәлелі ретінде психологиялық-медициналык-педагогикалық консультациялардың бүрынғы 120 мыннан 60 мын балаға ашылуын келтіруге болады. 2008 жылы республикамызда 56 ПМПК қызмет етуде, бірак бұл санда әлі күнге дейін жеткіліксіз.

Қазір психологиялык-педагогикалық түзегу кабинеттері белсенді барлык аудан орталыктарында ашылып жатыр, саңы 114. Оңалту орталыктары да белсенді мүмкіндіктері шектеулі балапарға кешенді көмек керсету қызметін атқаруда, олардын саны 14 жетті, логопедтік пунктердің саны -263.

Сонымен катар кемтар баласы бар отбасымен жұмысты дамыту мәселелерімен әлеуметтік, денсаулык сақгау және педагогикалық мекемелер айнапысып жатыр. Елімізде 212 әлеуметтік көмек көрсету орталықтары дамуында кемістіктері бар балаларга қызмет етуде.

Жогарыда аталған Заңдың жүзеге асыу әлеуметтік, медициналык- педагогикалық колдау көрсетудің кешенді жүйесін қалыптастыруға жол ашты және сол жүйені ғылыми-әдістемелік, материалды-техникалык тү.ргыдан қамтамасыз ету мәселесіне назар аударуды талап етті.

Қазіргі арнайы мектептердің саңы 101, көрсеткіштері төменгі кестеде (сурет-5).

Кесте-3 Арнайы мектепгер және оқушыдар саны

•гұрі саны   саны
арнайы мектеп окушылар   арнайы мектеп оқушылар
  Кормейтіндер -1     тіл кемістігі бар - 6  
  Нашар көретіндер -7     ТҚҚҚ кемстігі бар - 3  
з Еетімейтіндер - 8     IІДТ үшін- 9  
  Нашар естийтіндер- 12     іиятында аутыкуы бар-54  

ПМПК қазігі уақытта 154870 мүмкіндіктері шектеулі балаңы ресми түрде есепке алып отыр, бүл республика бойынша жаппы балалардың (4 659500) 3,4 % кұрайды.

Республика бойынша арнайы балабакашалардың саны - 35 болса, жалпы бапабақшаларда 239 арнайы топтар ашылғаны, мектеп жасына дейінгі кемтар * бапаларға көмек көрсетудің бір жолы деп карастыруға болады. Ал 7304 кемтар бала денсаулығына байланысты үйлерінде жеке бағдарлама бойынша оқып жатыр. Арнайы білім беру ұйымдарында оқып, тәрбиеленіп жатқан балапардың көрсеткіші төмегі кестеде. (сурет-6).

Кесте-4 Мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы оқытумен камту көрсеткіштері

Мүмкіндіктері шектеулі   Арнайы оқытумен камтыган
балалар ПМГІК есспке алынган балаіар балалар
Ерте жас гагы 2,5% 39,5 %
Мектеп жасына дейінгі 21,7% 39,6%
Мсктен жасындагы 76% 24,2%

Әрине, бұл көрееткіштер мүмкіндіктері шектеулі балаларды аныктау, есепке алу, статистикалық мәліметтерді жинау жұмысын жетілдіру қажеттілігін білдіреді.

Қазір арнайы білім беру үйымдарында мүмкіндіктері шектеулі 16664 бала, жалпы мектептердегі арнайы сыныптардың саны 762 болса, сол сыныптарда - 7582 бала окып жатыр, ап жалпы мектептерде ешқандай педагогикапық колдаусыз оқып жаткан мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны 65 мыннан асты. Бүл ҚР білім беру саласындагы ауыр мәселенің бірі. Жаппы мектептерде ешкандай педагогикалық арқылы қолдаусыз оқып жатқан мүмкіндіктері шектеулі бапапарга кастерлі, сапапы білім алу жагдайларын камтамасыз ету мемлекеттік міндет. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы мектептерде окып жатқаны, біріншіден бапага, қасынадгы құрбыларына, оқытып жатқан мұгалімдерге қиынга түседі. Бұл мәселені шешу үшін отандык галымдар шет елдегі және өз еліміздегі тәжірибені зерттеумен айнагтысуда.

Date: 2016-05-14; view: 1157; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию