Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Crataegus pontica – жемістері ірі. Сrataegus sanguinea – Боярышник кроваво-красный

Долана БОЯРЫШНИК (CRATAEGUS). Қазақстанда 7 түрі бар. Негізінен тау беткейінде, өзен аңғарларында, Алтайдан-Тянь-Шаньға дейінгі аймақта. Барлығы – тағамдық, витаминдік, сәндәк.

 

Сrataegus sanguinea – Боярышник кроваво-красный. – Алтай, Жоңғар Алатуында таралған.

Crataegus almatensis – Алматы доланасы – Іле Алатауында.

Crataegus turkestansis – Түркістан Алатауында

Crataegus pontica – жемістері ірі

Іле Алатауында анықталған өндірісітік қоры – 49 тонна құрғақ затқа шаққанда.

Шығыс Қазақстандағы қоры – 30 тонна. Жылына 100 тонна жемісін жинайды.

 

Шайқурай – зверобой (Hypericum). Қазақстанда 7 түрі бар. Ресми түрлері: Hypericum perforatum (тесікжапырақты).

Өгейшөп ( лат. Tussilago) – астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өзен жағалауында, жыра ішінде, тау баурайында, саз топырақты жерде өсетін 1 түрі –кәдімгі өгейшөп (Tussіlago farfara) бар. Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.

 

Үлкен сүйелшөп - ( лат. Chelidónium majus) - көкнәрлер тұқымдасына жататын улы көпжылдық шөптесін өсімдік. Ал қазақша "сүйелшөп" деп аталғаны - ол халықтық медицинада сүйелді кетіруге пайдалғадықтан. Бұл өсімдік көбінесе көлеңкелі тау беткейлерінің бұталары арасында, орман алаңдарында, көл, өзен жағалауларында кездеседі. Республикамыздың оңтүстік облыстарында ескі мал қораларының, тұрғын үй маңында, бау – бақшалар арасында арам шөп ретінде өсе береді. Жалпы халық арасында сүйел шөп дәрілік өсімдік ретінде ерте заманнан қолданылып келген. Оның жапырақтары мен сабағының бойындағы сары түсті сүттіген шырыны улы болады. Бірақ мал сүйел шөптен өте сирек уланады. Өйткені мал ащы дәмі, жағымсыз иісі болғандықтан сүйел шөпті жемейді.

Еуропа елдеріде және Жерорта теңізінің елдерінде арамшөп ретінде кең таралған. Америкаға 1672 жылы колонизаторлармен сүйел емдеу үшін алып барылған.

 

Аңдыз – Девясил (Inula). Қазақстанда 12 түрі бар. Оның ішінде ресми түрі Inula helenium – Девясил высокий. Өндірістік қорлары: Іле Алатауы – 17 тонна

Жоңғар Алатауы – 12,5 тонна

Шығыс Қазақстан – 21,4 тонна.

 

Қалақай - крапива ( лат. Urtica) — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы. Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады.

Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Қалақай препаратын диабетпенауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.

 

2. Ресми, бірақ жиналмайтын өсімдіктер.

Мыңжапырақ – тысячалистник (Achillea). Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Негізінен далалық, шалғынды далалық, орман алқаптарында, бұталы орман белдемдерінде. Жалпы зерттеліп анықталған қорлары: Алматы, Шығыс Қаз/тан, Семей – 200 тоннадан астам.

Марал тамыр –Маралий корень (Rhaponticum). Қазақстанда 5 түрі бар.

Негізі пайдаланатын: Rhaponticum carthamoides. Таралу аймағы: Тарбағатай, Алтай. Қоры: 34 тонна.

 

3. Ресми қабылданған түрлерге – туыс түрлер жатады.

Жұмыршақ – Пастушья сумка (Capsella bursa-pastoris). Егін алқаптарында, жол бойында өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Қорлары Қазақстанның сұранысынан бірнеше есе артық.

 

Жұпаргүл – душица (Origanum)

Душица обыкновенная (Origanum vulgare) – Қазақстанда ресми түрде 2 түрі бар. Ясновкалар тұқымдасын жатады. Анықталған қоры: 70 тонна.

 

4. Халық медицинасында қолданатын өсімдіктер.

 

Жусан – Полынь (Artemisia). Негізігісі: Ащы жусан –Полынь горькая. 30дан астам түрі бар. Қорлары: қол жеткілікті және бірнеше есе асады.

 

Алабота – Марь душистая (Chenopodium botrys). Қазақстанда 19 түрі бар. Арамшөп ретінде кездеседі. Дәрілік өсімдік. Әдетте тастақ беткейлерде, құрғақ өзен аңғарларда, құмды жерлерде өседі. Негізгі өндірістңік қоры бар жерлереге Іле, Жоңғар Алатауында анықаталған. Бірақ тонна-кгмен есептелмеген.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, тереңтамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстандаоның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді

 

5. Биологиялық активті заттарға бай өсімдіктер. Тұрғысында перспективті өсімдіктер. Оның ішінде флавоноидтарға бай өсімдіктер: таспа (керең), қымыздық (щавель), түйесіңір, рауғаш, жүзкүн.

Алколоидтарға бай өсімдіктер: иісті желкен, қоянжапырақ,тегеурінгүл түрлері.

Глюкозидтерге бай өсімдіктер: жанаргүл, сирень, ақбас қурай (желтушник), және т.б.

75. Қазақстанның ботаникалық бақтары, олардың жойылу қаупі төнген өсімдіктерд

i. сақтаудығы маңызы

Ботаникалық бақ – ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп, оны зерттейтін,ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме; ғылыми зерттеу және ғылыми мәдени өндірістік мекеме. Онда тірі өсімдіктердің колекциясын жинап олардың көмегімен өсімдіктердің сан алуандығын және жердің өсімдік әлемінің байлығын зерттейді. Ботаникалық бақтардың басты мақсаты -жаңа өсімдік түрлерін ашу, оларды кешенді зерттеу және интродукциялау. Ботаникалық бақтардың көбінде дендрарий, альпинарийсу өсімдіктері мекендейтін тоғандар бар және пайдалы өсімдіктердің экспозициялары орналасқан.

Ботаникалық бақтың негізгі бөлігін – шет жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктер құрайды. Олар биологиялық ерекшеліктеріне қарай ашық далада, оранжереяда, жылыжайда өсіріледі. Қазір Қазақстанда әр түрлі табиғи-климаттық жағдайда орналасқан алты ботаникалық бақ – Бас ботаникалық бақ (Алматы), Маңғыстау тәжірибелік ботаникалық бағы (Ақтау), Жезқазған ботаникалық бағы, Алтай ботаника бағы (Лениногор), Іле ботаникалық бағы (Бақанас), Қарағанды ботаникалық бағы бар.

Бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5,5 мыңдай түрлері мен сорттары (оның 100-ге жуық түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген) бар. Олар ботаникалық-географиялық, жүйелілік, ландшафтылық тұрғысынан, сондай-ақ, пайдалы қасиеттері негізінде топтастырылған. Бақтағы аса бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жиынтығы еліміздің ұлттық байлығы болып саналады.

Бас ботаникалық бақта раушанның 16, бөртегүлдің 3, сарымсақтың жаңа сорттары шығарылды. Eлді мекендерді көгалдандыру үшін ағаш пен өсімдіктердің 750-ден аса түрі ұсынылды.

Қазақстанда бірінші рет ертедегі Отырар-Түркістан жерінде ауданы 100 гектарлық Ботаникалық бақ салынды. Оның жобасын академик И.О.Батулин жасады, ол 1993 жылы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясының Ботаникалық ғылыми-зерттеу институтында қаралып, бекітілді. Бүгінгі таңда ботаникалық бақта декоративті жеміс-жидек өсімдіктері мен гүлдердің 127 түрі мен сорттары өсіп тұр. Мұндай ботаникалық бақ Қазақстанда тек осы университетте ғана бар.

 

76. Қазақстанның ресми дәрілік өсімдіктерге туыс табиғи өсімдіктері

 

1. Шүйін шөп Valeriana turnestanica

9 түрі өседі. 2 түрі дәрілік болып есептеледі. Ең көп таралған түрі – дәрілік валериана.

Тамыр сабағының ұзындығы 2-4см, диаметрі 2 см, бау тәрізді тамырлары көп. Жапырақтары – айқасқан жұп жапырақтар, формалары әртүрлі. Гүлдері ұсақ. 1000 дән массасы – 0,4-0,6 гр. Мамыр айынан тамыз айына дейін гүлдейді, шілде-қыркүйекте жеміс береді. Валериана тыныштандыру әсерімен танымал.

2. Күмәнді шүйін шөп. V. Dubice. Іле Алатауында – 13т. Сондай ақ қорлары – күнгей, теріскей Алатауында бар екені анықталған.

Шүйіншөп тұқымдасы - Valerianaceae Batsch. Көпжылдық шөптесін өсімдік ұзындығы 17-100см. Мамыр айынан тамыз айына дейін гүлдейді, шілде-қыркүйекте жеміс береді.

Жайылымдарда, жартастарда, бұталарда өседі.
Тамырында эфир майы табылған, иридоидтар. Дәрілік валериана тәрізді тамырлары дәрілік мақсатта қолданылады. Халық медицинасында тамыры- тыныштандыру мақсатында, ал сыртқа – қалтырау кезінде қайнатпа ретінде қолданылады.

3. Самарқан цлині – Hecichkuisum maracundicum. Қырғыз Алатауында өседі, Шымкент облысы 5т болатын қоры анықталған.

4. Шайқурай. Hypericum. шайқурай тұқымдасынажататын бір және көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда шабындықта, қыратты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, қиыршық тасты тау баурайында және орман шетінде өсетін 7 түрі бар. Көбінесе сарыбас Шайқурай (Н. perforatum) мен бұдырлы Шайқурай (Н. scabrum) жиі кездеседі. Бұлардың биіктігі 30 — 70 (кейде 100 — 120) см. Сабағы түзу, жапырақтары майда, онда нүкте тәрізді көптеген тесіктері болады, олар шоқталып немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері майда, қос жынысты, сары түсті, жеке-жеке не шатыршаға ұқсап топтанған. Жәндіктер арқылы тозаңданады. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі — көп дәнді қорапшауыл шаруашылығы — дәрілік өсімдік, оның құрамында илік заттар, эфир майы, церилді спирт, каротин, С витамині, никотин қышқылы және гиперицин бояғыш заты бар. Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады. Шайқурайды тыныс органдары ауруларына, бауырға тас байланғанда, іш өткенде, қуықтың қызметі бұзылғанда, әйелдердің жыныс аурулары кезінде, кейбір қа-быну процестерінде, іріңді ісіктерге, жараға, шиқанға қарсы пайдаланады. Халық медицинасында Шайқурайды қан тоқтату, қарын ауруларын, қан аралас іш өтуді емдеу үшін қолданады. Соңғы кезде ғалымдар Шайқурайдан алынған препараттардың кейбір аурулардың вирустарына (мысалы, тұмау, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы) қарсы жақсы әсер ететінін анықтады. Шайқурайдан шай қайнатып ішеді, ол жүйкені тыныштандырады және кейбір түрлерін бальзам алуға пайдаланады.

5. Түркістан сасық шөбі – 4 түрі кездеседі. Тау бөктерінде, Батыс Тарбағатайда кездеседі.

6. Кавказ көк гүлі – Polemonium caucasicum. Көпжылдық өсімдік. Солтүстік Қазақстанда, Алтайда кездеседі.

Көкгүлділер тұқымдасына жатады. Тұқым өкілі – көпжылдық, сирек біржылдық өсімдіктер. 100 см аспайды. Жапырақтары ірі, кезектесе орналасқан. Гүлдері көкшіл, сирек- ақ, күлгін, көк. Халық медицинасында көп ауруларға қарсы қолданады. Тыныштандыратын, қақырық түсіретін әсері бар. Ауыр бронхит кезінде қолданылады. Кейде асқазан жарасына пайдаланады.

7. Жылтыр таста – шалғанда кездеседі. Солт. Шығыс Қазақстан сондай-ақ аздағаны кездеседі.

8. Жебір темьян – Thymys marrchallanus. 24 түрі. 10 түрі эндемик. Барлығы эфирлік және дәрілік.

 

 

77. Қазақстанның ихтиофаунасы, негізгі ауланатын түрлері

 

Әлемдік мұхит теңіз суының биоресурсының бастысы, ең маңызыдысы – балық. Жалпы жер биомассасының мөлшері (құрғақ затқа шаққанда сусыз) 1,3трлн тонна. Ал, әлемдік мұхит теңіздеріндегі биомасса мөлшері 35 млрд тонна. Жер биомассасының 3пайыздан аз бөлігі. Оның ішінде балық 0,5 млрд тонна. Жыл сайын әлем бойынша 100 млн тонна балық ауланады. Бұл барлық балықтың ¼ бөлігі.

Қазіргі таңда ҚР ихтиофаунасы 107-ге шақты балықты қамтиды.

100 жылдық интродукция нәтижесінде жаңа ҚР-ң су құбырларында 15-ке тарта түр бар. Республикада балықтардың 19 түрі ең негізгі және балық шаруашылығында маңызды рөл атқарады: бекіре тәрізділер – ақсерке, орыс бекіресі, шоқыр, шортан, торта, аққайран, ақ амур, ақбалық, шығыс ақтабан, күміс мөңке, сазан, ақ дөңмаңдай, ала дөңмаңдай, қарапайым сом, қарапайым алабұға, Балхаш алабұғасы, қарапайым көксерке.

Есіл алабының ихтиофаунасы – су алабы ихтиофаунасының құрамын қалыптастыратын су айдынының тереңдігі мен қысқы суыққа бейімділігінің негізгі факторлары болып табылады. Есіл өзенінің жергілікті ихтиофаунасы Об, Ертіс су алабының ескі арнасына тән өзен-көлдік айдындарында кездеседі, олардың 15 түрі (шортан, сібір балығы, сібір елеці, язь, көл гольяны, қара балық, сібір теңге балығы, алтын және күміс табан балық, сібір голеці, сібір итмұрыны, лақа, тоғызинелі, тікенек балық, кәдімгі алабұға, кәдімгі таутан) бар. Жайылмалы көлдерге балықтардың бұл түрлері көктемгі су тасқынында келіп, су деңгейі төмендегенде өзен арнасына қайтып кетеді. Аумағы 50 га, қуатт. 200 млн. бағалы балық балаңқұрты инкубациялық цехы бар Петропавл балық питомнигі сиг балығы мен карпты жасанды жолмен өсіруде.

 

 

78. Биоалуантүрлілікке антропогендік әсерлер; тікелей әсерлер

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері.

Адамның өсімдікке әсері. Тіршілік әрекетіне байланысты адамзат табиғи өсімдіктерге әр түрлі әсер етеді: пайдалы және зиянды. Осындай әсерлер нәтижесінде 30000 астам өсімдік түрлері жер бетінен мүлде жойылған. Көптеген аумақты жерлердің өсімдіктерімен алмастырылған. Зиянды қалдықтар әсері өсімдіктерге өте көп. Өсімдіктерді жаппай таптау.

Орман қорлары. Соңғы кезде есептеулерге байланысты Жер шарының 50-70 пайызының орманы жойылған. Қазақстан орманы өте аз мемлекетке жатады.Орман мөлшері 4пайыз, сексеуілді орманды қоскһқанда 10пайыз. 90пайыз орман жойылған. Ормандардың азаю себебі:

· Қырқу,

· Өрт,

· Шектен тыс жайылымға пайдалану,

· Суларын реттеу,

· Қорш. орта ластануы,

· Зиянкестердің көбеюі.

Жануарлар әлемін қорғау бағыттары:

4. Экологиялық. Бұл түрлердің қоршаған ортамен, бір-бірімен тығыз қатынасқа байланысты.

5. Жүйелі құрылымдық бағыт. Бұл тірі табиғаттың алуантүрлілігіне негізделген.

6. Популяциялық – генетикалық бағыт. Яғни түрлер әр түрлі экологиялық жағдайларға бейімделген популяциялардан тұрады.

 

79. Экологиялық нормалау және биоресурстарды сақтау жолдары

«Қазақстан Республикасының экологиялық кодексi»

экологиялық нормалау - адамның өмiр сүруi мен биологиялық әртүрлiлiктi сақтау үшiн қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететiн ережелердiң (нормалардың) және олардағы қоршаған ортаның жай-күйi мен оған ықпал ету дәрежесiн бағалаудың сан және сапа көрсеткiштерiнiң (нормативтерiнiң) жүйесi;

III бөлiм.Экологиялық нормалау, қоршаған ортаға әсердi

бағалау, экологиялық сараптама, экологиялық рұқсат

5-тарау.Экологиялық нормалау

26-бап.Экологиялық нормалаудың мақсаты

1. Экологиялық нормалаудың мақсаты шаруашылық қызметтiң тұрақты дамуы жағдайында халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн, экологиялық жүйелердi, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң тектiк қорын сақтауды қамтамасыз ететiн қоршаған ортаның жол беруге болатын сапасын және оған жол беруге болатын әсердi белгiлеу болып табылады.

2. Экологиялық нормалау процесiнде қоршаған орта сапасының нормативтерi, эмиссиялар нормативтерi және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгiленедi.

 

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық нормалау мақсатында эмиссияларды нормалау экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелерді сақтап қалуды және биологиялық сан алуандықты қамтамасыз ететін қоршаған ортаның сапасын реттеу және оған келтірілетін рауалы шектелген ықпалды анықтау болып табылады.

Ластаушы заттардың рауалы шектелген шығарындылары (РШШ) мен тастандыларының (РШТ), өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтері жалпы алғанда қоршаған ортаның сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді деген шартпен, әр тұрақты эмиссиялар көзі мен кәсіпорын бойынша есептеудің негізінде белгіленетін эмиссиялардың шамалары болып табылады.

РШШ мен РШТ, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат берген кезде пайдаланылады.

Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың нормативтері жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін бөлек құжаттар түрінде, не болмаса көзделетін шаруашылық және басқа қызметтің қоршаған ортаға ықпалын бағалаудың құрамында негізделеді.

 

Орындалатын жұмыстардың түрлері:

 Ластайтын заттардың атмосфераға РШШ нормативтері жобаларын әзірлеу;

 Ластайтын заттардың су нысандарына РШШ нормативтері жобаларын әзірлеу;

 Қалдықтарды басқару жобаларын, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түзілуі мен орналастыру шектерінің нормативтері жобаларын әзірлеу;

 Кәсіпорындардың экологиялық төлқұжаттарын әзірлеу;

 Рауалы шектелген физикалық ықпал ету нормативтерін (шуыл, діріл, ион сәулелерін шығару және басқа да физикалық ықпал деңгейі) әзірлеу;

 Күкіртті қоршаған ортада ашық күйінде орналастыру нормативтері.

 

Экологиялық экспертиза (сараптама) (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс- әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

 

 

80. Биоресурстарды тиімді пайдалануды экономикалық ынталандыру жолдары

Табиғатты пайдалану – бұл басқарудағы ең күрделі объектілердің бірі. Сондықтан да экологиялық процестерді басқару жіне табиғатты пайдалану экономикасын зерттеу маңызды мағынаға ие.

Табиғатты пайдалануды басқарудың мақсаты – нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, шығарылған өнімнің қоршаған ортаға және өндіріс процестерінің зиянды әсерлеріне шек қою, табиғи қорлардың орынды пайдалануын және олардың бұрынғы қалпына келуін қамтамасыз ету.

Табиғатты пайдалануды басқару Республика үкіметімен, министрліктермен және ведмоствалармен, жергілікті басқару органдарымен, кәсіпорындар және ұйымдармен жүзеге асырылады.

Қазіргі жағдайда табиғатты пайдалану және оны қорғаудағы экономикалық механизмді қалыптастыруды мына төмендегі элементтерге бөлуге болады:

• табиғат пайдалану және қорғау қызметтері, экономикалық құралдарының жүйесі;

• табиғат пайдаланудың ақылығы;

• экологиялық факторларды есепке ала отырып, алғашқы және екіеші қайтарымды ресурстарға бағаның құрылуы;

• экологиялық сақтандыру;

• мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру механизмін жасау.

Барлық осы бағыттар бір-бірімен өзара байланысты әрі бір-біріне себепші болады және іс жүзінде кесіп өтеді. Атап өткен жөн, табиғатты пайдалану механизмінің өзі нарықтық сипатта болу керек. Бірақ, оның негізгі параметрін (ставкалар, нормативтер, монополистік өнімнің бағасы т.б) мемлекет белгілейді.

Табиғат пайдалану және қорғау қызметіндегі экономикалық құралдар жүйесін мыналар қамтиды:

• салық саясаты;

• субсидия және жеңілдік несиесі;

• табиғатты қорғау міндетіндегі тездетілетін амортизациялық қорлар;

• ластаушы құқықты сату;

• «қайтару кепілі» көзқарасын пайдалану;

• айыптар;

• ластау және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер.

Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмінің негізгі элементтері табиғи ресурстардың экономикалық бағалығы, сол сияқты оның негізінде кәсіпорындар мен мекемелердің табиғи ресурстарды пайдалануды жақсартудағы ынталандырудың нориативтерін белгілеу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану нормаларын және осы жөніндегі жоспардың орындалмағаны үшін санкция (айып) тағайындау болып табылады. Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы – табиғатты қорғау және оны пайдалануды іс жүзіне асыруда табиғатты пайдаланушылардың тікелей ынталығын арттыру.

 

81. Қазақстанның ауланатын су құстары, қорлары

Құстар —(лат. Aves) омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар); жүзетін құстар (пингвиндер); қыртөстілер (ұшатын құстар). Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді: алғашқы құстар – археоптерикс; тісті құстар; қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер; қырлы төсті құстар. Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі.

Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әр - бір түрінде түрліше болады.

Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құймымшақ безі жақсы жегілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады.

• Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілер – саусақтарыныі арасында жүзу жарғақтары бар. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелер» болады. «Тісшелер» негізінен қоректі сүзіп ұстау қызметін атқарады, оны үйрек,қаз тұмсықтарынан айқын көруге болады. Сулы, батпақты жерлерде тіршілік ететін құстар дауылпаздар, шағалалар, сұқсырлар.

• Сулы жерлерде мекен ететін құстар дауылпаздар, шағалалар, сұқсырлар су құстар. Қаздар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар – су жағалауы мен батпақты жерлерде мекен ететін құстар.

• Көл айдындарын — аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендейді.

 

Аққулар (лат. Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар.

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Қоқиқаздар (лат. Phoenicopterus) - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қызыл қанат, от н/е жалын құс деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Таралу аймағы шектелген сирек кездесетін түр. Әлемде ең терістіктегі ұялайтын орны Қазақстанда Теңіз көлінде (Ақмола облысы). Әр жылдары бұл жерде 5-9 мыңнан (1972-1976жылдары) 54 мыңға дейін (1979 жылы) қоқиқаз ұялады. Дала мен шөлейтті жерлердегі кең байтақ су қоймаларын жайлайды. Негізгі шектеу факторлары - ұялауға жарамды жерлердің азаюы және мазалау. Қорғалжын қорығында қорғалады.

Ақбас тырна (лат. Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылордаоблыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді. Басқа тырналар тұқымдасына қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. Ақбас тырна қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

 

Алакөл қорығы 1998 жылы ұйымдастырылған. Қорық Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. Қорықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Алакөл жүйесіне енетін су құстарын қорғау. Алакөл қорығында құстардың 247 трі бар, олардың 12 түрі «Қызыл кітапқа» енген.

 

82. Экологиялық тәрбие беру және кадрлар дайындау

 

Экологиялық мәдениет дегеніміз – бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:

1) Адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;

2) Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

3) Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.

Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Халыққа экологиялық білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.

Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

83. Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты халықаралық ықпалдастық

 

Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді.Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсімдіктер мен жануарлардың бөгде түрлердің жерсінуі де биоәртүрлілікті жоғалтудың алаңдатар жәйі деп танылды.Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі.Биоәртүрлілікті сақтаудың неғұрлым тиімді шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-ін құрайды, бұл биологиялық әртүрліліктің экологиялық теңгерімін сақтау үшін тым жеткіліксіз және 10%-ті құрайтын әлемдік стандарттардан төмен.Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейін олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейін ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-ін құрайды.Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында биоәртүрлілік объектілерінің жай-күйін бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін ұлғайту және қазіргі табиғи және антропогендік процестерді ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтіру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерін сақтау, елдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және «Адам және биосфера» бағдарламасы шеңберіндегі биосфералық аумақтар тізіміне енгізу жөніндегі шараларды іске асыру қажет,Республика аумағының небәрі 4,2%-ін алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық, ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнін, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің табиғи резерваттары ретіндегі олардың орасан рөлін ескере отырып, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне көшіру жөніндегі шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін 2006 жылға дейін мемлекеттік биосфералық резерваттардың желісін қалыптастыру бағдарламасын әзірлеу қажет.Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерін іске асыру қоршаған орта объектілерін сақтауды, оны белгілі бір тұрақтылық деңгейінде ұстап тұруды, өзін-өзі реттеу қабілеті мен жанды және жансыз табиғат түрлерінің, оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpі организмдер геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

84. Қазақстанның табиғатты қорғауға байланысты заңдары

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетінаңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған. Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

85. Архар – ареалы, бас саны, пайдалану және қорғау мәселелері

 

Архар казакстаннын орталык,онтустик-шыгыс аймактарын мекендейды. Тау койынын бир туры болып табылады, табигатта 25 түр тармағы бар, соның Қазақстанда 3 түр тармағы бар.

1.Қаратау арқары - солтүстік қазақстанды мекендейді.

2.Тянь-Шань арxары - Тянь-Шань жерінде орналасқан.

3.Солтүстік Қазақстан арxары - Қазақстанның таулы шоқылы аймағында ертіске дейін тарбағатай мен сауыр жерлерінтқоса мекендейді. Қазақтың меринос қойымен будандастыоу арқылы арқар меринос қойы алынды. Қазақстанның қызыл кітабына енген, сирек кездесетін жануар, бас саны азайған. Қазақстанда 9000 ға тарта кездеседі, оның 7000-ы қазақстанның майда шоқылы аймағында.

 

86. Тау теке – ареалы, бас саны, пайдалану және қорғау мәселелері

 

Таутеке орталық азиялық тараду аймағы. Қазақстанның оңтүстік шекарасын бойлайды. Тянь-Шань, Тарбағатай, Алакөл, Сауыр жотасында кездеседі. Алтай таутекесі, қазақстан бойынша таутекенің бас саны бойынша мәліметтер жоқ. 2003 жылғы мәлімет бойынша бас саны 15732 болған, одан атуға рұқсат берілгені мемлекетке 1100 бас. 2006 жылғы рұқсат берілгені 821 бас.

87. Қарақұйрық – ареалы, бас саны, пайдалану және қорғау мәселелері

Каракуйрык гылыми атауы-Жабран. Кос туякты, Суткоректi Еликтер қуыс мүйізділер. Куыс муйиздилер тукымдасына жатады.Мекендейтин аймагы Онт.Каз. 20 ғасыр 50-жылдары Маңғыстау, Үстірт болған. Кызыл кум аймагындагы саны 25-30000 шамада.Бетпакдала,Мойынкумда, Оңт. Балхаш, Жоңғар Алатауының бөктерінде тиршилик етеди.Кейн кездери бас саны курт азайып кеткен.Салмагы 24-25кг.Балалағанда 2- 1ден қозы акеледи.Кызыл китапка енген. Мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

88. Құлан – ареалы, бас саны, пайдалану және қорғау мәселелері

Кулан-так туякты.Алемде жалпы бас саны 20000.Каз-да тур тармагы тугел жойылган. 1940жыл Барсакелмеске келип жерсиндирилген. Бас саны көбейіп, кейін теңіз суы тұзданып, құландар құрлыққа өткен. Куланнын 200басын 1982жылы Мынбулак шаткалына кайта жерсиндирди

Салмагы 190-200кг.

Көктемде 1 құлын әкеледі.

Қызыл кітапқа енгізілген.

Ерекшелиги - тузды суды ише береди.

89. Қабан– ареалы, бас саны, пайдалану және қорғау мәселелері

Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Қызылорда облысының қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан.

Қабан Бас саны Қазақстанда 10 000, Қамысты жерлерде мекендейді. Қазақстанның барлық аймақтарында таралған.

Қабан Солүстік Африка мен Еуразияда таралған, ТМД аймағында, Балтық жағалауынан Қиыр Шығысқа дейін кездеседі. Аталықтарының азу тістері өте ірі және жоғары, сыртқа қарай қайқы. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Күйлеу кезінде, жекелей тіршілік етеді. Орташа 4-6 торай табады. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар.

Қазақстандағы жануарларды қорғау шаралары.

Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар 9 мемлекеттік қорықта, 6 ұлттық табиғи саябақта және 60-тан астам қорықшаларда қорғалады. Қазақстан қорықтары табиғат аймақтары бойынша ұйымдастырылып, сирек кездесетін жануарлар қатаң қорғауға алынған. Өлкеміздің таулы алқаптарында Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Марқакөл (1976), Батыс Алтай (1992) қорықтары бар. Таулы алқаптарда ілбіс, арқар, сілеусін, ақтөс сусар, ұлар, қара дегелек және өзге де жануарлар қорғалады. Қазақстанның далалы, шөлейтті алқабында Барсакелмес (1939), Үстірт (1984), Наурызым (1930) қорықтары ұйымдастырылған. Сулы-батпақты өңірлерде Қорғалжын (1964) және Алакөл (1998) қорықтары бар. Қорғалжын қорығында еліміздегі сирек кездесетін қоқиқаз және басқа да құстар қорғауға алынған.

 

90. Қасқыр – ареалы, бас саны, пайдалану және қорғау мәселелері

Қазақстан аймағында қасқыр бас саны 40 000, зоологтардың есебі бойынша Қазақстанда 10 000 аспауы тиіс. Қазақстанда сұр қасқыр көп тараған. Ара-кідік қарасы да кездеседі. Негізі біздің дала сұр қасқыр тұқымы, көкбөрі текті азулылардан. Сұр қасқырдың үлкені ұзынынан 160 см, биіктігі 100 см, салмағы 80 келі, бас сүйегі 270 мм. болып келеді.

Қызыл қасқыр - (лат. Cuon alpinus) — қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң, қызыл кітапқа енген.

Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 — 110 см, құйрығының ұзындығы 45 — 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 — 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде қызыл қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 — 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 — 10, кейде 30) жүреді. Қызыл қасқыр — терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда қызыл қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 953 қасқыр қарауылға ілінді.

Қазақстандағы жануарларды қорғау шаралары.

Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар 9 мемлекеттік қорықта, 6 ұлттық табиғи саябақта және 60-тан астам қорықшаларда қорғалады. Қазақстан қорықтары табиғат аймақтары бойынша ұйымдастырылып, сирек кездесетін жануарлар қатаң қорғауға алынған. Өлкеміздің таулы алқаптарында Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Марқакөл (1976), Батыс Алтай (1992) қорықтары бар. Таулы алқаптарда ілбіс, арқар, сілеусін, ақтөс сусар, ұлар, қара дегелек және өзге де жануарлар қорғалады. Қазақстанның далалы, шөлейтті алқабында Барсакелмес (1939), Үстірт (1984), Наурызым (1930) қорықтары ұйымдастырылған. Сулы-батпақты өңірлерде Қорғалжын (1964) және Алакөл (1998) қорықтары бар. Қорғалжын қорығында еліміздегі сирек кездесетін қоқиқаз және басқа да құстар қорғауға алынған.

 

 


<== предыдущая | следующая ==>
Розподіл функцій та повноважень між Відповідальними виконавцями | 

Date: 2016-05-25; view: 616; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию